2 санын көбейту және бөлу кестесін бекіту. Қимылды ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2 санын көбейту және бөлу кестесін бекіту. Қимылды ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Математика

Мектеп: Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есимова Айжан Берікқызы

СЫНЫП: 2 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 12

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

2 санын көбейту және бөлу кестесін бекіту. Қимылды ойындар

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану

2.5.1.3 Бірдей қосылғыштардың соммасын табуға; мазмұнына қарай және бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау және шығару.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Асықтар, оқулық, суреттері бар ватмандар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, ілгіштер, смайликтер .

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дене шынықтыру, дүниетану

Алдыңғы сабақ:

2 санын көбейту және бөлу кестесі

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы


5 минут

Сәлемдесу. Сыныпты қалыпқа келтіру

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп күлімсіреп

Біз сабақты бастайық

Мұғалім шеңберде тұрып, Рухани жаңғырудың эмблемасына назар аудартады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салт-дәстүрді еске түсіру, жаңғырту. Яғни осы бағдарламаға өзіміздің үлесімізді қосып көрейік.

Үй тапсырмасын сұрау: 2 санын көбейту және бөлу кестесін еске түсіру.

Тақырыпқа шығу: 2 санын көбейту және бөлу. Қимылды ойындарға шығу. Ұлттық ойындардың суретін қолдана отырып, мәні 2-ге тең болатын өрнектер шығарады. Сол арқылы жаңа тақырыпқа шығады.


Оқушылар мақсат қояды:

- 2 санын көбейту және бөлу туралы еске түсіру, пысықтау, толықтыру, жинақтау.

- Қимылды ойындар туралы ақпарат: мұғалім еске түсіреді, оқушылар ойын түрлерін айтады.














АКТ қолдану




Білу және түсіну



Жаңа білім

10 минут







Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.


Ауызша мадақтаймын


Топтық жұмыс

а) 20-ға дейінгі жұп сандарды өсу ретімен атау

ә) 20-ға дейінгі тақ сандарды кему ретімен атау

б) ағылшын тілінде 1-ден 20-ға дейін сандарды айтады


Дескриптор

20-ға дейінгі сандарды біледі

20-ға дейінгі жұп сандарды өсу ретімен атай алады

20-ға дейінгі тақ сандарды кему ретімен атай алады

20-ға дейінгі сандарды ағылшын тілінде айтады


Бағалау: Смайликтер арқылы


Санды асықтар,

оқулық



топтық жұмыс


Қолдану




Ортасы

10 минут




Оқулықта берілген есепті жұппен орындау. Ақ сүйек ойыны. Сүйіектің суреті ілулі тұрады. Сүйекті жұппен алып, тапсырманы орындайды.

1) 6 · 2 2) 9 · 2 3) 7 · 2 4) 8· 2 5) 4· 2 6) 5 · 2

12 : 2 18 : 2 14 : 2 6 : 2 10 :2 8 :2



Дескриптор

Көбейту амалын дұрыс есептейді

Бөлу амалын дұрыс есептейді

Жұппен жұмыс істей алады


Бағалау: «Әткеншек» әдісі арқылы бағалау



Ақ сүйек ойыны


Оқулықпен жұмыс




«Әткеншек» әдісі арқылы бағалау




Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Ой қорыту Топтық жұмыс

«Постер» әдісі бойынша оқушылар топтасып, берілген есептерді А3 түсіріп тақтаға шығып қорғайды.


1-топ: 18 бала ойнау үшін жұптасып сапқа тұрды. Неше жұп болды?

2-топ: Аулада 14 бала ойнап жүр. Олар теңдей 2 командаға бөлінді. Әр командаға неше баладан болды?

3- топ: Балалар ойнау үшін әр командаға 3 адамнан бөлінді. 2 командада барлығы неше адам болды?


Дескриптор

Топта жұмыс істей алады

Есептің шартын жазады

Есептің сұрағын жазады

Есептің шешу жолын жазып, шығарады

Есептің жауабын жазады


Бағалау: Топтар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды



Оқулық, суреттері бар

ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Топтық жұмысқа арналған ресурстар










Кері байланыс

3 минут

Рухани жаңғыру бағдарламасын қолдай отырып , ұлттық ойындардың суретін қолданып, айтып кету.

«Түрлі түсті асық» кері байланыс


Жасыл түсті асық- түсіндім

Сары түсті асық - сұрақтарым бар

Қызыл түсті асық - түсінбедім


Әр оқушы асықтың түстеріне сай сабақтан алған әсерлерінің тұсына қыстырғышты іледі.




Асық ,

қыстырғыш-тар, стикер , суреттер

Үйге тапсырма: № 4 салыстыру


Саралау

Жоғары деңгейлі оқушылар үшін балама тапсырмалар берілді:

Өз бетімен жұмыс істей алатын қарқынды оқушыларға «Ойлан тап!» жеке тапсырмасы ұсынылады.

Берілген сандарды жұп және тақ сандарға жіктеп жаз:

35, 50, 26, 47, 32, 13, 41, 40, 48, 14, 19, 27, 39, 17, 24, 44, 11, 37


Бағалау

Бағалау кезінде оқушылар орындаған жұп және тақ сандарды ажырата алуы мен 2 санын көбейту амалдарын шығара алатындығына басымдық бердім.

Сабақтың жиынтық бағасы бағалау критерилерді дескриптор бойынша бағаладым.Оқушылар бір-бірін асық арқылы бағалады


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1017
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі