Ұйымдастырылған
ашық тәрбиелік сағаты
Мерзімі:03.04.18ж.
Тобы: «Айгөлек»
ересектер
Тақырыбы: «Елбасым-мақтанышым».
Мақсаты:Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы,
қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру,
президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды
Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа
тәрбиелеу.
Жылулық
шеңбері:
Аспанымыз ашық
болсын!
Деніміз сау
болсын!
Анамыз жанымызда
болсын!
Отанымыз тыныш
болсын!
- Балалар, бүгінгі тәрбиелік сағатымыз тұнғыш
президент, Отанымыз туралы . Тәрбиелік сағатымызда біз үш топқа
бөлініп отырамыз.
- Бүгінгі тақырыптық тәрбиелік сағатымыздың
тақырыбы: «Елбасым-мақтанышым».
Тәрбиелік сағатымыздың басында Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп
жіберейік./слайд/
Тосын сәт: Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ
көрінеді.
Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен
ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің
туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай
жақсы болды.
Тәрбиеші:
- Балалар, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас
бұрын өз тобымыз туралы айтып
өтейік.
1 -
топ. «Астана»тобы.
- Астана – Қазақстан Республикасының бас
қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының
президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын – сауық
орталығы бар.
2 -
топ. «Алматы»
тобы.
- Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының
бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық
кешені, 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы
бар.
3 -
топ. «Петропавл»
тобы.
- Петропавл –Қазақстанның ескі қалаларының
бірі. Оған 200 астам жыл Петропавл
қаласында С. Мұқанов атындағы Солтүстік
Қазақстан облыстың қазақ сазды-драма театры, Солтүстік Қазақстан
облыстың қуыршақ театры, Солтүстік Қазақстан облыстық Н. Погодин
атындағы орыс драма театры, мұражайлар мен кітапханалар
көп.
Томпақ:
- Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның
қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым
бар.
- Балалар, Отаныңыз қалай
аталады?
- Біздің Отанымыз – Қазақстан
Республикасы.
- Президентіңіз кім
?
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә.
Назарбаев.
- Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге
келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды
армандаған.
Аруана:
Елбасымыз
жолдайды,
Халқы оны
қолдайды,
Ешқашанда
орынсыз
Шешімдері
болмайды.
Елбасы елді
қооғайды
Халық қамын
ойлайды
Осындай жақсы
адамның,
Жақсылығы
тарайды.
Ұлпан:
Отан деген
–атамекен
Отан деген -туған
жер
Отан-ана,
Отан-үлкен
Қазақстан –туған
ел!
- Өте жақсы балалар, келесі менің білгім
келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер
ме?
Ислам:
- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту,
елтаңба, гимн.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Шәкен
Ниязбеков.
Айым:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және
Уәлиханов.
Арлан:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған
болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп
алайық.
Сергіту
сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Қазақ
жігіттері» әніне билейміз.
- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің
президенті, рәміздері жайлы барлығын
біледі.
- Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі
бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен
естелік жасап берейік.
«Астана» тобы- домбыраны
әшекелейді
«Алматы»тобы - ақ қағаздың ортасына күнді,
жан - жағындағы шуағына әр ұлттың суреттерін
жапсырамыз.
«Алматы» тобының балалары ақ қағазға күнді,
жан - жағындағы шуағына әр ұлттың өкілдерінің суреттерін
жапсырады.
«Петропавл» тобы - ақ қағазға трафаретпен
қазақтың ою - өрнектерін
басамыз.
«Петропавл» тобының
балалары
Трапаретты пайдаланып, губкамен қазақтың
ұлттық оюын жасайды.
- Томпақ, біз саған естелікке қазақтың
музыкалық аспабын береміз.
- Ал біз Қазақстанда барлық ұлттың
өкілдерімен тату - тәтті өмір сүріп жатқанымызды
бейнеледік.
Біз Томпаққа қазақтың ою - өрнектерін
сыйлаймыз.
Томпақ:
- Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып
тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып
кетемін. Сау болыңыздар!
Балалар Томпақпен
қоштасады.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк
байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш,
тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің
тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың
арқасында!
Осымен тәрбиелік сағатымыз аяқталды. Келген
қонақтармен қоштасайық. Сау
болыңыздар!
- Балалар, бүгін бізге қонаққа кім
келді?
- Томпақ бізге риза болды
ма?
- Томпаққа сыйлыққа не беріп
жібердік?
Балалар сұрақтарға жауап
береді