Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
№4 Еңбек түбі береке тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№55 жалпы орта білім беретін мектеп
Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
______Бекбосынов О.
“ Еңбек түбі береке!”
Тәрбие сағаты
Сынып: 7 “З”
Сынып жетекшісі: Куралбаева М.К
2024-2025 оқу жылы
Педагогтің аты-жөні: |
Куралбаева М.К |
|||||
Күні: |
23.09.2024ж |
|||||
Сынып: |
7 «З» Қатысқандар |
Қатыспағандар |
||||
Сабақтың тақырыбы |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Еңбек түбі береке» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 4-САБАҚ 7- сыныптар : «Кибербуллингтің түрлері. Әр адамның қауіпсіздігі неде және сіздің әрекеттеріңіздің алгоритмі ұандай болуы керек» |
|||||
Оқыту мақсаты: |
Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту. |
|||||
Құндылықтар |
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы; |
|||||
4-апта дәйексөзі: |
Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы.(Абай) 23-27.09.24ж. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңдері |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5мин |
Ұйымдастыру кезеңі Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты – еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты – еңбек. Сабағыңды жөндеп, Әзірлесең еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек! Сөзжұмбақ шешу Қасиетті сан (жеті). Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз (кешіріңіз). Біз өткен тақырып « …………… мен сауап» (обал). Үлкенге – ……………….., кішіге – ізет (құрмет). Аптаның соңғы күні (жексенбі). Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабағымыз еңбек туралы болмақ. Яғни, сабағымыздың тақырыбы «Еңбек – түбі береке» деп аталады. Сабақ мақсатымен танысады |
Оқушылар назарын сабаққа аударады Сқзжұмбақты шешеді Сабақ мақсатымен танысады |
ҚБ: Жарайсыңдар! Керемет! Жақсы! Тамаша! |
Слайд |
||
Сабақтың ортасы 28мин |
Жаңа сабақ Әңгімелесу. 1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? 2.Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? (Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.) 3.Қандай адамды еңбекқор дейміз? 4.Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай? (Білім алуға, маман иесі болуға) Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады. 5.Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар? Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз. 6. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда. Жалғасын тап: (слайд) Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер ) Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме ) Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің ) Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет ) Еңбек адамның … ( екінші анасы ) Еңбек – ата, … ( жер – ана) Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан ) Еңбек жастан, … ( өнерге бастан ) Еңбек ер ...(атандырады) Бақыт кілті...( еңбекте) Суретпен жұмыс. Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді Еңбек адамға білім алуға, маман иесі болуғакерек екен. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіредішынықтырады Мақалдардың жалғасын тауып талқылайды |
Жарайсыңдар! Керемет! Жақсы! Тамаша! |
слайд |
||
Сергіту сәті 2мин |
« Дұрыс па, бұрыс па?» Қойшы балаларды оқытып жүр. Жүргізуші машина жүргізеді Аспазшы үй салып жүр. Дәрігер адамдарды емдейді. Жазушы хат, газеттер тасып жүр. Дәрігер етік тігіп отыр. Мұғалім балаларды емдеп жүр. Ұшқыш әдемі киім тігеді. Өрт сөндіруші өртті сөндіреді. Суретші сахнада ән айтып тұр. |
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді. |
Тамаша! |
слайд |
||
|
Шығармашылық тапсырма: 1-жағдаят: Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді. Сендер не деп айтқан болар едіңдер? 2-жағдаят: Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» деп айтты. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа еш зияны» жоқ деп жүре тыңдады. Қалай ойлайсыңдар Саматтың айтқаны дүрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар? Келесі тапсырма:Қағазда жазылған сөзді қалай түсінесіңдер,ойларыңды мына сызықтарға жазамызда қорғаймыз.(еңбек,білім) Дәйексөз/Дәптермен жұмыс/ Еңбек-жәй ғана қызмет емес,адам болмысыңның айнасы. Абай Абай Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың. |
Алдарыңда жатқан жағдаятты оқып өз ойларын айтады . |
Жарайсыңдар! Керемет! Жақсы! Тамаша! |
слайд |
||
Сабақтың соңы 10мин |
Бекіту Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді. Кері байланыс: |
Кері байланыс жасайды |
1-10ұпай Өз-өздерін бағалайды |
|
Мысал әңгіме «Қара
пышақ» Б. Әділов.
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным
таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас
қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі.
«шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір
күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің
көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды,- деді ол
қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!… Ай өтті, жыл өтті.
Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім
білмейтін еді. Бір күні:
– Әй, туысқан, – деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің
жарығынанжылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды,
баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ
– жұрқ етеді. Сұлуланып
кетіпті.
– Төмен секір, – деді Қара пышақ.- бірге жатайық. Бізді
ешкім білмейді.
– Ол жерде не бар?
– Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай
рахат!
– Ал жұмысты кім
істейді?
– Жұмыс бізсіз де
істеледі.
– Рахмет! – деді Сары
пышақ.
– Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір
– сүреңсіз. Өзің – ақ жата бер, рахатыңа бата
бер.
Қара пышақ, орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойы
тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай
сезінеді.
*Мысал әңгімедегі
Қара пышақ қандай адамға
ұқсайды?
*Сары пышақтың қандай ісі сендерге
ұнады?
* «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай
түсінесіңдер?
– Еңбек еткен адамның өмірі қашанда – жарық
болады екен ия.
Мақал – мәтел.
Енді балалар бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
«Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.
Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.