Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

2 - сынып әдебиеттік оқу пәнінен Б. Ысқақов Жаңалыққа құмармын.Жас техник

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал арқылы оқушылар мамандықтың түрлеріме танысып қана қоймай, пікір алмасып, өскен кезде өздерін қандай мамандық иесі болатынын анықтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиет


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Тыңдалым және айтылым, Жазылым

Бөлімше: 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну. 3.1 Шығарманың жоспарын құру

Ортақ тақырып: Өзім туралы


Мектеп: Жаңатаң жалпы білім беретін негізгі мектебі


Күні:


Сынып:


Мұғалімнің аты-жөні: Сейтқали Мархабат Жасқайратқызы


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Жаңалыққа құмармын. Б. Ысқақов. Жас техник


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1. Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

2.3.1.1. Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру


Сабақ мақсаттары

1: Мұғалім көмегімен шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, бөліктерге бөледі.

2: Оқылған мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды. Жоспар құруда логикалық жүйені сақтайды.

3: Оқылған шығарманың авторы туралы әңгімелейді. Қойылған сұрақтарға сүйеніп, мәтінге жоспар құрады.



Бағалаукритерийлері

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Мәтінге жоспар құрады


Тілдік мақсаттар


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мамандық – профессия- profession

Жас техник – молодой техник – young technician

Кемеңгер – мудрец – sage

Инженер – инженер – engineer

Ұшқыш – пилот - pilot

Электрик – электрик – electricion үш тілдік дағдыны қалыптастырамын

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мамандық түрлері қандай?

  • Мықты маман иесі болу үшін не істеу қажет?

  • Маман иесіне артылатын міндеттерді білесің бе ?



Құндылықтардыдарыту





Өмір бойы білім алу - Келешекте оқушылардың қандай маман иесі болатынын зерделеп таныту.


Ынтымақтастық – ұйымшылдыққа, қамқор болуға, жан- жақты тәрбиелеу.



Пәнаралықбайланыстар

Әдебиеттік оқу – жас техник өлеңінің мазмұнын ашу, түсіндіру, көркем еңбек – өзі болатын мамандық иесінің суретін салу,

Өзін-өзі тану – өзінің ішкі жан дүниесі қандай мамандық иесі болғысы келеді, ашып талқылау.


АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Мамандығым – мақтанышым тақырыбында бейнероликті көрсету арқылы ұлтжандылыққа, үлкенді тыңдауға тәрбиелеу

Интербелсенді тақта арқылы видеоролик көрсетіледі.

https://youtu.be/MsQ0GqEVhak




Бастапқы білім

Оқушылар жалпы мамандық иелері туралы біледі. Қазіргі кездегі сұранысқа ие маман иелерін анықтайды.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар




Сабақтың басы




5 мин

Ұ. Ширату «Мамандық атауын білемін!» ойыны

Шарты:

Қандай мамандық иелерін білесің, ата және ым-ишара арқылы қимылмен көрсет.

Оқушылар, мамандық иелерін білеміз бе?

Атап көрейікші!!!

Аспаз, мұғалім, шахтер, шаштараз, әнші, ұшқыш, электрик, құбыр жөңдеуші

Тамаша! Ендеше балалар сіздерге жұмбақ жасырамын

Шешіп көрелік, ойын шартын сақтаймыз: қимылмен көрсетеміз!


Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл.(Ұстаз)


Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететі.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)


Айлар бойы жүзеді,

Жерді көрмей жүреді.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кім біледі? (Теңізші)


Жолының көп азабы,

Сондадағы тыңбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшілікті тыңдайды. (Журналист)


Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам (Милиционер)


  • Сыныпты түгелдей

  • Үй тапсырмасын сұрау

Ақпарат көздері арқылы топқа бөлу:

1 топ: «Телефон» тобы

2 – топ: «Теледидар» тобы

3 – топ: « Микрофон» тобы


















Осы жерде талқылау жүргізіліп, Сабақтың оқу мақсаттары хабарланады







М амандық иелерінің суреті

Сабақтың ортасы



15 мин








































5 мин


Ұ. «Еске түсіру» әдісі

Кәне, балалар Абай атамыздың Ғылым таппай мақтан ба? Өлеңін еске түсірейікші: (тақпақты балалар кезекпен айтады) Абай атамыз не жайлы айтқысы келді?

Ия, дұрыс айтасыңдар балалар! Еңбек пен тапқан нан тәтті дейді! Сондықтан еңбектеніп мол табысқа жетіп, мықты маман иесі болыңдар деген екен.

Ұ.МК. "Сен білесің бе?" айдары

Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов (4.11.1924, Қарағанды облысы Нүра ауданы Көкмөлдір ауылы - 22.1.1991, Алматы) — ақын, филология ғылым кандидаты (1970). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазҰУ-ды бітірген (1948).

1946 - 1949 жылдары "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналы,

1949 - 1960 "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті,

1960 - 1969 жылдары "Білім және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналында қызметкер,

1969 - 1991 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.

Ө. Оқулықпен жұмыс «Бағытталған оқу» әдісі

Критерий: Өлеңді мәнерлеп оқып, талдап, мағынасын ашады.

Тапсырма: Өлеңді оқудың түрлерін қолданып оқы

Оқудың түрлерін қолдану: Қарқын

  1. Мәнерлеп оқу

  2. Түсініп оқу

  3. Көзбен оқу

  4. Ызыңдап оқу

  5. Іштен оқу

Жас техник дегендер -

Жай балалар демеңдер

Техника тетігін

Меңгерген шеберлер

Жас техник дегендер -

Жай балалар демеңдер ....

Ұ.МК берілген өлеңді бүкіл сынып болып оқу.

Есіңе сақта!

64

Бүркіт Ысқақов



68 69 70





65

Қарағанды облысында туған

66

Балалар ақыны

67

Кітаптары: «Сенің Отаның», «Кішкене көмекші»







Сергіту сәті «Тез ойла!» әдісі

  1. Мамандық атауларын ата.

  2. Қалағы бар қолында, кімді айттым ойымда?

  3. Кітаптары мен журналы әрдайым, түспес қолдағы

  4. Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    25.10.2020
    1026
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12