Материалдар / 4- сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

4- сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
1122
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4 а- сынып математикадан олимпиада есептері.


1. Дүкенге 600 торкөз дәптер, 400 жолды дәптер әкелінді. Дәптердің бестен бір бөлігі сатылды. Қанша дәптер қалды?

2. Жиналған алманың алтыдан бір бөлігі 9 кг болды. Барлығы қанша алма жиналды?

3. Шешемнің әмиянында үш 200 теңгелік ақша бар. Егер ол 400 теңгелік 2 қорап кәмпит сатып алғысы келсе, оған қанша теңге жетпейді?

4. Егер Санжар бір кәмпит сатып алса, 10 теңгесі қалады. АЛ екі кәмпитке 30 теңге жетпейді. Санжардың қанша теңгесі бар?

5. Автобуста ер адамдар, әйелдер, балалар келе жатыр. Ерлер - 36, әйелдердің ерлерге қарағанда 6 - уы кем, ал балалар әйелдерге қарағанда 5 есе кем. Автобуста неше бала келе жатыр?

6. Бестен бір бөлігі 2 см болатын кесінді сыз.

7. Қорапта 4 қызыл және 4 моншақ жатыр. Егер, қарамастан 5 моншақ алынса, ішінде тым болмаса бір қызыл ілінуі мүмкін бе?

8. Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларын және жақшаларды қой.
1 2 3 4 5 6=1

9. Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар?

10. Өрнекті ықшамдаңдар. (161х – 92х): 23+17x

11. Теңдеуді шеш:27: x+405: 9=48

12. Амалдарды орындаңдар: 6124 - 2904: 121+209

13. Арасы 105 км екі қаладан бір мезгілде екі велосипедші» бір - біріне қарама – қарсы бағытта шықты. Оларды бірі 12 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал екіншісі 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы қандай болды?

14. Тік бұрышты параллелипедтің өлшемдері 1м, 60см, 40см. Тік бұрышты параллелипедтің көлемін табыңдар.

15. Бөшкедегі бензинді 6 машинаның бензин құятын багіне тең бөліп құйды. Сонан соң әрбір машинаның бензин багына тағы да 8л бензин құйғанда, машиналардың бензин бағытарында 40л бензин болды. Бөшкеде алғашында неше литр бензин болды?

1. Дүкенге 600 торкөз дәптер, 400 жолды дәптер әкелінді. Дәптердің бестен бір бөлігі сатылды. Қанша дәптер қалды?
Шешуі: (600+400): 5=1000: 5=200 Жауабы: 200 дәптер

2. Жиналған алманың алтыдан бір бөлігі 9 кг болды. Барлығы қанша алма жиналды?
9•6=54 Жауабы: 54кг

3. Шешемнің әмиянында үш 200 теңгелік ақша бар. Егер ол 400 теңгелік 2 қорап кәмпит сатып алғысы келсе, оған қанша теңге жетпейді?
2•400 - 3•200=800 - 600=200 Жауабы: 200тг

4. Егер Санжар бір кәмпит сатып алса, 10 теңгесі қалады. Ал екі кәмпитке 30 теңге жетпейді. Санжардың қанша теңгесі бар?
50 - 40=10 40•2 - 50=30

5. Автобуста ер адамдар, әйелдер, балалар келе жатыр. Ерлер - 36, әйелдердің ерлерге қарағанда 6 - уы кем, ал балалар әйелдерге қарағанда 5 есе кем. Автобуста неше бала келе жатыр?
(36 - 6): 5=30: 5=6 Жауабы: 6 бала

6. Бестен бір бөлігі 2 см болатын кесінді сыз.
5•2=10 Жауабы: 10см

7. Қорапта 4 қызыл және 4 моншақ жатыр. Егер, қарамастан 5 моншақ алынса, ішінде тым болмаса бір қызыл ілінуі мүмкін бе?
Мүмкін. Себебі қызыл моншақ төртеу.

8. Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларын және жақшаларды қой.
1•( 2• 3 )- 4 +5 - 6=1

9. Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар?
Жауабы: төрт

10. Өрнекті ықшамдаңдар.
(161х – 92х): 23+17x=69x: 23+17x=3x+17=20x

11. Теңдеуді шеш:
27: x+405: 9=48
27: х+45=48
27: x=48 - 45
x=27: 3
x=9

12. Амалдарды орындаңдар:
6124 - 2904: 121+209=6124 - 24+209=6100+209=6309

13. Арасы 105 км екі қаладан бір мезгілде екі велосипедші» бір - біріне қарама – қарсы бағытта шықты. Оларды бірі 12 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал екіншісі 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы қандай болды?
105 -(15+12)•3=105 - 27•3=105 - 81=24 Жауабы 24 км.

14. Тік бұрышты параллелипедтің өлшемдері 1м, 60см, 40см. Тік бұрышты параллелипедтің көлемін табыңдар.
V=100•60•40=240000 см Жауабы 2400м

15. Бөшкедегі бензинді 6 машинаның бензин құятын багіне тең бөліп құйды. Сонан соң әрбір машинаның бензин багына тағы да 8л бензин құйғанда, машиналардың бензин бағыттарында 40л бензин болды. Бөшкеде алғашында неше литр бензин болды?
x: 6+8=40
x: 6=32
x=32•6
x=192 жауабы 192 литр

























Дүниетану. 4а – сынып.

1. Алғашқы адамның пайдаланған құралын көрсет
А) сіріңке, пышақ, найза Ә) доп, кесе, ожау Б) компас, карта, тас В) сүйек мүйіз

2. Сақ көсемінің Есік қаласынан табылған тарихи қазба ескерткіші
қалай аталады?
А) Алтын адам Ә) Бес күмбез мазары Б) Жошы хан күмбезі В) Сақ көсемінің күмбезі

3. 1. Табиғатты зерттеу әдістерін көрсет:
А) зерделеу, түсіну Ә) экспедиция Б) бағдарлау, болжау В) бақылау, тәжірибелеу

4. Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын не деп
атайды? А) жазық Ә) қырат Б) белес В) тау

5. Картада таудың түсі қандай түспен беріледі?
А) сары Ә) қошқыл қоңыр Б) көк В) жасыл.

6. Үгілуді туғызатын жағдайларды тап:
А) өсімдік, жел, мұз Ә) жауық мүк, жануар Б) жер сілкінісі, жаңбыр В) жел, жануарлар

7. Басы үшкір келетін төбе қалай аталады? А) құз Ә) белес Б) қырат В) шоқы

8. Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары қалай аталады?
А) металдар Ә) металл қоспалары Б) кен В) қазба

9. Судың үш түрлі күйін белгіле
А) қатты, жұмсақ, тәтті Ә) қатты, сұйық, бу Б) сұйық, қош, қатты В) бу, қатты, дәмді

10. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шипажайдың атын тап
А) Қапаларасан Ә) Сарыағаш Б) Барлық арасан В) Жаркент - Арсан

11. 2. Климат деген не? А) күнделікті ауа райы Ә) Ауа райындағы сағаттық өзгерістер
Б) Ауа райындағы өзгеріс В) Ауа райының жыл сайын қайталануы

12. Дала жануарларын белгіле А) қасқыр, қарақұйрық, суыр Ә) бөдене, бүркіт, құладын
Б) барыс, жапалақ, марал В) құндыз, камшат, шабақ

13 Суға тапшы аймақ қалай аталады? А) шөл Ә) шалғын Б) өзен В) тау

14. Адам еңбегінің жануарлар еңбегінен айырмашылығы неде?
А) әртүрлі заттар жасайды Ә) адамдікі саналы еңбек
Б) табиғаттан үйренеді В) әдемі бұйым жасайды


15 Жердің шар тәрізді екендігін қалай анықтаған?
А) ертедегі жазбалардан Ә) көру арқылы Б) бақылау арқылы В) сана арқылы

16. Көкжиек тұстарын түсбағдарсыз қалай анықтауға болады?
А) айға қарап Ә) жұлдызға қарап Б) табиғат құбылысына қарап В) тауға қарап

17. Пайдалы қазбалар картада қалай бейнеленеді?
А) шартты белгімен Ә) суретпен Б) әріппен В) сызықпен

18. Жыра неден пайда болады? А) үгілуден Ә) судың жер бетін тілімдеуінен
Б) жер сілкінісінен В) арнайы қазудан

19.Ең үлкен көлді көрсет А) Байкал Ә) Каспий Б) Балқаш В) 3айсан

20. Ауаны тазартудың ең тиімді жолын көрсет
А) завод, фабрикаларды азайту Ә) адам санын көбейту


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!