жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 6 сынып
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №10 жалпы орта мектебі КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тураева Дина Абдрашовна
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Жел энергиясы әлемде
2015 жылдың басындағы деректер бойынша барлық жел генераторларының қуаты — 369 гигаватт.
2010 жылы әлемнің барлық жел генераторларымен өндірілген электр энергиясының мөлшері — 430 терраватт-сағат (жер шары өндірген электр қуатының 2,5%-ы).
Кей елдер жел энергетикасына ерекше белсенділікпен дамытуда, атап айтқанда Дания жел генераторларының көмегімен барлық электр қуатының 40%-ын өндіреді; Португалия — 23%; Испания — 16%; Ирландия — 14%; Германия — 8%. Ал Қазақстанда — 0,5%.
2010 жылғы деректер бойынша Еуропада жел электр станцияларының 44%-ы шоғырланған, Азияда — 31%, Солтүстік Америкада — 22%.
Артықшылықтары:
-
Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;
-
Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;
-
Ластаушы қалдықтар жоқ;
-
Табиғи ресурстар үнемделеді;
-
Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;
-
Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;
-
Табиғаттың оттек қорын сақтайды;
-
Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.
Кемшіліктері:
-
Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады;
-
Пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді;
-
Жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес;
-
Үлкен аумақты қажет етеді;
-
Қымбат.
(158 сөз.)
https://7kun.kz/aza-standa-y-balama-energiya-k-zderi-zhel-energiyasy/
1-2. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, мәтіндегі мәселе мен шешімін жазыңыз.
|
Мәселе |
Шешімі |
|
|
|
[2]
3.Мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Олар әлеуметтік,экономикалық және экологиялық дамуға әсер етпейді.
В) Кей елдер жел энергетикасына ерекше белсенділікпен дамытуда.
С) Олар әлеуметтік,экономикалық және экологиялық дамуға әсер етеді.
Д) Олар тек қана әлеуметтік дамуға әсер етеді.
[1]
4.Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпартты белгілеңіз.
|
Мәтіндегі ақпараттар |
Шын |
Жалған |
|
|
А |
Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырмайды |
|
|
|
В |
Барлық жел генераторларының қуаты — 369 гигаватт. |
|
|
|
С |
Отын, электр қуатының шығындары қысқарады; |
|
|
[1]
4.Бос орынға қажетті сөзді
қойып сөйлемді толықтырыңыз.
/энергиясының, қуатының, генераторының/
Дания жел______________ көмегімен барлық электр қуатының 40%-ын өндіреді.
[1]
Оқылым
Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері
Бәйтерек. «Астана-Бәйтерек» монументі – Нұр-Сұлтан қаласының негізгі көрікті жерлерінің бірі және қаланың басты нышаны болып табылады. Қазақ тілінен аударғанда «Бәйтерек» теректі білдіреді.
Сулы-Жасыл Желекжол – Хан-Шатырдан «Ақ Орда» Президенттің резиденциясына дейін созылған бұл желекжол қызықты қалалық пейзаждарды көру үшін ең әдемі жаяу жүру аймағы болып табылады. Бұрқақтар, өнер туындылары, мейрамханалар, шағын дәмханалар, дүкендер – осының бәрін Сіз осы жерден таба аласыз.
Қазақстанның Ұлттық мұражайы – Орталық Азиядағы ең жас және үлкен мұражай болып табылады. Ұлттық мұраны зерделеу мұражай құрылымы ғылыми-зерттеу институтымен көрсетілген. Сонымен қатар, балалар мұражайы, балалар көркем орталығы, екі көрме залы, жаңғырту шеберханалары, зертханалар, кәсіби қоймалар, оқу залы, конференц-зал, кәдесый киоскілері бар ғылыми кітапхана орналасқан.
«Астана Опера» театры. Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры өзінің салтанатымен таңғалдырады. Ғимараттың ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрі сахна аумағын алады. «Астана Опера» өзінің ауқымы үшін ғана емес, сәулет талғампаздығы үшін де әсерлі. Ол әлемдік сәулеттің үздік классикалық дәстүрлерін ескере отырып салынған, сонымен бірге, театр сәулетінде қазақтың ұлттық нақыш бейнеленген. Театрдың Үлкен залы 1250 орындық, ал Камералық зал – 250 орынға арналған.
(168 сөз)
https://nu.edu.kz/kk/biz-turaly/halyqaralyq-yn
1.Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А. Мұражай,зертхана,монумент.
В. Отбасы, мемлекет, Отан
С. Дәстүр, салт, тарих
Д. Аңыз, ертегі, әңгіме
[1]
2.Берілген тірек сөздерді суреттермен салыстырыңыз.
|
Мәтіндегі ақпараттар |
Жалған |
||
|
А |
«Астана-Бәйтерек» монументі |
1 |
|
|
В |
Сулы-Жасыл Желекжол |
2 |
|
|
С |
Қазақстанның Ұлттық мұражайы |
3 |
|
|
Д |
«Астана Опера» театры. |
4 |
|
[1]
3.Мәтіндерді оқыңыз. Мәтіннің стилдік ерекшелігін азыңыз
_____________________________________
[1]
4.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1,2,3).
|
Мәтіндегі ақпараттар |
Реті |
|
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры өзінің салтанатымен таңғалдырады. |
|
|
Орталық Азиядағы ең жас және үлкен мұражай болып табылады. |
|
|
Қазақ тілінен аударғанда «Бәйтерек» теректі білдіреді |
|
5. Астананың мәдени жерлерін жазыңыз.
[1]
![]()
Жазылым
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап,эссе жазыңыз.Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып,қосымшаларды дұрыс жалғаңыз,жазба жұмысыңызда есімдік түрлерін,етістік шақтарын,сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1.Өлкеміздегі Үстірт қорығы .
2.
Экспо - 2017 көрмесі -
елдіктің ерен жеңісі.
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап,жұбыңызбен диалог құрастырыңыз.(6-8 сөйлем) Диалог құрауда тура және ауыспалы мағыналы сөздерді сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
Ұсынылатын тақырыптар:
1.Энергияны қалай тиімді тұтыну керек?
2.«Қызыл кітаптың» мақсаты қандай?
3.Қазақстан қорықтары.
4.«Астана-мәдениет пен өнер ордасы».
[10]
Тыңдалым
|
Сұрақ |
Жауап |
Балл |
Жалпы балл |
|
1-2 |
Мәселе: Электр энергиясына сұраныс Шешім: жел энергетикасына ерекше белсенділікпен дамытуда |
2 |
5 |
|
3 |
В |
1 |
|
|
4 |
В |
1 |
|
|
5 |
генераторының |
1 |
Оқылым
|
Сұрақ |
Жауап |
Балл |
Жалпы балл |
|
1 |
А |
1 |
5 |
|
2 |
А-2 В-3 С-4 Д-1 |
1 |
|
|
3 |
Оқушының жауабы ескеріледі |
1 |
|
|
4 |
Оқушының жауабы ескеріледі |
1 |
|
|
5 |
Оқушының жауабы ескеріледі |
1 |
Жазылым
|
Балл |
Мазмұны мен тіл сапасы |
|
9-10 |
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап,эссе жазуда сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып,қосымшаларды дұрыс жалғайды,жазба жұмысында есімдік түрлерін,етістік шақтарын,сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады. (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. |
|
7-8 |
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап,эссе жазуда сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып,қосымшаларды дұрыс жалғайды,жазба жұмысында есімдік түрлерін,етістік шақтарын,сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады. (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
|
5-6 |
Эссе құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
|
3-4 |
Эссе құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері өте көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді. |
|
1-2 |
Эссе құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын. |
Айтылым
|
Балл |
Мазмұны мен тіл сапасы |
|
9-10 |
Тақырыпты және ойды жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
|
7-8 |
Тақырып және ойды жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
|
5-6 |
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездесед. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
|
3-4 |
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
|
1-2 |
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі. |
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген