3 сынып 1 сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

3 сынып 1 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті

Мектеп:

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

1-сабақ. Хат жазамыз. Сөз таптарын қайталау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті анықтайды;

- үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, ашықхат мәтінін құрап жазады

Оқушылардың көбі:

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

- негізгі және туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті ажыратады;

- үлгі негізінде ашықхат мәтінін құрап жазады

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- туынды зат есімдер мен сын есімдерді, етістікті жасай алады;

- ашықхат мәтінін өз бетінше құрай алады

Бағалау критерийлері

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;

- негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды;

- мұғалімнің көмегімен кесте пайдаланып ашықхат құрастырады

Сөздік қор


Пәндік терминология мен тірек сөздер:

негізгі зат есім, туынды зат есім,негізгі сын есім, туынды сын есім, негізгі етістік, туынды етістік, түбір, жұрнақ.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Ана сөзін естігенде қандай ассоциация пайда болады?


Құндылықтарды дарыту

Ата ананы сыйлау, құрмет көрсетуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

-

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз таптары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі. «1 минуттық жазу» әдісі.

3.4.2.4 Негізгі және туынды сөз таптары туралы білімін еске түсіру. Оқушылардың тақырып аясында сөздік қор деңгейі анықталады, сауатты жазу қабілеті дамытылады.

1. Оқушылар «ана» сөзіне қатысты сөздерді 1 минут ішінде жазып шығады. Жазған сөз санын жай қарындашпен белгілеп алу ұсынылады.

2. 1 және 2 -нұсқада отырған оқушылар сынып бөлмесінің екі жағына топтасып, өз жазған сөздерімен бөліседі. Бір оқушы жазған сөздерін оқиды, тыңдап тұрған оқушылар өздерінің жазбасында сөз кездескен жағдайда белгілеп, болмаған жағдайда сөзді толықтырып жазып алады. Келесі кезекте оқушылар тек аталмаған сөздерді ғана оқиды. Топта идея алмасуға 2-3 минут уақыт беріледі. Жазған сөздері санын анықтайды. Сабақ тақырыбы болжатылады.

Сабақ мақсаты мен оқу мақсаты, бағалау критерийлері белгіленеді.


Сабақтың ортасы


3.4.2.4 (Ж, МК, Қ) Оқушылар өзара дәптерлерін алмасып, бір бірінің жазуын тексереді. Қате кездескен жағдайда жай қарындашпен белгілеп, түзетуге мүмкіндік береді. Сынып оқушылары жіберген қателерді бақылап, классификация жасап, дер кезінде қатемен жұмыс ұйымдастыру міндетті болып табылады.

Талқылау

  • Неліктен бұл сөзді ана сөзімен байланыстырасың?

  • Ананың тағы қандай қасиеттерін атап толықтыруға болады?

  • Анаңның қандай әрекеттерін байқайсыңдар?

  • Анаңа қандай жақсылық жасауды парыз деп санайсың?

(Т) Оқушыларды 1-4 – ке дейін санау арқылы немесе көршілес парталар бойынша шағын топтарға топтастыру.

Сызба бойынша жазған сөздерді топтастыру. Өз жауаптарын таныстыру және негіздеу.

Зат есім

Сын есім

Етістік

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Негізгі етістік

Туынды етістік










Саралау

  • Туынды сөздің сызбасы

  • Туынды сөз тудырушы жұрнақтар кестесі

Жұрнақтар

Туынды зат есім

Туынды сын есім

Туынды етістік

-шы, -ші,

-кер,-гер, -гөй;

-паз,

-хана,

-...


-ды,-ді, -ты, -ті;

-шыл, -шіл,

-тай,-тей, -дай, -дей;

-қыш, -кіш, -гіш,

-...,

-та, -те,

-ла,-ле, -

-па, -пе, -ба - бе, -ма, -ме

-... ,


Топтар өзара орындалған жүмыстарды таныстыру барсында тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойып бағалайды.

Дескриптор:

  • негізгі және туынды сөздерді ажырата алады;

  • туынды сөздерді сөз құрамына талдайды;

  • туынды зат есімді, туынды сын есімді, туынды етістікті анықтайды.

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

( МК;Ұ;Ө;Қ) Мәтінді мәнерлеп оқу. Мәтіндегі негізгі ойды табу.

Анаға құрмет

Мерекелі көктем келіп, кең дала гүлдеді. Аналар күні қарсаңында біздің отбасымыздағы балалардың үлкені

Асқар:

  • Аналар күні жақын, анамызға сыйлық даярлайық,–деп ұсыныс жасады.

  • Анамызға беретін сыйлықты өзіміз қолдан жасайық, – дедім.

Асқар мектеп шеберханасынан үлкен қондырғы жасап әкелді. Мен оған ақ мата керіп, оның ортасына күннің суретін салдым. Маржан мен салған сурет бойынша кесте тікті. Бүкіл ғаламға сәулесін таратып тұрған күннің ортасына анамыздың суретін орналастырдық. Күлімдеген күн. Асқақтаған Алатау. Гүлжазира кең дала. Анамыз күннің кеудесінде күлімдеп тұр. Суреттің астына: «Ана –біздің күніміз!»–деп, мен көркем етіп жаздым.

Аналар күнінде ерте тұрып, үй жинадық. Маржан тамақ дайындады. Біз оған көмектестік, анамызды дастарқан басына шақырдық.

  • Анашым, мерекеңіз құтты болсын!–дедім күлімдеп.

  • Біз сізді жақсы көреміз!–деп Асқар анамызды құшақтады.

Маржан сыйлығымызды ұсынды. Ананы құшағымызға алып сүйдік. Анамызға арнап:

Ғаламда бар адам

Анадан тараған:

Ақылгөй, балажан,

Аман бол, анажан!–деп, тақпақ айтып бердім. Асқар күй тартты.

Маржан мен Асқар үшеуміз қосылып:

Ана – біздің күніміз!

Ананың біз – гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз! – деп ән айттық.

Анамыз күндей жайнап, мейірлене күліп, бәрімізді құшырлана сүйді де:

«Өмірлерің мәнді болсын, тірліктерің сәнді болсын! Татулықтарың осылай тәтті болсын, әрбір әрекеттерің сәтті болсын!» – деп, аналық батасын берді. Біз масаттана қуандық.

Әдібай Табылды

Оқушылардың мәтінді оқуында мәнерлеп оқу элементтері (логикалық, психологиялық, грамматикалық кідірістер, дауыс ырғағы т.б.) басшылыққа алынады.

Талқылау

  • Балалар анасының мерекесіне қандай сыйлық әзірледі?

  • Сыйлықты әзірлеуге балалар қалай үлес қосты?

  • Балалардың бойында қандай қасиеттерін байқадың?

  • Кейіпкерлерден қандай өнеге алар едің?

  • Автор осы шығармасы арқылы балаларға қандай жақсылықты үлгі етуді көздеді?

  • Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойының арасында байланыс бар ма?

  • Мәтінге басқаша тағы қандай тақырып беруге болады?

Мәтінге қойылған «Анаға құрмет» атының негізгі ойдың қысқаша атауы екендігі оқушыларға байқатылады.

Тақырыптың қысқаша атауы ретіндегі оқушылардың нұсқалары сыныпта талқыланып таңдалады: «Мереке күні», «Аналар мерекесі», «Сыйлық» т.б.

Мәтінге жоспар құру жұмысы жүргізіледі:

  1. Асқардың ұсынысы

  2. ....

  3. ....

  4. ....

Бағалау критерийлері

  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын анықтайды;

  • мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды;

  • мәтіннің негізгі ойына сәйкес тақырып ұсынады.

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен кестені қолданып ашықхат құрастыру (МК,Т,Ө) Ашықхат мәтінін жазу. Кестені бірлесіп толтыру. Үлгі бойынша ашықхат мәтінін дайындау.



Ашықхат мәтінінің бөліктері

Мәтін үлгісі

Кімге арналады?

Құрметті әже!

Қандай тілек жазылады?

Сізді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық тілеймін. ...

Тілек білдіруші кім?

Немереңіз Арман.

Мұғалім ашықхат мәтінінің қандай бөліктерден тұратындығына оқушылардың назарын аударады:

  1. Кіріспе бөлігі құрметті, қымбатты сөздерімен басталады.

  2. Негізгі бөлікте тілек білдіріледі.

  3. Соңғы бөлікте ашықхат иесі кім екендігі көрсетіледі.

Кестенің сол жақ бөлігіндегі сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіледі. Ашықхат мәтіні бөліктері бойынша берілген сұрақтарға назар аудартылады. Ұжымдық жұмыс арқылы кестенің оң жақ бөлігі толтырылады. Осындай жұмыстардан кейін әр оқушының өзбетімен ашықхат жазуы жүзеге асырылады.

Саралау

«1 минуттық жазу» барысында жазған сөздерін қолдану.

Дескриптор:

  • кестені қолданып ашықхат құрылымын сақтайды;

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастырады;

  • сөздерді сауатты жаза алады.



Сабақтың соңы

5 минут

ІІІ Рефлексия

Өзін өзі бағалау кестесі

Бағалау критерийлері

Өз бағам

Мұғалім бағасы

негізгі және туынды сөздерді ажырата алады



туынды сөздерді сөз құрамына талдайды



туынды зат есімді, туынды сын есімді, туынды етістікті анықтайды



өз бетінше мәтіннің тақырыбын анықтайды



мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды



кестені қолданып ашықхат жаза алады




Оқушының бағалауы мен педагогтің бағалауы сәйкес келді ме? Неліктен?

Оқушылармен қандай оқу мақсаттарын әлі де пысықтау керек?

Үй тапсырмасы: «Менің анам» тақырыбында таныстыру әзірлеу.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы







Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі