Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

77- сабақ. 2 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту.

Тақырыбы: Қимылды ойындар. Мектеп:

Оқыту мақсаттары 2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу

жəне қолдану.

2.5.1.3.Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолданады.

Көптеген оқушылар: •көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды

дұрыс таңдауды іске асыра алады.

Кейбір оқушылар: •көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады

жəне шығара алады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:2-ге көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіреді, көбейту

жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдар таңдауды түсінеді.

Пəндік лексика жəне терминология:

Көбейту кестесі, көбейту мен бөлудің байланысы, көбейту мен бөлуге берілген есептер.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

2 санына көбейту жəне бөлу кестесі қалай құрастырылғанын түсіндіре аласың ба?

Көбейту кестесін есептеулер барысында қалай қолдануға болатынын түсіндіре аласың ба?

Есепті қалай шығаратынын түсіндір?

Есептің шешуін қалай жазатынын түсіндір?

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі.

Жоспарланған іс-əрекет

Қызығушылықты ояту. 0–3

Мұғалім оқушыларды қазақтың ұлттық ойындары туралы, математиканың ойын жүргізуге қалай көмектесетіні (есеп жүргізу, командаға бөліну, ойынға керекті заттарды санау жəне т.б.) туралы əңгімеге тартады.

Өзектендіру. 4–6 «Қар лақтыру» ойыны

2-ге көбейту жəне бөлу кестесін білуден жарыс өткізіңіз. 2 санына көбейту жəне бөлуге берілген

мысалдары бар карточкалар.

Мақсат қою. 7–11 «Хан талапай» ойыны

1-тапсырманың материалымен оқушылар санауды орындайды. Оқулықтағы анықтаманы оқуды ұсынады: «2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады».

Дəптердегі 1- тапсырманы бағалау критерийлерін қолданумен пайдалануға болады.

Тапсырманы жақсы орындаған оқушылар оқулықтағы 2- тапсырмаға көшеді. Оқушылар 20-ға дейінгі жұп жəне тақ сандарды өсу жəне кему реті бойынша жазады

Өздік жұмыс 12–29 «Қол күресі» ойыны. Жұптық жұмыс

3- тапсырманы бағалау критерийлерін қолданумен пайдалануға болады.

Қол күресінен жеңген оқушы берілген кестенің тапсырмаларын орындайды.

Қатені түзету

Қате жіберген оқушылар 2 санына көбейту жəне бөлу кестесімен жұмыс жасайды, ары қарай жеке

карточкалардағы тапсырмаларды (кестені білуге берілген) орындайды.

Өткенді қолдану 30–40 «Көкпар» бәйге. Топтық жұмыс

5 тапсырма.

Мұғалім тапсырманы орындауда қысқаша жазылу формасына назар аударады. Ол əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бірінші есеп үшін сызба, сұлба, сурет түрінде болғаны тиімді.

а) 18 оқушы ойнау үшін жұптасып сапқа тұрды. Неше жұп болды?

ə) Аулада 14 оқушы ойнап жүр. Олар теңдей 2 командаға бөлінді. Əр командада неше оқушыдан болды.

б) Оқушылар ойнау үшін əр командаға 3 адамнан бөлінді.

2 командада барлығы неше адам болды?

Есепті шығаруды жылдам меңгерген оқушыларға берілген сызбалар бойынша сандық деректерді өзгертіп өзбетімен есептер құрастыруды ұсынуға болады.

Өздік жұмыс. «Аламан» бәйге

Дəптердегі 6-тапсырмалар тексере отырып орындалатын сараланған өзіндік жұмысқа арналған.

Бөлінгіш

18


14

Бөлгіш


8


Бөліндінің мәні

9

2

2


.Рефлексия. 41–45

Жетістік деңгейін бағалайды.

Оқушылар:

2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолдана алады.

көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды таңдауды дұрыс жүзеге асыра алады.

көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығарады.

Үйге тапсырма: 4- салыстыруға берілген тапсырманы орындайды.

Бағалау, мадақтау.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12