Материалдар / 3 – ТОҚСАН ТЖБ қазақ тілі 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

3 – ТОҚСАН ТЖБ қазақ тілі 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3-тоқсанға арналған қазақ тілінен ТЖБ жұмыстары 6-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
411
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы


Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі тыңдалым, айтылым, екіншісі оқылым, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.













Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамсы


Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты, мин

Балл

1-2

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.


Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 180-190 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) идеясын анықтайды.

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында жан-жақты тұжырымдап, көтерілген мәселені түсіндіреді. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіруі қажет. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікірін білдіреді. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін лексикалық бірліктерді көркемдік ерекшелігіне сай қолдануын бағалайды. Жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

5

5

3-4

6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

Ашық жауап, сәйкестендіру

Мәтіндерді оқып, ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

Мәтініндерден есімдіктерді ажыратып қолданады.

15

8

2

5

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу;

6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

Жазбаша толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Білім алушылар ұсынылған тапсырма бойынша жазба жұмысын орындайды. Стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазады.

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.


25

10

Барлығы

40 минут

30

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

І нұсқа


Тыңдалым және айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз.

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Мәтін бойынша басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріңіз.

[10]

А мәтіні.

Қазақстанның өзендері

Қазақстан өзендері Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, сығырлай аққан бұлақтар мен ұзынды-қысқалы өзендер, көлдер, бақтардағы бұлбұл құстардың әсем үні мен айдың көлдегі аққу құстың қиқулаған ғажап дауысы бәрі-бәрі табиғат ананың сізбен бізге берген тамаша тартуы. Сондай баға жетпес тартуының бірі саналатын Қазақстан өзендері екі су алабына бөлінеді. Бірі – Солтүстік Мұзды мұхит алабы, екіншісі – ішкі ағынсыз көлдер алабы. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер Сауыр, Тарбағатай және Алтай тауларынан Сарыарқа мен Оңтүстік Орал тауларының оңтүстік-шығысынан басталады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңтүстік-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол өңірлердегі өзен торының жиілігі басқа өңірлерге қарағанда жоғары. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарына басталады. Арал және Каспий маңы өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек келеді. Өзендердің көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Қазақстандағы ең суы мол Ертіс өзені. Оның республика жеріндегі ұзындығы – 1700 км болса, жалпы ұзындығы – 4248 км. Жоғары бөлігіндегі ағыны екі ірі су электр станцияларымен реттеліп, біраз бөлігі Ертіс Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Егінді суару қарқынды пайдалануының себебінен кейбір жылдары Аралға жетпей тартылып қалады. (188 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/2779

Ә мәтіні.

Өзен және олардың маңызы

Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді.

Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі. Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы, ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай. Өзен суы егістікті суаруға, шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар, арзан энергия көзі де болып табылады.

Су – құрлықтағы сұйық, қатты және газ күйінде болатын, бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын минерал. Республика аумағында ішкі сулар өзен, көл, жер асты суы, мұздық су болып төртке түрге бөлінеді.

Қазақстан өзендері:  Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары). Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені, Есіл өзені, Тобыл өзені. (189 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/2779


Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10


Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Мәтін мазмұны негізінде күтпеген сұрақтарға жауабы тез, өз ойын толық әрі орынды жеткізе алады.

7-8


Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6


Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4


Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, ойын шашыраңқы жеткізеді.

Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.

1-2


Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде аз қатысады.


Оқылым

Тапсырма

Берілген тапсырманы орындаңыз.

[10]


А мәтіні.


Ертеде Мадан деген хан болыпты. Оның ақылы, тапқырлығы өзінің заманындағы көп хандардан артық екен. Ханның қырық уәзірі бар екен. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:

  • Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір ай ішінде тауып әкелмесеңдер, жазалы боласыңдар, - депті.

Хан бұйырған соң амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі.

Көп іздеп, аз шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі – тікен, арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», - деп шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», - деп қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде үстінде жыртық тоны, басында тымағы бар, ұсқынсыз бір адам бес-он қойды бағып жүр екен. Уәзірлер таңырқап: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», - деп тұрғанда, әлгі адам:

- Уа, мырзалар, неге таңырқайсыңдар? – депті.

Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, енді адамның жаманын таба алмай, ол адамның ұсқынын көріп таңданып, «Адам жаманы осы болар», - деп таңырқап тұрғандарын айтыпты. (194 сөз)

http://muslima.kz/

 


Ә мәтіні.


Даланың күнге күйіп апаты өткен,

Үстінен бұлт шықты қаптап көктен.

Қуанды шаруалар «Я, құдайлап»...

Жерді бір суарар деп қурап кеткен.


Жауар деп тұрды халық үміт етіп,

Тамбастан өте шықты құр желдетіп.

Теңізге барды да бұлт құя салды,

Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.


Теңізге барынша құя салып,

Мақтанды мырзасынып тауға барып.

Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсын,

Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.


Егерде сол қадарлы жаусаң жерге,

338тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!