25 қазан республика күні. Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

25 қазан республика күні. Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
25 қазан республика күніне арналған ашық сабақтың мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

Мектеп миссиясы: Әлемді жақсартуға үлес қосатын адамгершілігі мол, зияткер тұлғаны дамыту мен қайраткер азаматты тәрбиелеуге ықпал ету.

Бекітемін _____________

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Уақыт ұзақтығы: 40 минут

Мерзімі: 23.10.2023 ж.


Сынып: 7Е, 10С, 10М, 9В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Айбыны асқақ, тұғыры биік, тәуелсіз Қазақстан»

Сабақ мақсаты

Білімді, саналы, еліне адал қызмет атқаратын, патриоттық сезімі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері

-Сыныптың жағымды микроклиматын және жағымды көңіл-күй қалыптастыру;

-Білімге деген оң көзқарас, ұлтжанды мінез-құлық негіздерін қалыптастыру;

-Отаншылдық, әділеттілік, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту.

Сабақ соңына күтілетін нәтиже:

Оқушылар әділеттілік, құрмет және азаматтық сана құндылықтарымен таныса отырып ой-өрістері дамиды.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты бейнематериалды көру арқылы ауызша талдау, пікір бөлісу (тыңдалым, айтылым).

Сабаққа қатысты лексика мен терминология:

Республика күні, табысты ұлт, адал ұрпақ, білім, ынтымақтастық, жауаптылық, академиялық шындық, шынайылық, құрмет.

Құндылықтарды дарыту

Білімге құштарлық, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу, жауапты азаматтылық позиция, академиялық шындық, шынайылық, өзіне және айналасындағы адамдарға құрмет

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

https://youtu.be/Ljhg9G6Lv2k?si=3mBnF7gQNcA7xD4j




САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту сәті


4 минут

Ұйымдастыру сәті. Амандасу. Стикерлер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу:

«Ұлтжандылар» тобы,

«Зиялылар» тобы,

«Көшпенділер» тобы,

«Зияткерлер» тобы.

«Тақырыпты болжау» әдісі арқылы берілген суреттерді құрастыра отырып, тақырыпты анықтайды.












Слайд

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

2 мин, 47 сек (бейне дерек).



5 минут (сұраққа жауап).









23 минут

(Дайындық уақыты- 7 мин, қорғау уақыты- әр топқа 4 минут)

Елімізде отаншыл, жасампаз, батыл, дарынды, білімді, озық әрі еңбекқор жандар өте көп. Мен осындай азаматтарды көргенде болашағымыздың жарқын боларына зор сеніммен қараймын.Тәуелсіз Қазақстанда рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев.



Бейнероликпен жұмыс: «Padlet» тақтасы арқылы бейнеролик бойынша комментарий жазады.

Сұрақтар:





Топтық жұмыс:

«Ұлтжандылар» тобы «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» тақырыбында постер құрастырады;

«Зиялылар» тобы Қазақстан тарихында елеулі орны қалған ақын-жазушыларымыздың шығармаларын мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіреді;

«Көшпенділер» тобы ҚР тәуелсіздігін алғанға дейін болған тарихи оқиғалар туралы постер құрастырады;

«Зияткерлер» тобы «Мен – елімнің ертеңімін» тақырыбында 4 шумақ өлең шығарады.


Бейнеролик

https://youtu.be/Ljhg9G6Lv2k?si=3mBnF7gQNcA7xD4j







Сабақтың соңы

Қорытындылау кезеңі

3 минут




Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі, өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі,- деген екен.Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

«Көк тудың желбірегені» әнін караокемен орындау







Кері байланыс

2 минут

Әр оқушы өзінің туған жерін картадан белгілеп, стикер жапсырады.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2024
558
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі