Тақырып бойынша 23 материал табылды

3жас картатека

Материал туралы қысқаша түсінік
картатека
Материалдың қысқаша нұсқасы




















Педагог психологтың 2024-2025 оқу жылында 3 жастағы психикалық тежелуі бар баламен жеке түзете-дамыту жұмысының картотека жинағы.































1. АФК (БДШ) бағытындағы жаттығу «Қонжықтың құлпынайын жина»

Міндеті: Негізгі қимыл түрлері - аунаудың қарапайым дағдыларын және сөйлеудің қарапайым дағдыларын дамыту.

Шарты: Балалар ортаға төселген 1 маттың үстімен аунап өткесін себеттегі түрлі көкөністер мен жемістерді қолдарына алып келесі маттан аунап өтіп екі ыдысқа жинайды да атауларын айтып береді.

2.БДШ бағытындағы жаттығу «Түрлі түсті қапшыққа сал»

Міндеті: Негізгі қимыл түрлері - еңбектеудің қарапайым дағдыларын дамыту

Шарты: Балалар кілемше бетінде орналасқан еңбектеу доғасынан өтіп ыдыста тұрған түрлі түсті шариктарды түсіне қарай қапшықтарға салып ойнайды,баланың икеміне қарай ойынды түрлендіруге болады.

3. Имитациялық ойын «Ормандағы қонжықты оятпа»

Міндеті: Негізгі қимыл түрлері - аяқтың ұшымен жүрудің қарапайым дағдыларын дамыту

Шарты: Балалар түрлі кедергілер үстінен өтіп жүреді де, массажды жолдарға келгенде аяқтың ұшымен жүріп өтеді,жолдар арасында кездескен суреттер топтамасын қолға алып атауларын атап үйренеді.

4. Тактильді ойын «Жемістерді жина»

Міндеті: Негізгі қимыл түрлері - жүгірудің қарапайым дағдыларын және координациялық икем дағдыларын дамыту.

Шарты: Белгілі бір аралықтағы екі себет орналасады, екеуінің арасында жемістерді атап, жүгіріп тасып ойнайды, икемділікпен әрекет етуі шарт.

5.Саусақ бассейніндегі жұмыс «Қайсысы көп?»

Міндеті:Бақылау арқылы қоршаған орта заттарының санын, пішінін , көлемін, шамасын, «бір», «көп» ұғымдарын ажыратуға үйрету және тактильді қабылдау деңгейін қалыпқа келтіру.

Шарты: Балалар контейнер ішіндегі шырша жаңғақтарының арасына жасырылған түрлі түсті шариктарды түсіне,пішініне,көлеміне қарай іріктеп, өз ыдыстарына жинақтап ойнайды, түстері мен пішіні жайлы педагогпен бірге әңгімелейді.

6. Ылғалды құммен жұмыс «Алмалар»

Міндеті: Балалардың бейнелеу әрекетінің бастапқы дағдылары мен ұсақ моториканың қалыптасуын дамыту.

Шарты: Балалар лотоктарға салынған ылғалды құмдарды алма пішініндегі ыдыстарға салып, толтырып, басып, алма бейнесін шығарып ойнайды.

7. Танымдық ойын «Менің киімдерім»

Міндеті:Баланы қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету.Шарты: Үстел үстіндегі лото ойынындағы берілген суреттер топтамасынан қажеттісін іріктеп,алдарына жинақтап ойнайды.

8. Эмоционалдық ойын «Кімнің құйрығы»

Міндеті:Үй жануарлары туралы түсінік дағдылары мен эмоционалдық интеллект деңгейін дамыту

Шарты: Баланың алдына түрлі көңіл күй көрсетілгенжануарлардың суретті карточкалары берілген,солардың әрқайсысының құйрығын тауып,оның эмоциясын анықтап атап беруі керек.

9. Музыкатерапиялық жаттығу «Қане қайталаймыз»

Міндеті: Негізгі қимыл түрлері: секірудің қарапайым дағдылары мен ірі моторикалық қозғалыс координациясын дамыту

Шарты: Фонотекадағы «Қане қайталаймыз» әуеніне балалар педагогпен бірге «ЛЯ-ЛЯ», «РА-РА», «ША-ША» буындарын әндетіп айта отырып, ырғақты қимылдар жасап ойнайды.

10. Дидактикалық ойын «Фланелеграфтағы бейнелер»

Міндеті:Бейнелеу әрекетінің бастапқы дағдылары мен логикалық ойлауды дамыту жапсыру бойынша жасап үйренуШарты:Баланың алдында фланелеграф және түрлі пішіндегі қиындылар беріледі, педагогтың нұсқауы бойынша түрлі бейнелерді шығарып ойнайды,мысалы (үйшік,ағаш,т,б.)

11. Тактильді ойын «Кірпінің жемістерін жинауға көмектес» Міндеті:Көлемді ажырату дағдылары мен тактильді қабылдау дағдыларын дамыту. Шарты: Балаға ыдысқа салынған жемістердің муляждары беріледі де, оларды көлеміне қарай іріктеу тапсырылады. Бала бұл тапсырманы көзін жұмып отырып жасайды.

12. Марблс тастарымен ойын «Жапырақтар» Міндеті:Айналасын қоршаған құбылыстар туралы түсінік дағдыларын дамыту. Шарты: Балаға түрлі ағаш жапырақтарының суретті карточкалары таратылады, марблс тастарымен сурет бетіндегі нүктелерді түсіне қарай толықтыру тапсырылады.

13. Құм терапиясы «Үлкен кіші үйшіктер»


Міндеті:Баланың құрастыруға қызығушылығын арттыру, негізгі құрылыс бөлшектері: таяқшаларды ажырата білуге үйрету.


Шарты: Бала педагогтың нұсқауы бойынша теледидардағы экранға қарап отырып әрекет етеді, биік,аласа, көлемді,кіші үйшіктердің бейнесін шығарып ойнайды.


14. Музыкатерапиялық жаттығулар «Қонжықтың әуені» Міндеті:Негізгі қимыл түрлері: жүрудің қарапайым дағдылары мен ірі моторикалық қозғалыс координациясын дамыту. Шарты:Фонотекадағы «Қонжықтар» әуеніне бала педагогпен бірге имитациялық қимыл әрекеттерді әндетіп айта отырады, ырғақты қимылдар жасап ойнайды.

15.Изотерапия,мөлдір мольбертегі жұмыс «Ұлпа қарлар» Міндеті:Негізгі түстерді дұрыс атауға үйрету, сурет салу техникасының бастапқы дағдыларын меңгерту.Шарты:Балаға мөлдір мольберттің асытңғы жағынан түрлі ұлпа қардың бейнелерін көрсетіп,іліп қояды,бала сол бейнелерге ұқсас етеіп алдындағы бояулармен ұлпа қарларды салып ойнайды.

16. Ертегі терапиясы «Жануарлар қыстауы»

Міндеті:Үй жануарлары мен жабайы жануарларын тануға үйрету.

Шарты: Педагог балаға теледидардан ертегіні көрсетіп, мазмұны бойынша жетелеуші сұрақтар қояды. Ертегі мазмұнына сай үй және жабайы жануарладың карточкалары алдына қойылып, оларды екі жаққа іріктеу тапсырылады.

17. Логикалық ойын «Аяз ата сыйлығын ашып көр»

Міндеті: Көлемді геометриялық пішіндерді салыстыру дағдыларын дамыту арқылы логикалық ойлау қабілетін шыңдау.

Шарты: Педагог балалардың алдына бір бір қапшықтан қояды,ал қапшықтың ішіне түрлі геометриялық пішіндерге сәйкес келетін ойыншықтарды салып береді. Шарты бойынша бала қолын салып, ішіндегі ойыншықтың пішінін анықтап айтуы керек. Тауып алған жағдайда сол ойыншықты шығарып оны толық сипаттап береді.

18. Нейрогимнастикалық ойын-жаттығу «Шеңбердегі нейрошынығу»

Міндеті: Практикалық әрекет дағдыларын шыңдай отырып, мидың оң және сол жақ жарты шары арасындағы нейрондар байланысын орнату.

Шарты: Балалар шеңберге орналасып тұрады да, қолдарына бір бір доптан алады. Допты ортаға қойып,педагогтың нұсқауымен оң қолымен көршісіне береді,ал сол қолымен көршісінен алады. Осылайша шеңбер бойымен доптар айналып жүреді. Дағдыланған соң ол әрекеттерді қиындатуға болады.

19. Тактильді ойын «Шыршаның ойыншықтары»

Міндеті: Көлемді ажырату дағдыларын және сипап сезу қабілеттерін шыңдау.

Шарты: Балалардың алдына кішкене безендірілген шырша қойылады. Шырша ойыншықтарын қолдарымен сипалау арқылы,көзбен көру арқылы олардың үлкен кіші екенін ажыратып сипаттайды.

20. Ертегі терапиясымен ойын «Жануарлардың қыстауы»

Міндеті: Салыстыру дағдыларын (биік-аласа) ертегі терапиясы арқылы дамыту.

Шарты: Педагог балалармен бірге теледидардан «Жануарлардың қыстауы» ертегісін көріп тамашалайды, соданк кейін сол ертегіні талдау кезінде әрбір жануарға толықтай сипаттама беріп ойнайды,салыстырып ненің биік ненің аласа екенін ажыратады.

21. Логикалық ойын «Не өзгерді?»

Міндеті: Визуалды қабылдау дағдыларын көріп есте сақтау қабілеттері арқылы дамыту.

Шарты:Педагог балалармен артстудияда отырып, теледидардағы экраннан көрсетілген композицияға назар аударады. Көздерін жұмып сәлден кейін өзгерген көріністі қарап айырмашылығын айтып ойнайды.

22. Корректуралық бақылау «Құбылыстар»

Міндеті: Табиғат құбылыстары туралы түсінік дағдыларын және қабылдау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Балалардың алдына кестеге салынған түрлі табиғат құбылыстары беріледі, ал балалар солардың ішінен педагогтың айтқанын тез арада тауып іріктеп оның үстеріне марблс тастарын қойып шығуы керек.

23. Ылғалды құммен ойын «Аққаланы жаса»

Міндеті: Тактильді-қимылды қабылдау дағдыларын дамыту арқылы шығармашылық қиялына ерік беру.

Шарты: Балалар лотоктағы ылғалды құммен үш дөңгелекті үлкен кіші орташа етіп жасау арқылы аққаланың бейнесін шығарады.

24. Танымдық ойын «Шырша шамдарын жақ»

Міндеті: Жиналмалы үлгіні құрау дағдыларын дамыту арқылы бірізділікпен жүйелі жұмыстануға шақыру.

Шарты: Үлгіге қарап балалар алдарына берілген парақтағы түрлі шыршалардың бетіне ойыншықтарын жүйелеп қойып шығады.

25. Логикалық ойын «Төлдерін тап»

Міндеті: Ұқсас заттарды тауып жұптастыру дағдыларын дамыту арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: Алдарына берілген үлгідегі жануарлардың төлдеріне қарай маркермен жолын көрсету арқылы ойланып жұмыстанады.

26. Тактильді ойын «Жануарды жасыру»

Міндеті: Тактильді-қимылды қабылдау дағдылары мен қатар баланың сипап сезу арқылы тапқырлығын дамыту.

Шарты: Педагог баланың алдына түрлі жануарларды алдын ала көрсетіп алады,оларды атауымен атап отырғызады да, кезекпен балаларды шығарады. Шыққан бала педагог атаған жануарды жасырылған ыдыстың ішінен сипап отырып табуы керек.

27. Құрғақ құммен ойын «Оянған жәндіктер»

Міндеті: Құрастыру бойынша салыстыру дағдыларын дамыту және құрғақ құммен жұмыстану арқылы негативті эмоциялардан арылуға көмек беру.

Шарты: Марблс тастарымен үлгіге қарап жұмыстанады.

28. Қимылды ойын «Кім қалай дыбыстайды?»

Міндеті: Үй жануарлары туралы түсінік дағдыларын және фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Шарты: Педагог балалардың алдына теледидардан түрлі жануарлардың сюжеті мен олардың дыбыстарын естіртеді, содан кейін жасыра отырып сұрайды, балалар естіген дауысына қарап жануарды дұрыс атап беруі керек.

29. Кітаппен жұмыс «Көктем келді алақай!»

Міндеті: Шығарма мазмұнын тыңдау және түсіну күнделікті өмірмен байланыстыру дағдыларын дамыту.

Шарты: Балалармен педагог «Көктем келді алақай!» өлең шумақтарын бірге тыңдайды, мазмұны бойынша кімнің есінде не қалды соны құмның бетіне салады.

30. Танымдық ойын «Қандай аспап?»

Міндеті: Аудиалды қабылдау дағдыларын (дыбысты суретпен сәйкестендіру) дамыту.

Шарты: Педагог балалардың қолдарына сылдырмақ,бубен,қоңыраудан бөліп береді де, әуенді қояды. Балалар естіп отырып өз қолдарындағы аспапты ырғақпен қоса ұрып ойнайды.

31. Марблс тастарымен жұмыс «Найзағай»

Міндеті: Табиғат құбылыстары туралы түсінік дағдылары мен қолдың ұсақ моторикасын дамыту

Шарты: Балалардың алдына кестеге салынған түрлі табиғат құбылыстары беріледі, ал балалар солардың ішінен педагогтың айтқанын тез арада тауып іріктеп оның үстеріне марблс тастарын қойып шығуы керек.

32. Құрғақ бассейндегі ойын «Түрлі түсті шариктер»

Міндеті: Сандық түсінік дағдыларын және жалпы ірі моторлық қабілетін дамыту.

Шарты: Құрғақ бассейн ішінде балалар шеттеріне жайғасып отырады. Педагог шариктер ішінен сары,қызыл,көк,жасыл түстерін тауып оларды санауды ұсынады.

33.Құрғақ құммен ойын «Көбелек»

Міндеті: Үлгі бойынша құрастыру дағдыларын және ірі моторлық қабілетін дамыту.

Шарты: Педагогпен бірге артстудияда экранға қарап отырып, марблс тастарының көмегімен жұмыстанады.

34. Марблс тастарымен ойын «Қолшатыр»

Міндеті: Табиғат құбылыстары жайлы түсінік дағдыларын және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты: Үлгі карточкадағы қолшатырдың түстеріне қарай сәйкес қойып ойнайды.

35. Геоконттағы ойын «Керік»

Міндеті: Еліктеу дағдылары мен қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты: Балалардың алдына геоконт таратылып, схема экраннан көрсетіледі. Педагогпен бірге үлгі нұсқау бойынша әрекет етеді.

36. Тактильді ойын «Қапшықтағы жемістердің пішінін анықта»

Міндеті: Геометриялық пішіндер туралы түсінік дағдылары мен сипап сезу қабілеттерін дамыту.

Шарты: Педагог балаларға алдына ала түрлі жемістерді көрсетіп оларды қапшыққа салып қояды. Содан кейін олардан атаған жеміс түрін сипап сезу арқылы табуды тапсырады.







































1 аптасы

2 аптасы

3 аптасы

4 аптасы

Логикалық ойын «Аяз ата сыйлығын ашып көр» (көлемді геометриялық пішіндерді салыстыру)

Нейрогимнастикалық ойын-жаттығу «Шеңбердегі нейрошынығу» (Практикалық әрекет дағдылары)

Тактильді ойын «Шыршаның ойыншықтары» (көлемді ажырату)

Ертегі терапиясымен ойын «Жануарлардың қыстауы» (салыстыру дағдылары, биік-аласа)

Логикалық ойын «Не өзгерді?» (визуалды қабылдау дағдылары)

Корректуралық бақылау «Құбылыстар» (табиғат құбылыстары туралы түсінік дағдылары)

Ылғалды құммен ойын «Аққаланы жаса» (тактильді-қимылды қабылдау дағдылары)

Танымдық ойын «Шырша шамдарын жақ» (жиналмалы үлгіні құрау дағдылары)

Логикалық ойын «Төлдерін тап» (ұқсас заттарды тауып жұптастыру дағдылары)

Тактильді ойын «Жануарды жасыру» (тактильді-қимылды қабылдау дағдылары)

Құрғақ құммен ойын «Оянған жәндіктер» (құрастыру бойынша салыстыру дағдылары)

Қимылды ойын «Кім қалай дыбыстайды?» (үй жануарлары туралы түсінік дағдылары)

Ертегі терапиясы «Көктем келді алақай!» Шығарма мазмұнын тыңдау және түсіну күнделікті өмірмен байланыстыру дағдылары

Танымдық ойын «Қандай аспап?» аудиалды қабылдау дағдылары (дыбысты суретпен сәйкестендіру)

Марблс тастарымен жұмыс «Найзағай»

Табиғат құбылыстары туралы түсінік дағдылар

Құрғақ бассейндегі ойын «Түрлі түсті шариктер» (сандық түсінік дағдылары)

Құрғақ құммен ойын «Көбелек» (үлгі бойынша құрастыру дағдылары)

Марблс тастарымен ойын «Қолшатыр» (табиғат құбылыстары)

Геоконттағы ойын «Керік» (еліктеу дағдылары)

Тактильді ойын «Қапшықтағы жемістердің пішінін анықта» (геометриялық пішіндер туралы түсінік дағдылары)















Түзету жұмысының хаттамасы

Баланың аты –жөні ___________________________

Жұмыстың тақырыбы______________________________

Түзету жұмысының мақсаты: __________________________

Әдіс- тәсілі:____________________________________



Түзету жұмысының

кезеңдері

Жұмыстың

барысы


Ескерту



















Қортынды:________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Психолог: Арзахметова М ________



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11