Жазғы демалыс
Жазда күн желсіз, аспан бұлтсыз ашық болады. Жаз айларында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, бақтарда құстар ән салады. Хош иісті ауаны жұтып, қыдыра бергің келеді. Балалар кеште далада ойнауды ұнатады. Жаз айында балалар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені жазғы жұмыс көп. (40 сөз)
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс басталды. Шілде айында мен лагерьге барамын. Лагерь Бурабай көлінің қасында. Онда бәрі бар: көл, тау, орман. Біз орманда жаяу, көлде қайықпен серуендейміз. Көлге шомыламыз, балық аулаймыз. Хайуанаттар бағына барамыз. Онда аңдардың, құстардың, балықтардың түрлері көп. Бурабайдың табиғаты керемет! Балалар лагерьде жақсы демалды.
( 45 сөз)
Көкөністер
Мен көкөністер дүкеніне бардым. Онда картоп,
орамжапырақ,сәбіз,пияз,қызылша,қарбыз,қияр,қызынақ
бар екен. Біз көкөністерден түрлі дәмді салат жасаймыз.
Көкөністерде ,азық - түліктерде,жемістерде адамға
қажетті дәрумендер бар. Олар адамның денсаулығына өте пайдалы. (34)
Менің ауылым
Менің ауылым оте жаксы. Ол маган қатты ұнайды. Себебі, атам мен әжем маган атта шабуға, төрт-түлік малды тамашалауга рұқсат етеді. Ол маган оте қатты ұнайды. Осыған не жетсін? Туған, өсіп-өнген, тамаша ауылымдагы, таза ауасымен серуендеп, керемет жерлерді тамашалауга не жетсін! 42 сөз
Отбасындағы татулық
Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе ол әдепті, ақылды азамат болып шығады. 32 сөз
Біздің мұғалім
Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ. Бұл – ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ұйықтауға жаттым.
Таңертең ерте ояндым. Ауылда тек мектептің терезесінде ғана от жанып тұр./35 сөз/
Менің мектебім
Менің атым ... Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің мектебім өте үлкен және үш қабатты. Мектеп жаңа, әдемі, жылы. Мектептің бірінші қабатында асхана, спортзалы, шағын орталық орналасқан. Екінші қабатта оқу сыныптары, акт залы, кітапхана бар.
Сабақта біз оқимыз, жазамыз, сурет саламыз. 40 сөз
Менің сүйікті ертегім
Менің сүйікті ертегім – «Алдар
Көсе»
Алдар- тапқырлығымен, , қулық істерімен
халыққа кең танымал кейіпкер. Алдар Көсенің көптеген
ертегілері маған ұнайды . Ол байлар мен хандардың тапқан пайдасын
ешқашан өз пайдасына жұмсаған емес. Адар Көсе әділдікке жақ өте
жақсы адам болған. 38
сөз
«Мұхтар Әуезов атындағы театры» бекеті .
Бекет әрленген қабырғалардан және гиперпласттан жасалған және ұлттық ою-өрнектермен және көшпенділердің тұрмысынан жасалған көріністермен орындалған. Қабырғалар да жасанды тастан жасалған, карниздік пішінмен әшекейленген. Граниттік едендер жай, ірі суретпен. Платформаның шет жағында спектакльден сахнаны бейнелеумен көркем сурет мозаикалық панно орналасады.
Вокзалда
Вокзалда адамдар көп. Жолаушылар вокзалдың ішінде жүр, кассаның алдында, перронда тұр.
Біз бүгін Астанаға жол жүреміз. Кеше кассадан билет сатып алдық.
Вагонның жанында жолсерік тұр. Ол біздің билеттерімізді тексерді. Біздің жанымызда жолаушылар көп. Вагонның ішінде де жолаушылар жүр. 38 сөз
Достық
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. 38 сөз
Мектеп
Биыл бiз жаңа мектепке барамыз. Мектеп ауласы үлкен. Сынып бөлмелерi әрi кең, әрi жарық. Мектебiмiз үш қабатты.Терезелерi биiк. Мектеп бағына көптеген ағаштар отырғыздық. Гүл алаңын жасадық. Гүл алаңында менiң сүйiктi гүлдерiм өсiп тұр. Бiз әр үзiлiсте мектеп бағына барып демаламыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
4- сыныпқа арналған диктанттар жинағы

шағым қалдыра аласыз