№42 «Ақниет»
гимназиясының өзін өзі басқару
ұйымының
жарқын сәттері мен жетістіктері
№42 «Ақниет»
гимназиясындағы мектеп парламенті –
білім
алушылардың шығармашылық, көшбасшылық, жауапкершілік
қабілеттерін дамытуға бағытталған өзін-өзі басқару
ұйымы.
Ұйымымыздың
негізгі мақсаттары:мектеп қауымдастығының өмірін жақсарту,
әлеуметтік, мәдени, спорттық және экологиялық жобаларды жүзеге
асыра
отырып, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін
дамыту.
Ал басты міндеттерімізге
келетін болсақ, өзін өзі басқару ұйымы мектептегі
тәртіпті қадағалап, әлеуметтік маңызды іс-шараларды
ұйымдастырады және
жобаларды тиімді жүзеге асырумен қатар мұғалімдер мен оқушылар
арасындағы байланысты нығайтумен айналысады.
Басты
ережелеріміз:
•Фракция мүшелері өз міндеттерін адал және жауапты
орындауға тиіс.
•Барлық бастамалар оқушылардың пікірін ескере
отырып жүзеге асырылады.
•Парламент жұмысы әділдік пен ашықтық
қағидаттарына негізделген.
Гимназиямыздың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Сейтова Жұлдыз Төленқызымен гимназия тәлімгері
Имашова Нұршат Асылбекқызымен 2024-2025 оқу жылы аясындағы
фракциялардың атқаратын мақсат-міндеттерін таныстырып
-өтті.
1. Құқық және тәртіп
фракциясы-Жантасқызы Айзере 9“Е”сыныбы
2.
Ақпарат фракциясы-Серікқали Мадина 8“В”сыныбы
-
Мектеп жаңалықтарын жариялайды, әлеуметтік
желілерде белсенділік танытады.
-
Іс-шараларды ақпараттық жағынан қамтамасыз
етеді.
3.Спорт және салауатты өмір салты
фракциясы-Салимов Данияр 9“В”сыныбы
4.Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы-Айдынқызы
Алина 9“Е”сыныбы
5.Қамқорлық фракциясы-Темірхан Арайлым
9“Е”сыныбы
6.Мәдениет және өнер фракциясы-Өтеғали Аруна
10“Г”сыныбы
-
Концерттер, көрмелер және шығармашылық кештер
ұйымдастырады.
-
Оқушылардың мәдени деңгейін арттыруға бағытталған
іс-шаралар өткізеді.
7.
Дебат қозғалысының фракциясы-Елтай Дильназ
9“Ж”сыныбы
-
Дебат турнирлерін ұйымдастырады, пікірталас
мәдениетін дамытады.
-
Сыни ойлау мен шешендік өнерді дамытуға ықпал
етеді.
8.
Экология және еңбек фракциясы-Мухамбетияров Нұралы
10“Б”сыныбы
Гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы мектеп
өмірінің маңызды бөлігін қамтитын түрлі іс-шараларды
ұйымдастырды. Бұл шаралар оқушылардың
шығармашылығын дамытып, олардың тұлғалық және рухани өсуіне ықпал
етеді.Мысалы: денсаулық және спорт күні оқушылар арасында салауатты
өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі шаралар, мектепшілік
марафондар мен командалық эстафеталарды
қамтиды. Қайырымдылық акциялары мысалы «Жақсылық жаса»
жобасы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған. Шаралар
барысында оқушылар қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырып,
жиналған қаражатты әлеуметтік осал топтарға
аударады.
“ЭкоМектеп” бастамасы табиғатты қорғау ісіне
бағытталған. Оқушылар мектеп ауласын көгалдандыру, қоқысты
сұрыптау, ағаш отырғызу және экологиялық білім беру шараларына
қатысады.
Өзін-өзі басқару ұйымы өткізетін іс-шаралар
оқушылардың көшбасшылық, шығармашылық және ұжымдық жұмыс дағдыларын
дамытуға бағытталған. Мұндай шаралар мектеп өмірін жандандырып,
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор үлес
қосады.
Біздің
жетістіктеріміз:
-
Областық- Мектептегі өзін-өзі
басқару көшбасшыларының «Әрекет уақыты» республикалық балалар
құрылтайының қалалық кезеңде- ІІ орын
-
Қалалық- Мектептегі өзін-өзі
басқару көшбасшыларының «Әрекет уақыты» республикалық балалар
құрылтайының қалалық кезеңде- Бас жүлде.
-
Қалалық- Қазақ халқының ақиық
ақыны Мұқағали Мақатевтың мұрасын насихаттауға арналған «Өлең-өнер
мен өмір» атты ақын шығармаларын әдеби образдар арқылы мәнерлеп оқу
байқауы- Алғыс хат
-
Қалалық-8 наурыз аналар
мерекесіне арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында
ұйымдастырылған «Әжелер сөзі –тәрбие көзі» әжелер мен қыздар өнер
фистивалінде «Шебер әже» аталымы бойынша
марапатталды.
-
Қалалық- 2023-2024 оқу жылында
«Мектеп Парламенті» оқушылар ұйымының «Патриотизм» фракциясы
бойынша үздік көрсеткені үшін марапатталады –
Диплом
-
Қалалық- Оқушылардың өзін-өзі
басқаруы- қоғамдық маңызды істерге қол жеткізуі мақсатынды «Мектеп
Парламенті», «Жас Ұлан», «Өзін-өзі басқару» балалар ұйымының
оқушыларымен «Мамыр-Ынтымақ айы» іс-шаралар жоспарының аясында
өткен «Таза Қазақстан» экологиялық челленджіне белсене қатысқаны
үшін марапатталады- Алғыс хат
-
Қалалық- Республика күні орай
ұйымдастырылған қалалық «Таза табиғат- таза Қазақстан» атты
экологиялық фестивальге үздік ЭКО видео номинация бойынша қатысқаны
үшін- Алғыс хат.
-
Қалалық- Республика күні орай
ұйымдастырылған қалалық «Таза табиғат- таза Қазақстан» атты
экологиялық фестивальде ЭКО квест номинация бойынша қатысқаны үшін-
Алғыс хат.
-
Қалалық- Республика күні орай
ұйымдастырылған қалалық «Таза табиғат- таза Қазақстан» атты
экологиялық фестивальде үзік ЭКО ән үндеу номинация бойынша
қатысқаны үшін- Алғыс хат.
-
«ABYROI SCHOOL» ұйымдастырған
«Көшбасшылар құрылтайы» атты қала мектептерінің парламенттерінің,
өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді оқушыларына арналған достық
алаңына қатысып, Көшбасшылық қабілетімен ерекше көзге түскені үшін-
Алғыс хат.
-
« Жастар рухы» Жастар
қанаты БҚО филиалы және «ABYROI SCHOOL» мектебінің ұйымдастыруымен
«ABYROI QUIZ» атты зияткерлік ойынында – ІІІ
орын