Материалдар / 4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

Материал туралы қысқаша түсінік
4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні сынып сағаты
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: 4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды интернеттің қауіпсіз қолдану негіздерімен таныстыру.

Интернетте жеке мәліметтерді қорғау туралы ақпарат беру.

Зиянды контент пен алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіру

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі / уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут

- ұйымдастыру




- топтастыру













Сабақтың басы:

(3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

нтернетте қауіпсіздіктің маңыздылығы жайлы презентация немесе видеоролик көрсету.

Интернеттегі алаяқтық, кибершабуылдар, фишинг, зиянды бағдарламалар туралы қысқаша ақпарат беру.

Жеке мәліметтерді қорғау туралы кеңестер мен ережелерді түсіндіру:

  • Құпия сөздерді қалай таңдау керек.

  • Белгісіз веб-сайттарға кіруден аулақ болу.

  • Онлайн қарым-қатынастың қауіпсіздігі.






Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.


Ауызша марапаттау


Суреттер, слайд

Бағалау




Сабақтың ортасы:

30 мин


1. Тапсырма: Интернет қауіпсіздігі туралы ақпарат беру

Мақсаты:

Оқушылар интернетте қауіпсіз болу үшін қажет ережелер мен сақтық шараларын меңгеруі тиіс.

Сұрақтар:

  1. Интернетте қауіпсіз болу үшін қандай негізгі ережелерді сақтау керек?

  2. Алаяқтар интернет арқылы қандай жолмен адамдарды алдайды?

  3. Интернетте өзіңнің жеке мәліметтеріңді қалай қорғауға болады?

  4. Фишинг дегеніміз не және одан қалай сақтануға болады?

  5. Интернеттегі қауіптерді болдырмау үшін қандай қауіпсіздік шараларын қолдануға болады?

2. Тапсырма: Жеке мәліметтерді қорғау

Мақсаты:

Оқушылар жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау жолдарын білуі керек.

Құпия сөздерді қауіпсіз таңдау

  • Құпия сөз ұзақ және күрделі болуы керек (әріптер, сандар, арнайы символдар мен үлкен әріптерді қолдану).

  • Құпия сөзді басқа адамдармен бөліспеу және оны жиі өзгертіп отыру.

  • Әртүрлі аккаунттар үшін әр түрлі құпия сөздерді қолдану.

Екі факторлы аутентификация (2FA) қолдану

  • Екі факторлы аутентификация арқылы қосымша қауіпсіздік деңгейін енгізу (мысалы, мобильді құрылғыға келген кодты енгізу).

  • Бұл әдіс ұрланған құпия сөздер арқылы да аккаунтты қорғауға көмектеседі.

Жеке мәліметтерді жарияламау

  • Әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді (телефон нөмірі, мекенжай, банктік деректер) жарияламау.

  • Әлеуметтік желілерде профайлды тек достармен немесе сенімді адамдармен бөлісу.

Құпиялы интернет қосымшаларын қолдану

  • Браузерлер мен хабарлама қосымшаларында жеке мәліметтерді сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шаралары (мысалы, браузердегі кэшті тазалау, құпиясөз менеджерлерін қолдану).

Топтық жұмыс (Интернет қауіпсіздігі туралы постер жасау)

Мақсаты:

Оқушылар интернет қауіпсіздігіне қатысты негізгі ережелерді топпен жұмыс істеп, постер түрінде визуалды түрде көрсете білуі керек.

1-ТОП: Жеке мәліметтерді қорғау

Тапсырма:

Постерде интернетте жеке мәліметтерді қорғау үшін қажетті негізгі ережелерді көрсетіңіз. Бұл ережелерді нақты және түсінікті түрде көрсетіңіз.

2-ТОП: Интернет алаяқтықтары және фишинг

Тапсырма:

Постерде интернеттегі алаяқтық түрлері мен фишингтің қауіптері туралы түсініктеме беріңіз.

3-ТОП: Интернеттегі қауіпсіздік құралдары мен бағдарламалары

Тапсырма:

Постерде интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын құралдар мен бағдарламаларды көрсетіңіз.

Оқушы тақырып бойынша сұрақтар қоюға және сұрақтарға жауап беруге белсенді қатысады.











Оқушы интернеттегі жеке мәліметтерді қорғау туралы ұсыныстарды тыңдайды.



Оқушылар топқа бөлініп, интернет қауіпсіздігі туралы постер дайындайды.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сабақты қорытындылау

4-минут

Тапсырма: Интернет қауіпсіздігі туралы үй тапсырмасы

Мақсаты:

Оқушылар үйде интернет қауіпсіздігі туралы алған білімдерін тереңдетіп, практикада қолдануға тиіс.

Интернет қауіпсіздігіне қатысты 5 негізгі ережені жазыңыз.
Әр ереже бойынша оны қалай күнделікті өмірде қолдануға болатындығын түсіндіріңіз. Мысалы, интернетте жеке мәліметтерді қорғау, құпия сөздерді қауіпсіз таңдау, фишингтен сақтану сияқты ережелерді нақты көрсетіңіз.

Интернет алаяқтықтары мен олардың түрлері туралы жазып, оларға қарсы сақтану шараларын сипаттаңыз.
Әрбір алаяқтық түрі (мысалы, фишинг, жалған жарнамалар, бейтаныс сілтемелер) туралы қысқаша түсінік беріп, оның алдын алу тәсілдерін жазу.

Оқушы интернет қауіпсіздігі туралы 5 маңызды ережені жазбаша түрде үй тапсырмасы ретінде орындайды.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.







Сабақтың соңы:

(3 мин)

Рефлексия










Рефлекция әдісін menti.com платформасы арқылы сұраймын. Оқушыларға QR код көрсетіледі. Сол арқылы сабақты бағалайды



Бағалау парағымен оқушылар бағыланады


Берілген qr арқылы бағалау


Жақсы, ұнады, ұнамады, түсіндім, түсінбедім деген сөздерді қолдану арқылы кері байланыс береді

https://www.menti.com/alps9wu2eutj




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі