Материалдар / 25Қазан Республика күні сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

25Қазан Республика күні сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
25Қазан Республика күні сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2023
17282
24 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ашық сабақ мақсаты:
1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Ашық сабақ әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Ашық сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме балалар!
Күз: сәлеметсіздерме балалар!
Бүгін сіздерде ашық тәрбие сағаты болып жатыр екен. Дендерің сау, дастархандарың мол болсын !
Мен өзім ғана келген жоқпын, өзіммен бірге айларымды ерте келдім.
Тәрбиеші: Бізге қонаққа күздің қыркүйек, қазан, қараша айлары келіпті.Осы айлар ішінен қазан айына сөз берсек.
Менің атым- қазан. Күзгі жиын-терінің соңғы айымын, еңбеккер елді той- думанға кенелтемін.
Балалар қазан айында қандай мереке күндер барын білесіңдер?

Балалар:- Ұстаздар күні,
-Қарттар күні,
– Республика күні.

Тәрбиеші: Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Хор:Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?
-Мен
Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен
Жарын даланы сүйетін кім?
-Мен
Ата-ананы сүйетін кім?
-Мен
Досын сүйетін кім?
-Мен
Болашағы елімнің кім?
-Мен
Кәне балалар Отан деген не? Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана
Біздің Президентіміз кім?

Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

Ту, Әнұран, Елтаңба.

Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.

Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.

Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.

Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім,

Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім.

Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық,

Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

Ерқанат: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.

Ақбота: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.

Жаннұр: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.

Жаңагүл: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.

Саят: Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.

Хор: Менің Отаным

Ердаулет: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есеігін
өз қолыңмен аш маған.

Дилназ: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.

Мейрамбек: Заман жаңа заң жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.

Ақжүніс: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар.

Хор: Қазақстан жалауы.
Ұлыстан: Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.

Самалбек: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.

Ән: Ана-тілім. Ерқанат.
Дәурен: Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Сұлтанбек: Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.

Тәрбиеші: Қазақ халқының мұраларының бірі – халық ауыз әдебиеті .
Ал халық ауыэ әдебиетіндегі жол- ол даналар мәйегі. Олай болса балалар қазақтың қандай билерін білесіңдер?
«Сөз бастаған шешендер» атты көрніс тамашалайық.. Төле би: Бір бала әкесінен өтіп туады,
Бір бала әкесіне жетіп туады,
Бір бала кері кетіп туады.

Қазбек би: Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисін.
Тәрбиеші: Даналық сөздеріңізге рахмет.

Назерке: Мен кішкентай бишімін

Таңғы мөлдір тамшымын
Гүл еркінен жаралған

Әндерім бар бал шырын.

Би: Қазақ биі

Хор: Елтаңбасы елімнің.

Балалар енді «Ғажайып қоржын» ойынын ойнайық.

Қоржын ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру.

Балаларды мадақтау.

-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.

Енді балалар тәрбиеленіп жатқан бала бақшамыз туралы
Тақпақ айтып жіберейік.
Бала бақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз.
Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағаты ұнады ма?
Қорытынды: Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің – дей отырып,
Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған
«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!