25
ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК
КОНЦЕРТТІҢ СЦЕНАРИЙІ
Пролог
Сахнаға ұл мен қыз шығады.
Сахнаның ледэкранынан көк тудың суреті желбіреп
тұрады.
Ұл:
Бар әлемге сәуле шашса
ғажап Күн,
Жаңа тыныс алып келер таң
күліп.
Олай болса, алтын жүрек
Қазақтың,
Таңбасынан Күн шығуы
заңдылық!
Қыз:
Күнді күткен мекен етіп таң
астын,
Көкейінде «дербес!» сөзі
жаңғырып.
Періштеге ғашық болған
Алаштың,
Қыран құсты сүюі де
заңдылық!
Ұл мен қыз қолдарын
жүректеріне қойып, сахнаға хор шығып, әнұран
орындалады.
Фанфар. Көңілді күй
орындалады. Сахнаға жүргізушілер
шығады.
Жүргізуші: Армысыздар, ардақты көрермендер! Аса
мәртебелі ұстаздар мен ата-аналар!
Жүргізуші: Қайырлы күн барша білім қуған, Отанын
қастерлеген достар!
Жүргізуші: Бүгінгі тұғырлы тәуелсіздігіміз бен айбарлы
азаттығымызды әлемге айшықтаған ұлттық
мереке - Республика күні
ҚҰТТЫ
БОЛСЫН! (бірге
айтады)
Жүргізуші: Ұлттық мерекемізге арналған
салтанатты концертімізге, қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Осыдан тура
33 жыл бұрын, 25 қазан күні Жоғарғы
Кеңестің 307-қаулысымен Қазақстанның мемлекеттік
егемендігі туралы декларация қабылданып, Тәуелсіздікке нық қадам
жасалды.
Жүргізуші: 2022 жылы маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев
Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке
мәртебесін қайтаруды ұсынды. Нәтижесінде Парламент "Қазақстан
Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға түзетулер енгізді.
Құжатқа сәйкес, Республика күні мерекеге айналды. Мемлекет басшысы
оған "ұлттық мереке" мәртебесін берді. Ел мерекесі құтты болсын,
ағайын!
Сахнаға бишілер шығады. Ұлттық, патриоттық,
рухты би орындалады.
Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры
........ беріледі.
Директор құттықтау сөз сөйлеп, мерекеге орай
еңбегі елеулі қызметкерлерін
марапаттайды.
Барша марапатталушы әріптестерімізді
құттықтаймыз!
Жүргізуші: Республика күні құтты болсын, айбын еліміздің
абыройы асқақтай берсін!
Жүргізуші: Құрметті, көрермен қауым, мерекеге арналған
концерттік бағдарламамызды біз
жалғастырамыз!
Жүргізуші: Тарт күйіңді,
домбыра!
Төгіл, төгіл тәтті
күй,
Тау суындай
сылдыра,
Желпін, желпін жел
соқтыр!
Тауда тұман
тұрмасын,
Көкте бұлт
ыдыра!
Тыңдамаған
қоймасын,
Ойды-қырды
қыдыра,
Құлшына тарт,
домбыра!
Жүргізуші: Мектебіміздің домбыра үйірмесінің түлектерін
“Адай” күйімен сахна төріне шақырамыз! Жетекшісі:
....
Жүргізуші:
Тауды көрсең күн көзімен
таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол
ашқан,
Менің байтақ республикам таулары
—
Менің көгім мөлдіреген сол
аспан.
Жүргізуші:
Дала көрсең көкжиекпен
ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі
аспан.
Менің байтақ республикам
даласы,—
Менің көлім теңізбен қол
ұстасқан.
Жүргізуші:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың
гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың
күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір
жүзген
Ұлан-байтақ республикам бұл
менің.
Жүргізуші: Сахнада ........ орындауында “Туған жер”
әні
Жүргізуші:
Тәубе етем, бүгін
Тәңірге!
Тәуелсіздігім
- байлығым!
Тәубесін айтқан
өмірге,
Төгеді күн мен ай
нұрын!
Жүргізуші:
Бойтұмарымдай туған
тілім,
Баянды бақыт
өлшемі.
Болсыншы дәйім туған
елім,
Егемендігің
еңселі!
Жүргізуші:
Азаттық аңсап, ақ
таңнан!
Аһ ұрып жеткен
аманат!
Өтінде желдің
сақталған,
Өткенге енді
салауат!
Номер
кетеді
Жүргізуші: Өзіңе сен, өзіңді алып
шығар,
Ақылың мен еңбегің екі
жақтап!
Ұлы Абайдың өсиет сөзі әлі де өз маңызын
жойған жоқ. Сенім - өмір тірегі.
Біз болашағымызға сеніімді
елміз.
Жүргізуші: Біз Республикамыздың егемендігіне сенеміз!
Демек, тыныштық пен ынтымақтастық елімізде салтанат
құрған!
Жүргізуші: Біз адамдардың мейіріміне, достық пейіліне,
қамқорлығына сенеміз!
Жүргізуші: Біз арынды, дарынды, жалынды, айбынды,
білімді жастарымызға, келешегімізге сенеміз! Сен де сен! Өйткені,
дүние тек сеніммен баянды!
Достық туралы ән
кетеді
Жүргізуші:
Өзіңдікі
туыңда,
От пен ауа, суың
да.
Жаса
Қазақстаным,
Белді бекем буып
ап.
Жүргізуші:
Байтақ дала жерім
менің,
Арта берсін даңқың
сенің.
Көк байрағың
желбіресін
Егеменді елім
менің!
Номер
кетеді
Жүргізуші:
Қазақтың халық
әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық
алсын.
Үйреткен
Даналыққа,
адалдыққа
Сен деген —
Жігерлі де нәзік
әнсің!
Жүргізуші:
Дүние-ай!
Бас —
еріксіз,
Көңіл —
қыран.
Ән — еркін, еркін үнім — бағым,
мұрам.
Қазақтың кең даласы керемет
күй,
Аспаны — тұнып тұрған көгілдір
ән!
Домбырамен ән
орындалады
Жүргізуші:
Қандай дүние жетеді
балауына!
Бәрі сенің, жан Отан,
қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр
танылып
Қазақстан гербі де, жалауы
да.
Жүргізуші:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ
елмін
Қайта тудым, өмірге қайта
келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі
өлмеске
Айта бергім келеді, айта
бергім!
Жүргізуші: Осымен ұлттық мереке Республика күніне
арналған мерекелік концеріміз өз мәресіне
жетті!
Жүргізуші: Бейбітшілігіміз бен егемендігіміз, достық,
татулығымыз мәңгілік жасасын!
Барлық қатысушылар сахнаға шығып, хормен
“Атамекен” әнін орындайды.