жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«3D ПРИНТЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
«3D ПРИНТЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
«Бұл заман білекке сенетін емес,
білімге сенетін заман»
Н.Ә.Назарбаев
Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуімізді айқындап берді.
Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.
Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді.
Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.
«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.
Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғысы келмеген әрбір азамат, мамандар, ғалымдар мен студенттер ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кеңжолақты интернет, ақпараттық технологиялар, Е-үкімет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы өзекті тақырыптардан тыс қалуына болмайды.
3D принтер деген не және ол қалай жұмыс істейді?
Заманауи сандық технологиялардың дамығаны сонша, бұрындары мұндай мүмкіндіктер жайлы бұрынғылар фантастикалық оқиғалар ғана жазатын. Мұндай заттарды күнделікті қарапайым құбылыс деп санағанымызбен, бұлар ұзақ, қажырлы зерттеулер мен тәжірибелердің жемісі. Бұл озық технологияны түсіндірудің қарапайым мысалы: сізге әжеңізден ерекше қобдиша мұрагерлікке қалды, бірақ оны абайсызда сындырып алдыңыз делік. Тура мұндай қобдишаны сатып алу мүмкін емес, бірақ сүйікті затыңызбен қоштасқыңыз да келмейді. Алайда, соған ұқсас қаңқа сатып алып және үйіңізде 3d принтер болса, кішкене күш салып сүйікті бұйымыңызды қайта қалпына келтіре аласыз. Бұған үшөлшемді басып шығару арқылы қол жеткізуге болады. Үшөлшемді басып шығару технологиясы күнделікті өмірімізге қарқынды еніп, ажырамас бөлігіне айналып келеді. Кейбір адамдар үшін бұл қосымша табыс көзі немесе шығармашылық идеяларын іске асыруға тамаша мүмкіндік
3d
принтер :
Бұл
- суретті үшөлшемді етіп шығаратын
құрылғы. Ол сандық үшөлшемді модельді
пайдалана отыра қабаттап шығарады.
Суретті жасап шығаруға пластиктің
бірнеше түрі негіз болады, алайда бүгінде
өндірушілер бейненің әлдеқайда шынайы
болуына жаңа компоненттер қосып жатыр.
Сырт
келбеті жағынан 3d принтер металл
бағыттаушылар қондырылған қарапайым
принтерге ұқсас, ал басып шығаруды
экструдер немесе лазер жасайды. Оны
күрделі суреттер мен пішіндерді,
бөлшектер мен фрагменттерді, жалпы
қарапайым принтермен шығаруға мүмкін
емес заттарды басып шығаруға қолданады.
Басып шығарудың қандай технологиясы қолданылады?
Үшөлшемді
басып шығару жайлы алғашқы идеялар
сонау 80-ші жылдары пайда болған. Дәл сол
уақыттары арнайы фотополимерл пластиктің
көмегімен нысаналар құрастыратын
стереолитограф жасалып шығарылған.
Технология фотополимерлердің қасиеті
негізінде жасалған – лазердің әсерінен
ол қатып қалып, пластиктің қатты пішініне
айналады. Дәл осы қасиеттер болашақ
приинтерге негіз болды: лазер сәуле
арқылы суреттің әрбір пикселін сұйық
заттектен жасап салады, ол қатқан кезде
нысананың қатты бөлшегіне айналады.
Тағы
бір қолданылатын технология «лазерлік
біріктіру» деп аталады. Қолданылатын
материал – тез балқитын пластиктің
ұнтағы. Лазердің әсерінен пластик
балқып, иілгіш болады, ал кейін бір
қоспаға бірігеді. Пластик лазердің
температурасынан тұтанып немесе
қышқылданып кетпес үшін жұмыс жасалып
жатқан камераға азот жібереді (оқшау
газ).
3d
принтердің жұмысы былай іске асады:
қызметші элемент – экструдер-бас
принтерді іске қосатын пластик жіпті
балқытады. Кейін балқытылған элемент
шүмек арқылы беріледі, ал кейін бөлме
температурасында тез қатады.
Жұмыс
істеу үшін басқа өндірістік технологиялар
сияқты арнайы жағдайды қажет етпейді.
Оған қоса нысаналарды жасауға кететін
шығын да аса көп емес – 1 кг пластик үшін
бар-жоғы 50-60 доллар. Сонымен қатар нысана
ұзақ уақытқа сақталады, бұл принтерді
үй жағдайында пайдаланудың құндылығын
арттырады.
3d принтер ұсынатын мүмкіндіктер
Озық
технология арқылы, бүгінде үшөлшемді
суреті бар қарапайым футболкалар жасап
қана қоймай, ғимараттардың күрделі
үшөлшемді проекциялық модельдерін 100
микронға дейінгі нақтылықпен құрастыруға
болады. Бұл әсіресе ғылыми институттарға
өзекті, өйткені түптұлғасын жасап қана
қоймай, жасалып жатқан зерттеулерде
оны ұстап көруге де болады. Бұл жаңалыққа
зергерлер де қуанды – жаңа заман
принтерінің арқасында ең күрделі деген
заттарға құйма пішіндерін жасау оңай
болатын болды. Ал археологтарға табылған
элементтің қисынды жобасын салып қана
қоймай, оның нақты түрін құрастыруға
мүмкіндік туды.
Ғалымдарға
арман болған «азық-түлік принтері» көп
ұзамай шындыққа айналуы мүмкін. Ол
ақуыздар мен көмірсулардан нағыз
азық-түлікті жасай алады деп күтілуде.
Сонымен қатар, озық технология адам
мүшелерін жасауға көмектесуі мүмкін.
Бұл әсіресе донор тапшылығына ұшыраған
адамдарға өзекті. Қазірдің өзінде
омыртқааралық дисктер мен бағаналық
жасушаларды басып шығару тәжірибеге
еніп жатыр. Сол себепті, бұрынғылар
фантастика деп ойлаған, ал біз қазірде
кейбір кинолардан көріп жүрген таңғаларлық
заттар көп ұзамай шындыққа айналып,
өмірімізді әлдеқайда жеңілдетуі
мүмкін.
Инженерлер
мен дизайнерлер автоматтандыру мен
ғарыш саласында түпнұсқаны жасау үшін
осы технологиягы ондаған жылдардан
бері пайдаланып келеді. 3D принтер арқылы
жасалған көптеген құрамалы бөлшектер
ұшақтарда, адамсыз ұшатын аспаптарда
және спутниктерде қолданылатын.
Мамандар
медицина саласында титаннан жамбас
сүйектің көшірмесін және керамикадан
тіс протездерін жасау үшін үш өлшемді
кескінді қолданады.
Компьютер
дәуірінде 3D принтер технологиясы шапшаң
дамып, құралдың бағасы да тез арзандап
барады. Бір кездері жоғары өндірістің
санаулы саласында шектеулі болған
технология кеңінен таралып, қарапайым
халықтың сатып алуына қолайлы бола
түсті. Затты үш өлшемде дайындап беретін
принтерлер қазір 1000 доллардың маңында
сатылып жатыр.
3D принтер.
АҚШ-та
3D принтерін алғаш шығарушы, Wohlers Associates
компаниясының президенті Терри Уолерс
жаңа принтердің мүмкіндіктері шексіз
екенін айтты.
– Бұл жаңалық жаңа
бизнестерге, тың бизнес жобаларға,
жұмысын енді бастаған компанияларға,
жалпы бұған дейін өндіру мүмкін болмаған,
өндірсе де өте қымбатқа түсетін өнімдердің
мүлде жаңа түрлерін жасап шығаруға зор
мүмкіндік болғалы тұр. Дамып бара жатқан
осы технологияның нәтижесіне қарасаңыз,
адамды таң қалдыратын өзгерістер әлі
алда деген зор үміт бар, – дейді ол
Азаттық тілшісіне.
Бұл технологияны мамандар
қазірдің өзінде-ақ мүсін, смартфонның
қораптары, қол сөмкелерін және лампалар
жасайтын өндіріс саласында қолданып
жатыр.
Сән дизайнерлері де асыл тастан
бұйымдар жасап, киім тіккенде және
нейлон сияқты материалдарды қолданғанда
осы технологияны пайдаланады.
Қазірдің
өзінде архитекторлар бетоннан салынатын
үйлерді жобалағанда 3D принтерді қолдану
әдістерін меңгеруге тырысып жатыр.
Тіпті «түгелдей 3D принтердің көмегімен
жасалған үй саламыз» деген бәсеке де
басталып кетті.
Ғалымдар биологиялық
материалдардан адам денесінің шеміршек,
сүйек және тері сияқты мүшелерін жасаудың
технологиясын іздестіріп жатыр.
3D принтер адамның басының мүсінін жасап жатыр. Германия, 5 наурыз 2013 жыл.
ЖАҢА
БӘСЕКЕ
АҚШ-тағы
көптеген мектептер қазірдің өзінде 3D
принтерлермен жабдықталып жатыр.
Forbes
бизнес журналының дерегінше, бұл
технологияға негізделген өндіріс 2016
жылға дейін әлем бойынша 3,1 миллион
доллардың тауарын өндіреді. 2020 жылы ол
көрсеткіш 5,2 миллион долларға дейін
жетеді деген болжам бар.
Колорадо
штатындағы Да Винчи иститутының
директоры, футуролог Томас Фрейдің
ойынша, 3D принтер өндірісі қоғамды
барлық виртуалдық қырынан сомдайды,
фабрикалар арзан тауарлар шығарады
және тауарларын жекелеген тұтынушылардың
қалауына үндес етеді.
– Бірнеше
жылдан соң киім сататын дүкенге
барғаныңызды былайша елестетуге болады.
Сатушылар ең әуелі сіздің дене пішініңізді
сканерге түсіріп алады да, ол ақпаратты
сіз сұраған киімді принтерден шығарып
беретін аппаратқа жібереді. Осылайша
өзіңіз қалаған үлгіні жасатып аласыз.
Арнайы аппарат сіз қалаған түсті те сол
сәтте көшіріп береді. Көйлек, костюмді
ғана емес, аяқ киіміңізді де солай
жасайды, – дейді ол.
3D принтерлердің түрлері
1) FDM (fused deposition modeling) - затты жасап шығару үшін дозатор арқылы материалды сығып шығарады. Бұл принтер қатарына Stratasys принтерлері, әртүрлі кулинариялық (глазурь, ірімшік, қамыр), медициналық принтерлер кіреді. Бұл принтерлер сонымен қатар биомедицинада жиі пайдаланылады.
2) Polyjet технологиясы. 2000 жылы Израильдік Objet комапниясы ойлап тапқан. Жоғарды аталған компанияны 2012 жылы осы саланың танымал компанияларының бірі – Stratasys сатып алған. Технологияның мәні: шүмектен кішкентай көлемде фотополимерлер атылып шығады. Ультра күлгін әсерінен жасалып жатқан затқа жабысып қалады. Басқалардан айырмашылығы, материалдардың көптеген түрімен жұмыс істей алады. Технология артықшылықтары: 1) қабаттардың қалыңдығы 16 микрон (қан жасушасы қалыңдығы 10 микрон); 2) Сұйықтықты жылдам береді, сол себепті принтер өте жылдам. Технология кемшіліктері: Ультракүлгінге сезімтал. Сонымен қатар басып шағыру үшін тек фотополимер пайдаланылады. Қолдану аясы: өндірістік прототип жасау мен медицина.
3) LENS (LASER ENGINEERED NET SHAPING) – лазер сәулесі белгілеген аумаққа шүлмектен ұнтақтар үрленеді. Ұнтақтың жартысы ұшып кетеді, ал лазерге түскен ұнтақтар бірігіп, қабат-қабат болып үлгіні құрайды. Дәл осы технология бойынша болат және титан нысандары жасалып шығады. Бұл әдістің арқасында 3D басып шығару өндірісте кеңінен пайдаланыла бастады. Ұнтақтарды оңай қосып, әртүрлі құйындылар алуға болады.
4)
LOM (laminated object manufacturing) – пышақ
немесе лазер арқылы материалдардың
жұқа бөліктері кесіліп, кейін нысан
ретінде бірге желімделеді. Яғни, бір
жұқа табақ жасалады, сосын оның үстіне
тағы бір материал бөлшегі салынады.
Лазер бірі-үстіне жасалған қабаттарды
контур бойынша кесіп отырады. Ең соңында
барлығы ауыр салмақ әсерінен басылады.
Қағаздан, пластиктен немесе алюминиден
нысандар жасауға болады.
5)
SL (Stereolithography) – Стереолитография. Сұйық
полимерге толы кішігірім ванна бар.
Лазер сәулесі үстінен жүріп өтеді.
Ультракүлген сәуле әсерінен сұйықтық
полимерленеді. Бір қабаты дайын болғаннан
кейін бөлшектер жасалған платформа
төмен түседі. Әдетте фотомилимер улы
болып келеді. Өте қымбат және қиын.
Артықшылықтары: тез, өте нақты (10
микронға дейін).
6) LS (laser sintering) – лазерлік желімдеу. SL-ге ұқсас технология. Сұйық полимер орнына ұнтақ пайдаланылады. Артықшылықтары: 1) бөлшектің басып шағыру кезінде сыну қауіпі төмен. Себебі, ұнтақ қосымша қорғаушы механизм атқарады; 2) керекті материалдарды сатылымда табу жеңіл. Кемшіліктері: 1) сырт келбеті борқылдақ келеді; 2) кейбір ұнтақтар қопарылғыш. Сол себепті азат толтырылған арнайы камераларда сақталу керек. 3) ұнтақтардан материал жасау үрдісі өте үлкен температурада жасалады. Осыған байланысты, қорытынды нысан температурасы жоғары. Жасалынған құрылғылардың суығанын ұзақ күту керек.
7) 3DP (three dimensional printing) – технология 1980 жылы MIT студенті Paul Williams ойлап тапқан. Алдымен ұнтаққа жасалатын нысанның бейнесі түсіруледі. Кейін, үстінен желім қосылады. Желімденген қабат үстіне тағы ұнтақ салынады және желімдеу үрдісі жалғасады. Артықшылықтары: 1) желім негізгі құраушы болғандықтан, оған әртүрлі түс қосуға болады; 2) технология арзан және қуат көзін аз пайдаланады; 3) үйде немесе офисте пайдалануға жеңіл. Кемшіліктері: 1) жасалынған нысанның кескіні қанық емес; 2) жасалынған нысанды қосымша өңдеуден өткізу керек.
Қорыта айтқанда, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғысы келмеген әрбір азамат, мамандар, ғалымдар мен студенттер ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кеңжолақты интернет, ақпараттық технологиялар, Е-үкімет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы өзекті тақырыптардан тыс қалуына болмайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген