«4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Жарияламас бұрын-жақсылап ойланыңыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Жарияламас бұрын-жақсылап ойланыңыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Жарияламас бұрын-жақсылап ойланыңыз»
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні»

«Жарияламас бұрын-жақсылап ойланыңыз»





9 «Ә» сынып жетекшісі: Б.Кибишева

2024-2025 оқу жылы







Тексерілді: ___________


Сынып жетекшінің аты-жөні

Б.Кибишева

Күні:

01.01.2025 жыл

Сынып: 9 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні»

«Жарияламас бұрын-жақсылап ойланыңыз»

Тәрбие жұмысының мақсаты

- Цифрлық сауаттылықтың адам өміріндегі мәнін  түсіндіру.

-Әлеуметтік желіні дұрыс,тиімді пайдалануға үйрету, шақыру

1-апта дәйексөзі:

Жасампаздық – бәрімізге өнеге

Құндылық

Жасампаздық және жаңашылдық


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар




Кіріспе


10 мин























Негізгі бөлім

20 мин


Сәлемдесу

Тақырыппен жұмыс

Қайырлы күн, құрметті оқушылар сіздерге

«4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні»

«Жарияламас бұрын-жақсылап ойланыңыз»

атты пікір-таласты сабағымызды ашық деп жариялаймын.

 

Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, «Цифрлік» тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Оқу үрдісінде компьютер оқып - үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді.

Дүниежүзілік қауіпсіз Интернет күні (ағылшынша Safer Internet Day) — ақпанның екінші аптасының екінші күні атап өтілетін мереке.

Мерекелеу идеясы тиесілі Еуропалық Комиссиялар (2004 ж. Қаңтар), оны еуропалық SchoolNet және Insafe еуропалық коммерциялық емес ұйымдары қолдады.

Мерекенің мақсаты – адамдарға Интернетті жауапкершілікпен және қауіпсіз пайдалану туралы білім беру.

Күннің бас үйлестірушісі — Insafe (European Safer Internet Network) коммерциялық емес ұйымы

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу - тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата - аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді. Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы — осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.

Ендігі бір мәселе — Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние

Интернет мәліметтері, суреттер


AutoShape 1

Қауіпсіздік сабағы

(10 минут)


9- сыныптар: «Кәмелетке толмаған бала заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?»

Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз  тиісті емес  уақытта  жүрсе, онда ол полиция бөліміне түсуі  мүмкін.  

Бала - бұл 18 жасқа толмаған (толық жас) адам.

Баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.

Баланың ата-аналарына, заңды өкілдеріне айыппұл салмас үшін нені білу керектігі туралы  біз осы материалда айтып береміз.

Балаға қай уақытта  ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге  баруға тыйым салынады?

Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне:

ойын мекемелері,

түнгі клубтар,

кафе-барлар,

мейрамханалар

интернет кафе,

компьютер,

бильярд бөлмелері,

боулинг клубтары мен кинотеатрлар,

театр және ойын-сауық нысандары және басқа ғимараттар,

ойын-сауық, театр және ойын-сауық, спорттық, мәдени және демалыс қызметтері ұсынылатын үй-жайлар, құрылыстар жатады.

Сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады.

Егер бұл уақытта балалар үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыстарды кешкі уақытта шығарса, өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оны табудың себебін анықтауға, заңды өкілдерін құруға, оларды уақтылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған адамды оның заңды өкілдерін құру жөніндегі келесі шаралар үшін полиция органына жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады

Ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін:

кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса - 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады.

Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Баланы тиісті  емес уақытта болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады.

Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылған-тартылмағанына байланысты. Айыппұл іс-әрекетті тоқтатумен немесе белгілі бір қызмет түрімен бірге қолданылуы мүмкін.

Айыппұл мөлшері:

жеке тұлғалар үшін - 10 АЕК, қайталама құқық бұзушылықтар үшін - 20 АЕК;

шағын кәсіпкерлік  субъектілері  немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 15 АЕК, қайталанғанда - 30 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 30 АЕК, қайталанғанда  - 50 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 50 АЕК, қайталанғанда - 100 АЕК.

Кәмелетке толмағанның өкілі ретінде  кім сөйлей алады

Заңды өкілдің қатысуымен кәмелетке толмаған бала белгіленген уақыттан өткеннен кейін ойын-сауық мекемелерінде  болуы мүмкін.

Басқа ересек адамдар заңды өкіл ретінде таныла алмайды.

Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған баланың басқа ересек адамдардың қатысуымен болуы (мысалы, жас адаммен, компаниямен), бірақ заңды өкілдерсіз болуы заңсыз болады.

Көршісіне сағат 23.00-ден кейін мұз айдынын жасауға көмектескен кәмелетке толмаған құқық бұзушы үшін көршісі заңды өкіл болып табылмайды.

Тек заңды өкілдер ғана баланы полициядан алуға құқылы.

Егер ата-аналары уақытша қалада болмаса, онда туыстары немесе өкілдері тиісті құжатты немесе нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуы керек.


Қоры

тынды

5 мин


Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор.! Сонымен іске сәт,жұмыстарыңыз табысты болсын!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.01.2025
88
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі