#41 "Ақ тілек" бөбекжайы ұйымдастырылған іс әректе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

#41 "Ақ тілек" бөбекжайы ұйымдастырылған іс әректе

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада ұйымдастырылған іс әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ертегілер елінде» Мақсаты: Балалардың ертегілерді сахналауға қызығушылықтарын арттыру, тілерін дамыту, бірлесіп жұмыс жасауға үйрету, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу: Бақшамызға барғанда, жолыққан бар жандарға, Ертемен ақ пейілмен: «Қайырлы таң» деймін мен. Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Тәрбиеші: Тамаша балалар! Біздің бүгінгі күніміз ерекше болайын деп тұр. Неге екенін білесіңдер ма? Біз қайда саяхатқа барамыз? Біз ертегілер еліне саяхатымызды бастамас бұрын қандай ертегілер білеміз есімізге түсіріп алайық.(балалар айтады). Өткен іс әрекетімізде өткен ертегілерді сахналап кейіпкерлерін есімізге түсіріп алайық. «Шалқан» ертегісін сахналау.(тантамареска театры арқылы). «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.(үстел үсті театры арқылы).

Тәрбиеші: Ертегілерді, кейіпкерлерді өте жақсы біледі екенсіңдер. Біз ертегілер еліне сиқырлы кілеммен ұшып барамыз. Біздің кілеміміздің сиқырлы пішіндері жоқ балалар. Енді қалай ұшамыз., саяхатқа бара алмайтын болдыққой.

Ханшайым бізге хат жіберіпті: Сәлем балалар мен ертегілер еліндегі ханшайыммын. Сендердің саяхатқа барғыларың келе ма? Мен сендерге сиқырлы сандық беріп жібердім. Ішінде сиқырлы пішіндер бар. Сендер оларды атап, түстерін тапсаңдар кілемдерің сиқырлы болады. Және жолда сендерге әр түрлі тапсырмалар кездеседі. Сендер дұрыс, шапшаң орындасаңдар ғана ертегілер еліне жете аласыңдар.

Тәрбиеші: Сандықты ашып пішіндерді алып, балаларға көрсетіп, балалар кілемшеге қояды. Кілеміміздің өңі кіріп қалды, енді ертегілер еліне ұшамыз.

Музыка тоқтайды. Біздің кілеміміз неге тоқтап қалды? Біз әлі жетпедік қой. Ханшайым айтқан бірінші тапсырмаға келіппіз. Тапсырманы орындасақ ары қарай ұшамыз.

1-тапсырма. 1-топ шарлардан ертегі кейіпкерлерін құрастыру. 2-топ ертегі кейіпкерлерінің суретін аяқтау. 3-топ ертегі кейіпкерлерінің шашын қию.

Әрі қарай ұшамыз. Музыка тоқтап қалады. Балалар тағы тапсырмаға тап болдық. Орындасақ әрі қарай ұшамыз.

2-тапсырма. Аю мен қасқырды кеспеге тойдыру. Ағашқа су беру.

Біз бұл тапсырмаданда сүрінбей өттік. Енді көңіл күйімізді көтеріп бір сергіп алайық. Сергіту сәті.

Тағыда ұшып, музыка тоқтап қалады. Балалар бұл біздің соңғы тапсырмамыз екен. Осыны орындасақ ертегі еліне жетеміз.

3-тапсырма.«Қай ертегі кейіпкері».

Біз ертегілер еліне жеттік. Қараңдаршы балалар біз үйшік ертегісіне келдік. Қазір ертегі тыңдап кейіпкерлерімен танысамыз.

Арианна: Жүгіріп секіруден жаңылмайық, Бәріміз бір кісідей жиналайық. Үйшік деп аталатын ертегінің кейіпкерлерімен танысайық.

Үйшік ертегісін тамашалаймыз.

Үйшік ертегісі ұнады ма? Үйшік ертегісінің кейіпкерлері қандай екен? Сендерде осындай тату тәтті, дос болсаңдар үлкен шыңға жетесіңдер. Достық туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Лейла: Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз. Туғып ұстап бірлікті. Тату тәтті жүреміз.

Ляйсан: Достар бірге жүреміз, бірге ойнап күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне біздер қандаймыз.

Достық туралы қандай мақал білесіңдер?

Адина: Жақсы дос басыңа дос, жаман дос асыңа дос. Байлық байлық емес, бірлік байлық.

Жаннұр: Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

Айша: Бір адам самал, екі адам амал, үш адам жамал, төрт адам қамал.

Дильнора: Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Бірлік бар жерде тірлік бар.

Жарайсыңдар балалар, осымен біздің саяхатымыз аяқталуға жақын қалды. Ханшайымның бізге дайындаған сыйлықтарын алайық. Кілемшеге отырып ұшып кетеді.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2023
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі