Өзiн-өзi тану сабағының
жоспары
Мектеп: Қандыағаш қалалық №4
ЖББОМ
Мерзiмі: №
15сабақ
Тақырып: Бәрі де сүйіспеншіліктен
басталады.
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірім, қуаныш,
достық.
Мұғалiм: Бекмурзаева
А.Т.
Сынып:3
|
Сабақ
мақсаты:
Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп,
әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеті: Білімділік
: Оқушылар әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін
тереңдету;
Дамытушылық:Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын
дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік:Оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
1. bilim-all.kz
2.
uzdikter.biz
3. www.tarbie.kz
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 2
мин.
Сәлемдесу, оқушылардың
көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды
тексеру.
2. Жағымды күйге келу. 3
мин.
«Арманымның суреті».
Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға
елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді
ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері
бойынша өз ойларын сұрап шығамын.
3.Үй тапсырмасын тексеру. 5
мин.
Шәкен Күмісбайұлы «Гүл» әңгімесін
сұрау
1.Адамдарды қалайша қуантуға
болады?
2.Асқар салтанатты мәжілістен не ұқты деп
ойлайсыздар?
3.Сезімтал, мұқият болудың қандай пайдасы
бар?
4.Өзің басқаларды қуанту үшін не істей
аласың?
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
|
4.Дәйексөз.
Cүйіспеншілік-жүректе.
|
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат).
3мин.
Ғарифолла Есім «Ақ жауын» әңгімесін
тыңдату.
-
Жолаушылардың қиналу себебі
неде?
-
Олар бір жұтым судан неліктен бас
тартты?
-
«Сүйіспеншілік адамға қуат береді» дегенді қалай
түсінесің?
-
Өмірдегі басты нәрсе не деп
ойлайсыңдар?
-
Өзің жақсы көретін
адамдар үшін не істей алар едің?
|
|
|
Жаңа
ақпарат. Адамның жүрегі
сүйіспеншілікке, жаны жақсылыққа толы. Шынайы сүйіспеншілік пен
риясыз жақсылық адамды ізгілікке бастайды. Адамды бір- біріне жақсы
тілек тілеуі, жылы сөз айтуы, қамқорлық жасауы жақсылықтың
белгісі.Сүйіспеншілік танысту, жақсылық жасау арқылы адам басқа
адамдарды түсіне алады, сыйлауға үйренеді, қадір
тұтады.
6.Шығармашылық жұмыс,
топтық жұмыс. 12 мин.
1-
тапсырма. «Сүйіспеншілік» сөзіндегі
әріптерге сәйкестендіріп, қажетті сөздерді
орналастырыңдар.
2-тапсырма.Мәтінді оқыңдар. Өз
сүйіспеншілігің туралы ой- толғау жаз.
3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Табиғатта
тағы нелердің риясыз сүйіспеншіліктің үлгсі болатынын
анықтаңдар.
7.Дәптермен
жұмыс «Сүйіспеншілік» сөзіндегі
әріптерге сәйкестендіріп, қажетті сөздерді
орналастырыңдар.
|
|
|
8.Топпен ән айту. 3
мин. «Анашым»
Сөзі:Ә.Асылбекі
Әні:Е.Хасанғалиев
|
|
|
9.Үй тапсырмасы. 2
мин.
Мәтінді оқу.Күн мен
бұлт.
|
|
|
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3
мин.
Балалар, енді бір сәт
тынышталайық. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары
көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды,
айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып
жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын
сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы
ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу
үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді
білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін
сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер.
жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет
айтамын!
|
|