400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2 сынып тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Білім беру ұйымының атауы: Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп

Сын есім. 59-63 жаттығулар

(сабақтың тақырыбы)

Педагогтің аты- жөні

Мирхадирова Камиля Миргалимовна

Күні

22.04.2026

Сынып: 2 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Cын есім 59-63-жаттығулар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату;

2.3.1.1 мұғалімнің көмегімен жеке сурет/ сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/ әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу.

Сабақтың мақсаты

Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады;

Сын есімдерді мәтіннен тауып, дұрыс қолданады;

Сурет бойынша шағын сипаттау мәтінін құрастырып жазады;

Тапсырмаларды өз бетінше, ретімен орындайды.

Құндылықтарды дәріптеу

Сәуір айы: ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК айы Дәйексөз:“Болашағы зор мамандықтар жоқ, болашағы зор мамандар бар”

Бірлік және ынтымақ

Өз ісіне мұқият болу және басқаларға көмек көрсету

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы 10 минут


Мұғалім оқушылармен амандасады, сыныпты түгелдейді, өткен тақырыпты еске түсіреді


Сыныпты ұяшықтар таңдау арқылы 3 топқа бөлу


Өткен тақырыпты еске түсіріп. Тапсырмаларды орындайды


Тақтада ұяшықтарды таңдап, өз тобына барады

Қол шапалақтау

Дескриптор:

1 балл

– Үй тапсырмасын дұрыс орындайды


Изображение 1

PPTX

“Wordwall”

платформасы арқылы өткен сабақты еске түсіру


Сабақтың ортасы

25 минут


ЖИ көмегімен жасалынған бейнеролик арқылы апта дәйексөзімен таныстыру

Онлайн тақта арқылы бейнеролик тамашалап, апта дәйексөзімен танысады


PPTX

SuperGrok

ChatGPT



Саралау: Мазмұнды саралау.

59-жаттығу бойынша жұмыс

Жеке тапсырма

Топ басшыларын ортаға шақырып, билет таңдауды ұсынады. Таңдалған билеттегі мәтін бойынша тапсырманы түсіндіреді. Оқушылардың жеке жұмысын қадағалап, қажет жағдайда бағыт-бағдар береді.

Топ басшылары келіп, билет таңдайды. Әр оқушы берілген мәтін бойынша тапсырманы өз орнында жеке орындайды.

Дескриптор:

1 балл – Берілген мәтінді дұрыс оқып, түсінеді.

1 балл – Мәтін бойынша тапсырманы жеке орындайды.



Изображение 1

Дәптер

Билет



Саралау: қарқын

Жұптық тапсырма

60-жаттығу бойынша жұмыс

Оқушыларды жұпқа бөледі. Әр жұпқа тапсырма парағын таратады. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіріп, сызба бойынша берілген зат есімдерге бірнеше сын есім тауып айтуды ұсынады. Жұптардың жұмысын бақылап, қажет жағдайда көмек көрсетеді.

Жұппен ақылдасып, берілген зат есімдерге қатысты сын есімдерді табады. Сызба бойынша сөздерді дұрыс байланыстырып, тапсырманы бірге орындайды. Дайын жауаптарын жұппен айтады.

Дескриптор:

3 балл

1 балл – Берілген зат есімдерге сәйкес сын есімдерді табады.

1 балл – Сөздерді сызба бойынша дұрыс байланыстырады.

1 балл – Жұппен бірлесе жұмыс жасап, жауаптарын ұсынады.Изображение 1



Сергіту сәті

- • Оқушыларға сергіту сәтінің басталатынын хабарлайды.

• Экран арқылы қысқа әрі көңілді бейнероликті қосады (қимыл-қозғалысқа арналған).

• Оқушыларға видеодағы қимылдарды қайталауды ұсынады.

• Қауіпсіздік ережесін еске салады (арақашықтық сақтау, бір-біріне кедергі келтірмеу).

• Қимылдарды бірге көрсетіп, оқушыларды ынталандырады.

• Бейнежазбаны мұқият қарап, берілген қимылдарды қайталайды.

• Белсенді қатысып, дене жаттығуларын орындайды.

• Қимылдарды дұрыс жасауға тырысады.

• Сергіту сәтіне қызығушылықпен қатысады.

Мақтау, мадақтау сөздерін қолдану

Бейнежазба



Топтық тапсырма

62-жаттығу бойынша жұмыс

Оқушыларды топтарға бөледі. Әр топқа жемістің суреті бейнеленген постер таратады. Тапсырманы түсіндіріп, берілген жемісті сипаттап, топпен постерге топ құрамын және сол жеміс туралы мәтін құрастырып жазуды ұсынады. Топтардың жұмысын бақылап, бағыт береді

Топ мүшелері берілген жемістің түрін анықтайды. Жемістің түсі, дәмі, пайдасы, түрі туралы ақылдасып, постерге жазады. Бірлесіп сол жеміс жайлы мәтін құрастырып, топ атынан қорғайды.

Дескриптор:

3 балл

1 балл – Жемістің негізгі белгілерін (түсі, дәмі, түрі, пайдасы) анықтайды.

1 балл – Постерге сауатты және толық ақпарат жазады.

1 балл – Жеміс туралы мәтін құрастырып, топпен таныстырады.Изображение 1


Оқушыларға онлайн тақтадағы «Қате – Дұрыс» ойынының тапсырмаларын көрсетеді. Орындалу жолын түсіндіріп, сөйлемдердің дұрыс не қате екенін анықтауды тапсырады. Оқушылардың жауаптарын бақылап, кері байланыс береді.

Қызыл – зат есім. (Қате)
    Дұрысы: Қызыл – сын есім.
Кітап – зат есім. (Дұрыс)
Үлкен үй сөз тіркесінде үлкен – сын есім. (Дұрыс)
Жол – сын есім. (Қате)
    Дұрысы: Жол – зат есім.
Тәтті алма сөз тіркесінде алма – сын есім. (Қате)
    Дұрысы: Алма – зат есім.
Жасыл ағаш сөз тіркесінде жасыл – сын есім. (Дұрыс)

Онлайн тақтадағы тапсырмаларды орындайды. Сөйлемдердің дұрыс немесе қате екенін анықтап, қате болса түзетіп жазады. Жауаптарын тақтада белгілейді.

Дескриптор (1 балл):

1 балл – Сөйлемдердің дұрыс не қате екенін анықтап, дұрыс жауап береді.

Изображение 1

Онлайн тақта


Сабақтың соңы 10 минут

Үйге тапсырма

63-жаттығу

Мақалды жатқа жаз. Мағынасын түсіндір.

Мәуелі ағашқа тас атпа.

Берекелі елден мереке кетпес.


Кері байланыс. «Ақылды робот» әдісі арқылы жүргізіледі.

Мақалдың

мағынасын

түсіндіреді







Кері байланыс

береді

- Барлығы түсінікті

- Сұрақтарым бар...

- Түсінбедім



Дескриптор:

Мақалды жатқа

жазады-1б












Оқушыларды бағалау













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қазан
69
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі