4- сыныптар: «Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

4- сыныптар: «Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз»

Материал туралы қысқаша түсінік
4- сыныптар: «Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

«Тәртіп-тәрбие бастауы»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

23-САБАҚ

4- сыныптар: «Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тәртіп пен тәрбие ұғымдарын түсіндіріп, олардың өмірдегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпті болуға, жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: үйде және көшеде кездесетін қауіпті жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру, осы жағдайда қалай әрекет жасау керектігін үйрету.

Дәйексөз

«Жаңашылдық – заман талабы»

Құндылық

Жасампаздық және жаңашылдық

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

- Мұғаліммен амандасады. - Сабаққа дайындалады. - Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер





Сабақ басы (10 мин)












3 «ҚҰПИЯ СӨЗ – СІЗДІҢ ОТБАСЫЛЫҚ ПАРОЛІҢІЗ»

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру. Тақырыпты анықтау

Бүгінгі сабақта біз үйде және көшеде өзімізді қалай ұстау керек ережелері туралы айтамыз .

Мақсат қою. Тақырыпты айқындау

Біз өмір сүріп жатқан әлем өте қызықты. Ол ғажайыптарға толы. Күн сайын әртүрлі кездейсоқ оқиғаларға тап боламыз. Өмір күтпеген оқиғаларға толы. Олар жағымды да және жағымсыз да болады. Күтпеген жерден біздің өмірімізге қауіп тудыратын жағдайлар да кездеседі. Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін жағдайды тез түсініп, дұрыс шешім қабылдай білуіміз қажет.

Білімді өзектендіру. Өтілгенді қайталау

- Үйде қандай қауіптер бар? (Балалар үйде оларға не қауіп төндіретінін тізімдейді)

- Ал бізді көшеде қандай қауіптер күтіп тұр? (Балалардың жауаптары)

2.Негізгі бөлім

- Үйде бізге қандай қауіп төнуі мүмкін?

(Балалар қорқыныш тудыратын жағдайларды айтады).

- Ал көшеде қандай қауіп төнуі мүмкін? (Балалардың жауаптары) - Қауіп төндіретін адамдарды қалай атайды? (Қылмыскерлер, алаяқтар).

- Сондай адамдар қандай қауіп төндіруі мүмкін (Балалар жауап береді).

- Өте дұрыс, олар адам өлтіруі балаларды ұрлап кетуі үйді тонауы т.б.

көптеген жағдайларды жасауы мүмкін. Осындай жамандықтан құтылу үшін мына ережелерді есте сақтаңыздар: Бүгінгі сабақта біз осылар туралы біліп алайық!

1-ереже. Есікті танымайтын адам түртсе не қоңырау соқса, ашуға бола ма? (Балалардың жауаптары: Жоқ, ашуға болмайды, анамызға, не әкемізге қоңырау соғып хабарласу керек, полицияға да хабарлауға болады). Ешкімге есікті ашуға болмайды! Себебі қылмыскер киімді ауыстырып киіп алуы мүмкін. -Ал қылмыскер есікті бұзғысы келсе, не істейміз ? (Балалардың жауабы:

ата-анамызға қоңырау соғамыз).

- Телефон жоқ болса ше? (Балалардың жауаптары)

- Дұрыс, балконнан немесе терезеден қатты айқайлап көмекке шақырамыз. «Телефонмен сөйлесу» ойыны: - Сәлеметсіз бе! Мен қайда түстім? - …

- Бұл кімнің пәтері? - …

- Сенің есімің кім?

- …

- Әке-шешең үйде ме?

- …

- Сен үйде жалғыз отырсың ба?

- … - Танымайтын адамның барлық сұрақтарына «Жоқ» деп жауап беріңіздер. «Ата-анаң үйде ме» деген сұраққа «Үйде, бірақ олардың қолдары бос емес, телефонға жауап бере алмайды» деп жауап қайтарыңыз.

2-ереже. Сен көшеде ойнап жүргенде күтпеген жерден бейтаныс адам машинасына мінгізіп аралатып келуді ұсынды. Сен қалай жауап бересің?

(Еш уақытта келіспеймін. Бейтаныс адамның көлігіне мінуге болмайды).

- Жарайсыздар. Өте дұрыс жауап бердіңіздер.

3-ереже. Сабақтан соң мектептен шығасың. Саған бейтаныс кісі келіп анаңның досымын дейді. Анаңның телефон қуаттағышы отырып қалғанын, сені мектептен алып кетуімді өтінді деп, жылы лебізін білдіреді. Сен не істер едің? - Күмәнді адаммен кездесіп қалсаң, не істеу керек?

- Құпия сөз деген не?

- Ата- аналарыңмен бірге бір сөз ойлап табыңыздар – ол сөзді тек сендер, яғни ата-анаң мен өзің ғана білулерің керек. Қауіп төнгенде бұл сөз сіздің өміріңізді сақтап қалуы, жағымсыз байланыстан құтқаруы мүмкін. Міндетті түрде бір сөзден емес, тұтас сөйлем болса да жақсы.

- Сіз қонаққа бардыңыз. Сізге қауіпті жағдай төніп тұр. Бұл жағдайда анаңыз алып кетуі үшін құпия сөз жазасыз немесе айтасыз. Құпия сөз смайл түрінде болуы да мүмкін. Анаңыз түсініп, сізді алып кете қояды.

4-ереже. Еш уақытта бейтаныс адамның көлігіне отырма, барайық деген жеріне барушы болма, бейтаныс адамды өзіңе 2 метрден жақын жолатпа, егер ол жақындайтын болса, айғайлап, көмекке шақыр, құпия сөзді айтуын сұра.

Білімді тексеру.

- "Тәртіп дегеніміз не?"

- «Тәрбие дегеніміз не?»

«Олардың қандай байланысы бар?»

деген сұрақ қойып, ой шақыру.

- Оқушылардың жауаптарын тыңдап, олардың түсініктерін толықтыру.



- Оқушылар жеке ойларын айтады. - Өзара пікір алмасады.















Ортасы (30 мин)


Shape1

Тәртіп – адамның өзін-өзі басқаруы, қоғамда белгіленген ережелер мен нормаларды сақтау қабілеті. Ал тәрбие – адамның мінез-құлқын, әдептілігін, мәдениетін қалыптастыратын ұзақ процесс.

Тәрбиелі адам әдептілік, сыпайылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.


? Жағдаяттарды талдау:

Оқушыларға әртүрлі жағдаяттар беріледі, олар сол жағдайға тәртіп пен тәрбиенің әсерін түсіндіреді.

Мысалдар:

Мектепте бір оқушы сабақ кезінде айқайлап сөйлейді. Бұл тәртіпке сай ма? Оны қалай түзетуге болады?

Бір бала үлкендерге орын бермейді. Бұл қандай қасиет? Оны тәрбиемен байланыстыруға бола ма?

Бір оқушы өз заттарын ұқыпты ұстайды. Бұл тәртіп пе, әлде тәрбие ме?


 

Қоғамда өзін қалай ұстау керек? Мектепте

Отбасында

Қоғамдық орындарда


«Тәрбие ережелері»

? Әр топ «Тәрбиелі адамның 5 ережесін» жазады.

Оқушылар өздерінің ойынша, ең маңызды ережелерді талқылайды.

Кейін әр топ өз ережелерін таныстырады.

Мысал:

Әдепті болу – үлкендерді сыйлау.

Әрдайым шындықты айту.

Үлкендер мен кішілерге көмектесу.

Тазалықты сақтау.

Жауапкершілікті болу.












олар сол жағдайға тәртіп пен тәрбиенің әсерін түсіндіреді.



Мектепте

Мұғалімдер мен сыныптастарға құрмет көрсету.

Сабаққа кешікпеу, оқу құралдарын ұқыпты ұстау.

Мектеп ережелерін сақтау.

Отбасында

Ата-ананың айтқанын тыңдау.

Үй жұмыстарын орындау, үлкендерге көмектесу.

Іні-қарындастарға қамқор болу.

Қоғамдық орындарда

Қоғамдық көлікте үлкендерге орын беру.

Қоқысты арнайы орындарға тастау.

Қоғамдық орындарда айқайламау, өзгелердің тыныштығын бұзбау.







Соңы


(2 мин)




Жақсы әдеттер бізді тәрбиелі, сыйлы, ақылды етеді.

Жаман әдеттерден аулақ болу керек, өйткені олар бізге және қоршаған ортаға зиян тигізеді.

Әрдайым жақсы әдеттерді таңдап, үлгілі азамат болуға тырысайық!


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі