2 тоқсан ТЖБ

Тақырып бойынша 14 материал табылды

2 тоқсан ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқудан 2 тоқсан ТЖБ
Материалдың қысқаша нұсқасы



ІІ тоқсан. 3 сынып. Әдебиеттік оқу ТЖБ 1-нұсқа


Күні __________ Оқушының аты-жөні:__________________

Орындау уақыты 40 минут

Тыңдалым және айтылым


Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.



Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне қойып жатып:


Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ кеткен соң ол ағасынан:

Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.

Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады, – деді ағасы. – Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.

Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып беретін болды. Сондай-ақ, ол күн сайын:

Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.


(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)



  • Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?


  • Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?


  • Болат нені әдетке айналдырды?


  • Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер.

[6]

Оқылым


  1. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.




Көне Отырар

Отырар – Арыс өзенінің оң жақ жиегінде орналасқан көне қала. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған.

Отырар қаласы сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың назары көп түскен. Отырарды Қайырхан басқарған әскерлер алты ай бойы моңғолдардан қорғаған. Басып алғаннан кейін жаулар қаланы түгел өртеп жіберген.

Қазір Отырар қаласының орны ғана бар.




Қаланың орналасқан жері

Халқының кәсібі

Тарихы





  • Отырар қаласына басқалардың назары неліктен көп түсетін?

_____________________________________________________________________


  • Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

_____________________________________________________________________

[5]

Жазылым



  1. Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, 1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.





Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. Ежелгі египеттіктер пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік!

Өткен күзде Сәкен ата-анасымен бірге Египетке демалуға барды. Ол алып пирамидаларды көріп, қатты таңғалды.



  1. ___________________________

  2. ___________________________

  3. ___________________________


[5]


Балл қою кестесі 1-нұсқа


Тапсырма



Жауап


Балл

Қосымша ақпарат












Білім алушының ықтимал жауабы:

1

Білім алушының




Бір күнді босқа жоғалттым/Жоғалған


сұрақтардың мазмұнына




күн/...





сәйкес баламалы, қысқа






және толық жауаптары




Адамның пайдалы іс жасамай, ештеңе

1




үйренбей өткізген күні/Ешқандай


қабылданады.




пайда келтірмей, жаңа нәрсе





1


үйренбеген күнді жоғалған күн






дейді/...









Ағасына

күні

бойы

жасаған

1





әрекеттерін айтуды/ Ағасына сұрақ






қоюды/...









Мен өз күнімді жоғалтқан жоқпын деп

1

Сұраққа сәйкес дәлелді




ойлаймын. Себебі сабаққа ынталана


ой айтады.




қатыстым, өзім үшін көп жаңа нәрсе






1

Өз ойын жүйелі




үйрендім. Үйде анама көмектестім, өз


жеткізеді.




заттарымды жинастырып қойдым/...






1

Сөйлеу барысында тілдік









нормаларды сақтайды.


Жалпы балл






6


















Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша




ақпарат



Арыс өзенінің жағасында/Арыс өзенінің

1

Сұрақтың



оң жағында/...


мазмұнына





сәйкес баламалы,



Саудамен шұғылданған/

1


2

отырықшылықпен айналысқан/ күріш,


қысқа және



тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен


толық жауаптар



шұғылданды/...


қабылданады.



Қайырханның әскері алты ай бойы

1




жаудан қорғаған/ Жаулар қаланы





толық өртеп жіберген/Қазір





қаланың орны ғана бар/





Отырар сауда жолының ортасында

1




тұрған қала болды/ Ол ірі сауда





орталығы болды/





Отырар қаласының орнында қазіргі не

1

Мәтіннің



бар?/Моңғолдар Отырарды неліктен


мазмұнына



басып алғысы келді деп ойлайсың? /...


сәйкес басқа да





сұрақтар





қабылданады.


Жалпы балл

5






Тапсыр


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

ма №










3



1

Мәтіннің құрылымдық




бөліктерін анықтайды.








1

Мәтінді ретке келтіріп





жазады.






Білім алушының ықтимал жауабы:


Тапсырманың мазмұнына


1)

Египетке саяхат


сәйкес баламалы


2)

Алып пирамидалар

3

жауаптар қабылданады.


3)

Естелік сурет


Әр бөлікке сәйкес атауға





1 балл қойылады.






Жалпы балл


5













ІІ тоқсан. 3 сынып. Әдебиеттік оқу ТЖБ 2-нұсқа


Күні __________ Оқушының аты-жөні:__________________

Орындау уақыты 40 минут

Тыңдалым және айтылым


1-тапсырма: Тыңдалым және айтылым

МShape1

Отбасы мүшелерінің барлығы жинақылықты, нақтылықты жақсы көреді. Тек Талғат қана ылғи кешігіп жүреді. Әке-шешесі дастарқанға шақырған кезде:

- Қазір, бір минуттан кейін барамын, -деп Талғат кітабын оқи беретін.

Бұл оның әдеттегі жауабы еді. Үнемі осылай болатын: Оны шақырғанда немесе бір нәрсені істеуді өтінген кезде ол: «Бір минут күте тұрыңызшы» деп тостырып қоятын.

Әкесі оған:

- Сен уақытты қадірлеуді қашан үйренесің? –дейтін.

- Бір минут деген көп уақыт па?- деп жауап беретін Талғат.

Бір күні мектепте шаңғы жарысы өтті. Талғат шаңғыны жақсы тебетін. Ол өзінің бірінші болып келетініне сенімді еді. Бірақ бұл жолы жеңімпаз бола алмады. Сыныптасы одан бір минутқа озып келді. Екінші орын алған Талғат үйге көңілсіз қайтты. Жеңіліп қалғанын айтқан кезде, әкесі жымиып: - Қалай, балам, бір минут деген көп уақыт па екен?, - деді.

Бір минуттың қаншалықты маңызды екенін Талғат сонда ғана түсінді.

әтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.


























  • Талғат қандай сөзді айтуды әдетке айналдырды?

  • Әкесі қандай ескерту жасады?

  • Талғаттың жеңіліске ұшырауының себебі неде?

  • Талғат нені түсінді?

[6]

2-тапсырма Оқылым

Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.

Shape2

Отырар VIIІ ғасырдың басынан Фараб аймағымен белгілі болған. Қала ІХ ғасырдың өзінде-ақ ірі қала болған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. 1219 жылы Отырарға моңғолдар шауып, қала қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшырайды. Қазіргі уақытта Отырар бесбұрыш тәріздес төбе болып көрінеді.










Қаладағы мәдени орындар

1219 жылы болған оқиға

Қазіргі уақыттағы Отырар бейнесі







  • Отырар немен белгілі болған?

__________________________________________________________________

  • Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

[5]

3-тапсырма Жазылым

Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, 1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.

Shape3

Ағасы Мирасты мұз айдында коньки тебуге үйретті. Медеу спорт кешені жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Мұнда 170 әлемдік рекорд жасалған. Сенбі, жексенбі күндері Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конькишіні қабылдай алады. Мирас қысқы демалыста ағасымен Медеу спорт кешеніне келді.














  1. ________________________________________________________

  2. ________________________________________________________

  3. ________________________________________________________

[3]




Балл қою кестесі 2-нұсқа

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Білім алушының ықтимал жауабы:

1 минуттан кейін барамын.


1

Білім алушының сұрақтардың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптары қабылданады.

Уақытты қадірлеуді қашан үйренсің?


1

Талғаттың жеңіліп қалуының себебі, бір минутқа кешігіп келді.

1

Талғат бір минуттың маңызды екенін түсінді.

1

Сұраққа сәйкес дәлелді ой айтады

1

Өз ойын жүйелі жеткізеді.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы

6




Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Білім алушының ықтимал жауабы:

Қаладағы мәдени орындар аса ірі кітапханалар, мешіт-медреселер болған.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.

1219 жылы Отырарға моңғолдар шауып, қала қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшырайды.

1

Қазіргі уақытта Отырар бесбұрыш тәріздес төбе болып көрінеді.

1

Отырар VIIІ ғасырдың басынан Фараб аймағымен белгілі болған.

1

Отырар қаласының орнында не бар?

1

Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар қабылданады.

Барлығы

5




Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3


1

Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

Мирас қысқы демалыста ағасымен Медеу спорт кешеніне келді.

Медеу спорт кешені жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Мұнда 170 әлемдік рекорд жасалған. Сенбі, жексенбі күндері Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конькишіні қабылдай алады.

Ағасы Мирасты мұз айдында коньки тебуге үйретті.


1

Мәтінді ретке келтіріп жазады.

Білім алушының ықтимал жауаптары: лім

1) Медеуге саяхат

2) Әйгілі мұзайдын

3) Коньки тебу

3

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады. Әр бөлікке сәйкес атауға 1 балл қойылады.

Барлығы

5







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2025
62
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі