Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

3 санымен танысу жыл мезгілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
: 3 санымен танысу жыл мезгілдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімнің аты: Математика
Тақырыбы: 3 санымен танысу жыл мезгілдері
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды 3 саны мен цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету. Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын арттыру, тиянақтылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу. Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды заттың санын сәйкестендіре білу дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: АКТ, үлестірмелі материалдар
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет
Шаттық шеңбері:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

-Балалар,бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы оқу қызметі.

Өткен оқу қызметін сұрау

1. Тура және кері санап шық. 0 1 2 2 1 0
2. «0» саны мен цифры нені білдіреді?
3. 2 санына байланысты не білесің?
4. Қандай фигураларды білесің?
5. 1 және 2 қайсысы үлкен, қайсысы кіші
6. Бақытта 2 шие бар еді. Ол біреуін Раминаға берді. Бақытта неше шие қалды?

Мен сендерге «Бүгінгі күндерің сәтті болсын» деймін.

-қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-балалар,бүған дейін біз 1,2 сандарымен танысқанбыз,бүгін тағы жаңа сан  үйренеміз.

(Тақтаға санамақ көрнекілігі ілінеді)

Санамақ. 

1 дегенім-бөрік

Басқа кисең көрік.

2 дегенім-етік,

Киер сәнді етіп.

-балалар, бұл киімдерді жылдың қай мезгілінде киеміз?

( Тақтаға 2 күлтелі гүл суреті ілінеді.)

-Балалар,гүлдің сәні болмай тұр. Күлтесі екеу екен. Құрастыру арқылы әдемі қалпына келтірейік. Күлтелерді бірлесе санап көрейік. Соңғысы жаңа сан екеніне көңіл аудара отырып,3 санымен таныстыру.

Екіден кейін қараңдар,

3 саны шықты,жараңдар

Үшінші орын тұрағы,

Үш ілмекті қосып тұрады.

-3 саны үш бірліктен тұрады.

-балалар , мен сендерге жұмбақ жасырмақпын.

Жұмбақ

Күндіз-түні жанамын.

Дабыл беріп бәріне.

Үш түрлі түсім бар,

Белгілі жас пен кәріге.

-дұрыс айтасыңдар,бағдаршамның үш көзі бар екен,олардың түстері қандай? 1-ші көзінің түсін айт.

2-ші көзінің түсі қандай?

3-ші көзінің түсі ше?

-жарайсыңдар түстерді жақсы айырады екенсіңдер.

3 санымен басталатын қандай ертегілерді білесіндер?

Енді бәріміз тақтаға назар аударайықшы, тақтада төрт жыл мезгілдің суреті көрсетілген. Күз, қыс, көктем, жаз.
- Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)
- Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауабы)

-қане,балалар,бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Музыкамен қимылдарды орындау.

-балалар,тыңдандаршы бізге  біреулер келе жатқан сияқты.

Тосын сәт.

(Мақта қыз бен мысық кіріп келеді.)

-сәлеметсіңдер ме? Біздің топқа қош келдіңдер.

Мақта қыз бен мысық:

-сәлеметсіңдер ме,балалар.

-мысық сен неге  ренжіп тұрсың?

-ал,Мақта қыз, сенің қолыңдағы  не зат?

Мақта  қыз. Мысықтың құйрығы,ол менің тапсырмамды орындаған жоқ.

Мысық: Ой, ол сондай қиын ғой, балалар маған көмектесіңдерші.

-балалар, мысыққа көмектесіміз бе?

-ал,кәне, тапсырманы бере ғой.

(Мысық тапсырманы ұсынады.)

1 тапсырма : «Жануарларға байланысты Сан қою»

2 тапсырма:

«Тірі және өлі табиғат» ойыны.
- Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнап жіберейік. Бұл ойында мен тір табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар.
- Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
- Тау.(Аяқпен топылдату)
- Ағаш. (Қол шапалақтау)
- Күн. (Аяқпен топылдату)
- Қоян. (Қол шапалақтау)
- Су. (Аяқпен топылдату)

-тамаша барлық тапсырмаларды орындадық. Мысық саған ұнады ма?

Мысық: Ия

-мақта қыз,енді мысықтың құйрығын қайтарып бере ғой және мысықпен достас.

Мақта қыз. Жарайды.

Логикалық ойын.

Құмырсқаның  туған күні болады. 1-ші жыбырлап қоңыз келеді,2-ші  асығып көбелек келеді. 3-ші  ара ұшып келеді.

-сонымен  балалар құмырсқаның туған күніне неше қонақ келеді?

-1-ші не келді?

-2-ші келген не?

3-ші қонағы кім?

- Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді?

Қорытынды:

өте жақсы. Бәрің де жақсы қатысып,көңілді болдыңдар.

Рахмет сендерге.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12