§25. Өсіргіш заттар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

§25. Өсіргіш заттар

Материал туралы қысқаша түсінік
11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

11 сынып ЖМБ №21

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Өсіргіш заттар. Ауксин мен гибериллиннің әсері.§25. Өсіргіш заттар.БЖБ (20-мин)

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 11 «ә» ЖМБ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өсіргіш заттар. Ауксин мен гибериллиннің әсері.

§25. Өсіргіш заттар. БЖБ (20-мин)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу;

Сабақтың мақсаты:

өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттейді және бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Ойнайық та, еске түсірейік» әдісі.


Кілт сөздер:

Гормон

Рецептор

Мембраналар

Нысана-жасушалар

Инсулин

Эстроген

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

-тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;

-әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл;

Интерактивті панель, презентация

https://quizizz.com/join?gc=92985285


Оқушылардың назарын аудару

«Жалғасын тап» әдісінде сөйлемнің басы жазылған парақшалар немесе слайд оқушыларға көрсету, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтулары керек.


Жарықтың өсімдікке әсер ету механизмі дегеніміз....

Ауаның өсімдікке әсер етуі ол.....

Судың өсімдікке әсер етуі ол....

Қоректік заттардың өсімдікке әсер етуі ол....

Өсімдіктің өсуіндегі адамның рөлі ол....


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.

Сабақтың оқу мақсатын ашу мақсатында сөйлемнің басы көрсетіледі. Оқушылар сөйлемнің жалғасын толықтырып айтады, бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асырылады.

Дескриптор:

-тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;


Интерактивті панель, презентация



Сабақтың мақсатын таныстыру

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу;


Жаңа кілт сөздер:

Өсу

Даму

Транспирация

Жарық

Ауа

Жылу

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Дескриптор:

-әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін сипаттайды;

Практикалық дағдылар: өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттейді; Функционалдық сауаттылық: өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін түсіндіреді;

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.




«Ойнайық та, түсінейік!»


Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

-тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;

Интерактивті панель, презентация

https://quizizz.com/join/quiz/67388514b8a22a8d11168948/start?studentShare=true


Сабақтың ортасы



Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

-бейнефильмнен көрген, түсінгенін сипаттайды-2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=4-2DZo2ppAY


https://www.youtube.com/watch?v=Zu9h7Wf7iBI


Практикалық тапсырмалар беру.

Топтық/жұптық жұмыс.

«Фрейер модельі» әдісі.

Өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін білеміз бе?


1. Абсциздік қышқылына...

2. Ауксиндерге....

3. Гиббереллиндерге...

4. Цитокининдерге...

5. Этиленге...


a. анықтама береді;

b. қасиетін жазады;

c. құрлысын/құрамын анықтайды;

d. қызметін сипаттайды;

Оқушылар жеке «Фрейер модельі» әдісі бойынша өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Әр оқушы бір-бірімен пікір алмасады.


Бағалау дескрипторы ҚМЖ қосымшасында

Интерактивті панель, презентация


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж


Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар

Бағалау

ҚБ және БЖБ тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

ҚБ және БЖБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

ҚБ және БЖБ тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы


Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.



§26. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі.

Оқушылар берілген тақырып бойынша тірек-сызба жасайды. Келесі сабаққа дайын болып келеді. Келесі тақырыпты біледі. Өзін өзі бағалайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША

Қызықты фактілер мен нақты өмірден алынған мысалдар:

  • "Жасанды стимуляторлар" және ауыл шаруашылығы: Қазіргі кезде өсімдіктердің өсу стимуляторлары егіншілікте кеңінен қолданылады. Мысалы, күріш және бидай сияқты дақылдардың өнімділігін арттыру үшін гиббереллиндер жиі пайдаланылады. Бұл әдіс егіннің сапасын жақсартуға және өнімділікті арттыруға көмектеседі.





«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Стимулятор

Тип

Өсу қарқыны (% арту)

Оптималды концентрация (мг/л)

Тамыр дамуына әсері

Жапырақ өсуіне әсері

Ауксин

Гормон

30%

10

Артқан

Жетілдірілген

Гиббереллин

Гормон

50%

20

Орташа

Маңызды

Цитокинин

Гормон

40%

15

Жетілдірілген

Орташа

Этилен

Газ

25%

5

Азайған

Жоқ

Абсциз қышқылы

Гормон

10%

30

Азайған

Азайған

Салицил қышқылы

Химиялық

20%

25

Орташа

Жетілдірілген

Азот тыңайтқышы

Тыңайтқыш

35%

50

Маңызды

Жетілдірілген

Фосфор тыңайтқышы

Тыңайтқыш

45%

40

Орташа

Маңызды

Ескерту: Бұл кесте әртүрлі өсімдік өсіру стимуляторларының өсу қарқынына, оптималды концентрацияларға және тамыр мен жапырақ өсуі сияқты даму аспектілеріне әсерін көрсетеді. Проценттер бақылау эксперименттерінде байқалған өсу артуын көрсетеді, ал оптималды концентрациялар әр стимулятор үшін ең тиімді дозаны білдіреді.




Оқушыға беретін мәтін


Фитогормондар, өсімдіктер гормондары — өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар. Олар төмен концентрацияда болса да, өсімдікке үлкен физиологиялық және морфологиялық әсер істей алады.

Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын арнайы органдар болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбір бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады; мысалы, ауксиндармен сабақтың жоғары меристемалары бай, гиббереллиндармен – жапырақтары, цитокининдармен – тамыры мен дәні.

Фитогормондар әртүрлі өсу процестеріне себеп болады, бұл процестерге өсімдіктердің белсенді өсуі, генерациялық дамуы, тропизмдер, регенерация және т.б. жатады

Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде өндірілетін, және өсімдіктің басқа бөліктеріне тасымалданатын химиялық қосылыстар тек кішкентай концентрацияда ғана әсерлі және ферменттерге қарағанда төмен спецификациямен ерекшеленеді. Бұл гормондарды танитын жасушалардың әртүрлі жұмыс жасау жағдайымен түсіндіріледі. Фитогормондардың әсері басқа сыртқы және ішкі факторлармен де анықталады

Жалпы классификацияда гормондарды 5 басты топтарға бөледі. Әртүрлі өсімдіктердің гормондары әртүрлі болып келеді, сондықтан оларды өсімдікке тигізетін физиологиялық әсері мен химиялық құрамы бойынша топталған. Соған қоса кейбір физиологиялық белсенді гормондар ешбір топқа жатпайды. Әр топ өзіне гормондармен бірге ингибиторларды жатқызады. Көпшілік жағдайда фитогормондардың басым бөлігі ингибиторлармен жұптасып жұмыс жасайды.

Өсу өсімлдіктің тіршілік әрекетінің ең айқын көрінісінің бірі.Өсімдіктің қалыпты өсіп дамуы үшін арнайы гормондар әрекет етеді. Өсімдік гормондары (фитогормондар) – өсу процестерін реттейтін қосындылар туралы ілім ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында қалыптасты. Олар өсімдік мүшелерінің біреуінде (жапырақ,бүршік,тамыр мен өркен ұштары) синтезделіп,қалыптасып және өсіп жатқан басқа бөліктерге тасымалданады. Қазіргі кезде олардың ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, т.б топтары белгілі болды


Абсциздік қышқыл (ағылш. АВА) абсцизин, дормин – фитогормондарға жатады. Абсциздік қышқыл ағаш бүршіктерінің қысқы ұйқыға кетуіне жауап береді.

Абсциздік қышқылдың жапырақтардың түсүіне тікелей байланысы бар екені анықталды. Қысқа дайындық кезінде абсциздік қышқыл өсімдіктердің бүршіктерінің ұшында синтезделіп, өсуді баяулатады. Абсциздік қышқыл сонымен қоса камбий ұлпасының бөлінуін шектетіп, бастапқы және екінші өсуді тоқтатады. Сонымен қатар, абсциздік қышқыл тамырларда пайда болып, суды қолдануды бәсеңдетіп, жапырақтарға барады. Жапырақтарда саңылаулардың жабылуына әсер етіп, судың жапырақтар арқылы булануынан қадағалайды

Абсциз қышқылы (АБҚ) өсімдіктің клеткалары мен ұлпаларында жан-жақты қызмет атқарады. АБҚ микромолярлы концентрациясында лептесікті жаба алады. Бұл фитогормон өсімдіктердің басым көпшілік түрлерінің дәндерінің өне бастауына түрткі болады. Дегенмен, бұл қышқыл адаптация немесае бейімделу деген атпен кеңінен белгілі. Яғни, өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына тап болған кезде ең алдымен осы фитогормонның синтезі күрт күшейеді.

Өсімдіктерде азот тотығы (NO) гормондық және қорғаныш жауаптарға қатысатын маңызды мессенжер болып табылады. Ол бағдарланған клетка өлімінің басталуына және фитоалексиндердің жасалуына қатысады. Сонымен қатар салицил қышқылының синтезін бастайды.

АБҚ-өте күшті өсуді тежегіш ретінде жапырақтардың түсуін, ағаш тектес өсімдіктердің тыныштық күйге ауысуын жеделдетеді.Ол-сесквитерпендер (С15 Н20 О4) қатарына жататын,құрамында спирттік және карбоксилдік топтары бар,кетонды және қос байланысты қосынды.Күзде өсімдік жапырақтарында ксантофилдер мен АБҚ мөлшері бірдей көбеюі олардың арасындағы байланыстылықты,яғни АБҚ ксантофилдерден пайда болатындығын дәлелдейді.АБҚ-ның флоэма арқылы өсу орталықтарына жылжуы оның гормон тектес реттеуші екендігін дәлелдейді.АБҚ- өсімдіктер әлемінді көптеп тараған,оның мөлшері қартайған жапырақтарда,пісіп жетілген жемістерде көбейеді.Оның әсерінен клеткалардың бөлінуі мен созылып өсуі тежеледі.Өсімдіктің өсуін тоқтаған кезде АБҚ-ның мөлшері көбейеді.Ағаш өсімдік бүршіктерінің,картоп түйнектерінің тыныштық күйге өту мерзімі АБҚ әсерінен қысқарады.Оның әсерінен жапырақ сағақтары мен жемістерде бөлгіш қабаттың пайда болуы пектиназа,протеаза және целлюлоза ферменттерінің ырықтануына,этиленнің көбеюіне байланысты болатындығы байқалады.

АБҚ- ықпалының болжамды тетігі,біріншіден таңбалы фосфордың ДНҚ,РНҚ және белоктарға енуін тежеуге негізделген.Екіншіден,оның әсерінен РНҚ-полимеразаның ырықтығы бәсеңдейді,нуклейн қышқылының синтезделуі нашарлайды,фосфаттардың мембраналарға сіңуі төмендейдіжәне калий иондарының сіңуі күшейеді


Ауксиндер. Индол-3’-сірке қышқылы немесе ауксин.

Ауксиндер (грекше αὔξω – көбейемін, өсемін) – өсімдіктің сабағы мен дәнінің өсуін, күн сәулесі мол жерге бағыттала өсуін, гравитропизм бойынша тамырлардың төменге бағыттала өсуін қадағалайды.

Ауксиндер өсу зонасының ұшынан бірнеше миллиметр қашықтықтағы аймақта синтезделеді, сөйтіп өсу аймағындағы клеткалардың жылдам бөлінуін іске асырады.

Индолилсірке қышқылы (ИСҚ) және оның туындылары ауксиндер деп аталады.Олар сабақтың және тамырдың ұштарында (апекс) синтезделіп,клеткалардың созылып өсу аймақтарына ауысып сабақ,жапырақ және тамырдың өсуін жеделдетеді.Ауксиндердің әсерінен жемістердің тұқымсыздануы (партенокарпия),жапырақтардың,түйіндердің түсуі тежеліп,қалемшелердің тамырлануы жеделденіп,мүшелердің тропикалық иілуі байқалады. Қазіргі зерттеулер нәтижесінде ИСҚ клетка қабығының ұзарып өсуін, ондағы белоктар мен нуклейн қышқылдарының синтезделуін,тыныс алу реакцияларын жеделдететіндігі анықталды.Сонымен қатар, ИСҚ әсерінің ұзақ мерзімді,жасырын кезеңі болады деген мәліметтер кездеседі.Байланысқан күйдегі ИСҚ белок синтезін жеделдетіп,өсуін тежеп, клеткалар мен ұлпалардың полярлануына және клетка қабығының жіпшумақ құрамына әсер ететіндігі дәлелденді.Бұл процестер тек оның бос күйдегісі болғанада ғана жүзеге асады. ИСҚ-ның тасымалданғыш бос түрі кез келген қабылдағыш пен (акцептор) әрекеттесіп,тұрақсыз қосындылар түзуі мүмкін.Осындай жиынтық клетка созылып өсу кезеңінде мембрана қызметін сүйемелдеуге қажет,ерекше белоктың синтезделуіне ықпалын тигізетін көрінеді.Өсімдіктің жер үстілік мүшелеріндегі және тамыр жүйесіндегі көптеген физиологиялық,морфологиялық процестер өркен ұшының қызметтік ырықтығына тығыз байланысты.

Индолсірке қышқылынан басқа да қосылыстар ауксиннің қасиетін көрсете алады. Жасанды 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д) гербицид ретінде қолданылады. Ол өте күшті ауксин ретінде морфогенездің шырқын бұзады, этиленнің синтезін күшейтеді, сөйтіп жапырақтардың кезеңсіз үзілуіне алып келеді. Американдық әскерлер Вьетнамда орманды жапырақсыздандыру үшін осы қосылысты қолданды. Сонымен қатар ол қос жарнақты өсімдіктерді жояды.

ИСҚ–ның тасымалданғыш бос түрі кез келген қабылдағышпен (акцептор) әрекеттесіп,тұрақсыз қосындылар түзуі мүмкін.Осындай жиынтық клетка созылып өсу кезеңінде мембрана қызметін сүйемелдеуге қажет,ерекше белоктың синтезделуіне ықпалын тигізетін көрінеді.Өсімдіктің жер үстілік мүшелеріндегі және тамыр жүйесіндегі көптеген физиологиялық,морфологиялық процестер өркен ұшының қызметтік ырықтығына тығыз байланысты.

Өсімдіктердің өсуін жеделдейтін кейбір табиғи фенолды қосындыларда да-фурул қышқылы, конферил спирті, ванилин, кофейн қышқылы ауксиндер тобына жатады.Олардың әсері, иондолды ауксиндермен салыстырғанда, біршама біршама бәсеңдеу келеді.


Гиббереллиндер.

Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.

Гиббереллиндер қышқылды және сілтілік ортада өте тез жойылады.

Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар мен жапырақтарда көптеп кездеседі.

Гиббереллиннің ашылуы өсімдіктің ауруына байланысты болды. Gibberella fujikuroi деген саңырауқұлақ жұққан кезде күріш өте ұзын болып өседі және дән бермейді. Осындай өсімдіктің әдеттен тыс өсуін іске асыратын саңырауқұлақтың затын гиббереллин деп атайды. Гиббереллин құрылысы ұқсас әртүрлі қосылыстардың қоспасы және олар өсімдіктің өздерінде синтезделетін фитогормондар болып шықты. Индол сірке қышқылы секілді гиббереллиндер буындары арқылы сабақтың ұзаруын тездетеді. Дегенмен олардың басты қызметі – гүлденуді бастау және оны реттеу. Сонымен қатар, олар жемістердің қалыптасуын алдын алады, олардың жетілуін реттейді. Гиббереллиндер дәндердің тыныштық қалпын бұзып, дәндердің өну процестеріне түрткі болады. Жапония ғалымы Е.Куросава 1926жылы Gibberella fujikuroi саңырауқұлағында пайда болатын,күріштің жас өскіндерін індеттейтін қосындыларды ашты.Сол елдің екінші ғалымы Т.Ябута осы саңырауқұлақтан химиялық таза зат-гиббереллинді бөліп алды.Соңғы кездегі мәліметтер бойынша сәйкес,гиббереллиндерге 60 тан аса қосындылар жатады.Олардың молекулалық құрылыстары өте ұқсас,көміртектік қаңқалары да бірдей және А1,А2,А3 және т.б(А-ағылшынша асіd-қышқыл)деп белгіленеді.Олардың ішінде барлық өсімдіктерде көп мөлшерде болатыны-гиббереллин А3(гибберелл қышқылы).Крахмалдың ыдырауы гиббереллиннің ферменттердің пайда болуы мен босауын реттеуіне байланысты.

Гиббереллиндердің әсерінен тыныс алу қарқындылығы артады,өсімдіктегі көмірсулардың алмасуы өзгеріп,целлюлозаның,клетчатканың және гемицеллюлозаның синтезделуі күшейеді,осы процестерге байланысты реакцияларды катализдейтін ферменттердің ырықтығы өзгереді.Нәтижесінде крахмалдың,фосфорлы қосындылардың гидролизденуіне байланысты,жәй қанттардың мөлшері көбейеді.Гибберелл қышқылы мен ИСҚ әрекеттесуінен ферменттердің өсімдік бойымен тасымалдануы жылдамдайды.Гиббереллин өсімдікте төмен-жоғары жылжи береді.

Гибберелиндер жеке, немесе ауксинмен бірігіп жемістерді тұқымсыздандырады.Көптеген жылдар бойы алманың тұқымсыз жемістерін алу мақсатындағы әрекеттер ешқандай нәтиже бермей келіп еді.Соңғы кезде гиббереллиндерді қолдану арқылы бұл мақсат орындалды деуге болады.

Гиббереллин және ауксин фитогормондары сигнал тізбектері арқылы транскрипция репрессорларының ыдырауының басталуына түрткі бола отырып, генннің экспрессиясын күшейтеді.


Цитокининдер.

Цитокининдар (грекше κύτταρο – ұяшық + κίνηση - қозғалыс ), өсімдіктердің жасушаларының бөлінуі мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді.

Цитокининдар көбінесе тамырларда, сабақта және жапырақтарда синтезделеді. Камбий және басқа да қарқынды бөлініп жатқан өсімдік ұлпалары цитокининнің синтезделетін жері болып табылады. Солай да цитокининдер трансдукцияға қатысып, пуриндар мен нуклеозидтардың транспортына қатысады.

Цитокининдар жасушалардың көбеюін, сабақ пен тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың пайда болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың дамуына жауап береді.

Цитокининдер аденинннің туындылары болып табылады. Кең тараған цитокинин – зеатинде адениннің амин тобы гидроксилденген изопрен қалдығымен trans-жағдайында жалғасқан. Клеткалардың бөлінуін тездету арқылы цитокининдер өсімдіктердің өсуін жылдамдатады, шеткі бүршіктің жарылып, өнуін іске асырады. Олар индолсірке қышқылының антагонисті болып табылады. Цитокининдер қартаюды баяулатып, этиленге қарама қарсы әсер етеді.

Клеткалардың бөлінуін қоздыруға қажетті цитокининдер деп аталатын заттардың ең бірінші ашылуы Ф.Скуг, К.Миллер, т.б ғалымдардың зерттеулеріне байланысты.Ең алғашқы кезде ДнҚ-ның кез келген үлгісін,тіпті аденозиннің өзін ғана тиісті жағдайларда өңдегенде,клетканың бөлінуін ырықтандыратын затқа айналатындығы белгілі болды.Сондай ерекше жағдайларда пайда болатын зат 6-фурфуриладенин екендігі анықталды.Қазіргі кезде цитокинидер микроорганизмдерден,балдырлардан,қырыққұлақтардан,мүктерден және басқа да жоғары сатыдағы өсімдіктерден табылды.Өсімдіктерде цитокинидердің синтезделетін негізгі орны-тамырдың ұштық меристемасы екендігі анықталды.Тамырдан олар ксилема арқылы жер үсті мүшелеріне тасымалданады. Цитокининдердің клетканың бөлінуін қоздыруы ортада ауксин болғанда ғана байқаладыЦитокинин мен ИСҚ қосындысын қолданғанда өсімдіктің жіктелген клеткалары қайтадан бөлінетін күйге ауысады.Асқабақтың тұқым жарнақтары мен үрме бұршақ жапырақтарында цитокининдер клеткалардың созылып өсуін жеделдетеді.

Табиғи цитокининдердің барлығы-изипентениладенниннің туындылары.Олар адеенозин-5-монофосфат және ∆2-изопентенилпирофосфаттың әрекеттесуі нәтижесінде синтезделінеді.Цитокинин – ырықты рибонуклеозидтер тРНҚ-да болады.Риботидтер,рибозидтер және глюкозидтер күйінде байланысқан циткининдер қорлық күйлерге жатады.

Фузикоккин.Гибберелиндер сияқты дитерпендерге жататын гормон-С6Н56О12.Кейбір өс. ұлпаларында клеткалардың ұзаруына әсер етеді.устьицалардың ашылып жабылуына әсер етеді.Мембранадағы протондық насостар ырықтанып.мембр.өткізгіштігі күшейеді. Сонымен ауксин,цитокинин,этилен өсімдіктердегі өсу процестеріне клетка деңгейінде ықпал жасаса ,терпенойдты гормондар орган және организм деңгейінде әсер етеді.

Этилен.

Этилен – өсімдіктердің өсу гормонын атқарады. Этилен тек өте кішкентай концентрацияда жұмыс жасап, жемістердің өсуін, өсімдіктің гүлденуін, жапырақтардың түсуін, тамырлардың өсуіне жауап береді.

Шаруашылықта жемістердің тез пісуі үшін арнайы бөлмелер не камералар қолданады. Сол бөлменің атмосферасына арнайы генераторлар арқылы этилен шашылып, 24 – 48 сағат бойы ұстайды.

Өсімдіктердегі этиленнің бастапқы шикізаты S-аденозилметионин болып табылады. Ол аминоциклопропанкарбоксилатоксидаза ферменті арқылы этиленге айналады. Бұл фитогормон қартаю процесінің басталуына қатысады. Қартаю кезінде жапырақ материалдарының ыдырауы басталады. Өсімдіктерге саңырауқұлақ жұққанда немесе жануарлар жеген кезде жарақаттанса этилен қорғаныс рекцияларына да қатысады. Мысалы, антилопалар акация жегенде этилен танниндердің синтезін бастайды.





Брассиностероид (брассинолид)

Брассиностероидтар өсімдіктің дамуын реттейді. Олар сабақтың өсуін, жапырақтардың оралуын және ксилеманың дифференциясын бақылайды. Олар тамырдың өсуін және антоцианның түзілуін баяулатады. Кейбір фитогормондардың табиғаты полипептидтер болып келеді. Бірақ, олардың түрлері әзірше бірнеше ғана болып отыр. Көптеген өсімдіктер жәндіктердің шабуылына жауап ретінде протеиназалардың ингибиторларын синтездеп, жинақтай бастайды. Жәндіктер үшін олар у, себебі жәндіктердің ас қорыту жүйесі белоктарды қорыта алмай қалады. Мысалы, помидорда 18 амин қышқылынан тұратын системин деген полипептид синтезделеді. Суспензиядағы клеткалардың пролиферациясын күшейтетін екі кіші полипептид бар, оларды фитосульфокиндер деп атайды. Олардың әрқайсысында гидроксил топтары сульфатпен күрделі эфир құрайтын екі тирозин қалдықтары болады:

Tyr(SO3H)-Ile-Tyr(SO3H)-Thr-Gln және Tyr(SO3H)-Ile-Tyr(SO3H)-Thr

Рис. 15.3. Прорастание типичного проростка злака. А, Б и В - отдель-ные стадии прорастания; Г-разрез колеоптиля на стадии Б

Рис. 15.5. Опыты Бойсен-Йенсена по фототропизму колеоптилей овса. А, Б и В - разные опыты; слева в каждом случае показано воздействие, справа его результат


Рис. 15.6. Опыты Вента. А и Б-разные опыты; слева в каждом случае показано воздействие, справа - его результат. Рядом показаны контрольные эксперименты. Все процедуры проводились в темноте или при постоянном освещении


Рис. 15.7. Опыт Вента, демонстрирующий влияние одностороннего освещения на распределение химического фактора (ауксина)


Рис. 15.8. гипотеза, объясняющая влияние одностороннего освещения на распределение ауксина в колеоптиле

Рис. 15.9. Строение индолилуксусной кислоты







Shape1

Shape2


Shape3


Shape4

Shape5


Дескриптор:

1-жұп

- абсциздік қышқылына анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;

-абсциздік қышқылдың химиялық құрлысын анықтайды және қызметін жазады – 2 балл;

2-жұп

- аукциндерге анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;

-аукциндердің химиялық құрлысын анықтайды және қызметін жазады – 2 балл;

3-жұп

- гиббереллиндерге анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;

-гиббереллиндердің химиялық құрлысын анықтайды және қызметін жазады – 2 балл;

4-жұп

- цитокининдерге анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;

-цитокининдердің химиялық құрлысын анықтайды және қызметін жазады – 2 балл;

5-жұп

- этиленге анықтама береді және қасиетін жазады – 2 балл;

-этиленнің химиялық құрлысын анықтайды және қызметін жазады – 2 балл;


ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР

Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі.

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдардың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.


Сипаттамалары

ШЫНДЫҚ

ЖАЛҒАН

1

Цитокининдер жасушалардың ұзаруына және көбеюіне ықпал етеді.


+

2

Абсциз қышқылы – газ тәрізді, жемістердің пісіп жетілуі үдерісін жылдамдатады.


+

3

Ауксиндер лептесіктердің жабылуына ықпал етеді.


+

4

Цитокининдер өсімдік ДНҚ-мен өзара әрекеттесіп, оның әртүрлі нәруыздарды түзуіне кедергі келтіреді.

+



Дұрыс жауаптары:

  1. Ауксиндер жасушалардың ұзаруына және көбеюіне ықпал етеді.

  2. Этилен - газ тәрізді, жемістердің пісіп жетілуі үдерісін жылдамдатады.

  3. Абсциз қышқылы лептесіктердің жабылуына ықпал етеді.

  4. Цитокининдер өсімдік ДНҚ-мен өзара әрекеттесіп, оның әртүрлі нәруыздарды түзуіне кедергі келтіреді.


Жеке жұмыс дескрипторы:

-1 сипаттаманың шындық/жалған екенін атайды – 1 балл;

-2 сипаттаманың шындық/жалған екенін сипаттайды – 1 балл;

-3 сипаттаманың шындық/жалған екенін анықтайды – 1 балл;

-4 сипаттаманың шындық/жалған екенін түсіндіреді – 1 балл;





«Координация және реттелу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқу мақсаттары:

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау;

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру;

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу;


Тапсырмалар.

1.Гомеостазды қамтамасыз етеді.


А

Жүйке жүйесі

Эндокриндік бездер

В

Жыныс жүйесі

Экзокриндік бездер

С

Жүйке жүйесі

Аралас бездер

D

Қан айналым жүйесі

Эндокриндік бездер


Гомеостаз реттейді: ........................................................................................................................................................................

........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................[2]


2.Биологиядағы басқару жүйелерін дұрыс көрсететін нұсқаны таңдаңыз


A

эндокринді жүйе

қан айналым жүйесі

жүйке жүйесі

B

қан айналым жүйесі

жүйке жүйесі

тыныс алу жүйесі

C

жүйке жүйесі

қан айналым жүйесі

иммундық жүйе

D

иммундық жүйе

эндокринді жүйе

жүйке жүйесі


Басқару жүйесінің негізгі компоненттерінің сызбасын толықтырыңыз


.Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 .......................... ............................... ....................... эффектор .......................

[2]

3.Терминдерге анықтама беріңіз.

Детектор дегеніміз - ..........................................................................................................................................

............................................................................................................................................................................................................

Регулятор дегеніміз - ......................................................................................................................................................................

........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Эффектор дегеніміз - ......................................................................................................................................................................

.......................................................................................................................................................................................................[3]



4.(а) Адреналин гормонының гомеостазға әсерін кестеге толтырыңыз


Бауыр

Жүрек

Тері

Өкпе

Адреналин






[2]

4.(ә) 5.1 графикті пайдаланып, адреналин гормонының қанда глюкоза мөлшерін арттыруға әсер ету механизмін сипаттаңыз

5.1 график

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]


5.1-cуретті қараңыз, әр түрлі цифрмен көрсетілген үдерістерді сипаттап, түсіндіріңіз


1.1-сурет

1-үдеріс

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-үдеріс

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-үдеріс

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4-үдеріс

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________










Бағалау кестесі


Бағалау критериі

Тапсырма

Дескриптор

балл

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау;

1

гомеостазды анықтайды және реттелуін сипаттайды;

2


2

биологиядағы басқару жүйесінің дұрыс реттілігін анықтайды және басқару жүйесінің негізгі компоненттерінің сызбасын толықтырады;

2


3

термин сөздерге анықтама жазады

3

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру;

4(а)

адреналин гормонының гомеостазға әсерін кестеге толтырады;

2


4(ә)

адреналин гормонының қанда глюкоза мөлшерін арттыруға әсер ету механизмін сипаттайды;

2

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу;

5

суреттегі өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттейді

4

Барлығы



15







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2024
321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі