№2 БЖБ 10-сынып ҚГБ қазақ тілі ІІІ тоқсан, 3-тоқсан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

№2 БЖБ 10-сынып ҚГБ қазақ тілі ІІІ тоқсан, 3-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
№2 БЖБ 10-сынып ҚГБ қазақ тілі ІІІ тоқсан, 3-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль», «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

2 БЖБ қазақ тілі 10-сынып гуманитарлық бағыт

Оқу мақсаты:

10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

Бағалау критерийі:

  • мәтіндердегі мәліметтерді талдап, негізгі үрдістерді анықтап жазады;

  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтап жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты: 15-20 минут

Тапсырма.

Мәтінді мұқият оқыңыз.

Байлыққа жетудің кілті

Өзін-өзі дамыту ғылымының білікті сарапшысы американдық Брайан Трейси бар өмірін осы тақырыпты зерттеуге арнаған екен. Өз еңбегімен байлыққа жеткендердің өмір тәжірибелерін сараптай келе ол мынадай қортынды жасайды: байлыққа жету үшін мына қағиданы берік ұстансаңыз жеткілікті: тапқан табысыңызды үнемді жұмсап, бір бөлігін сақтауды берік әдетке айналдырыңыз және сақтаған ақшаңызды банк депозиті, құнды қағаздар және т.б. құралдар арқылы көбейтуге көңіл бөліңіз. Міне, сонда сіз белгілі уақыт өткен соң міндетті түрде байлыққа жетесіз.

Осыдан мынадай түйін жасауға болады, байлыққа жетудің формуласы мынадай: ТАБЫС – САҚТАУ – КӨБЕЙТУ. Сіз тапқан жалақыңыздың бір бөлігін үнемі қалдырып, депозитке салып, болмаса құнды қағаз сатып алып отырасыз, осылайша ақшаңыздың бір бөлігі сақталып және көбейе береді. Ұлы данышпан Альберт Эйнштейннің айтқан «күрделі процент – әлемдегі ең құдыретті күш» деген қағидасына сай, сіз сақтаған ақшаңыз күрделі процент арқылы тез арада өсіп, жылдар өте келе мол қаржыға айналады. Браиан Трейсидің пайымынша, жылына сақтаған ақшаңызды 8-10 процент көбейтіп отырсаңыз, 10-15 жылда байлыққа қол жеткізесіз. Бұл 2х2=4 деген сияқты айнымас қағида.

Жоғарыда келтірген байлыққа жетудің формуласы мүлтіксіз жұмыс істейді. Осы ақиқатты түсініп, соны іс жүзінде қолданғандар байлыққа жетіп, ал алғашқы жолды таңдап, жеңіл өмір сүргілері келгендер керісінше, өмір үнемі алға тартып отыратын қиындықтардан көз ашпай, тауқыметпен тірлік кешеді.

Мынаған ақыл-оймен барлап қараңызшы: кедейлік адам өмірін жеңілдете ме? Жоқ. Ешқашан да. Кедей адамның күн сайын алдынан шығатын проблемалары көп болады және оның бәрін шешуге пенденің мүмкіндігі жетпейді және ол проблемалардың көбі ақшаны талап етеді. Осыған орай, ақшаны жаратуды жақсы көретін ол пенде ақша табудың жалғыз жолы ретінде біреуден қарыз алуды, болмаса банк кредитіне сүйенуді ғана біледі. Осылайша ол қарыздың құрдымына құлап, ешқашан кедейлік шырмауынан шыға алмайды.

Түйін: Бұл екі жолдың қайссын таңдаған және сол жолмен жүрген болсаңыз да, ол жолды өзгерту ешқашан кеш болмайтынын есіңізде ұстаңыз. Өткен шақты өзгерту мүмкін емес, бірақ болашақта қай бағытқа бағдар ұстанасыз, ол сіздің өз еркіңіздегі шаруа. Егер кедейшілік тауқыметінен құтылғыңыз келсе, байлыққа бастар екінші жолға түсуіңізге әлі де кеш емес. Тағдырыңызды өзгерту ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА.


1-тапсырма. «9 алмаз» әдісі. Мәтіндегі ақпаратты маңыздылығына қарай іріктеп орналастырыңыз.( төменгі бөліктерге 3 маңыздылығы төмен ақпарат жазады, жоғарғы бөліктерге 6 маңыздылығы жоғары ақпарат анықтап жазады).









«9 алмаз» әдісі.

Shape3 Shape1 Shape2



Shape4 Shape5 Shape6



Shape7 Shape8



Shape9



2-тапсырма. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтап, берілген сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Депозит, банк кредиті, байлыққа жетудің формуласы

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Кіріс, ырыс, несібе, үнемшілдік, ысырапшылдық, ақшаға қатысты

берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.

1. Жеті рет өлшеп, .......................................................................................................................

2.     Есептей білгеннің ....................................................................................................................

3.     Судың да ...................................................................................................................................

4.     Теңге .........................................................................................................................................

5.     Көрпеңе қарай ..........................................................................................................................

6.     Ақыл азбайды ...........................................................................................................................

7.     Ақшаны табудан .......................................................................................................................

8.    Ақша кетуге тырысады,

Есеп ..............................................................................................................................................


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

  • белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын қолданады;


1

Мәтіндегі ақпаратты маңыздылығына қарай іріктеп орналастырады:

  • 6 маңыздылығы жоғары ақпарат анықтап жазады;



1

1

1

  • 3 маңыздылығы төмен ақпарат жазады;

1

1

  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтап жазады.

2

Берілген сөздер мен сөйлем құрастырады;

1

1

Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтап жазады;

1

Кіріс, ырыс, несібе, үнемшілдік, ысырапшылдық, ақшаға қатысты берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

1

1

Барлығы



10


Ықтимал жауаптар

1-тапсырма. «9 алмаз» әдісі. Мәтіндегі ақпаратты маңыздылығына қарай іріктеп орналастырыңыз.( төменгі бөліктерге 3 маңыздылығы төмен ақпарат жазады, жоғарғы бөліктерге 6 маңыздылығы жоғары ақпарат анықтап жазады).

«9 алмаз» әдісі. 6 маңызды ақпарат: 1.Тапқан табысыңызды үнемді жұмсау; 2.ТАБЫС – САҚТАУ – КӨБЕЙТУ; 3.Ақшаны депозитке салу; 4. Құнды қағаздар алу; 5. Ақшаңыздың бір бөлігі сақтау; 6.«Күрделі процент – әлемдегі ең құдыретті күш».

3 маңызды емес ақпарат: 1. Жеңіл өмір сүру; 2. Қиындықтардан көз ашпау; 3. Ақшаны жарату



Shape12 Shape10 Shape11



Shape13 Shape14 Shape15



Shape16 Shape17



Shape18



2-тапсырма. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтап, берілген сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Депозит, банк кредиті, байлыққа жетудің формуласы

Депозит инвестицияның ең қауіпсіз түрі болып табылады. Жақсы табыс көзіне қол жеткізгің келсе, банк кредитіне сүйенбей әрекет жасағаның жөн. Байлыққа жетудің формуласы - тапқан табысыңызды үнемді жұмсап, бір бөлігін сақтауды берік әдетке айналдыру.

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Кіріс, ырыс, несібе, үнемшілдік, ысырапшылдық, ақшаға қатысты

берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.

1. Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).

2.     Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).

3.     Судың да ................... (сұрауы бар).

4.     Теңге ................ (тиыннан құралады).

5.     Көрпеңе қарай ......... (көсіл).

6.     Ақыл азбайды ........ (білім тозбайды).

7.     Ақшаны табудан ....... (шашу оңай).

8.    Ақша кетуге тырысады,

Есеп ...... (ұстауға тырысады).





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі