25 қараша Дүниежүзілік туберкулез ауруымен күрес күні» сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

25 қараша Дүниежүзілік туберкулез ауруымен күрес күні» сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
25 қараша Дүниежүзілік туберкулез ауруымен күрес күні» сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 27.11.2024ж

Сынып жетекшісінің аты-жөні: Дусбаева Н.

Сынып: 3 «Ә»

Қатысушылар саны: 15

Тақырыбы: «25 қараша Дүниежүзілік туберкулез ауруымен күрес күні»

Өткізу формасы: аралас сабақ

Мақсаты:

а) Балалардың сана-сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру

ә) Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.

б)Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Туберкулез тақырыбына салынған суреттер, плакатқа жазылған нақыл сөздер, видеороликтер,слайд.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалiмнiң кiрiспе сөзi:

Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 - жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8-10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен.

Тереңірек видеороликтен көрсек.

- Ал, енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын дәрігер-фтизиатор рөлін ойнайтын сыныбымыздың оқушысы Совет Сержанның дайындап әкелген мәлімдемесін тыңдалық.

Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха » ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р.Кох ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды: өкпе, сүйек, буын, бүйрек т.б. зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады-ластықта, қақырықта, күнделікті пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта, суда, кітапта). Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер-фтизиаторға қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.

- Ал ендi балалар, бұл ауру туралы дәрігерімізге қандай сұрақтарыңыз бар?

1 оқушы: - Туберкулез адамға қалай жұғуы мүмкін? Дәрігер: - Туберкулез жөтел және қақырық арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Сондықтан өзiңiзге де, өзгеге де еденге, жерге түкіруге жол бермеңіз.

2 оқушы: - Адамның туберкулез ауруын жұқтырғанын неден байқауға болады? Дәрігер: - Туберкулездi анықтаудың бiрден-бiр жолы - қақырық тексеру. Егер науқас: - Үш аптадан аса жөтелсе; - Қан түкiрсе; - Үш аптадан аса көкірек тұсындағы ауырсыну басылмаса; - Үш аптадан аса қалтырап жүрсе , бұларды туберкулез ауруының хабары деп түсінген жөн.

3 оқушы: - Туберкулез ауруын емдейтін қандай жолдар бар? Дәрігер: - Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастар дұрыс емделген жағдайда түгелдей дерлік сауығып кететiндiгiн тәжірибе дәлелдеп отыр. - Дұрыс емдеу аурудың алдын-алуда маңызды шара. Ол арқылы аурудың өзгелерге жұғу қаупі жоғалып таралу жолына бөгет жасалады.Толық емдеу курсын қабылдау қажеттiлiгiне науқасты сендіру де үлкен рөл атқарады.

Мұғалім: Ендi балалар туберкулез ауруы туралы сұрақтарыңыз тәмәмдала келсе, бұл ауру туралы ойларымызды қорытындылап, оның алдын-алуы туралы айтып өтейік! Темекі шегу мен арақ ішуде тәннің қорғаныс қабiлетiн нашарлатады.Жұпыны тұрмыспен құлазыған көңіл-күй де организмді әлсiретiп, оның ауруға қарсылығын төмендетедi. Көбiнесе туберкулездi тұқым қуалаушы ауру деп есептейді. Бұл сенiмсiз. Туберкулез-жұқпалы ауру. Сондықтан оны жұқтырмау амалдарын сақтау, ал жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын қатаң жүзеге асыру шарт. Сонда ғана соңғы кездерде өршiп бара жатырған жауыз iндеттiң бетiн қайтарамыз. - Мiне балалар сендер туберкулез туралы аз да болса түсiнiк алдыңдар. Осы қауiптi аурудың болмауы үшiн одан өзiмiздi сақтауда қолымыздан келетiннiң бәрiн жасауымыз керек. Үнемi таза ауада жүрiп спортпен шұғылдану сiздердiң дендерiңiз сау болып, мықты болудың кепiлi.

Мұғалім: Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте замандардан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да, даналы сөздері бар.. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген асыл сөзі, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.

Ал балалар сендермен ойын ойнасақ, мен сендерге карточка таратамын сол таратылған карточкаларда Мақал-мәтелдердің орын реті ауысқан, орнына әкеліп дұрыстап жазу керек.

Карточкалар үлестіріледі.

(Дұрыс түрі)

1. Ішпеген, шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген.

2. Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі, Еріккеннің ермегі.

4. Адам арақты ішеді, Арақ ақылды ішеді.

5. Ішпеген, шылым тартпаған, Денсаулығын сақтаған.

Тапсырма:

1.Ішпеген, шекпеген шылым жылдар көптеген жасайды

2.Ғұмырды келсе ұзартқың шылым арақ пен таста

3.Көмегі темекінің , ермегі ерікекннің

4.Ішеді арақ адамды, ішеді ақыл арақты

5.Тартпаған, ішпеген шылымды , сақтаған денсаулығын

Қорытынды: Ал балалар бүгінгі тәрбие сағатты қорытындылай келсек:

О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,

Одан кейін өзгелерді сақтандыр

Тәрбие сағатқа қатысып , ден қойып тындағандарыңызға көптен-көп рахмет...!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі