«Жаңа-ауыл орта білім беру мектебі»ММ
Бастауыш оқыту сатысының
2 сынып курсы пәндері бойынша
бақылау өлшеуіштерінің банкісі
Жаңа-ауыл 2012-2013
Бақылау жұмыстарын құрастырушы және шығармашылық топ мүшелері:
|
1 |
Сеитова Бақыт Жұмажанқызы |
№2 ЖОББМ, Павлодар қаласы |
|
2 |
Дюсенова Рысжан Кұрманқызы |
№21 ЖОББМ, Павлодар қаласы |
|
3 |
Адамбаева Сауле Серекбайқызы |
№19 ЖОББМ, Павлодар қаласы |
|
4 |
Шаханова Нурбике Турганбайқызы |
№19 ЖОББМ, Павлодар қаласы |
|
5 |
Шарипова Тәттігүл Шаймұратқызы |
№35 ЖОББМ, Павлодар қаласы |
Шығармашылық топ жетекшісі: Каиргазина Шолпан Шаханқызы, қалалық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері
Қарастырған: ПМБАИ әдіскері Барамбаева Бағдат Серікқызы
Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру мектептердің бастауыш сынып пәндері бойынша Қазақстан Республикасының жалпы білім беру стандартына және бағдарламаға сәйкес бақылау жұмыстары құрастырылған. 29.07.10 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға ұсынылады.
І. Түсінік хат
«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.
Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
-
дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
-
тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
-
сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
-
алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
-
тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;
-
оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-
диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
-
өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
-
оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
-
қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.
Оқу жылындағы барлық сағат саны:
2-сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат;
3-сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат;
4–сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:
2-сынып «Сөздер сыры», «Сауаттылық елінде».
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2-сынып оқушылары:
-
тіл және сөйлеудің мәні мен қажеттігін;
-
өтілген дыбыс түрлерін;
-
мәтіннің жеке сөйлемдерден өзгешелігін;
-
сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін,
-
түбір мен қосымшаны, қосымшаның түрлерін;
-
өтілген сөз таптарын;
-
мәтінге ат қоюды біледі.
-
Дыбыс түрлерін ажыратады;
-
белгілері бойынша дыбыстық талдау жасайды;
-
сөз құрамына талдау жасайды;
-
өтілген сөз таптарын талдайды;
-
мәтіннің әр бөлігін азат жолдан бастап жазады;
-
сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоюға дағдыланған.
-
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін (хабарлы,
сұраулы, лепті) ажыратады және оларды сөйлеу тәжірибесінде
пайдаланады;
-
тірек сөздер, жоспар бойынша мәтін құра алады;
-
қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог құра алады;
-
өтілген орфографиялық нормаларға сай қатесіз жазады.
Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:
Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2 сыныпта әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.
2 сыныпта жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз, әрі каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.
Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі
жазба жұмыстары - көшіріп жазу, жатқа жазу,
диктант, мазмұндама, шығарма.
Диктант
Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант 2 сыныпта шамамен 4 рет (әр тоқсан сайын 1 рет) алынады.
Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет
(әр тоқсан сайын- 1 рет, оқу жылының
қорытындысы бойынша – 1 рет) алынады.
Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:
Сөздік диктанты:
2- сыныпта 8-12 сөз.
Бақылау диктанты:
2 сынып- I жартыжылдықта 30-35 сөз, жыл аяғында 35-40 сөз.
Диктантты бағалау критерийлері:
«5» - қатесі мүлде жоқ, таза, барлық каллиграфиялық талаптарға сай
жұмысқа қойылады;
«4» - а)1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе, б) 1 емле, 2 тыныс белгісі
қателері болса, бірақ та жұмыс таза орындалуы керек;
«3» - а)3 емле, 2-3 тыныс белгісі, б) 4 емле, 2 тыныс белгісі, в)5емле,
1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады;
«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.
Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн:
-
бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса - 1 қате болып
есептеледі;
-
бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің
әрқайсысы бір қате болып есептеледі;
-
тасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда қайталанып кездесуі. Сондай-
ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды: а) өтілмеген
орфограммалар мен тыныс белгілері болса, б) сөйлем соңына нүкте
қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса.
Қате болып есептеледі:
-
сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету,
әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;
-
сынып бағдарламасына енетін сөздердің жазылуында жіберілген
қателер;
-
бағдарлама бойынша өткен тақырыпқа байланысты тыныс белгілері
қойылмаса;
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері:
«5» - түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға;
«4» - 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға;
«3» - тапсырма толық орындалмаса;
«2» - тапсырма мүлдем орындалмаса.
Диктант және грамматикалық тапсырмалардан құрылған
бақылау жұмыстарына екі баға қойылады,
жеке баға диктантқа және жеке баға тапсырмаға.
Мазмұндаманы жалпы бағалауда мынаны ескерген жөн:
-
мазмұны (автор мәтінінің негізгі мазмұны қалай жеткізілген:
толық, негізгі мәтіннің құрылымы (мазмұндау барысы, азат
жолдарды белгілеу, бөлімдердің орналасуы)
-
сөйлемдердің құрылымы, сөздер ретін сақтау, мәтін лексикасы
(сөздерді өз мәнінде қолдана білу)
-
емлелік және пунктуациялық сауаттылық
Шығармашылық жұмыстарды (мазмұндама, шығарма)
бағалау критерийлері:
2-3 сыныптарда үйрету мазмұндама мен шығармаға журналда мазмұнына ғана 1 баға қойылады. Ал бақылау мазмұндамасына, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына, мысалы 4/5). 4 сыныпта үйрету және бақылау мазмұндамаға, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына (5/5).
Мазмұнына байланысты бағалау критерийлері:
«5» - автор мәтінінің толық жеткізгені, тақырыптың ашылуы, сөз
қорының байлығы, мазмұнға байланысты қателері жоқ;
«4» - автордың мәтіні бойынша дұрыс мазмұндалған, бірақта
мазмұндау барысында кейбір олқылықтар бар, тексті
құрастыруда 2-3 сөйлем құрамында нақтылық болмағанда;
«3» - тақырып дұрыс ашылмаса, тіл байлығы орташа, сөйлемдерді
құрастыруда мазмұнына байланысты қателер болса, автордың
текстінен өзгеше болған жағдайда;
«2» - мазмұны автордың мәтініне сәйкес келмесе, сөз қоры нашар,
сөйлемдері дұрыс құрастырылмаған жағдайда.
Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:
«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақ та 1-2 түзетушілік
болса;
«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік
болса;
«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;
«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс бел-нен қателер, 3-4 түзету-лік болса.
Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:
Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:
100-95 % балл - «5»
94-75% - «4»
74-50 % - «3»
49 %- төмен – «2».
Көшіріп жазуды бағалау:
«5»- түзетулері жоқ, мінсіз орындалған жұмыс;
«4» - 1 қатесі, түзетуі бар жұмыс;
«3» - 2-3 қатесі, түзетуі бар жұмыс;
«2» - 3 және одан да көп қателері бар жұмыс
Жазба жұмыстары
|
Тоқсан |
Бақылау диктанты |
Сауаттылығын тексеруге арналған диктант |
|
1 |
1 |
1 |
|
2 |
1 |
1 |
|
3 |
1 |
1 |
|
4 |
2 |
1 |
|
Барлығы |
5 |
4 |
0-дік диктант.
Мақсаты :
1. Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.
2. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді таба білу
3. Дауысты дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.
Асханада.
Біздің ауылдың орталағында үлкен асхана бар. Асханадан жұмысшылар мен жолаушылар тамақтанады. Асханадан ыстық тамақтан кеспе, қуырдақ, бесбармақ бар. Үстелдің үстінде пышақтар, шанышқылар, қасықтар жатыр. Біздің асханада тамақ өте дәмді болады. (30 сөз).
Тапсырма.
|
І нұсқа |
ІІ нұсқа |
|
|
|
|
|
|
1 тоқсан
Диктант. № 1
Мақсаты:
1) Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларын тексеру.
2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.
Құстардың ұясы
Құстардың ұясы әртүрлі болады. Торғай қамыстан шағын ұя құрастырады. Ең үлкен ұя бүркіттікі. Бүркіт ұясын жуан шыбықтардан жасайды. Оған мамық төсейді. Ең әдемі ұяны сарықас торғай жасайды. Құстардың ұясын қорғау керек. қорғау керек. (31 сөз).
Тапсырма.
|
І нұсқа |
ІІ нұсқа |
|
1. Асхана сөзіне дыбыстық талдау жаса. |
|
2. Заттың атын білдіретін сөздерді жаз. |
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз. |
|
|
Диктант. № 2
Мақсаты:
Бірінші тоқсан бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.
Қоян.
Ең жасқаншақ аң - қоян. Ол кішкентай сыбдырдың өзінен қашуға дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне жайлы жерде тығылып жатады. Қоянды аңшы да, жыртқыш жануарлар да аулайды.
(30 сөз)
Тапсырма.
|
І нұсқа |
ІІ нұсқа |
|
|
|
2. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын 5 сөз жаз.. |
2. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын 5 сөз жаз.. |
|
|
-
тоқсан
Диктант № 3
Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Мақсаты:
1) Оқушылардың «Сөйлем және сөйлемдегі сөздердің байланысы» тақырыбын меңгергендігін тексеру.

Балалар сабақтан қайтты. Аспан бұлттанып тұр. Сіркіреп жауын жауа бастады. Жауын басылмастан қатты жел тұрды. Енді не істеу керек? Олар жақын жердегі сарайды паналады. Табиғат қандай қызық! Бір демде алай-түлей болып кетудің себебі неде? (34 сөз)
Тақтаға жазылатын сөздер: Басылмастан, алай - түлей.
Тапсырма:
|
1- нұсқа |
2- нұсқа |
|
1. Жауын сөзіне дыбыстық талдау жаса. 2. «Басылмастан» сөзін тасымалдап жаз.
|
2. «Паналады» сөзін тасымалдап жаз.
|
Диктант № 4
Мақсаты:
1) Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау.

Достық
Өмірде достар арасында түрлі жағдайлар болады. Бірақ сенімді достар бір–біріне кешірімді келеді. Достықтарын бұзбайды. Достар қиындықтарда бір–біріне көмекке келеді.
Қонаққа ең жақын достарыңды шақырасың. Дос сенімен жақсылықта да, жамандықта да бірге болады. (34 сөз)
Тапсырма:
|
1- нұсқа |
2- нұсқа |
|
|
|
-
тоқсан
Диктант № 5
Мақсаты:
1) Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.

Қызғаныш
Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Аузында тістеген сүйек бар. Ол судағы өзінің көлеңкесін көрді. Көлеңкені басқа күшік деп ойлады. Енді ол сол сүйекке қызықты.
Аузындағысын тастап жіберді. Өз сүйегі де су түбіне кетті. (33 сөз)
Тапсырма:
|
1- нұсқа |
2- нұсқа |
|
1. Сүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса. 2. Мәтіннен к-г дыбыстарына дауысты дыбыс жалғанғандағы өзгерісі бар сөзді тап.
|
1. Аузы сөзіне дыбыстық талдау жаса. 2. Мәтіннен к-г дыбыстарына дауысты дыбыс жалғанғандағы өзгерісі бар сөзді тап.
|
Диктант № 6

Жайлау
Жайлау - қыстаудан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынады. Адамдар да сергіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп. (36 сөз)
Тапсырма:
|
1- нұсқа |
2- нұсқа |
|
1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз. 2. Сөз құрамына талда: қыстаудан, адамдар, шөбі.
|
1. Мәтіннен зат есімдерді тауып жаз. 2. Сөз құрамына талда: Жайлаулар, қыстан, жазғы.
|
-
тоқсан
Диктант № 7
Мақсаты:
1) Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру.

Кемпірқосақтың жеті түсі.
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар - қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.( 36 сөз)
Тапсырма:
|
1- нұсқа |
2- нұсқа |
|
1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз. 2 «Күлгін» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
|
1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз. 2. «Түсі» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
|
Диктант № 8

Көктем.
Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. Өзенде сең жүрді.
Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз)
Тапсырма
|
1- нұсқа |
2- нұсқа |
|
1. Сөздерді тасымалдап жаз: Білімділік, жасырынбақ 2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.
|
Кешірімділік, мейірімділік 2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.
|
Диктанты № 9

Кішкентай көмекші.
Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы - бағбан. Бау- бақша жасыл кілемдей жайнап тұр. Ақан күні бойы атасымен бақта жүреді. Ағаштардың түбін қопсытады. Арам шөптерден арылтады. Атасына бақшаны уақытында суаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі кішкентай көмекшінің еңбегіне риза. (40 сөз)
Тапсырма
|
1- нұсқа |
2- нұсқа |
|
1. Сын есімдердің тұсына қарсы мағыналы сын есім ойлап жаз. Арзан – Жақсы - Ащы - Кең – 2. Мәтіннен етістіктерді тауып жаз. |
1 . Сын есімдердің тұсына қарсы мағыналы сын есім ойлап жаз. ұзын – терең - ескі - сұйық– 2. Мәтіннен зат есімді тауып жаз. |
Мазмұндама және шығарма
Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмұндау, шығарма жұмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері және т.б. бойынша жүргізіледі.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 2 сыныпта жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады.
Мазмұндамаға арналған сөз саны:
2 сыныпта 30-50 сөз.
Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 2 сыныптарда шамамен 3 рет (әрбір сынып сайын I жартыжылдықта – 1 рет, II жартыжылдықта – 2 реттен) алынады.
Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы
|
Сыныптар |
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
Қорытынды бақылау диктант |
|
Мазмұндама |
|||||
|
1 |
|
1 үйрету мақсатымен |
1үйрету мақсатымен |
1 үйрету мақсатымен |
|
|
2 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
|
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
|
4 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
|
Шығарма |
|||||
|
1 |
|
|
1-үйрету мақсатымен |
1- үйрету мақсатымен |
|
|
2 |
|
1 |
|
2 |
|
|
3 |
|
1 |
|
2 |
|
|
4 |
|
1 |
|
2 |
|
І тоқсан
Мазмұндама №1
Тақырыбы: Қамалдың қатесі
Мақсаты: Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы
өзіндік сөйлеу тілін дамыту.
Міндеттері: 1.Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу,ойлау
қабілеттерін дамыту ;
2. Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы
сауаттылығын арттыру.
Қамал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Кеше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалыпты. Қамал аттап өте алмады. Қамал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғалды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Қамал суға күмп етті. /40сөз/
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:
Арық, нөсер, шеті опырылып, ырғалды.
Мазмұндама жоспары:
1. Қамал қайда келе жатты?
2. Жолда не бар еді?
3. Қамал арықтан неге өте алмады?
4. Қамал енді қайда шықты?
5.Ол қарай ырғыды?
6. Бұтақ қайтып сынып кетті?
7. Қамал қайтты?
Мазмұндама №2
Тақырыбы: «Наурызшешек»
Мақсаты: Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тіліндамыту.
Міндеттері: 1. Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу, ойлау қабілеттерін дамыту ;
2. Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру.
«Наурызшешек»
Наурыз айында өсетін жапырақты , түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік.
Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдіктер қатарына жатады. /35 сөз/
Тірек сөздері мен сөз тіркестері: Наурызшешек, қауашақты әсем өсімдік, қызыл кітап, бағалы өсімдік.
Жоспары:
1. Әсем өсімдік.
2. Оның дәрілік қасиеті.
3. Наурызшешек түрлері.
4. Сирек кездесетін бағалы өсімдік.
Мазмұндама №3
Тақырыбы: «Қолғабыс тигіземіз»
Мақсаты: Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту.
Міндеттері: 1. Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Қолғабыс тигіземіз
Менің анамның аты - Ырсалды. Ол бұрын мәдениет үйінде жұмыс істеген. Қазір кішкентай бөпемен үйде отыр. Бөпемнің аты - Мақпал. Ол әлі бір жасқа да толған жоқ. Менің анам өте еңбек сүйгіш. Ол үйде де тыным таппайды. Кір жуады, сиыр сауады, тамақ пісіреді. Біз осындай жақсы анамызды мақтан тұтамыз. Айтқанын екі етпей орындаймыз. /51сөз/
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: Мәдениет үйінде, еңбек сүйгіш, тыным таппайды, айтқанын екі етпей орындаймыз.
Жоспары:
1. Менің анам.
2. Оның қызметі.
3. Анам өте еңбек сүйгіш.
4. Анамды мақтан тұтамыз.
Мазмұндама № 4
Тақырыбы: «Сақшы сауысқан»

1. Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу, ойлау қабілеттерін дамыту

Сақшы сауысқан
Ашық жерде бөдене балапандарын жайып жүр еді. Күн жылы. Шөп қалың. Бөденелер алаңсыз.
Қарағайдың бұтағында сауысқан отырған. Ол шықылықтай бастады. Бөдене жан-жағына қарады. Жер бауырлап түлкі келеді екен. Бөденелер ұшып, бұтақтың басына қонды. Түлкі сауысқанға ыза болды.
/38 сөз/
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: шықылықтай бастады, бауырлап, ыза болды.
Жоспары:
1. Бөдене балапандары.
2. Сақшы сауысқан.
3. Ыза болған түлкі.
Шығарма №1
Тақырыбы: «Төрт түлік малдар»
Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, қоршаған ортасына зерттеу жасайды, ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады.
Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау;
2.Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу.
Жоспар:
1. Төрт түлік ата.
2. Жыл мезгілдеріне байланысты малдың қонысы.
3. Төрт түлік малдың пайдасы.
4. Төрт түлік малды бағу-күту.
5. Төрт түлік мал туралы өлеңдер, тыйым сөздер .
Шығарма № 2
Тақырыбы: «Қыс қызықтары»

1. Қысқы табиғат
2. Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері (қар,мұз,боран,аяз,қырау)
3. Қыс жайында айтылған мақал-мәтелдерді,жазылған өлеңдерді,әндерді.
( «Қыс» Абай, «Шырша жыры», «Қылышын сүйретіп,қыс келді»мақал)
4. Қыста ойналатын ойындар.
Шығарма №3
Тақырыбы: «Менің отбасым»

2. Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу.
Жоспар:
1. Отбасы мүшелері.
2. Отбасы мүшелерінің міндеттері.
3. Сені отбасындағы сыйластық.
4. Отбасындағы ең қымбат адам.
Математика пәні бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
2-сынып оқушысының білуі тиіс:
- екі таңбалы сандардың және үштаңбалы сандардың ондық құрамын;
- қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін;
- қосуды азайтумен, ал азайтуды қосумен тексеруге болатыны;
- 20 көлеміндегі қосу кестесін;
- шамалардың және олардың өлшем бірліктерінің атауларын, өлшем бірліктердің ара қатынасын;
- жақшалы өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалуының реттік тәртібін;
- қарапайым теңдеулерді тура теңдіктердің қасиеттеріне және қосумен азайтудың кері амалдар болатынына сүйеніп шешу тәсілін;
- тік төртбұрыштың (шаршының) анықтамаларын және қасиеттерін;
- көпбұрыш түрлерінің (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш және т.б.) анықтамаларын;
- көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысының, оның периметрі екенін білуі тиіс;
Оқушының қолдана алуы:
- екі таңбалы және үш таңбалы сандарды санаудың ондық жүйесінде оқи, жаза және оларды салыстыра алуы;
- шамаларды салыстыра алуы;
- екі таңбалы және үш таңбалы разрядтық қосылғыштарға жіктей алуы;
- Шамалардың қандай да бір өлшем бірлігінен басқаларына көше алуы;
- 20 көлеміндегі қосу кестесін пайдаланып азайтуды орындай алуы;
- сандардың бірі бір таңбалы немесе толық ондықтар болғанда қосу мен азайтуды ауызша орындай алуы;
- қосудың дұрыстығын азайтумен, ал азайтудың дұрыстығын қосумен тексере алуы;
- бір және екі амалмен берілген есептерді шығара алуы;
-құрамында бір ғана әріп болатын жақшалы және жақшасыз әріпті өрнектерді (1-2 амалдан тұратын), санды теңдіктер мен теңсіздіктерді құра, оқи және жаза алуы;
- қарапайым теңдеулерді тура теңдіктердің қасиеттеріне және қосу мен азайтудың кері амалдар болатынына сүйеніп шеше алуы;
- тік төртбұрышты (шаршыны) сала алуы;
- тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін есептей алуы тиіс.
Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын
(бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері:
«5» – барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған;
«4»- егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе
3 өрескел емес қателер жіберілсе;
«3»- 5-ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;
«2»- 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе.
Бақылау жұмыстарының көлемі 2 сыныптың бірінші жартыжылдығында 20 минутке негізделген, 2 сыныптың екінші жартыжылдығында 30 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеру тиіс.
Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:
-
бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;
-
болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасамау;
-
тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;
-
оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.
Математикалық диктантты бағалау критерийлері:
(құрамында 8-10 есептер)
«5» – барлық тапсырмалар дұрыс орындалғанда;
«4»- тапсырмалардың 1/5 бөлігі орындалмаса;
«3»- тапсырмалардың ¼ бөлігі орындалмаса;
«2»- тапсырмалардың ½ бөлігі орындалмаса.
|
Тоқсан |
Бақылау жұмысы |
Өзіндік жұмысы |
|
1 |
4 |
2 |
|
2 |
3 |
2 |
|
3 |
2 |
3 |
|
4 |
2 |
3 |
|
Барлығы |
11 |
10 |
Бастапқы бақылау жұмысы № 1
Тақырыбы: 1-сыныпта өткенді қайталау.
Мақсаты: 1-сыныпта өтілген материалды меңгеру деңгейін тексеру
-
10 көлеміндегі кестелік қосу және азайту.
-
екі өрнекті салыстыра білу;
-
жай есептердің түрлерін шеше білу (артық, кем);
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Өрнектердің мәндерін тап:
3+4 5+2 10-2 7-4 10-3 10-5
7-5 8-4 10-6 3+6 6+4 9-0
7-3 9-1 7+3 8-7 9-8 4+4
2.Салыстыр:
3+4...2+5 8+2...10-3 9-3...2+4 5+2...10-4
9+1...6+3 5+3...9-1 8+1...3+7 6+4...8-2
3. Назым қағаздан 6 жалау, 3. Анар 7 гүл, ал Шынар оған
ал Асқар одан 2 жалау қарағанда 2 гүл кем суарды. Шынар
артық жасады. Асқар неше гүл суарды?
қағаздан қанша жалау жасады?
4. Теңдеуді шеш:
7+х=9 8-а=2 10-а=3 х+4=9
* 5. Әріпті өрнектердің мәндерін тап:
а-3 а=7, 8, 9,10 в+4 в = 5, 6, 4, 3
Бақылау жұмысы № 2.
Тақырыбы: ондықтан аттап ауызша қосу және азайту
Мақсаты: ондықтан аттап ауызша қосу және азайтуды меңгеру деңгейін анықтау;
- 0-ден 10-ға дейінгі сандарды, толық ондықтарды қосу, азайту.
- Сандар мен өрнектерді салыстыру;
- Бір амалмен берілген есептер шығару;
|
1-нұсқа 2-нұсқа 1. Есепте: 3+5 7-6 90-40 4+5 8-3 80-30 9-2 9-3 50+20 10-4 7-4 40+30 2+7 4+3 60-30 2+8 3+6 100-20 |
|
2. Салыстыр: 7*0 5+3*8 7*5 3+3*6 8*5 10-5*9-7 9*10 9-5*9-7 10-3*6 7+2*7-2 6-3*7 8+2*8-2 |
|
3. Есепті шығар: Ақеркеде 10 қарындаш бар, Айгүл 9 сурет салды, ал Нұрланда одан 2 қарындаш кем. Балнұр 3 сурет кем салды. Нұрланда неше қарындаш бар? Балнұр қанша сурет салды? |
|
4. Теңдеуді шеш: 7+х=9 8-а=2 10-а=3 х+4=9 |
|
5*. Ұзындығы 11 см және 1 дм Ұзындығы 1 дм және 15 см болатын кесінділер сыз. Екі болатын кесінділер сыз. кесіндінің ұзындығын салыстыр. Екі кесіндінің ұзындығын салыстыр. |
№ 3 Бақылау жұмысы
Тақырыбы: 20-ға дейінгі қосу және азайтудың кестелік жағдайлары.
Мақсаты: Қосу мен азайтудың сәйкес жағдайларын меңгеру деңгейлерін тексеру.
- 11-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу, азайту, салыстыру;
- бір амалмен берілген есептер шығару (артық);
- кесіндіні сыза білу (ұзын, қысқа);
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Есепте:
8+7 9+8 7+5 7+9
18-9 5+0 12-9 0+9
5+6 7+8 6+8 8+7
12-4 8+4 14-7 6+7
2. Есепті шығар:
Анамда 7 қалампыр, Дариғада 6 ашықхат, ал Айгүлде
одан 5-еуі артық одан 7-еуі артық ашықхат болды.
раушангүл бар. Айгүлде неше ашықхат бар?
Анамда неше
раушангүл бар?
3. Салыстыр:
7+2*3+9 18-9*16-7 8+3*4+8 16-8*13-7
7+0*7-0 16-8*14-7 9+0*9-0 17-9*13-6
19-10*5+4 16-16*16 16-10*5+1 14-14*0
4. Біріншісінің ұзындығы Біріншісінің ұзындығы
7 см, екіншісі одан 6 см, екіншісі одан
2 см ұзын кесінді сыз. 2 см қысқа кесінді сыз.
5*.Салыстыр: 5*. Салыстыр:
9 + 6 < …+ 6 7 + 4 > …+ 5 3 + 9 < …+ 9 7 + 5 > …+ 5
№ 4 I – тоқсан бойынша қорытынды бақылау жұмысы
Тақырыбы : 20 көлеміндегі кестелік қосу және азайту.
Мақсаты: 20 көлемінде есептей алу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау.
- жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі;
- жай есептер туралы түсінігі болу және оны шығару;
- қарапайым теңдеуді шешу.
- теңдік тура болатындай бос орындарды толтыру;
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Есепте:
18 - (5+2) (13 - 4) - 8 14 – (4 +5) (15 -8 ) - 5
11 – 8 + 9 16 – 8 -5 9 -5 + 8 11 – 8 -2
2.Салыстыр:
18-3...17-3 16+3... 19-5
14+4... 14+3 18-10... 1 +13
10-2... 19 -2 9+ 3 ... 12+7
3. Аялдамада 17 автомобиль Еркіннің 13 ойыншығы бар еді.
тұр еді. 6 автомобиль жүріп Оған тағы да 5 ойыншық сатып
кетті. Аяламада қанша әперді. Еркіннің ойыншығы
автомобиль қалды? қанша болды?
4. Теңдеуді шеш:
10 + х = 14 а – 12 = 7 х + 13 = 18 а – 10 =9
* 5. Екі кесінді сыз: * 5. Екі кесінді сыз:
Біріншісінің ұзындығы біріншісінің ұзындығы 4 см,
9 см, екіншісі одан 2 см екіншісі одан 3 см ұзын.
қысқа.
ІІ тоқсан
Бақылау жұмысы № 5.
Тақырыбы: 100 көлеміндегі сандар.
Мақсаты: оқушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтау.
- Ауызша қосу және азайту тәсілдері;
- Теңдік тура болатындай бос торкөздерді толтыр;
- Есептер шығару;
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Есепте :
4+7 90+(9-7) 6+5 80+(6-5)
16-4 36+(31-1) 47-2 43+(74-64)
70-30 70-(6+4) 53+30 60-(9+1)
2. Өрнектерді салыстыр:
60+30*72+8 80+10*74+6
45-3*50-9 28-5*30-4
3. Есепті шығар:
Бір үйректің 7 балапаны бар, Бір торда 5 тотықұс бар,
екіншісінің одан 5 балапаны екіншісінде одан 6-ауы артық.
артық. Екінші үйректің неше Екінші торда неше тотықұс
балапаны бар? балапаны бар?
4. Шаршы сыз:
Қабырғалары 2 см. Қабырғалары 4 см.
*5. Теңдік тура болатындай бос торкөздерді толтыр:
5+ □=12 16-□=9 9+□=11 17-□=9
□+8=14 □+5=13 □ +6=13 □ +4=12
Бақылау жұмысы № 6
Тақырыбы: Ондықтан аттау арқылы ауызша қосу және азайту .
Мақсаты: білім, білік, дағдыларын тексеру, пысықтау;
- Ауызша есептеулер орындау;
- Құрама есептер туралы түсінігі болу және оны шығару;
- Cандарды салыстыру.
1-нұсқа
-
Бір сөреде 30 кітап , ал екіншісінде одан 2 кітап артық болды. Екі сөреде барлығы неше кітап бар?
2.6+7 7+4 (7+3)+4
8+8 11-3 (14-4)-3
9+2 14-8 (9+1)+6
17-8 15-7 15-7+3
3.Салыстыр:
8м*7дм 1м*98см
25мм*4см 53мм*5см
4. Теңдеуді шеш: х+5=13
5*. Қабырғалары 4 см шаршы сыз. Шаршының периметрін тап.
2-нұсқа
-
Жөндеу жұмыстары үшін 45 ыдыс ақ сыр, ал одан 5-еуі кем жасыл сыр сатып алынды. Барлығы қанша ыдыс сыр сатып алынды?
-
7+8 8+4 (7+3)+3
9+9 11-8 (13-3)-3
8+3 16-9 13-6+5
15-8 13-6 (9+1)+5
3.Салыстыр:
9м*8дм 97см*1м
5см*34мм 6мм*62см
4. Теңдеуді шеш: 13 – х = 5
* 5. Қабырғалары 4 см және 3 см тіктөртбұрыш сыз. Тіктөртбұрыштың периметрін тап.
Бақылау жұмысы № 7
Тақырыбы: 100 көлеміндегі сандар. Ондықтан аттау арқылы ауызша қосу және азайту .

- Жақшалы , жақшасыз өрнектердің мәнін табу;

- Тіктөртбұрыштың периметрін таба білу.
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Есепте.
42+30 (75-5)+20 34+60 (56-6)+40
62+3 64-11-7 32+7 38-(11-3)
13-7 8+63-3 15-8 50+(64-60)
74+20 30+(25-20) 43+35 9+(97-7)
2. Есепті шығар.
Спортзалда 30 қыз бала Дүкенге 36 қызыл шар
және 36 ұл бала болды. және 40 көк шар әкелінді.
40 бала кетіп қалды. 50 шар сатылды. Неше
Спортзалда неше бала шар қалды?
қалды?
3. Қабырғасы 4 см және 5 см Қабырғасы 3 см және 6 см
болатын тіктөртбұрыш сыз. болатын тіктөртбұрыш сыз.
Периметрін тап. Периметрін тап.
4. Теңдеуді шеш.
а+ 20= 45 а+30=56
х-5=20 х-7=80
56-в=6 38-в=8
*5. Өрнекті жаз және оның мәнін тап.
50 санына 16 мен 6 сандарының 70 санына 23 пен 3 сан-
айырмасын қос. дарының айырмасын қос.
ІІІ тоқсан
Бақылау жұмысы № 8.
Тақырыбы: Ондықтан аттау арқылы ауызша қосу және азайту.
Мақсаты: есептеу дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру.
-
құрама есептер шығара білу;
-
өрнектерді салыстыру;
-
теңдеудің күрделірек түрін шешу .
1-нұсқа 2-нұсқа
-
Есепте:
67+7 70-60 (35+6)-41 48+7 90-60 (27+7)-34
22-3 87-14 84-(65-5) 36-7 76-12 73-(8+5)
45+13 40-2 75-(8+7) 36+12 50-4 63-(8+5)
48+12 60-8 86-(30+56) 54+16 90-4 59-(20+39)
2. Есепті шығар:
Аялдамада 27 әйел адам және Дүкенде 17 көк диван және
8 ер адам тұрды. 10 адам 9 жасыл диван болды. 6 диван
кетіп қалды. Аялдамада сатылып кетті. Дүкенде неше
неше адам қалды? диван қалды.
3. Салыстыр:
26+5*25+6 50+9*60-2 38+6*6+38 80+8*90-1
54+9*9+54 70-3*70-5 36+8*8*36 50-8*50-2
4. Теңдеуді шеш:
х+5=85-5 х+7=48-8
* 5. Амалдар таңбасын қой:
17…7=34 78...31 =47 28... 6=34 35...24=11
85...□=80 □…14=14 93...□=90 □...12=12
Бақылау жұмысы № 9.
Тақырыбы: 100 көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері.
Мақсаты: оқушылардың жүз көлемінде ауызша және жазбаша қосу деңгейін тексеру.
-
құрама есептер шығару;
-
күрделі теңдеулер шешу;
- тіктөртбұрыштың периметрін таба білу.
1-нұсқа 2-нұсқа
-
Есепте:
44-16 34+12 100-(70+4) 61-19 52+13 100-(80+2)
19+7 70-3 (50+8)+12 18+4 80-6 (70+2)+28
48-15 64-29 54-(12-6) 78-16 37+46 52+(14-6)
80-56 73+25 68-(29+29) 90-42 82-59 53-(18+35)
2. Есепті шығар:
Саябақта 96 ағаш бар.Оның Ықшамауданда 67 тұрғын үй бар.
38-і қарағаш, 33-і үйеңкі, Оның 24-і бес қабатты, 28-і алты
ал қалғандары – терек. қабатты, қалғандары – тоғыз
Саябақта неше терек бар? қабатты үйлер. Ықшамауданда
Неше тоғыз қабатты үй бар?
3. Баған түрінде орында және дұрыстығын тексер:
67+14 87-24 35+48 98-27
90-24 46+12 80-35 35+24
4. Теңдеуді шеш:
75 – х =18+12 67-х=38-18
а+25+15=80 43+17+а=90
*5. Қабырғаларының ұзындығы Қабырғаларының ұзындығы
2 және 4 см тіктөртбұрыш сыз. 3 және 7 см тіктөртбұрыш сыз.
Периметрін тап. Периметрін тап.
4 тоқсан
Бақылау жұмысы №10.
Тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру, 1000 көлемінде қосу және азайту.
Мақсаты: үш таңбалы сандармен есептеуді орындау дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау;
-
есептер шығару;
-
теңдеулер шешу;
-
тіктөртбұрыштың периметрін есептеу дағдыларын тексеру.
1-нұсқа 2-нұсқа
-
Есепте:
54+26 (52-4)+12 35+45 (63-8)+15
80-47 50-(42+8) 90-23 90-(56+4)
60-7 80-6
42-18 64-17
2. Есепті шығар:
Дүкенде 15 қара нан және Дүкенде 20 л сүт және 15 л
және 20 ақ нан болды. айран болды. Егер 7 л қалған
Егер 9 нан қалған болса, болса, неше литр сүт
нешеуі сатылды? тағамдары сатылды?
3. Өрнекті баған түрінде жазып, есепте:
649-205 460+88 560-206 47+888
700-546 1000-254 504-46 546+454
96+778 711+289 786+94 100-238
4. Теңдеуді шеш:
75 +х =150+20 30+х=510+20
у-8=64-50 у-9=76-60
* 5. Қабырғалары 7 және 3 см Қабырғалары 6 және 2 см
тіктөртбұрыш сыз және оның тіктөртбұрыш сыз және оның
периметрін тап. периметрін тап.
Бақылау жұмысы № 11.
Тақырыбы: 2- сыныпта өткенді пысықтау.
Мақсаты: 2 сыныпта өтілген материалдар бойынша оқушылардың білімінің, дағдыларының қалыптасу деңгейін бақылау.
- үш таңбалы сандармен есептеулер орындау;
- есептер шығару;
- тіктөртбұрыштың периметрін есептей алу.
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Есепті шығар:
Цирк кассасында үш күнде Дүкенде 390 велосипед болды.
480 билет сатылды. Бірінші Оның 140-ы – ерлердікі, 100-і-
күні 120 билет, екінші күні әйелдердікі, қалғаны – балалардікі.
140 билет сатылды. Үшінші Дүкенде неше балалар велосипеді
күні неше билет сатылды? болды?
2. Есепте.
428-239 123+254 821-793 321+564
1000-325 356+478 1000-547 786+127
897-156 238+762 987-253 458+542
570+30-20 620-(180+20) 280+20-40 790-(130+70)
3. Теңдеуді шеш:
800 –х =1000-600 900-х=600-200
а-200=450+50 х-300=160+40
4. Фигураны сыз және периметрін тап.
Қабырғалары 4 см және Қабырғалары 5 см және
8 см тіктөртбұрыш. 2 см тіктөртбұрыш.
* 5. Қосымша тапсырма.
Печенье қанша болса, Неше банан сатылса,
сонша вафли мен прәндік сонша алма мен алмұрт
дайындалды. Вафли 120 кг, сатылды. Алма 140 кг,
печенье 200 кг. Неше кг банан 180кг. Неше кг
прәндік дайындалды? алмұрт сатылды?
I - тоқсан
Өздік жұмыс № 1
Тақырыбы: Ондық құрам негізінде қосу және азайту.
Мақсаты: Ондық құрам негізінде қосу және азайту, қарапайым теңдеулер шығару, кері есептер шығару дағдыларын тексеру.
1 - нұсқа.
№1. Бір таңбалы сандарды бір қатарға, екі таңбалы сандарды екінші қатарға жаз:
5,14,19,33,6,1,44,3,67,25,4,83,9.
Бір таңбалы сандарды 5-ке арттыр және оның мәнін тап.
№ 2. Теңдеуді шеш:
2+х=8 40-х=10
9+х=10 х+20=80
№3. Есепті шығар:
А)Бір ағашта 8 торғай , ал екінші ағашта 2 торғай отыр. Екі ағашта барлығы неше торғай отыр?
Б) Кері есеп құрастыр және шығар.
2-нұсқа.

13,7,18,10,2,11,20,8,6,14,3,19,5.
Бір таңбалы сандарды 3-ке арттыр және оның мәнін тап.
№2. Теңдеуді шеш:
х+4=10 30+х=50
10-х=7 х-2=6
№3. Есепті шығар:
А) Бір гүл шоғында 5 қызғалдақ, ал екіншісінде 3 қызғалдақ гүлі бар.Екі гүл шоғында барлығы неше қызғалдақ гүлі бар?
Б) Кері есеп құрастыр және шығар.
Өздік жұмыс №2.
Тақырыбы: Ондықтан аттап қосу және азайтудың сәйкес жағдайлары.
Мақсаты: Ондық құрам негізінде оқу, жазу, салыстыру, есептер шығару дағдыларын тексеру.
1-нұсқа.
№1. Өсу ретімен жаз: 13,7,18,10,2,11,20,8,6,14.
№2.Теңдік тура болатындай бос орындарды толтыр:
1
3 = онд. бірл.
10 = онд. бірл.
1
1= онд. бірл. 15 = онд. бірл.
1
4 = онд. бірл. 20 = онд. бірл.
№3. Салыстыр:
17 *10 1дм8см * 20см
9 * 14 1дм4см * 12см
16 * 6 20 бірл. * 1онд.
№4. Есепті шығар:
Бірінші сөреде 9 кітап бар. Бұл екінші сөреге қарағанда 2 кітапқа кем. Екінші сөреде неше кітап бар?
2-нұсқа.
№1.Кему ретімен жаз: 14,6,19,4,9,7,10,2,5,17.
№2. Теңдік тура болатындай бос орындарды толтыр:
1
2 = онд. бірл. 9 = онд. бірл.
1
5= онд. бірл. 17 = онд. бірл.
1
6 = онд. бірл. 19 = онд. бірл.
№3. Салыстыр:
13*11 1дм9см * 20см
8 * 12 1дм5см * 15см
18 * 8 9бірл. * 1онд.
№4 Есепті шығар:
Альбомның бірінші бетінде 12 жапсырма бар. Бұл екінші бетке қарағанда 7 жапсырмаға артық. Альбомның екінші бетінде неше жапсырма бар?
2 тоқсан
Өздік жұмысы №3
Тақырыбы: 11-17 сандарының екі бір таңбалы сандарға жіктелуі және қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары.
Мақсаты: Ондық құрам негізінде қосу және азайту, өрнектерді салыстыру, қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыру және шығару.
1-нұсқа.
№1. Өрнектің мәнін тап:
6+6 9+2 11-7 16-8
8+3 9+6 18-9 13-7
№2. Салыстыр:
5кг+5кг * 11кг 30л * 40л-10л
13кг-6кг * 7кг 50л+20л * 100л-20л
9кг+4кг * 7кг+6кг 20л+10л * 70л-40л
№3. Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр және шығар:
Қ
айшы – 50 теңге ?
қымбат
Қылқалам – 15 теңге
2-нұсқа.
№1. Өрнектің мәнін тап :
9+3 8+4 11-5 14-6
12-7 14-9 7+7 9+7
№2. Салыстыр:
3кг+3кг * 7кг 40л * 60л-20л
15кг-7кг * 8кг 30л+30л * 100л-30л
6кг+4кг * 5кг+5кг 10л+10л * 70л-50л

-бөшкеде – 5л ? артық
2-бөшкеде – 10л
Өздік жұмыс №4.
Тақырыбы: Ондықтан аттап қосу және азайту.
Мақсаты: Екі таңбалы сандарды оқи, жаза, салыстыра білу; тіктөртбұрыш пен шаршының периметрін табу; есептер шығару.
1-нұсқа
№1. Сандарды ата және жаз:
7 онд. 1 бірл;
2 онд. 9 бірл;
5 онд. 4 бірл;
№2. Өрнек құр және оның мәнін тап:
А) 10 және 50 санының қосындысына 7-ні қос;
Б) 80-ге 16 мен 8 –дің айырмасын қос;
В) 55 пен 5 санының айырмасынан 20-ны азайт;
№3. Ұзындығы 9 см, ені 5 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін тап.
№4. Есепті шығар: Бірінші бөшкеге 30 л , ал екінші бөшкеге одан 10 л артық су құйды. Екі бөшкеге неше л су құйылды?
2-нұсқа
№1. Сандарды ата және жаз:
1 онд. 4 бірл;
5 онд. 2 бірл;
8 онд. 1 бірл.
№2. Өрнек құр және оның мәнін тап:
А) 10 және 30 санының қосындысына 5-ті қос;
Б) 60-қа 14 пен 7-нің айырмасын қос;
В) 33 пен 3-тің айырмасынан 20-ны азайт;
№3. Ұзындығы 4 см шаршының периметрін тап.
№4. Есепті шығар: Бірінші бақшада 20 түп құлпынай, ал екіншісінде одан 10 түп кем құлпынай бар. Екі бақшада неше түп құлпынай бар?
3 тоқсан
Өздік жұмыс № 5.
Тақырыбы: 21-ден 100-ге дейінгі сандардың нумерациясы.
Мақсаты: жақшалы өрнектерді оқу және жазу, тиімді тәсілмен есептеу, теңдеу шешу, жай есептерді шығара білу: айырманы (қалдықты) .
1-нұсқа
№1. Өрнекті оқы және оның мәнін тап:
12-(9+1) (80-30)+6
(4+9)-10 94-(70+20)
№2. Тиімді тәсілмен есепте:
15+20+5+10 2+24+8+6
40+3+30+7 17+22+3+8
№3. Теңдеуді шеш:
6+х=15 16-у=5
№4. Есепті шығар: Анасы барлығы 45 самса пісірді. Оның 23-і орамжапырақ қосылған самса, ал қалғаны алма қосылған самса. Неше алма қосылған самса пісірді?
2-нұсқа
№1. Өрнекті оқы және оның мәнін тап:
7+(11-5) (75-5)+8
60+(9-5) 90-(10+40)
№2. Тиімді тәсілмен есепте:
3+33+7 7+5+3+5
15+1+2 3+80+7+10
№3. Теңдеуді шеш:
7+х=12 17-а=8
№4. Есепті шығар: Бауыржанның 34 кітабы бар, ол бірнеше кітабын досына сыйлады. Өзінде 22 кітап қалды. Бауыржан неше кітабын досына сыйлады?
Өздік жұмыс № 6.
Тақырыбы: Өткен материалды пысықтау. 100 көлеміндегі сандар.
Мақсаты: Білімдерін жүйелеу және пысықтау, 100 көлемінде ауызша қосу және азайту, тиімді тәсілмен есептеу, теңдеуді шешу.
-
1 - нұсқа
1. Есепте:
40+27 50+31
20+19 30+62
60+25 65+35
55-33 66-44
80-8 22-11
2. Тиімді тәсілмен есепте:
100-(25+35)
96-(50+16)
8+43+12+17
3. Есепті шығар:
Консруктор жинағында 100 бөлшек бар. Кеменің үлгісін құрастыру үшін 26 көк, 44 қызыл бөлшек пайдаланылды. Конструктор жинағында неше бөлшек қалды?
4. Теңдеуді шеш:
с+38=62
60-х=24
2- нұсқа
1. Есепте:
41+19 96-24
73+27 70-6
57+6 40+28
77-44 34+26
33-22 43+17
2. Тиімді тәсілмен есепте:
(63+17)-17
(63+17)-53
16+32+14+8
3. Есепті шығар:
Конструктор жинағында 36 көк, 54 қызыл бөлшек бар. Ұшақтың үлгісін құрастыру үшін 50 бөлшек пайдаланылды. Конструктор жинағында неше бөлшек қалды?
4. Теңдеуді шеш:
60+х=96 с-42=47
Өздік жұмысы № 7.

Мақсаты: Білімдерін жүйелеу және пысықтау, 100 көлемінде ауызша қосу және азайту, өрнектерді салыстыру.
|
1-нұсқа 2-нұсқа 1. Мысалдарды шығар: 12-7 23+5 70-32 11-5 90-23 34+3 6+8 35+40 43-8 7+9 28+60 69-2 16-9 68-6 76+8 17-8 49-7 57+6 2. Есепті шығар: Табында 30 сиыр, одан 7-еуі Әлімде ертегілер жазылған 50 кем бұзау бағылады. Табында таспа, одан 6-ауы кем өлеңдер барлығы неше сиыр мен бұзау жазылған таспа бар. Әлімде бағылады. барлығы неше таспа бар? 3. Өрнектерді салыстыр: 60+30*72+8 80+10*74+6 45-3*50-9 28-5*30-4 4. Теңдік тура болатындай бос орындарды толтыр: 38=□онд. □бірл. 54=□онд. □бірл. □=6 онд. 7 бірл. □=8 онд. 2 бірл. 50=□онд. □бірл. 30=□онд. □бірл. 3=□онд. □бірл. 8=□онд. □бірл. |
4 тоқсан
Өздік жұмыс № 8
Тақырыбы: Өтілген материалды пысықтау. Қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері.
Мақсаты: Ондықтан аттау арқылы жазбаша қосу және азайту тәсілдерін пысықтау, тиімді тәсілмен есептеу, шаршының периметрін табу, шамаларды бір өлшем бірліктері түрімен
2-ші түріне өрнектей білу.
|
1 - нұсқа |
56+28 64+17 45+38 69+18 80-34 90-72 2. Тиімді тәсілмен есепте: (51+29)-30 (67+7)27 43+9+11+7+30 3.Қабырғалары 4 см шаршы сыз. Шаршының периметрін тап. 4.Салыстыр: 1сағ30мин*130мин 1сағ20мин*80мин 4дм8см*50см |
|
2 -нұсқа |
24+57 68+18 38+59 47+38 70-34 90-57
2. Тиімді тәсілмен есепте: (43+37)-50 (86+8)26 52+6+14+10+8 3. Қабырғалары 3 см шаршы сыз. Шаршының периметрін тап. 4.Салыстыр: 1сағ3мин*63мин 1сағ50мин*150мин 68см*6дм8см |
Өздік жұмыс № 9
Тақырыбы: Ұзындық өлшем бірліктері – км, мм.
Мақсаты: Өтілген материалды пысықтау, кесіндіні мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшеуге үйрету, шамаларды салыстыру.
|
1 -нұсқа |
|
1. Мысалдарды шығар және тексер: 250+500 280-90 60+80 640-200 980-50 830+70 260+80 900-70 2.Салыстыр: 5дм7см*50см 10дм*1м 1м*80см 68см*6дм9см 18кг+60кг*90кг-20кг 86кг-6кг*80кг 3.Кесінді сыз. Бірі 6 см 5 мм, ал екіншісі одан 3 см ұзын. |
|
2 -нұсқа |
|
1. Мысалдарды шығар және тексер: 487-70 840-800 609+60 70+60 39+900 620-400 807-800 840-30 2.Салыстыр: 9дм7см*1м 3дм4см*40см 5м*50см 43см*4дм3см 42кг-19кг*24кг-19кг 94кг-90кг*4кг 3.Кесінді сыз. Бірі 4 см 5 мм, ал екіншісі одан 7 мм артық. |
Өздік жұмыс № 10.
Тақырыбы: Өтілген материалды пысықтау.Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту тәсілдерін қайталау.
Мақсаты: Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайтуға дағдыландыру, тіктөртбұрыш сызу,периметрін таба білу; жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі.
|
1 -нұсқа |
|
1. Баған түрінде шығар және дұрыстығын тексер: 36+24 87-34 72+28 90-53 45+37 70-48 2.Қабырғасы 8 см және 2 см болатын тіктөртбұрыш сыз. Периметрін тап. 3.Тиісті амалдарды қой: «+», «-» (380…120)…160=100 (380…120)…160=660 |
|
2 -нұсқа |
|
1. Баған түрінде шығар және дұрыстығын тексер: 51+28 69-25 48+57 80-42 64+36 60-27 2. Қабырғасы 6 см және 3 см болатын тіктөртбұрыш сыз. Периметрін тап. 3. Тиісті амалдарды қой: «+», «-» (380…120)…160=420 (380…120)…160=340 |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
2 сынып Бақылау жұмыстары

шағым қалдыра аласыз