Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы
"Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Билал Назым атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Ибрагимова Гульвира Гайратовна

2 сынып
«Қызықты жаратылыстану»
Авторлық бағдарлама
Алматы 2025 жыл
ӘОЖ
379
КБЖ 74.262.27
Ж 19

– Алматы: «Білім әлемі» редакциясы, 2025. – 56 б.
Пікір берушілер:
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.
Карсыбаева Раиса Канабековна
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының кандитаты
Текесбаева Анар
ISBN 978 - 601 - 341 - 501 - 14
Ұсынылып отырған оқулық қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл оқытушыға қойылатын талап та жаңашыл болатыны сөзсіз. Оқытушы алдындағы басты міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
© Ибрагимова Гульвира Гайратовна
© ИП «Білім әлемі»
Түсінік хат
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай – ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар және оқуға деген ынтасы зор екені белгілі, сол себепті де ол оқытудың бастауыш сатысында шығармашылыққа, таным мен белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекетшілдігі қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің бірі болып келеді.
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдануды дұрыс жоспарлау оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Дүниетану пәнін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастырады. Оқушыларды тақырыптарды зерттеуге, ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасауға үйретеді. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Дүниетану ғылымы білім беру төменгі сынып жасындағы оқушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.
Зерттеуге қызығушылықты тудырудың маңызды алғышарты ретінде іс-әрекеттің кең әлеуметтік түрткілерін тәрбиелеу, оның мағынасын ұғыну, өз іс-әрекеті үшін зерттеп отырған үрдістерінің маңыздылығын түсіну болады. Осыған орай Аристотельдің мынандай сөзі бар: «Таң қалу арқылы адамдар философияға жақындай бастайды, олар алдындағы қиын мәселені шеше келе одан ары жолдың жалғасында одан да қиын мәселелердегі қиындықтарды түсінеді», яғни қызығушылық зерттеу әрекетінің қозғаушы күші. Қазіргі жас жектіншектердің негізгі міндеті – білім алу, ғылымды игеру. Білім-ғылымсыз ешбір қоғам алға баспайды, ешбір мемелекет күшеймейді.
Зерттеуші-білім алушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім болып келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалылығымен жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қараумен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыру мен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде қабылдамай, өз зерттеуі арқылы алады.
Бағдарламаның мақсаты:
-
Оқушыларға айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.
-
Оқушыларға қоршаған ортаның бір–бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру
-
Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.
-
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу, қосымша пәндерді оқып- үйренуге негізгі біліктіліктермен қаруландыру.
-
Оқушыны өз пікірі бар, құзыретті тұлға ретінде бағыттап тәрбиелеу.
-
Оқушыға сенімділік білдіру, пәнге деген қызығуларын арттыру, жеке шығармашылық деңгейін көтеру.
Міндеттері:
-
Оқушыларға қоршаған әлем туралы, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру;
-
Пән бойынша оқушының ғылыми-зерттеуге дағдыландыру;
-
Оқушылар зерттеуге қатысу барысында сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, сұрақтарға жауап беру үшін зерттеулер жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру;
-
Оқушылар ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға, бақылауға және ойлауға дағдыландыру.
Кәсіпке бағдарлау:
Мотивация, мәселені қою, жобаның тақырыбын таңдау, мақсатын анықтау, міндеттерін айқындау. Мәселені анықтайды. Болжам жасайды.Мақсатты нақтылайды. Оқушыны ынталандыру. Мақсат қоюға, міндеттерін анықтауға көмектеседі. Ақпаратты жинау және талдау жолын анықтау. Қорытынды нәтижені ұсыну жолдарын таңдау (есеп беру түрі).
Ақпаратты талдайды, тұжырымдайды. Нәтижені сұрыптап жазады, жобаны қорғауға және презентация жасауға материалдарды дайындайды.
-
Бала есінің, баланың дүние туралы ойын толықтырылатын, оны кейбір қарапайым түсініктерді түсінуіне дайындайтын (уақыт, белгі, белгілік жүйелер) жаңа мазмұнмен байытылуы.
-
Іс жүзінде балада жыл бойында алған белгілер туралы,белгілер жүйесі туралы ақпаратын бекіту және кеңейту.
-
Кейбір нақты тарихи дәйектер арқылы балада адамның жинаған тәжірибесіне қызығушылық тудыру. Балаланың өз тәжірибесін басшылыққа ала отырып, оларда берік қызығушылық қалыптастыру.
-
Үйренуге деген ниет, уақытты түсіне білуге және оны айыра білуді қалыптастыру.
-
Жинақталған және алынған ақпаратты логикалық операциялар арқылы жүйелендіру (талдау, салыстыру, жалпылау, жіктеу).
-
Әрі қарай ақпарат жинақтауға ұмтылу (жеке дәйектер, ақпараттар) және қайтадан жаңа жиналған ақпаратты реттеуге дайын болу, көлемді блоктарға жүйелендіру (үй және жабайы жануарлар, үй және дала өсімдіктері).
-
Балада әлемге деген қамқорлық пен тудырушылық қатынасты қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, өзін – өзі тану, жаратылыстану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, математика.
Курсты ұйымдастыру формасы: Іздену, есептеу, пікір алмасу, топпен жұмыс, танымжорық, зерттеу жұмысы әдістерін пайдалану.
Кәсіпке бағдарлау: Мұғалім, зерттеуші, суретші, спортшы, геолог, құрылысшы, дәрігер, ақпараттанушы
Курстың уақыты: 36 сағат, аптасына 1 сағат
Курсты ұйымдастыру формасы: тәжірибе, практикалық жұмыс
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар қоршаған әлем туралы, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімдерін қалыптастырады;
-
Пән бойынша оқушылар ғылыми-зерттеуге дағдыланады;
-
Оқушылар зерттеуге қатысу барысында сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, сұрақтарға жауап беру үшін зерттеулер жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастырады;
-
Оқушылар ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға, бақылауға және ойлауға дағдыланады.
Оқу курсының аяқталу формасы:
-Жоба тақырыбы мен мақсатты айқындау;
-Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау;
-Ғалымдардан, ғылыми жобалармен айналысатын адамдардан ақыл-кеңес іс сұрау;
-Интернетке жүгіну;
-Байқа, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу;
-Тәжірибе жүргізу. Оны жүйелі түрде талдау;
-Тәжірибенің нәтижесін шығару;
-Қорытынды жасау;
-Презентация жасау;
-Жұмысты қорғауға дайындалу.
Нормативті бөлім
Күнтізбелік тақырыптық жоспар аптасына-1 сағаттан 36 сағат
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
|
1 |
Жалпы экология ғылымы туралы түсінік |
1 |
|
2 |
Біздің ортақ үйіміз – Жер планетасы |
1 |
|
3 |
Бізді қоршаған табиғи орта өсімдіктермен жануарлардың маңызы. Қорғаушаралары. |
1 |
|
4 |
Жердің ішкі құрлысы. |
1 |
|
5 |
Жердің сыртқы құрылысы |
1 |
|
6 |
Атмосфераны қорғау. |
1 |
|
7 |
Атмосфераның құрамы, қажеттілігі, тазалығы. |
1 |
|
8 |
Гидросфера. |
1 |
|
9 |
Судың адам өмірі үшін маңызы. |
1 |
|
10 |
Биосфера. |
1 |
|
11 |
Өсімдік- жер шарының өкпесі. |
1 |
|
12 |
Бөлме гүлдеріне күтім жасау. |
1 |
|
13 |
Дәрілікөсімдіктері |
1 |
|
14 |
Адам мен табиғат арасындағы байланыс. Табиғат кешендері. |
1 |
|
15 |
Топырақ және оны қорғау |
1 |
|
16 |
Табиғаттағы бөгде заттар, олардың зияны. |
1 |
|
17 |
Табиғаттағытепе-теңдік. |
1 |
|
18 |
Жәндіктердің рөлі, оларға қамқорлық. |
1 |
|
19 |
Өндірістік ауылшаруашылық қалдықтар. |
1 |
|
20 |
Қоқыс заттардың түрлері мен зияны. |
1 |
|
21 |
Табиғаттағы күштер |
1 |
|
22 |
Жыл маусымдары, табиғаттағы маусымдықөзгерістер. |
1 |
|
23 |
Табиғатта демалудың адам үшін пайдасы |
1 |
|
24 |
Жайық өзенің экологиялық жағдайы |
1 |
|
25 |
Табиғат байлықтары |
1 |
|
26 |
Табиғатты тиімді пайдалану |
1 |
|
27 |
Тест жұмысы |
1 |
|
28 |
Саябаққа серуен |
1 |
|
29 |
Табиғат және ақындар |
1 |
|
30 |
«Мен және табиғат» шығарма |
1 |
|
31 |
Экологиялық орталыққа бару |
1 |
|
32-33 |
Табиғат жайында мақал-мәтел жарысы |
2 |
|
34 |
«Алтын қақпа» ашық сабақ |
1 |
|
35-36 |
Қорытынды |
2 |
-
Сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жалпы экология ғылымы туралы түсінік |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Экология ғылымының қалыптасуының 3 кезеңін түсіндіру, табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру; Оқушылардың танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға, оны сақтап, көркейту үшін үлес қосуға тәрбиелеу. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Психологиялық ахуал.
Күн
жарығын алақанға саламын, |
Зейіндерін сабаққа аударады, жауап береді.
|
Мадақтау, толықтыру |
Оқулық, видео, слайдтар |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жоспары 4 Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары
Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар ментұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан— қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал"Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.
Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника жәнезоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты. Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің(б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген. Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады. Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады. Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің(1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті шведғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731—1802 жж.) "Табиғат ордасы" және т.б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744—1829 жж.) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды. Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин(1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты. Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті. XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті. Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов(1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды. К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды. Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың,құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардыңтіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды. Топырақтану ғылымының негізін салғанВ.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады. Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді. Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады. XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді. Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді. Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану жәнеқоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.
Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда. Қазіргі жалпы экология ғылымының зерттеу бағыттары, негізінен, биоэкологияның іргелі заңдылықтарына сүйенеді. 1. Биоэкология ғылымы тірі организмдердің жекеленген ірі жүйелік топтары — микроорганизмдерді, саңырауқұлақтардыңөсімдіктерді және жануарларды зерттеуге басты назар аударады. 2. Биоэкология жеке табиғи белдемдер экожүйелеріндегі организмдер мен орта жағдайларының өзара байланыстарын зерттеуге байланысты арктика және тундра экологиясы, орман экологиясы, дала экологиясы, шөл экологиясы, тay экологиясы және т.б. да көптеген салаларға бөлінеді. 3. "Адам және табиғат" жүйесі бойынша табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты экологиялық зерттеулер көптеген бағыттар мен салаларға бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы және т.б. Қорыта айтқанда, казіргі экология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен тығыз байланысқан кешенді ғылым. Сонымен бірге қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі ғалымдары экологиялық зерттеулерге ерекше мән береді. |
Жауап береді
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, |
Оқулық |
|
|
Аяқталуы |
Қорытындылау: Сонымен,балалар,сабағымызды қорытындылай келгенде, бүгінгі таңда 1. Қандай мәселе маңызды, өзекті болып отыр? 2. Табиғатқа жақын болу керек дегенді қалай түсінесіздер? 3. Аясы кең, мағынасы терең аялы да саялы табиғатымызды қалай қорғап, аялап жүрміз?
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
-
сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Біздің ортақ үйіміз – Жер планетасы |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалыс ы туралы оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету. |

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату. Жер – Ана мен өз анаң егіз екен, Мейірімдері мейлінше теңіз екен! Анам туды – Жер – Ана жетілдірді , Осыны өзім өмірде негіз етем!-деп бүгінгі жаңа сабғымызды белгілі ақынымыз Ә.Тәжібаев ағамыздың жыр жолдарымен бастайық.
|
Зейіндерін сабаққа аударады, жауап береді. |
Мадақтау, толықтыру |
Оқулық, видео, слайдтар |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4, 1 с.
Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4, 5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5, 975•1021 т, орташа тығыздығы 5, 517 г/см ³, көлемі 1, 083 млрд. км ³, ауданы 510, 2 млн. км ³, сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4, 5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ - тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ - тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидты пішінге келген. Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4, 5 — 5 млрд. жыл бұрын газды - шаңды тұманнан пайда болған. Ғаламшарға энергия ағысы бір қалыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. Тапсырма:

Қорытындылау
Кері байланыс.
|
Жауап береді
|
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
|
|||||
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Бізді қоршаған табиғи орта Өсімдіктер мен жануарлардың маңызы. Қорғаушаралары. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Жаңа сабақты меңгерту, дұрыс мазмұнын білу. Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу. |

Табиғат әсемдіктің төркінісің Ән саламын бір сенің көркің үшін. Жан-жануар табынып бір өзіңе Сенен алып тұрғандай бар тынысын, -

Адамзат баласы, табиғат-ана, сусыз өмір сұ\үре алмайтыны анық. Толқынменбірге құстарымыз тербеледі, қазымыз қаңқылдайды, аққуымыз көл бетінде сыланады. Мұқағали ағамыздың «Аққулар ұйықтағанда» өлеңінен кішкене шумағын оқып берейін. Аққулар... Аққу мойын сүмбе қанат, Алаңсыз тарануда күнге қарап, Айдынның еркелері білмей тұрмын, Етермін, тағдырымды кімге аманат?! Жаны сүлу ақ еркем ары сұлу! Жасыл желегіміз, жәндігімізбен бірге көл, теңіз, мұхитымызды қалай жырлаған. Қарап отырсақ, табиғатымызды аялап, қастерлеп, сол табиғаттың тілін білу бәріміздің парызымыз!
Табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек? Толық қорғай аламыз ба? Я болмаса оған әсер етуші күштердің ықпалын азайтамыз ба? О замандардың өзінде алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар аншылықпен айналысып, жануарлардың талай түрін жойып жіберді. Мамонттардың жойылуының басты себебі осы адамдардың іс-әрекетінен. Бірақ ол адамдар табиғатқа зиян алып келетіндігін, жануарлардың жойылып кететіндігін ойлаған да жоқ. Осындай ой әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан сияқты. Адамзат неше мыңдаған жылдардан бері бір-біріне соғыс өртін жариялап, қоршаған ортаның ластануына, жануарлар мен өсімдік жамылғысының азаюына және адамдардың өліміне әсер етуде.
Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосуда. Осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.
Ұлттық тұрғыда қорғау дегеніміз – сол елдің заңдарына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Халықаралық тұрғыдан қорғауға алынған объектілер – барлық елдерге тән. Мысалға Дунай өзені 9 мемлекетті кесіп өтеді, Балтық пен Каспий теңіздерінің жағалауы бірнеше мемлекетке тиесілі. Бұндай объектілер Халықаралық келісімшарттар (Конвенция және т.б.) арқылы қорғалады. Атмостфера да ғаламшарымызға ортақ объект. Оены қорғау барлық мемлекеттердің және адамдардың ортақ міндеті. Халықаралық бірлестіктің негізгі жұмыстарының бірі – озон қабатын қорғау. Үлкен жетістіктеріміздің бірі – ядролық қару-жарақты сынауға тыйым салынды. Жалпы адамзат жыл өткен сайын атмосфераны қорғауға көп көңіл бөлуде. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Алдағы күндері дәстүрлі пайдаланып жүрген отын түрлерінің орнына экологиялық таза сарқылмайтын отын – сутегін пайдаланатын боламыз. Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек. Жылу электр станцияларындағы, зауыттағы және фабрикадағы түтін шығатын мұржаларға арнайы сүзгі қондырғылар орнатсақ, күл-қоқыстарды өңдейтін зауыттар салып, ормен өрттерін болдырмайтын болсақ – қышқыл жаңбырлардан құтылуға әбден болар еді.
Адам өзен суларын, ауаны әр түрлі қоспалардан сақтаудың көптеген жолдарын ойлап тапты. Солардың бірі – тірі организмдерді пайдалану. Лас суларды ағызатын арнайы арықтарда микроорганизмді өсіруге болады. Микроорганизмдер судың құрамындағы көптеген зиянды заттарды тұтып қалады, оларды ерімейтін минералдарға айналдырады. Өсімдіктерді және жануарларды қорғау және тиімді пайладану керек. Әсіресе олардың өніп-өсетін аудандарын қорғау мақсатында қорықтар, Ұлтттық парктер, қорықшалар санын молайту. Сонымен бірге табиғаттың ерекше объектілері де мемлекеттік қорғауға алынған. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану адамзаттың болашағы. Табиғатты қорғау заңдары Дүние жүзінің барлық елдерінде бар. Бірақ табиғатта мемлекеттік шекара жоқ, сондықтан да Дүниежүзінің экологиялық заңға барлық елдер бірауыздан бағынады. Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы. Дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді. Олардың арасында мықты саяси партиялар да бар (мысалға Германияға) және кішігірім тышқандар мен тарақандарды қорғау, секвойя ормандарын қорғау, құрбақа мен көлбақаны қорғау сияқты әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдар бар. |

Қорытынды. 1. Табиғатты қорғау дегеніміз не? 2. Табиғатты қорғау не үшін қажет? 3. Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде? Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
-
сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жердің ішкі құрылысы. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға Жердің құрылысы туралы түсінік беру, дүниетанымдық көзқарасын дамыту, ойлау қабілетін дамыту, мәтінмен, кестелер мен сызбалармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. |

Үй тапсырмасынан оқушылардың түсінігін тексеру. 1.Ерте кезеңдерде жердің пішіні туралы қандай көзқараста болды? 2.Географиялық карта дегеніміз не? 3.Географиялық картаның маңызы неде? 4.Глобус дегеніміз не? 5.Неліктен глобусты Жердің дәл үлгісі дейді? Ой қозғау әрі сергіту сәті Білу "Кім? Не? Қашан? Қайда?" Зымыран сұрақтар. 1.Жаратылыстанушы ғалымдардан кімдерді білеміз? 2.Галактика дегеніміз не? (жеке жұлдыздардың тобы) 3.Күн мен жердің орташа арақашықтығы қанша. (150 млн шақырым) 4.Орбита дегеніміз не? (күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы) 5.Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді? (9) 6.Экватор деген не? Экватор сызығы Жерді қандай жарты шарларға бөліп жатыр. 7.Жердің ішкі құрылымында қандай қабықтар бар? (ядро,мантия,жер қыртысы) 8.Қазақстан қай материкте орналасқан. (Еуразия) 9.Дүниежүзінде барлығы қанша материк бар? (6) 10.Ең үлкен аралдарға қандай аралдар жатады? (Греландия,Мадагаскар т.б.) 11.Тау жыныстары нешеге бөлінеді? (магмалық,шөгінді,метаморфты) 12. Гумус дегеніміз. (қарашірік) 13.Топырақтану ғылымының негізін салушы. (В.Докучаев) 14.Қатты жыныстардың үстінде 2,5 см қалыңдықтағы топырақтың түзілуі үшін кететін уақыт. (1200 жыл) 15. ..1 литр теңіз суының құрамында қанша грамм тұз болады. (35 грамм) 16. Емдік сулардың шығып жатқан жерін не дейді. (арасан) 17.Гидросфере деген не? (жердің су қабығы) 18. Галактика дегеніміз не? (жеке жұлдыздардың тобы) 19.Жердің экваторлық радиусы?(6378км) 20. Жердің полярлық радиусы?(6357км)
Біздің ғаламшарымыз ортасындағы ядросынан бастап атмосфераның жоғарғы бөлігіне дейін бірнеше қабаттардан тұрады (атлас 1-бет) Литосфераның жоғарғы қабаты (жер құртысы) жер бетіндегі барлық сулар-гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын қосып-бұл аралықтарды географиялық қабық деп атаймыз.
Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғат кешендері-материктер мен мұхиттар қалыптасты. Дүние жүзінде алты материк немесе алты құрлық бар. Еуразия, Африка, солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Ал, мұхиттардың саны төртеу. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит. Жердің даму тарихында материктер мен мұхиттардың саны мен пішіні бірнеше рет өзгерген. Жалғыз қалған Пангея деген құрлықтан және Панталасса деген мұхиттан тұрған уақытта болған. Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген екі материкке ажыраған. Олардың арасында Тетис теңізі (мұхиты) пайда болған. Кейіннен ірі материктердің одан әрі бөлінуінен Атлант, Үнді, және Солтүстік мұзды мұхит пайда болды. Ал Тынық мұхит ежелгі Панталассаның қалдығы. Қазіргі таңда материктер біртіндеп Тынық мұхитқа қарай жылжуда.
Ғарышқа қарағанда
Жердің ішкі құрылымын зерттегеннен гөрі ғаламшарды, олардың
серіктерін зерттеу адамзат үшін оңай болып көрінген. Жерді зерттеу
мақсатында бұрғылау жұмыстары 15 шакырым терендікке дейін барған.
Ал жердің осіне дейін 6000 шақырым. Жердің
ішк Жер қыртысы, мантия, ядро. Осы қабаттардың арасында ең жұқасы жердің үстінгі қабығы -жер қыртысы. Ол арқылы өзендер ағып, ормандар өсіп, таулар көтеріліп, елді мекендер салынуда. Осы жерімізден пайдалы қазбалар −тас көмір, мұнай, бағалы тастар да осы қабаттан қазып алынады. Олай болса жер қыртысы адамдардың, өсімдіктердің, жануарлардың ортақ уйі. Жер қыртысының қалыңдығы біркелкі емес. Таулы аудандарда олардың қалындығы 80 шақырымға жетсе, мұхит табанының астында 6-8 шақырымға жетеді. Жер қыртысы құрамы жағынанда біркелкі емес.
Жоғарғы қабаты шөгінді жыныстардан құралған ( саз, құм, әктастар). Оның астында гранитті қабат орналасқан ( мұхит астында гранитті қабат жоқ). Мұхиттың ең астында базальт қабаты кездеседі. Жердің келесі қабаты - мантия ( латын тілінен аударғанда «жамылғы» деген мағнаны білдіреді). Шамамен 2900 шақырым тереңдікке дейін барады. Мантия жартылай балқыған және иілмелі күйде болады. Температура ядроға қарай көтеріліп қысым артады. Үшінші қабатымыз - жердің кіндігі ядро. Ядро сыртқы және ішкі деп екіге бөлінеді. Сыртқы ядро – қоймалжың сұйық күйде болса, ішкі ядро – қатты болып келеді. Ондағы температура 3000°С–қа дейін жетеді. Жер өзінің құрылымына қарай тастардан емес, металдардан (темір, никель, кремний, алюминий, магний, кальций және т.б.) металдардан құралған.
Жер қабығының құрылымын, ондағы болып жатқан жер сілкіністерін анықтауға мүмкіншілік туған. Дүние жүзінде көптеген аймақтарында және Қазақстанның оңтүстік шығысы мен шығыс аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады. Соңғы кездері дүние жүзінің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жер сілкінісінің алдын алу , болжау жұмыстары жүргізіліп, болжам карталары жасалуда.
Су астындағы жер сілкінісінің нәтижесінде өте биік толқындар – цунами пайда болады. Цунами мұхиттардың үстінгі қабатында пайда болып, жойқын күшпен жағалауға қарай қозғалады. Толқындардың биіктігі 20-30 м-ге дейін жетіп, елді мекендерге, ауыл шаруашылық және адамдарға үлкен зиян келтіреді. Қолдану Жаттығу бойынша жұмыс
Сөйлемдерді толықтыр: а) Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары……………тереңдікке дейін барды. ә) Жердің осіне дейін………..шақырым. б) Мұхит астында………………………….қабаты кездеспейді. в) Мантия шамамен…………….шақырым тереңдікке дейін барады. г) Мантия жартылай…………………..және…………………күйде болады. ғ) Ядро……………….және……….. деп екіге бөлінеді. д) Сыртқы ядро-………….. күйінде болса,ішкі ядро-……………..болып келеді. е) Қазақстанның……………………………мен……………..аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады.
Анализ, синтез Салыстыру, айырмашылығын табу. Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау. Оқулық мәтінін және жер қыртысының құрылысының суретін пайдалана отырып,сызбаны толтыр: Жер қыртысының қалыңдықтары
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, сын тұрғысынан ойлай отырып шешімін табады "Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?" |

Қорытындылау: Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары. 1.Жердің географиялық қабығы дегеніміз не? 2.Күн жүйесінің қандай ғаламшарында географялық қабық түзілген? 3.Айналасын су қоршап жатқан ірі құрлықты, одан кішігірім құрлықты не деп атаймыз? 4.Жердің ішкі құрылымында қандай қабықтар бар? 5.Литосфера деген не, ол қандай қабаттардан тұрады? 6.Жер қыртысының қай бөлігінде оның қалыңдығы жоғары? 7.Мантия Жердің қайсы қабығын қоршап жатыр? Үйге тапсырма Жердің құрылысы және құрамы
Кері байланыс. «Алма ағашы»
Жасыл алма- өте жақсы түсіндім Сары алма-әлі де сұрақтарым бар Қызыл алма-түсінген жоқпын
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
-
сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жердің сыртқы құрылысы |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту |

Ой қозғау. Оқушылар біз «план және карта» тарауында қандай жаңа сөздермен таныс болдық. Кәне, есімізге түсіріп көрейікші.Мысалы масштаб, бергштрих, азимут, горизонталь, меридиан дегеніміз не, кім айтады? Қайталау сұрақтары 1.Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш. (Азимут) 2.Көкжиек тұстарын бағдарлауға арналған аспап.(тұсбағдар) 3.Масштабы (1 см-де – 100 м). (Атаулы масштаб) 4.Жер бетіндегі нүктенің теңіз не мұхит деңгейімен салыстырғандағы биіктігі. (Абсолют биіктік) 5. Құрлықта теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктері бірдей нүктелерін қосатын сызық. (Горизонталь) 6. Жер шарындағы ең ұзын параллель. (Экватор) 7.Экватордың ұзындығы. (40000 км) 8. Параллель доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға дейінгі градуспен алынған шамасы. (Географиялық ендік) Сергіту сәті арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаханның жерін, суын, жәндіктерін, Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (жер)
Аяғы жоқ, қолы жоқ, Бірақ тыныш тұрмайды. Сақтамасақ егерде, Барша тіршілік қурайды. Бұл не? (су) Бар ма, жоқпа оны білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Бұл не? (ауа) Жер өзегі атанған Ең орталық бөлігі Бұл не? (ядро) Балалар біз жердің пайда болуын білеміз бе? Жердің шар тәрізді екенін грек ойшылы Пифагор айтқан. Ал 17 ғасырда И. Ньютон жер шар тәрізді деген қорытынды жасады.Күннен қашықтығы 150 млн км. Күнді айналу ұзақтығы – 365 тәулік, 6 сағат, табиғи серігі – ай екен. Олой болса біз бүгінгі сабақта жердің құрылысы жайлы білетін боламыз. Халық айтқан 7 қабат жерасты барма екен бүгінгі сабақтан білетін боламыз. Жердің сыртқы құрылысы
«Атмосфера»- грекше «атмос»- су, «сфера»- шар. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық ретінде қоршап жатыр
Гидросфера құрамы
Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты суы, батпақтар, мұздықтар. Тіршіліктің таралған ортасы Жердің ішкі құрылысы Литосфера Мантия Ядро 1.Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты - литосфера деп атайды. « Литосфера» - латынша «литос» - тас, «сфера» - шар деген мағына береді. Ғалымдар температура мантияның жоғарғы бетінде +100, +150 °С- тан, ал төменгі шекарасында +3800° С-қа дейін баратын болуы керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.
Диктант Жауабын «иә» және «жоқ» деген сөздермен белгілеңдер. 1 . Ауа Жер шарын ең сыртынан қоршап тұрады. 2. Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін құрлық алып жатқанын көреді. 3. Су жер бетінің 2/3-і үлесін алып жатыр. 4. Ауаның 78%-н азот құрайды. 5. Биосфера оқшау қабық құрайды. 6. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы қабаты литосфера деп аталады. 7. Гидросфера тіршілік ортасы болып табылады. 8. Жердің ішкі құрылысы: гидросфера, мантия, ядродан тұрады. « Адасқан обьектілер» ойыны |

6 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Атмосфераны қорғау |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Ауаның ластану көздері мен ластануды болдырмау туралы бастапқы көзқарас қалыптастыру, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру |

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату. Үй
тапсырмасын тексеру.

Құпия шарды
жарайық,

Кері байланыс. Осындай
ластанған ауасы бар жерлерді экологиялық аймаққа жатқызамыз. Ол
жерлерде экологиялық проблемалар
болады.
Сонымен «Мен не білдім?» айдары бойынша:
ауаның ластануы, ауаны ластаушы заттардың пайда, болу себептері,
ластанған ауаның зияны және ауаны қалай қорғау керектігін айттық.
Ең бастысы: ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру
екендігін білдік. Сондықтан мектеп пен үйіміздің ауласына ағаш пен
гүлдер, сынып пен үйімізге гүлдерді көп етіп
егейік.

Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу мәселелеріне тоқталу |

Қызығушылықты ояту
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Мағынаны
тану.
Атмосфералық ауаның
құрамы, температурасы, тығыздығы және т.б. бір жерден екінші жерге
бароғанеда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның жер бетіне
таяу орналасқан ең төменгі қабаты – тропосфера (грекше тропос –
бұрылыс, өзгеріс). Онда температура биіктік бойынша шамамен
бірқалыпты төмендейді. Оған себеп: атмосфераның бұл қабатындағы ауа
оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті
жылынады да, жылу содан барып ауаға тарайды. Тропосфераның жоғарғы
шегінде температура — 55°С-қа дейін төмендейді.
1 топ Атмосфераның зерттеу жолдары 2 топ Атмосфераны қорғау
Шығармашылық жұмыс. «Егер мен табиғатты қорғау министірі болсам…» тақырыбында эссе жазу. |

Кері байланыс. Аяқталмаған 4 сөйлем әдісімен сабақты қорытындалау. Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды.
*.......................... қиын
болды.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
8 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Гидросфера. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Гидросфера ұғымы туралы,гидросфераны құрайтын жер бетіндегі сулар олардың мөлшері жөнінде түсірдіру. |

Мұхит, өзен көл жер асты ,батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары - жердің су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро - су ). Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры ( 97 % ) мұхит және теңіз сулары. Судың қасиеттері - Судың бірінші қасиеті: су - тірі ағзалардың құрамды бөлігі, екіншіден, құрлыққа қарағанда жылуды су баяу жинайды, соған орай ол жылуды баяу береді. Осыған байланысты қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ал жазда салқын әкеледі, үшіншіден, су ағыны жер бедерін өзгертеді. Олар теңіз және мұхит жағаларын жыралап, өте терең үңгірлер және алып өзен алқаптарын тудырады, төртінші су көптеген заттарды ерітеді.
Сен білесің бе?Суға қатысты мақалдар Су жүрген жер – береке, Ел жүрген жер – мереке Сулы жер – нулы жер Бұлақты жер – тұрақты жер Сөз атасы — құлақ,Су атасы - бұлақ Адамзатты сөз бұзар, Тау мен тасты су бұзар Судыңда – сұрауы бар. Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас Бір тамшы су-жерге пайда Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса, жер ырысы Бұлақ көрсең -көзін аш. Қар мол болса, дән көп, Су көп болса, ну көп «Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырса, Қазақстандағы өзен аттары шығады. 1. Серті - 4. Айжық - 7. Нынар - 2. Уш - 5. Олбыт - 8. Арұн – 3. Елі - 6. Сіле – Өзіндік жұмыс 1.Бір оқушы шығып 1литр суға 30-35 грамм тұз салып араластырып, дәмін татып көрсетеді. Осындай дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді. Демек 1литр теңіз суының құрамында 35грамм тұз болады. Тұз суда ериді. Мұхит және теңіз суларында тұздың көп болуынан су кермек дәм татып, ішуге жарамайды. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері 1 граммнан аз болуы керек . 2.Бір оқушы шығып 1литр суға бір уыс топырақ салып араластырып, бірнеше минутқа дейін оны тұндырып қойады. Демек топырақ суда ерімейді. Ең жоғарғы тұздылық байқалатын Атлант мұхит – 35 промилле 1.Тұздылығы ең төмен мұхит – Солтүстік мұзды мұхит 32 промилле 2.Өлі теңіздің тұздылығы : 1л суда -270% тұз бар. 3.Қызыл теңізде -41%
Диктант
|
Жауап береді
Сыныптың үздік оқушысы гидросфера тарауындағы ең терең көл, ең үлкен мұхит, ең биік сарқырама, ең ірі теңіз-көл, ең ірі өзен бассейні, ең ұзын өзен, ең кіші мұхит туралы қызықты әңгімелеп берді. - Дүние жүзіндегі ең терең көл. Максимум тереңдігі 1637 м. - Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит. Ауданы.179,5 млн км2 - Ең биік сарқырама, биіктігі 1054 м. - Ең ірі теңіз-көл. Ауданы 371 мың км2, ұзындығы 1200 км, ені 320 км. - Ең ірі өзен бассейні. Ауданы 7 млн км2 жуық - Ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км. - Ең кіші мұхит. Ауданы 14 млн км.

Презентация |
|
|
Аяқталуы |
Суретке қарап гидросфера компоненттерін анықтау.
«Гипотезалық сұрақ»

9 – сабақ Педагогтің аты – жөні |
|
||||||||||||||
|
Күні |
|
||||||||||||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Судың адам өмірі үшін маңызы |
||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Судың адам өміріндегі маңызы, сусыз тіршілік жоқ екендігін ұғындыру, суды қорғауға үйрету |

|||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату. Психологиялық
дайындық.
Топқа
бөлу. |

Бақылау күнделігімен
жұмыс Миға шабуыл «Крестиктер мен нөлдіктер» әдісі
арқылы
Негізгі
бөлім
Сергіту сәтін
өткізу. |

Қорытындылау: Рефлексия:
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|||||||||||
|
10 - сабақ Педагогтің аты – жөні |
|
||||||||||||||
|
Күні |
|
||||||||||||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Биосфера. |
||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға барлық тіршілік процестерінің біртұтастығы, биосфера шегіндегі тіршіліктің сан қырлы процестері туралы білім беру. Биосфера туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін кеңейте отырып, биосфера құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру. |

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Мадақтау, толықтыру
|
Оқулық, видео, слайдтар |
|||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Жоспар:
Биосфера туралы түсінік.
Биосфера – Жердің «тіршілік қабығы» деп аталады. Биосфера терминін ғылымға 1875 ж алғаш аустралиялық ғалым Э.Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік шеңберінен шығып, кеңістік бойымен емін-еркін таралады. Биосфераның төменгі және жоғарғы шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі толық мәлімет жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде 100 м биікке дейін өте тығыз орналасқан. Биосфераның жоғарғы шекарасын азон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын дүние жүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді. Биосфераның құрамы мен құрылымы.
Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамындағы химиялық элементтер: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы өзара тығыз байланысады. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп. Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады. Биологиялық айналымының аталған кезеңдерін жүзеге асыруға қатысатын тірі организмдер үш үлкен топқа бөлінеді: 1) продуценттер (өндірушілер) – бейорганикалық заттардан органикалық зат түзушілер, яғни өсімдіктер; 2) консументтер (пайдаланушылар) – түзілген бастапқы органикалық затпен қоректендіретіндер (жануар, саңырауқұлақ) 3) редуценттер (қалпына келтіруші) – осыған дейін түзілген тірі организмдердің тіршілік өнімдерін және олардың қалдықтарын бейорганикалық затқа ыдырататын микроорганизм. Жасыл өсімдіктер бір жылда 480 млрд астам көмірқышқыл газы мен суды бойына сіңіріп, 248 млрд оттекті атмосфераға шығарады. Жерде ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді: - өсімдіктер әлемі; - жануарлар әлемі; - саңырауқұлақтар әлемі; - бактериялар әлемі;

Оқулық, слайдтар, видеороликтер
|
|||||||||||
|
Аяқталуы |
Қорытындылау: «Биосфера» сөзжұмбағын шешу.
Үй тапсырмасы: «Биосфера және тіршілік» тақырыбында реферат жазып келу |
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|||||||||||
11 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Өсімдік- жер шарының өкпесі. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Өсімдік туралы мәліметтермен таныстыра отырып, өсімдіктердің маңызын түсіндіру |

Психологиялық
дайындық:

Табиғат ол бізді коршаған орта, байлыктың көзі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының кұтты коныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адам біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уакытта зиян тигізбеген. Жалпы табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты коныс-мекені, алтын ұятал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Халқымыздың мактанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Ш.Уәлиханов былай деген екен: "Табиғат пен адам егіз! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,олардан кұпия не бар?! Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды,өсімдіктер мен шөптерді, ағаштарды, көшпелі тұрмыска қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, кұт әкеледі".
Шынында да халқымыз табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "әулие бұлақ", "әулие ағаш" деп бағалаған. Осындай қасиетті "әулие бұлақта", "әулие ағашта", адамға пайдасын тигізетін емдік өсімдіктер мен шөптерде біздің жергілікті жерімізде кездеседі. Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз жергілікті жерімізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз. Табиғат - асыл қазына, адамға баға жетпес байлық. Осы байлықтарды қорғап, оны мұқият сақтай білу бәріміздің міндетіміз.
Тест Өсімдіктерге
байланысты мақал – мәтелдерді
аяқтау.
Өсімдіктің
маңызы қандай? Өсімдік -
тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна
оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр
оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын
бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп
шығарады. |

Қорытындылау: Топтар гүл отырғызады. Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
12 –сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Бөлме гүлдеріне күтім жасау. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін жетілдіру, көбірек тараған өсімдіктер түрімен таныстыру, бөлме өсімдіктерін дұрыс күтуге үйрету |

Қызығушылықты ояту. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді.
Ой-толғаныс: Сұрақ қойылады: Бөлме өсімдіктері дегеніміз не? Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреміз? Білетін бөлме өсідіктерін ата: Дұрыс балалар! Әрбір отбасы өзінің алтын шаңырағы – пәтерін, жеке үйін сәндегенді, көріктендіргенді қалайды. Содан біреулер үй ішіне қылқалам шеберлерінің туындыларын, қолөнер бұйымдарын ілсе, өзгелер бөлмелерді қымбат жиһаздарға толтырады. Басқа отбасылар бөлмелерінде темір тор ішінде тотықұстарды ұстауды немесе аквариумдарда алтын түстес, өзге де түр, тұлғадағы балықтарды өсіріп, көбейткенді ұнатады. Тіпті, біздер бөлмелерінің қабырғаларына қару-жарақтарды іліп қойған отбасылардың да үйінде болған едік. Әйтеуір, әркім өз талғамы, таным-түсінігіне сәйкес пәтерін, үйін әрқилы әдемілеуге әуес. Тек, солардың қай-қайсы да үй өсімдіктерін өсіруге, онымен бөлмелерді көркейтуге қарсы емес. Бұл қай халықта да қазір үй өсімдіктерін өсірудің тұрмыстық салт-дәстүрге айналғанының жарқын көрінісі болса керек.
Б)Баяндама оқу. Өсімдіктер тарихы. Интерьерді көгалдандыру үшін 3000 астам өсімдік түрі қолданылады. Олардың көбі субтропиктік белдеуден әкелінген. Бөлме өсімдіктерінің 19% Оңтүстік Америкадан әкелінген тропиктік өсімдіктерден құралады. Олар: бегония, монстера, юкка, пастифлора. Өсімдіктердің 17,6% Оңтүстік Африкадан шыққан түрлер құрайды. Олар пеларгония, хлорафитум, Орталық Америка, Мексика, Вест-Индия, бөлме өсімдіктерінің 13,8% берді. Олар ;кактус, пуансеттия, кейбір суккулентті өсімдіктер. Барлық өсімдіктердің 13,5% тропиктік Азиядан(Үндістан, Үндіқытай). Олар: патша бегониясы, каучукті фикус, кодеум, архидея. Жерорта теңізі маңынан шыққан өсімдіктер 9,8%-ды құрайды. Олар: гранат, қоңыраубас, лавр,хамеропс пальмасы, т.б. Оңтүстік Американың субтропиктік белдеуі 5,8%-ды құрайды. Солтүстік Мексика 5,5% құрайды: традесканция, руэллия. Африканың тропиктік өсімдіктері 5,1%-құрайды: кофе ағашы, драцена, сансевирия. Шығыс Азиядан таралған 3,2%-ды құрайды: адалия, аспидистрия, аукуба, камелия, фатсия. Австрия мен Жаңа Зеландия 3,1%-ды құрайды: араукария, корделина. Орта Азия мен Канар аралдары 3,6%-құрайды: фикус немесе инжир, канар құрмасы. Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олар-дың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған. Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипа-лық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады. |

Қорытындылау: Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды. Ал егер өсімдіктердің көлемі үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды. Сондай ақ өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары «шаң-тозаң жинағышқа» айналып, түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі зиянын арттырып, бөлме ауасын «тарылтады». Сондықтан бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді де ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор. Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
13 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Дәрілік өсімдіктері. |

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Ой қозғау» сұрақтары 1.Өсімдік өсу үшін қандай жағдайлар керек ? 2.Өсімдік жыл мезгілдеріне байланысты қандай күйге ұшырап, қандай түседі? 3.Өсімдіктің адамға пайдасы? 4.Қандай қасиеттері бар? 5.Күн күзінің өсімдіктерге берер пайдасы? 6. «Сусыз тіршілік жоқ»,- деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар. Шырғанақтың жемісіне күйікке және жараға жағатын май алынады. Итмұрынның жемісінен дәруменге бай дәмді қайнатпа және шырындар жасайды. Таңқурай жаңа піскен, кептірілген, тоспа түрінде өте пайдалы. Оны суық тиген кезде шайға салып ішу керек. Шай қурайды халық 99 аурудың емі деп санайды. Онда пайдалы заттар өте көп. Жұпар гүл ас қорытуды жақсартады, суық тигенде көмек теседі. Бұл өсімдіктің атауының өзі оның жұпар иісі туралы айтып тұр. Жұпар гүлдің шайға қоссаң, ерекше дәм және қош иіс береді. Жолжелкеннің жараны емдеп жазуға көмегі көп. Жолжелкенді жапсырып қойсаң, тез жазылады. Жолжелкеннің шырынынан жөтелді басатын дәрі дайындайды.
Адыраспанның пайдасы. Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі - адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған. Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гарминалколойдтер бар. Емдік қасиеттері: Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «УарауАспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді Жуаның, сарымсақтың пайдасы. Жуа. Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға жуа ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминнің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлақ ауруы на қарсы заттарға бай. Жуаның құрамын-дағы фитонцидтер іріңді және ауыртатын микробтарды жояды, ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтеді. Баспамен ауырғанда гайморитте, мұрын бітелгенде жуаның фитоцидімен (иісімен) дем алады. Жуаның шырыны жөтелде қақырықтың бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Жуаның шырынын ара балымен немесе қантпен араластырып ішсе, жөтелге, туберкулезге ем. Ол және ас қорыту кезіндегі іріткіш үдеріс-терді басады, зиянды микроағзалардың дамуына кедергі жасайды.Үгілген жуа шырынын жараны, ойық жараны жазатын ем ретінде, теріні қышытатын қабынуларды басуға дәрі ретінде қолданады.
Сарымсақ. Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді. Оны турап, үгітіп, немесе бір бөлігін бүтіндей жеу керек. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем. Сондай-ақ ревматизм, гепатит, қырқұлақ ауруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүргізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындығы халық емшілігі әдістерінде бар. Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериялық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болады.Біздің заманымыздың керемет кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан сескенеді екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, езіп алып тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адам сауығып кетеді.Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне шипалы көрінеді.Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенде, тұмауға қарсы ем екен.Кешкілік көзі көрмейтіндерге малдың 100 грамм таза бауырына сарымсақтың екі–үш үлесін қосып, күніне бір реттен екі апта жегізсе, көздің көруі жақсаратын болады. Дидактикалық ойын арқылы. «Үйіне орналастыру» Берілген өсімдіктердің ішінен дәрілік өсімдіктерді тауып, өз орнына орналастыру.
Сарамандық жұмыс Дәрілік өсімдіктердің суреттерін салу Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Сергіту сәті: Қане, қане балалар (Балалар тұрады) Шаршағанда ырғалып (тербеліп тұрады) Гүлге ұқсап демалам (отырады) Жұпар иісін бір искеп (мұрнымен демді ішіне тартып, шығарады) Гүлдей болып жайқалам (Қолдарын жоғары көтереді) Жаңа сабақты бекіту Жұмбақтар шешу арқылы
Киген қалпағы аппақ, Балалар тұр қаптап. (бақбақ)
Хош иісі аңқыған, Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз)
3. Бұтағы ілген үлпершек, Іші нәрлі қызыл сөл, Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)

Үй тапсырмасы. Өз жерімізде өсетін дәрілік өсімдіктердің суреттерін салып келу.
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
14 - сабақ

Балалардың табиғат туралы түсінігін кеңейту,табиғаттың адам өмірі үшін қажеттің бәрін беретінін, сондықтан табиғатты сүю оны қорғау керектігін өздері бақылай отырып, қорытынды шығару.Адамның жақсы жаман қасиеттеріне өз пікірлерін айтып,шешім қабылдауға,салыстыру,үйрету,табиғатты қорғауға сүюге тәрбиелеу.Дүниетанымын,ой өрістерін дамыту. |

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Психологиялық тренинг «Жақсылықпен жаным дос» Әуен ойналады,оқушылар көз жұмып бір мезет саяхатқа аттанады.Мұғалім жәй ғана әуеннің ырғағымен қара сөздерді оқиды.
(Қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады. (Қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (Балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). Міне, осы исі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, ең жақсы достарыңызға тілек айтып сыйлаңыздар. Сөйтіп оқушылар оянады, көздерін ашып қасындағы көршісіне «Саған жақсылық жасаймын, уәде етемін» деп шеңбер бойынша тілек айтып шығады.

Паровоз арқылы топтастыру 1.Паровоз арқылы бір-бірінің артынан ұстап,шеңбер бойынша айналып, 1-2-3 топқа бөлінеді 2.Оқушылыр топқа бөлініп үй тапсырмасын қайталауға кірісеі. 1 минут уақыт беріледі
—Тірі организмдердің қоршаған ортасы не? —Табиғат дегеніміз не, оны қалай түсінеміз? — Сонымен алдымызға қандай мақсат қоямыз? ********
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес.
Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы.
Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен , аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай кала берсе төңірек азып кетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру»тұжырымдамасы экологиялық білім беру бағыттарына арналады. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, біз ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт.Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз.Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін.Экологияы және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң,қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар,түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай т.б ағаш түрлерін ексе екен деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек.
Әрбір топқа өз бетінше оқу ұсынылады (2минут уақыт беріледі) 2.Жаңа сабақ түсіндіру арқылы жаңа сабақты қаншалықты түсінгендері сұралады 3.Топтық жұмыс Топтық таныстырылым 1-топ: Таббиғат байлықтары 2-топ: Адамның табиғаттағы алатын орны 3-топ: Экологиялық апаттардың адам өміріне әсері Әріптер сыры: Әр оқушы берілген сандар арқылы,алфавит әріптердің нешінші тұрғаны арқылы жұмбақты шешеді.Мысалы: 18+38+16 Алфавитте 1-ші әріп –А 25-ші әріп – Т 1-ші әріп -А «Атадан мал қалағанша тал қалсын» деген мақалды оқушылар жұмбақтың шешімі арқылы табады
|
Жауап береді
Топтық жұмыс

Қорытындылау.Рефлекция Ұшқыр қиял I топ – “Адамның қоршаған ортаға әсерінен......” эссе жазу II топ – Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдер,немесе нақыл сөздер III топ – “Табиғат немесе туған жер” тақырыбында 5 жол өлең шығару
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
15 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Топырақ және оны қорғау |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға топырақ туралы түсінік
беру |

Психологиялық дайындық Армысың,аспан әлемі! Армысың,мейірімді жер ана! Амансыңдар ма, менің достарым, Сендерді көрсем қуанам!

Сұрақтарға жауап беру А ) Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты? Ә ) Топырақты құнарландырудағы жануарлардың рөлі? Б ) Сор топырақ қалай пайда болады?
Сөзжұмбақ шешу.
3.Топырақтың негізгі қасиеті? (құнарлылығы )
Дәптермен жұмыс Өсімдіктердің жетілуі үшін қажетті жағдайларды теріп жаз: тамақ,ауа,сүт,су,қарашірік,тұз, мұз,құм,цемент,саз,күн,ыстық су, микробтар. Топырақ- су,ауа, жылу,өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен ,тау жыныстарының үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Осы факторлардың көпжылдық әсерлерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады. Оқулықпен жұмыс
Топырақтың қалыптасуына нелер қатысады ? Қыналар Ұсақ тірі ағзалар Өсімдіктер Жануарлар Тапсырма: Оқушыларға «Мектеп немесе өз үйіңнің ауласындағы топырақта қалайша қорғап,құнарландыруға болады?» деген сұраққа жауап беру тапсырмасы беріледі. Берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып,солтүстік,оңтүстік аймақтарында су эрозияларын зерттеп,олармен күресу шараларын ұсынды. 1 ) Агротехникалық шаралар: еңсесі үлкен беткейлерге жерді су ағысының бағытына көлденең жырту,қыста қар тоқтату,топырақты қайырмасыз соқамен жырту. 2 ) Мелиорация шаралары: жыра мен сай,өзен жағаларына,суару түрлдері бойынша ағаш және бұта отырғызу. 3 ) Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу. Қосымша деректер жинап келу. «Топырақты қорғау»эссе жазады |
Жауап береді
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау,
|
Оқулық |
|
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
16 – сабақ

Табиғаттағы тірі және өлі заттар арасында алмасу процестері туралы түсінік беру арқылы, оқушылардың қоректік тізбек, зат және энергия алмасу туралы білімдерін тереңдету. |

«Ой қозғау» сұрақтары
1. «Экология» терминін ғылымға енгізген
ғалым? (Э.Геккель)
Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын, ал
топырақтан су, түрлі тұз және басқа қоректік заттар сіңіреді.
Алынған қоректік заттардан күн сәулесінің әсерімен жапырақта қант
мен крахмал түзіледі. Олар өсімдіктің өсуіне жағдай жасайды.
Өсімдікпен адамдар мен жануарлар қоректенеді. Қорытылмаған тамақ
қалдықтары, өлген жануарлар мен өсімдіктер топыраққа түседі. Олар
топырақта қарашірікке айналады, микробтар оларды минералдық
тұздарға ажыратады. Минералдық тұздармен қайтадан өсімдіктер
қоректенеді. Тізбек тұйықталды. Осылайша табиғаттағы зат айналымы
жүреді.
Тест
сұрақтары:
Биотикалық фактор дегеніміз
не? |
Жауап береді
|
Тапсырманыорындағаноқушынымадақтау, толықтыружасау, |
Оқулық |
|
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
17 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғаттағытепе-теңдік |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру. |

Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам
табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік үнемі
сақталып тұрады. |

І - кезең:
* Халық батыры
Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат» деген. Сұлулық
деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?,
ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың
сұлулығын білдіреді. |

Оқулық Нақылсөздер «Тазаболсынтабиғат, аманболсынадамзат», сюжеттісуреттер. Мақал – мәтелдер жинағы |
|
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
18- сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жәндіктердің рөлі, оларға қамқорлық. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Табиғаттағы тіршіліктің оянуын, жәндіктердің тіршілігі, олардың атауы, пайдасы мен зияны туралы түсініктер беру. Тақпақтар, мақал – мәтел, жұмбақ шешу арқылы, балалардың ойлау қабілетін жетілдіру. Жәндіктерді ажырата білуге жаттықтыру. |

Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз Иіліп сәлем береміз Біз әдепті баламыз.

Қазіргі ғаламшарымызда 1,5 млн.астам жануарлардың түрлері бар. Бунақденелілер 700 мың түрі,жәндіктердің 232 мың түрі,біржасушалылардың 70 мың түрі,барлық омыртқалы жануарлар 45 600 түрі,балықтардың 20 мың түрі,қосмекенділердің 4000 түрі ,жорғалаушылардың 8000 түрі,құстардың 8600 түрі,сүтқоректілердің 5000 түрі бар.Жүйелеу дегеніміз –ғаламшарда жойылып біткен,және қазіргі кездесетін барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп,бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады.
1)Жануарлар дүниесі Біржасушалы Көпжасушалы 2)Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша
Омыртқасыздар Омырқалылар (Жәндіктер) (Жануарлар)
Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады.Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра ішегі желісіне ұқсас керіліп жатады.Сондықтан жануарлардың бұл тобы желілілер типіне біріктіріледі.Жануарларды негізгі жүйелік топтарға жіктеу.Грекияның ұлы ойшылы Аристотель жануарларды аңдар,құстар, балықтар,киттер, бунақденелілер деп негізгі топтарға жүйеледі.Жануарлар әлемін жүйелеу ісінде швед ғалымы Карл Линней білгірлік көрсетті.Сондықтан ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы болып саналады.К.Линней ағзаларға қосарлы атауьізім беруді ұсынды. Түр дегеніміз-Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізігі өлшем бірлік.К.Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды.Түр-туыс-тұқымдас-отряд-класс-тип-жануарлар дүниесі.
Сабақты пысықтау сұрақтары І деңгей а)......................................ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды ретке келтіру. ә)Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп бүкіл жануарларларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру................................................ деп аталады. б)......................................Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік. ІІ деңгей Туыс-түр-класс-дүние –отряд-тұқымдас-тип Жәндіктер қоршаған орта жағдайларына оңай бейімделеді. Жәндіктердің өмірі өсімдіктермен тығыз байланысты. Табиғатта зат айналымда жәндіктердің үлкен маңызы бар. Өсімдіктердің жапырағымен, тамырымен, бұтағымен, жемісімен, тұқымымен қоректене отырып олардың өздері басқа жануарлардың қорегіне айналады. Өсімдік қоректі жәндіктер жаппай көбейгенде өсімдікті зақымдайды немесе жойып жібереді. Кейде жәндіктер зиян келтіреді, және олардың шағуы белгілі бір аурудың дамуына себеп болуы мүмкін. Алайда, олардың барлығы әлемнің биологиялық әртүрлілігінің бөлігі болып табылады және олардың барлығы бір-біріне тәуелді.
Жәндіктер әлемінің алуан түрлілігін, сондай-ақ кейбір түрлердің тіршілік циклын зерттелгендігіне толық сенімді емеспіз. Біздің бүгінгі зерттеу объектіміз әлемдегі жәндіктердің пайдалы жақтарын қарастыру болды. Біз олардың кейбір түрлері туралы қызықты деректерді ұсынамыз. Өсімдіктердің өмірінде жәндіктердің оң әсері өте үлкен. Жәндіктердің бірі аралар, бал арасы, көбелектер, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырса, екіншісі құмырсқалар топрақтың түзілуіне көмектеседі. Жәндіктер адам өмірінде де маңызы рол атқарады. Адам әр түрлі өнімді алу үшін жәндіктерді ауыл шаруашылыгында, бал шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада, парфюмерия өндірісінде, жібек шаруашылығында кеңінен қолданады. Тозаңдандырушы жәндіктер жемістер мен көкөністердің кем дегенде 90 пайызын тозаңдандырады. Кейбір дақылдарды тозаңдандыру үшін арнайы жәндіктерді қажет етеді. Жербеті тозаңдандырушылар атағын алатын жәндіктердің көптеген түрлері бар: күндізгі көбелектер; түнгі көбелектер; бал және жалғыз жабайы аралар; түкті аралар; гүл шыбындары; қоңыздар және басқалар Энтомофагтарды өсімдіктерді зиянкестерден қорғау үшін қолданылады. Көптеген жәндіктер, мысалы, инеліктер, алтынкөздер, дәуіттер, ханқызы қоңызы мен аралар көптеген бунақ аяқтылар зиянкестерін жейді. Жібек шаруашылығында жібек құрттары жібек жіптерді тоқуға қабілетті. Жәндік Қытайда 3 мың жыл бұрын пайда болды, табиғи жібек пен жібек құрт өсіруде маңызды экономикалық рөл атқарады. Бүгінгі таңда Қытай мен Үндістан әлемдік жібектің екі негізгі өндірушісі болып табылады, жыл сайынғы әлемдік өндірістің 60% құрайды. Медицинада қолдану Тұт жібек құрттарының сілекей бездері улы. Шығыстағы медицинада жібек құрттарын эпилепсия, суық тию және кейбір әйелдер ауруларын емдеуде қолданылады. Бұл ұйқыны, тәбетті және жалпы жағдайды жақсартады. Ара уытын дәрігерлер Қытайда және Грецияда, Үндістанда ежелден қолданған. Ежелгі римдік дәрігер Гален мен рим ғалымы Плиний жаңа дәуірде ара уын емдеуді жараларды емдеуге және ас қорытуды жақсартуға көмектесетін анестезия ретінде сипаттаған. Ара уының ревматизм мен подаграға тигізетін пайдасы туралы алғашқы ғылыми есептердің бірі М.И.Лукомскийге тиесілі. Ежелгі заманнан бері халықтық медицинада құмырсқа спиртін буындар мен невралгияны емдеуде қолданылады. Г.Попов «Орыс халықтық медицинасы» кітабында (1903) оны дайындаудың ескі әдісін ұсынады. Тарақандардан дайындалған препараттың фармакологиялық қасиеттері туралы алғашқы ғылыми мәлімет И.Чернышевке тиесілі. Цикадаларды Қытайда қышыма, абсцесс және сарғаю ауыруларына ем ретінде қолданылады. Көптеген жәндіктердің уы, олардың белсенділігі жоғары болғанына қарамастан, биология мен медицинада әлі қолданылмаған. Әзірге жәндіктер шығаратын ең танымал өнім – аралар шығарған бал. |
Жауап береді
|
Тапсырманыорындағаноқушынымадақтау, толықтыружасау,
|
Оқулық жәндіктер суреттері, дидактикалық материалдар, жәндіктер. |
|
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату. |
|
|
19 –сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Өндірістік ауылшаруашылық қалдықтар. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын зерттеу |

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.
Қалдықтар: тұрмыстық, кәсіптік, ауылшаруашылық, медициналық, химиялық және т.б., қалдықтарды қасиеттері бойынша да бөлуге болады ең маңызды бөлімдері ол қауіпті (жаңғыш, уытты, қышқылдық, улы т.б) және қауіпті емес қоқыстар. Барлық қоқыстар бір жерде сақталып денсаулыққа зиян келтіруде. Қатты өнеркәсіп қалдықтарының негізгі түрлері Тұрмыстық қалдықтардың негізгі түрлеріне сипаттама беріп көрейік: Тамақ қалдықтары Табиғаттағы залалы: Әр түрлі ағзалар қорек ретінде қолданады. Адамға зияны: шіріген таиақ қалдықтары – микробтар ортасы. Таралу жолдары: ұсақ ағзалар үшін қорек. Таралу жолдарының соңғы өнімі: ағзалар денесі, көмірқышқыл газы және су. Ыдырау уақыты: 1–2 жұма.
Әлемдік тәжірибеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу белгілі бір жүйеге келгелі қашан. Мысалы, Швецияда қоқыс қалдықтары электр қуаты ретінде пайдаланылса, әлемнің ең таза елінің бірі саналатын Сингапурда қоқыстардың 90 пайызы қайта өңделеді. Дамыған елдердің бірқатарында қоқыс қалдықтарын қайта іске жарату экономика дамуының қозғаушы күшіне айналып, қаншама адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мысалы, Германияда күл-қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, ал Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады. Әсіресе Үндістанның 14 миллион тұрғыны бар Мумбай қаласында шығарылған қоқысты пайдаға асыруға жергілікті тұрғындар аянбай атсалысып, тұрақты кәсіп еткен. Ал, біздің елде қалдықты сұрыптап, жаңа өнімдер алу әлі күнге дейін табыс көзіне айналмай отыр. Адамзат барда еш уақытта таусылмайтын қор – қоқыс. Ендеше полигондарда үйіліп жатқан қоқыс үйінділерін сұрыптап, жаңа өнім шығаруға әбден мүмкін. Қоқыс саласы бизнес көзіне айналуы үшін қомақты қаражатты, жақсы дайындықты талап етіп тұр. Сондықтан бұл салаға кәсіпкерлік тәжірибесі мен капиталы бар бизнесмендер араласа алады. Ең кемінде көлемі 1000 шаршы метрден асатын қойма, қайта өңдеу цехтары, жоғары температураларда өртейтін пештер, қоқыс сұрыптауыш машина, темір арқанды аспалы магнит, жүк көлігі керек. |

20 - сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қоқыс заттардың түрлері мен зияны |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру |

Көліктік ластанудан қоршаған ортаны қорғау Транспорттан бөлінген газдардың құрамында иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер (акролен,формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады. Негізінен этилен қатарына жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттар бар қара күйеге айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. Мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап қара түтін шығады. Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады.
Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді. Аэропорттарда ұшақтардың қоңған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді. Мысалы:«Боинг» ұшағының ұшуы кезінде бөлінген зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған «Фольксваген»автокөлігінен шыққан зиянды заттар мөлшеріне тең. Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20%жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе,80%-автокөліктердің еншісінде. Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп.
Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету-тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты.Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып,бензинді сұйылтылған газға алмастыру,бензиннің орнына мал азықтық(қызылша жүгері)өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда. 2/ Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты ластауы Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өндеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк,фосфор,сурьма,қорғасын қосылыстары,сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен,газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар,мышьяк,қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып,оның 65% қоршаған ортаға тарайды. Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта-Орталық,Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді. Сондықтан Мұндай өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын салынады. Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер-жыныстарда өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары бөлінеді. Мұнай өндіру, өңдеу, Мұндай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқада иісі жағымсыз заттар бөлінеді. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға – стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді. 90 – шы жылдардың соңында жасаған зерттеулер бойынша Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылына атмосфераға 184 000 тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен органдарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ – та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айыппұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айыппұл мөлшерін одан жүздеген есе аз. Сондықтан –да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстыру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айппұл төлеуді жөн санайды. Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер – жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді. Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IY валентті көміртегі оксиді, IY валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммияк, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді. Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын – мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған. Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2 – 3 аптада, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады. Сөйтіп бұл қосылыстың қауптілігі арта түседі – күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады. Олардың көшуі желдің жылдамдығы 10 м/сек жағдайда 750-1500м биіктікте жүреді күкіртті газдардың таралуы 300-400 км қашықтыққа дейін жетеді. Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп нәтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түседі, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзылады. Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының-транспорттық, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың, әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қорғаушы күш. Отын-энергетикалық кешен-жанармайларды барлау және өндіру, тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі (Мұнай,газ,көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді. Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы мол табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы:Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы қоры бай темір рудалары және Теміртау металлургия комбинатының салынуымен Қарағанды көмір бассейнінің маңызы арта түсті. Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бұкіл пайдаланатын энергоресурстардың 25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған бөлігі (75%) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты. Қатты отынды жаққанда атмосфералық ауаға толық Жанбаған отынның күлді бөлшектерімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы қосылыстардың кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің құрамында Мұнан да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы: Донецк антрацигтерінің құрамында аз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастұз көмірі күлінде – бос кремний диоксиді бар. Көмір – планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің Мұнайдан тағы бір артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және Мұнайға қарағанда арзан. Бұрынғы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер елдің шығысында орналасты,мысалы: Екібастұз, Канск-Ачинск кең орындары. Ашық әдіспен өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі Екібастұз кең орнының еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9 млрд тонна деп саналады. Алайда бұл кең орнынан алынатын көмірден күл көп шығады (50 % дейін). 3/ Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары. Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін еш нәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз егер отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газ, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасыларды, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шеткі мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады. 4/ Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері. Ауаны таза ұстаудың шаралары Адамға табиғат берген байлықтың бірі – атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұратын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады. Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес қосуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шығаратын лас зиянды газдардың көлемі 1,5-2 есе азайтуға мүмкіншілік туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістен шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды. Республикамыздың ірі қалаларынды жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы: Алматы 600 кішкентай пеш жойыл-са, оның 155-і 1970-1973ж келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте-7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы қаласын қоспағанда республикамызда 1970-1973 жылдары 276пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті. Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973-1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақ автотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің қондырмаларын жасау жобаланды. Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүзделген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды. Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар 54,2% қорғасын – 68,6% күкірт ангидриді – 17,2% азайды. Балқаш кен-металлургия комбинатында – 41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері – Юесе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлшері 1,8 есе қысқартылады. Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлық мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде. Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың косоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр. Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе асып кеткен, ал азоттың косоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық өндіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін төмендеген. Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы: Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылған. Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сонымен,балалар,сабағымызды қорытындылай келгенде, бүгінгі таңда 1. Қандай мәселе маңызды, өзекті болып отыр? 2. Табиғатқа жақын болу керек дегенді қалай түсінесіздер? 3. Аясы кең, мағынасы терең аялы да саялы табиғатымызды қалай қорғап, аялап жүрміз? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, мына кестені толтырайық. Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
21 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
|||||
|
Күні |
|
|||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғаттағы күштер |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды табиғаттағы әр түрлі күштермен таныстыру және теориялық материалдарды іс жүзіндегі жұмыстармен ұштастырып отыру |

||||||
|
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||

Сергіту сәтін ұйымдастыру Балалар көздерін жұмады. -Сендердің жүректерің –сендердің жарқыраған күндерің, ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісіңдер.Ал,қане жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге,аға әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға,барлық адамзатқа, келген қонақтарға,маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға , бәріне –бәріне жіберейік. Ал енді көздеріңді ашыңдар,жымиыңдар және осы сезімдеріңді , қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар. Әр түрлі фигуралар арқылы сыныпты топқа бөлу

Ой ашар “Біле бер қанша білсең - тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле - біле”
Ж. Баласағұн “Ой қозғау” «Күш» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Табиғатта әр түрлі күштер кездеседі. Күш денелердің қозғалуына әсер етеді. Егер сіз партаның үстіндегі кітапты жай қозғасаңдар ол бірден қозғала қоймайды. Оған себеп болған үйкеліс күшінің әсері. Егер кітапты қатты қозғасаңыз ол бір бағытта сырғанай бастайды. Үйкеліс күшінің әсерінен кітап біраз жерге барып тоқтауы мүмкін. Яғни үйкеліс кез келген дененің қозғалуын тежейді немесе оны тоқтатады.Кез келген дененің үстіңгі беті біз ойлағандай теп тегіс бола бермейді. Оны микроскоп арқылы байқауға болады. Дененің беті бұдыр болып келсе үйкеліс күші жоғарылайды. Сондьқтан да қағаз бетіне қаламсаппен жазғанда оның ізі қалады, ал әйнектің бетіне жазсаңдар, оған жазу түспейді. Себебі оның беті өте тегіс, үйкеліс күші өте аз. Бәтеңкелеріңнің табанына қарап көріңдерші, нені байқайсыңдар. Неге табандары бұдыр-бұдыр болып келген? Не себепті? Ал мұз айдынындағы сырғанақ тебушілердің конькиінің табаны тегіс болады. Себебі үйкелісті азайтып тез козғалу үшін қажет. Үйкелісті азайтудың бірден-бір жолы арнайы майды жағу. Мысалға, жұмыс істеп тұрған машинаның тетіктері шыдамды болуы үшін, бірін - бірі үйкелеуден сақтау үшін ұдайы майлап отырады. Егер сендер бір нәрсені қолдарыңнан түсіріп алсаңдар, ол әрдайым жерге құлап түседі. Бүндай күшті тартылыс күші деп атайды. Тартылыс күші болмаса жер бетіндегі денелер (ағаш, үй, адам, жануар) ғарыштық кеңістікке ұшып кеткен болар еді. Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын ғалымы Исаак Ньютон Бүкіләлемдік тартылыс Заңын ашты. Тартылыс күші Күн жүйесіндегі ғаламшарларды Күннің айналасында өз орбиталарында ұстап тұр. Тартылыс күші Жер атмосферасында ұстап тұр. Бұдан басқа көптеген процестер тартылыс күшіне байланысты болады.
1. Күш дегеніміз не? 2. Табиғатта қандай күштер бар? 3. Күш ұғымы қалай пайда болды? 4. Күштің маңызы қандай? 5. Үйкеліс күші дегеніміз не? 6. Тартылыс күші дегеніміз не? Пайымдаулар дұрыс па?
1.Қандай да бір күш
тартса немесе итерсе ,денелер қозғалады? 5.Дененің өзінің қозғалыс бағытын сақтамайды?
Күш сөзіне сөйлем құраңдар |
Жауап береді
Оқушылар сын тұрғысынан ойлана отырып, күш сөзіне , табиғаттағы күштер туралы өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады 1-топ – Күш 2-топ – Үйкеліс күші 3-топ -Тартылыс күші Топтық талдау жұмыстары «Қонақ кәде» әдісі арқылы әр топтың оқушылары бір-біріне қонаққа барып, өз топтарының тапсырмаларын бір-біріне баяндап және түсіндіріп береді.

Оқулық
|
||
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
||
22 – сабақ

Жыл мезгілдері туралы түсінігін нақтылау. Ауа райын салыстыру. |

Шаттық шеңбері. Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін, Баршаңызға Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін!

Жыл мезгілдері туралы жұмбақтар.
1. Қар кетіп, қыр көгерді, Қыс қиқуы көбейді. Жерге дән сеуіп, Қорадан жас төл өрді. (Көктем) 2. Күн ысып, су жылынып, Егін басын тұр иіп. Жеміс тердік бақшадан, Жеңімізді түрініп.(Жаз) 3. Дала тегіс сарғайды, Шаруа қысқа қамданды. Күн қысқара бастады, Тауға тұңғыш қар жауды.(Күз) 4. Сұлық жатыр ақ дала, Сирек жортқан аң ғана. Көтеріп бір аяғын, Қаздарым тұр аулада.(Қыс)
Жыл мезгілдері. Бір жылда төрт мезгіл - көктем, жаз, күз және қыс бар.
Көктем айлары – наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды.
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталады, қыркүйекке дейін созылады. Шілде - ең ыстық ай. Тамызда кейде жаңбыр жауады.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыстың ең суық айы – қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады. Үлестірме қағазы (көп нүктенің орнына керекті сөздерді койып жаз.) Көктем .......... . ............ күн ыстық болады . Қыста ............... . ........... жаңбыр жауады. ................. жапырақтар сарғаяды. ............. құстар ұшып келеді. ........... аяз, боран болады. Маған ............. мезгілі ұнайды.
Суретпен жұмыс.Сурет бойынша әңгіме құрастыру. |

23 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатта демалудың адам үшін пайдасы |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Табиғаттың пайдасын түсіндіру |

Тапсырма. Берілген иллюстрациялар мен тірек сөздер арқылы тақырыпты болжа.
Постер құра.
Екі сағат табиғат аясында уақыт өткізу – денсаулыққа пайдалы.
Ғалымдар табиғат аясында уақыт өткізудің
психикалық және физикалық пайдасы бар екенін дәлелдейтін тағы бір
зерттеу жүргізді. Мамандардың айтуынша, аптасына бір рет екі сағат
табиғат аясында уақыт өткізу денсаулыққа пайдалы, деп жазады The
Guardian басылымы. «Саябақта, орманда немесе жағажайда уақыт
өткізудің денсаулыққа пайдалы екені бұрыннан белгілі. Дегенмен,
ғалымдар жүргізген жаңа зерттеу алғаш рет табиғат аясында қанша
уақыт өткізудің пайдалы екенін анықтады. Табиғатта өткізген екі
сағат бес күн қатарынан жеміс-жидек жеумен немесе аптасына 150
минут физикалық жаттығу жасаумен пара-пар. «Зерттеуге Анлиядан 20
мың адам қатысты. Зерттеуді Эксетер университеті Медицина
мектебінің мамандары жүргізді. Екі сағат табиғат аясында уақыт
өткізу жастар үшін де, қарттар үшін де бірдей пайдалы болып
шыққан. |

24 - сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Жайық өзенінің экологиялық жағдайымен таныстыру |

Жайық
өзенінің экологиясы |

25 - сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғат байлықтары |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Балаларды табиғат байлықтары (өсімдіктер, өзен- көлдер, пайдалы қазбалар) туралы білімдерін кеңейту. |

Шаттық шеңбері. Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн, өсімдіктер, жан-жануар,жәндіктер Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! Өте жақсы! - Қанекей балалар, енді барлықтарың орындарыңа жайғасып отырыңдар.

-Балалар мына экрандағы суретке назар аударайықшы. -Суреттен нені көріп отырсыңдар?
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Ауа-райы қандай болады? -Күн суытып,жаңбыр жиі жауады.Жапырақтар сарғайып түседі.Адамдар қыс мезгіліне дайындалады.
Бұл суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген екен? (күзгі табиғат көрінісі) -Балалар табиғат дегеніміз не? -Бізді қоршаған орта табиғат -деп аталады. Ол жазира дала,биік таулар,көгілдер,жан-жануарлар,құстар т.б. -Кәне атайықшы. -Дұрыс айтасыңдар балалар осылардың бәрі табиғат деп аталады.
Мына суретке қарайықшы,ну орман,ағып жатқан мөлдір тұнық су, аққулар көлде шомылып жүр,қандай керемет табиғат. Орманда нелер мекендейді. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Ал,енді экранға қараймыз.балалар сендерге өзені мен көлі жоқ,аңы мен құсы жоқ,шөбі жоқ,тып тыныш орман ұнайды ма?
Ойын: «Табиғатты қорғай білеміз бе?»
-Жолда ағаштан құлап түскен балапанды көрдім. Балаларды балапанды көруге шақырамын. Ал, сендер не істер едіңдер?
-Саяхаттан қайтарда бізде бірнеше
босаған ыдыстар қалып қойды. Ал, сендер не істер едіңдер?
Слайд арқылы суреттерін көрсету. Бұл жануарларды балалар біз «Жабайы аңдар» деп атаймыз. Жабайы аңдар елсіз далада болады. Өз азығын өзі тауып жейді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Ал аюға келетін болсақ, орманда мекендейді. Жеміс – жидектерді теріп жейді. Ойын: «Ғажайып алаң» Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту,сөздік қорын байыту,өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Көрнекілігі: Ғажайып алаң,суреттер,үлестірмелі материалдар, Ойынның шарты: Барабанда түрлі ұяшықтар берілген.Барабанды айналдыру арқылы тапсырманы орындайды. Және жауап беруі түрлі көңіл-күй бейнеленген смайликтермен бағаланады.Кімде көп күлімсіреген смайлик болса сол келесі айналымға өтеді. Тақтада үй және орман бейнеленген сурет тұрады,балалар үстелдің үстінде әртүрлі жануарлардың суреті тұр.Сол суреттерді алып, өзіне тиісті үйлерін тауып, қояды.
Сергіту сәті: Ауаның адам үшін, өсімдік, жан-жануар, табиғат үшін маңызы зор екенін білдік. Сондықтан, айналамызды ластамай, таза ұстауымыз керек. Үйдің ауасын тазартып тұруымыз керек. Себебі, лас ауа зиян. Ойын: «Экологиялық көмек» Шарты: Қоқыс жәшіктерінің сыртындағы суретіне қарап, қоқыс бейнеленген суреттерді тастау керек.
Қорытынды: -Сонымен табиғатсыз ешбір тіршілік болмайды, сондықтан біз табиғатты аялап, қорғап, суға түкірмей, ластамай, ағашты сындырмай, құстарды атпай, ауаны ластамай болашағымызға жақсы көзқараспен өмір сүруіміз қажет. -Балалар ,жарайсыңдар барлығың бүгінгі оқу қызметіне белсене қатыстыңдар. Еліміздің «Жас экологтары» деген атқа лайықсыңдар.Мына алқаны сендерге беремін. Бүгін сендер ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. |
Жауап береді
Күзде жемістер мен көкөністер піседі,егін жиналады. .
аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік, аң, құс, адам,
Балалар қимыл-қозғалыс жасайды
-Балалар алқаны тағып қуанады.

26 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатты тиімді пайдалану |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Ақпараттық технологиялар арқылы табиғатты қорғау туралы мәлімет алу, меңгерту, танымдық қабілеттерін арттыру. |

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату

Ұйымдастыру кезеңі. 1. Мұғалімнің сөзі. 2. Ой қозғау. Әр топтағы оқушыларға сөз бөліктері таратылады. Оқушылардың міндеті әр сөзді мағынасына қарай жинап, сөйлемдер құрастыру. Әр топтан спикерлер жауап береді. Интербелсенді тақтадан слайдтар,бейнефильм көрсету. Дұрыс жауабы: «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ». Мағынасы адамдар мен табиғат бір – бірімен тығыз байланысты. Сондықтан біз табиғаттың қамқоршысы, қорғаушысы болуымыз керек. Адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат біздің асыраушымыз, біз барлығын табиғаттан аламыз.Сондықтан табиғатты зиянды заттардан сақтап, оған күтім жасауымыз керек. Табиғаттың тілі жоқ, яғни оны адамдар аялап, қорғау керек. (Оқушылардың пікірлерін тыңдау). Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. - Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болу мүмкін? -Бүгінгі сабағымыз табиғат қорғау жайында болмақ. -Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білгілерің келеді? Мақсатымыз не? -Табиғат, табиғатты қорғау, оған қалай көмектесу керектігі жайлы білу. (Оқушылар мақсатқа өздері шығады) Бекіту тапсырмалары Топпен жұмыс.Топтасып жұмыс істейді. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаларды орындау барысында айтатын ойларын қағаз бетіне түсіре отырып, жұмыстарын қорғауға дайындылады. 1 топ тапсырмасы: Берілген мәтінді оқып, топ ішінде талдап, «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыбын ашу. Бізді қоршаған орта-табиғат. Жан-жануарлар мен өсімдіктер, орман-тоғайлар, өзен мен көлдер, жер мен ай, күн мен жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғатқа жатады. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап,өзен мен көлдердің, қоршаған ортаныңластанбауына ерекше мән берген. Табиғат пен адамды бір-бірінен бөлуге болмайды . Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алады. Табиғатқа ешқашан зиянын тигізбеген.Адамдар табиғатты сақтау керек және табиғат байлықтарын қорғауға міндетті. Табиғатты қорғау дегеніміз-адамның өзін-өзі қорғау.Табиғат – бұлтіршілік.Сондықтантабиғатқаадамдарқамқор болу керек. Ендеше осы табиғаттықорғаудыңжолдарыкөп.Мысалы: табиғиорындысақтау. Ауаны, судыластамау.Табиғаттыаялапұстау, бүлдірмеу. 2 топ тапсырмасы: «Қоршаған ортаның табиғатқа әсері және экологиялық жағдай қандай?» деген сұраққа топпен жауап беру. Алғаш рет экология деген ұғымды ғылымға неміс ғалымы Фрнест Геккель енгізді. Экология гректің үй, мекен, тұрақ және ілім деген сөзінен шыққан. Ол бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақтау керек. Экология өсімдіктер, жануарлар әлемін сақтап, қорғауды талап етеді. Экололгия таза болу үшін адамдар қоршаған ортаның тазалығын сақтау керек. Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.Сондықтан ауаластанады. Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды. Мысалы, су жағасына қоқыс төгеді. Сол себепті су ішуге жарамсыз болып қалады.Бүгінгі таңда экологиялық мәселе бүкіл әлемдік мәселеге айналуда.
3 топ тапсырмасы: Ақпараттық технологияның, яғни ғаламтор көмегімен табиғатқа байланысты мәлімет табу. Әр топ жұмыстарын қорғайды. Тақырып бойынша түйін сөздерді, ойларын интербелсенді тақтада жазады. (Жазба жұмысы) Сергіту сәті Дауыл тұрды, жел соқты Бұлт қаптады аспанды. Күн күркіреп шатырлар. Жаңбыр жауды тарсылдап. Кемпірқосақ көрінді Жаңбыр аздап басылды Артынан күн де ашылды.
«Еркін хат». Табиғаттан адамзатқа хат жазу. РАФТ стратегиясы. Бұл тапсырма РАФТ стратегиясы деп аталады. РАФТ-стратегиясы. Хат жазуР-жазатынның рөлі / жансыз нәрсе, тарихикейіпкер, шығарманың авторы,т.б. /А- кімге жазылатыны Ф- түрі / хат, пікір,эссе, жарнама, т.б/ Т- тақырыбы/ (5 минут) Өздеріңді табиғаттың адамнан басқа бір бөлшегі ретінде сезініп, су,өсімдік, жануарлардың атынан адамзатқа хат жазасаңдар. Хат былай деп басталады. Адамзат! Мен де сен сияқты тіршілік иесімін. Өсемін, өмір сүремін, адамдарға пайдам тиеді. Сондықтан... Өздеріңе берілген кілтті сөздер арқылы хатты аяқтаңдар. 1 топ:Су-бұлақ, өзен, көл, теңіз таза су, ластама, қоқыс, тіршілік жоқ,
2 топ: Өсімдік –гүл, ағаш жұлма, мені күтіп бапта, сындырма, 3 топ: Құстар мен жануарлар азайып барамыз, атпаңдар,
Әр топ өздері жазған хатты оқып, қорытынды жасайды. Қорытынды сөз: Адамдар табиғатты қорғап, аялай білу керек. Өйткені адамдар барлығын табиғаттан алады. Яғни табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты. |

Қорытындылау: Интербелсенді тақтамен жұмыс (2 минут) Табиғат пен Адам Қажеттіліктерін табу. 5 жолды өлең құрастыру. «Синквейн»
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
27 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Тест жұмысы |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Тест тапсырмаларын орындау |

Тест 1) Жоғары сатыда қандай өсімдік өседі?
2) Балдырдың қанша түрі бар?
3) Үрмебұршақ қанша күнде өседі?
4) Гүл қанша бөліктен тұрады?
5) Тозаңдану деп нені айтамыз?
6) Әлемде ең ірі тұқым қай жоғары сатыдағы өсімдікте?
7) Сейшел пальмасының тұқымы қанша киллограм?
8) Қандай өсімдік жабысқақ?
9) Алып энтода тұқымы Оңтүстік Америкадан Еуропаның Солтүстігіне дейін мұхит арқылы қанша киллометр жүрзіп өтіп өсіп өнген?
10) Қызыл кітапқа өсімдіктің қанша түрі енгізілген?
11) Норвегияның солтүстігінде, Солтүстік полюстен небәрі қанша км жерде Әлемдік тұқым қоры бар?
12) Мүк қандай жерде өседі?
13) Мүк қайсы сатыдағы өсімдікке жатады?
14) Жеуге жарамды балдырдың аты қандай?
15) Тұқым қалай таралады?

28 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Саябаққа серуен |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауамен демалу. |

29 – сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғат және ақындар |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Табиғат жайлы жырлаған ақындар туралы мәліметтер келтіру |

Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір
үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының өмір сүретін
ортасы. Оны әлем классик ақындарының бәрі де жырлаған. Дәуірі мен
ортасына, өзінің жеке басының көңіл - күйіне байланысты әр ақын
өзінше жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші
біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл - күйін
суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың төрт мезгілі
жайлы өлеңдері ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан
кездерінде 1886 - 1890 жылдар аралығында
жазылған.
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам
өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір
сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де,
табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл
мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап
аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің
өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің
иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз
кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің
жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар
қонар. |

30- сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Мен және табиғат» шығарма |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Шығарма жазу |

Оқушылар шығармашылық жұмыспен айналысады
Табиғат – тіршіліктің тал бесігі. Осы табиғаттың мейіріне бөленіп, адамзат ғұмыр кешеді. Табиғат адамға пана болумен ғана емес, ғажайып көркемдігімен де тамсандырады. Шыңында мәңгі қар тұрақтаған ақ бас таулар, сылдырап аққан өзен, жаз келсе, жапырағы жайқалып шыға келетін ағаштар, жерге төселген кілемдей жап-жасыл шөп еріксіз езу тартқызады. Кең даланы нұрға бөлеп, арай төккен таң шапағының көрінісі ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Табиғаттың бізге берер байлығы ұлан-асыр. Жер астынан алынатын қазба байлықтарын айтпағанда, күнделікті ішіп жүрген мөлдір суымыз, тіпті жеп жүрген нанымыз бен тамақтарымыздың өзі — табиғат-ананың бізге берген игілігі. Иә, демек, табиғат – біздің анамыз. Ал біз –табиғаттың перзенті, оның бір бөлшегіміз. Табиғат пен біздің арамызда ежелден тығыз байланыс қалыптасқан. Біздің табиғаттан бөлек өмір сүруіміз мүмкін емес. Табиғат – адамзаттың тал бесігі. Солай бола тұра, табиғатқа пайдадан гөрі зиян келтіретін өгейлік көрсетіп жүрген перзенттері аз емес. Далаға кішкентай қоқысты тастай отырып, біз табиғатқа орасан зиян келтіреміз. Ал одан да зорын жасап отырған адамзат табиғатты да бір сәт естен шығармағаны жөн. Сансыз көліктерден, зауыттардан шығатын шығатын түтіндер ауамызды күн сайын ластай түсуде. Бұлар адамзат игілігі үшін жасалып отырса да, табиғатқа келтірер зиянының ұшан-теңіз екенін ұмытпауымыз керек. Ағын суға ойланбастан қоқыс тастай салатын адамдар да бар. Осының бәріне табиғат-ана үнсіз қарап, бізге пана болуын доғарған емес. Адамзаттың қолдануы үшін барынша табиғи нәрселерді ойлап табу – табиғаттың адамзаттан күтетін үміті. Біз табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреміз. Сондықтан табиғатқа зиян келтірмей, оны көркейтуге үлес қосуымыз керек. «Бір тал кессең, он тал ек» деп дана халқымыз айтқандай, табиғатты көркейту, оған зиян келтірмеу – адамзат алдында тұрған ұлы міндет! Ойымды мына жолдармен аяқтағым келеді: Табиғат – тал бесігі адамзаттың, Көркіңе көзім тоймай, таңдай қақтым. Бар байлығын бересің перзентіңе, Табиғат, панамды да сенен таптым. Бағала, табиғатты , ей, адамзат, Келтірме зиян оған, жетер, тоқтат! Табиғат – ол бір анаң мейірімді, Таппайсың қазынаны одан қымбат! |

31 - сабақ |
|||||
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Экологиялық орталыққа бару |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Экологиялық мәселерді шешудің маңызын түсіндіру |

Психологиялық ахуал тудыру.
Қорқытпаймыз
құстарды,

Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу: (логика)
-экология дегенді қалай түсінесіндер? Экология туралы ұғым. Ағзалардың бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі ағзалар өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді. Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді. Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз. Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін ағзаларды зерттейді, олардың басқа ағзалармен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.
Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық, Қәне қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып алайық
Суреттерді кесте бойынша бөлу.
Пластик Қағаз Тамақ қалдықтары Басқа қалдықтар Әріптерді орнына қойып сөздер құрастыр. Сол сөздермен сөйлемдер құрастыр. ЭЛОКОИГЯ РТОА ШАНҚОРҒАН ЖААРНУ ТАРҚҰС БАТАРЛЫҚ УАА ЕРЖ ПЫРАҚТО УС
Үй жұмысы: « Қоршаған ортаны бұзатын факторлар» постер құру |
Жауап береді
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау,
|
Оқулық |
|
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
32-33- сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғат жайында мақал-мәтел жарысы |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Шығармашылыққа баулу |

Адамның табиғатсыз күні
жоқ, |
Жауап береді
|
Тапсырманыорындағаноқушынымадақтау,
толықтыружасау, |
Оқулық |
|
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
34 - сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Алтын қақпа» ашық сабақ |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, жылдам ойлауға машықтандыру. |

Әнұран айтылады. Құрметті қонақтар армысыздар, Бәріңіз де есен сау бармысыздар. Ән шырқаймыз, би билейміз бәріміз, Шын көңілмен сый ретінде алыңыздар.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, жанкүйерлер бұл күнде біз сіздермен интеллектуалдық сайыс-ойынының куәгері бола аламыз. Сайысты басталмас бұрын әділ-қазы алқасы осында отырған жанкүйерлерге қатысушыларға тілектерін білдіруін сұраймыз. (2-3 оқушыға) Рахмет! Қатысушыларға өз атымыздан ниетімізді келесідей өлең жолдарымен білдіргім келеді. Көсемі болып ғасырдың Шешені болып ғасырдың Шәкіртім, мықты білім ал! Талант пен өнер асырғын Көшбасшысы бол ғасырдың! «Топтың жүйрігі жеңіске жетсін!»
Жарысымызды бастамас бұрын қатысушы топтар «Тапқыр болсаң талас жоқ» атты блиц-турнирден өтуі шарт. Мұнда әр топқа өздері өтетін пәндерден (ана тілі, қазақ тілі, математика, музыка, еңбек, бейнелеу, дүниетану) сұрақ қойылады. Сұраққа тек сол топ оқушылары ғана жауап береді. Егер өзге қатысушылар, қонақтар, не жанкүйерлер тарапынан шарт бұзылса сол жауап саналмайды. Әділ жеңіп шыққан топ қақпаны бірінші ашуға мүмкіншілік алады.
І топқа 1 – ана тілі: «Кел балалар оқулық» өлеңінің авторы (Ыбырай А.) 2 – дүниетану: Ұя салмайтын құс (көкек) 3 – музыка: Хор ненің атауы (бір топ бірігіп ән айтуы) 4 – қазақ тілі: Заттың қимылын білдіретін сөз тобы (етістік) 5 – еңбек: Композиция дегеніміз не (ою-өрнек белгілі-бір ырғ/үйлесіммен орналасуы) 6 – бейнелеу: Натюрморт дегеніміз не? (франц.тілі)
ІІ топқа 1 – дүниетану: Орман дәрігері аталған құс (тоқылдақ) 2 – қазақ тілі: Заттың сынын білдіретін сөз тобы (сын есім) 3– ана тілі: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай) 4 – музыка: «Стокатто» д/з не (әннің тез ойнақы айтылуы) 5 – еңбек: Ырғақ д/з не (өрнектің белгілі бір эл. қайталануы) 6 – бейнелеу: Жапсырмалау қалай оырндалады? (қиындылардан)
Жеңімпаз топ, Тас қақпаны ашады «Сөздің көркі мақал» Бұл кезеңде мен сіздерге мақал оқимын және оның ішіндегі бір сөзді тастап кетемін, соны сіз тауып айтуыңыз керек. Бұл кезең 10 мақалдан тұрады, тек жалау көтерген топ қана жауап беруге мүмкіншілік алады.
1. Дені саудың ... сау (жаны) 2. Отан - ... басталады (отбасынан) 3. Ер елінде, гүл ... (жерінде) 4. Кітап – алтын ... (қазына) 5. Оқусыз білім жоқ, білімсіз ... жоқ (күнін) 6. Көз қорқақ, қол ... (батыр) 7. Не ексең, соны ... (орарсын) 8 .Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса ... (жер ырысы) 9. Еңбектің наны тәтті, еріншектің ... тәтті (жаны) 10. Атаңа не қылсаң, ... сол келер (алдыңа)
Алуа - өзбек биі Ұпай санына қарай белгілі бір топ Күміс қақпаны ашады. Қақпаны ашқан топ тақырыптың кез-келгенін таңдауға мүмкіншілік алады.
Көрнекілік: Қазақстан картасы, Астана / Алматы, жалаулары
«Алматы» тақырыбын таңдаған топқа арналған сұрақтар (жалау артында)
«Астанаға» арналған сұрақтар
басталды?
«Достық әні» хормен
Алтын қақпа ашылды Логикалық ойындар Қазақ әні |

Қазақстан картасы, Астана / Алматы, жалаулары |
|
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
35-36 - сабақ
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қорытынды |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүю және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу. Оқушылардың табиғат жөніндегі ой - өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін арттырып, табиғатын сүюге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа. өзара сыйластыққа тәрбиелеу |

Мұғалім: Елбасымыз Н. Назарбаевтың 2030 жылғы
дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны
ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор
көңіл бөлгендіктен оңушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты
қорғауға тәрбиелеу, бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті
мәселелердің бірі».
сыныптар өздерінің экология| туралы жазған
рефераттарын қорғайды.
сыныптар өздерінің жазған суреттеріне түсінік
береді. |
Жауап береді
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, |
Оқулық |
|
|
Аяқталуы |
Кері байланыс.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату.
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015ж.
-
Можаева. О.И, Шилибекова А.С, Зиеденова Д.З : Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ / — Астана, 2016. – 48б.
-
«Мөлдір бұлақ» журналы 2008 ж.
-
Халық даналығы Б.Адамбаев Алматы Рауан1996ж.
-
Айголек» Танымдық балалар журналы Алматы 2012ж
-
Жасыл желек Ж.Қуан, Қ.Әлікұлова, 2004
-
Табиғат әлемі. 2008 ж.
-
Жануарлар әлемі. 2012 ж.
-
Айналадағы дүниені бақылау.К.Жүнісқызы Атамұра-2012ж.
-
Электсронды оқулық.Андриянова.Т.А,Беркало В.Н,Жакупова.Н.Ш.
-
Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков және т.б. биология, Алматы, 2007.
-
”Гүлстан” Республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журнал.
-
Қазақстанның қызыл кітабы
-
Ертегілер жинақ кітабы
-
Интернет көздері
-
Экология және табиғатты қорғау А. «Мектеп», 2002.
![]()
22
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
2 сынып жаратылыстану ҚМЖ

шағым қалдыра аласыз

Қоқыстырдың сақталу мерзімі, оларды жою
әдістері