Материалдар / 4 жыл мезгіліне серуен картотекасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

4 жыл мезгіліне серуен картотекасы

Материал туралы қысқаша түсінік
4 жыл мезгіліне серуен картотекасы Жинағы қазақша нұсқада күз қыс көктем жаз картотека жинағы балабақша мектепке дейінгі ұцым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
4555
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күз мезгілі.

1 серуен картотекасы.

Балалармен жеке жұмыс:

«Күзгі жапырақтар» туралы оқу (Қ. Шарғытбаев)

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»

Бақылау: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау.

Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, олардың түстерін айтқызу.


2 серуен картотекасы.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

Еңбек: Балабақша ауласындағы ілулі тұрған жемсалғышқа құстарға жем салу, оларды қоректендіру.

Балалармен жеке жұмыс:

«Бозторғай» тақпағын жаттау (С.Сейфуллин)

Міне торғай,

Үйін қорғай

Жер бауырлап зырлайды

Шырқап биік,

Күнге күйіп

Қалмай, сайрап жырлайды.

Қимылды ойындар: «Қаздар, қаздар»

Бақылау: Балабақша ауласындағы құстарды бақылау.

Мақсаты: Құстар туралы әңгімелеу, олардың аттарын аттату және қимыл – қозғалыстарын салып жүру, дауыстарын тыңдау.


3 серуен картотекасы.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

Еңбек: Бөлме гүлдерін суару.

Балалармен жеке жұмыс: «Көкөністер туралы ертегі»

Қимылды ойындар: «Көкөністер мен жемістерді жинау»

Бақылау: Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты: Күзде жәндіктердің, көбелектердің жерге терең кіріп ұйықтайтынын айтып, олардың қалай азықтарын таситындарын бақылату.


4 серуен картотекасы.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

Еңбек: Шашылған жапырақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау.

Балалармен жеке жұмыс: Ертегі оқып беру «Ағаштар ұйықтай ма?»

Қимылды ойындар: Тақия тастамақ.

Бақылау: Ағаштардың желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету.


5 серуен картотекасы.

Бақылау: Құмдағы іздерді бақылау.

Мақсаты: Учаскелердегі құмдағы іздердің кімнің ізі екенін айыра білуге үйрету. Өз іздерін бір – бірімен салыстыру.

Еңбек: Құм салғыштағы құмды күрекшелерімен көтеру.

Балалармен жеке жұмыс: «Санамақ айту»

Бөрік тіктім

Он ойланып

Тоғыз толғанып.

Сегіз рет сызып,

Жеті рет бұзып

Алты рет қарап

Бес рет санап

Төрт рет қадап

Үш тал үкі тағып,

Екі қолым талып,

Бір бөрік тіктім

Әзер деп біттім.




































Күз мезгілі.

6 серуен картотекасы.

Бақылау: Жерге түскен жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Балаларға жапырақтар неліктен жерге түскендігі туралы әңгімелеп айту. Олардың түстерін атау.

Еңбек: Құм салғыштың ішіне түскен жапырақтардан тазалау.

Балалармен жеке жұмыс: Балаларға жұмбақ жасыру.

Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады. (Жапырақ)

Аспай піскен,

Қайнамай піскен.(Жеміс)

Қимылды ойындар: «Ақ серек, көк серек»

Бақылау: «Солып қалған гүлдерді бақылау»

Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту.


7 серуен картотекасы.

Бақылау: «Солып қалған гүлдерді бақылау»

Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту. Жазғы гүлдер мен күзгі гүлдердің ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы әңгімелеу.

Еңбек: Қурап қалған гүлдердің тұқымдарын жинау.

Балалармен жеке жұмыс: Тақпақ жаттау.

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім

Қызыл, жасыл, сары,

Әп – әдемі бәрі.

Қимылды ойындар: «Абай бол», «Қайда шылдырлайды?»

Мақсаты: Балаларды ептілікке үйрету. Есту қабілеттерін дамыту.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.


8 серуен картотекасы.

Бақылау: Күзгі ауа – райындағы өзгерістерді бақылау.

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа – райын жазғы ауа – райымен салыстыру, күздегі өзгерістерді айтқызу.

Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинату.

Балалармен жеке жұмыс: «Жел» туралы тақпақ айтқызу.

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып

Қимылды ойындар: «Ұшты – ұшты»

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.


9 серуен картотекасы.

Балалармен жеке жұмыс:

«Күзгі жапырақтар» туралы оқу (Қ. Шарғытбаев)

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»

Бақылау: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау.

Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, олардың түстерін айтқызу.


10 серуен картотекасы.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

Еңбек: Балабақша ауласындағы ілулі тұрған жемсалғышқа құстарға жем салу, оларды қоректендіру.

Балалармен жеке жұмыс:

«Бозторғай» тақпағын жаттау (С.Сейфуллин)

Міне торғай,

Үйін қорғай

Жер бауырлап зырлайды

Шырқап биік,

Күнге күйіп

Қалмай, сайрап жырлайды.

Қимылды ойындар: «Қаздар, қаздар»

Бақылау: Балабақша ауласындағы құстарды бақылау.

Мақсаты: Құстар туралы әңгімелеу, олардың аттарын аттату және қимыл – қозғалыстарын салып жүру, дауыстарын тыңдау.































11 серуен картотекасы.

Бақылау: «Тұманды бақылау»

Мақсаты: Табиғат құбылыстарын атату. Соның ішінде бүгінгі ауа райының өзгерісі тұманды бақылату. Ашық және тұманды күннің ерекшеліктерін салыстыру.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

Балалармен жеке жұмыс: Танысқан дыбыстар бойынша сөздер ойлату.

Қимылды ойындар: «Кетіп қалған кім?», «Қояндар мен қасқырлар»

Мақсаты: Рөлдерде ойнай білуге үйрету. Байқампаздыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету.

Еңбек: Жапырақтардан әртүрлі бейнелер құрастыру.


12 серуен картотекасы.

Бақылау: «Күзгі саябаққа серуен»

Мақсаты: Адамдардың саябаққа не себепті келетіні жайында әңгімелесу. Саябақ ішіндегі күзгі өзгерістерге көңіл бөлдіріп бақылау, әңгімелеу. Көңіл бөлдіріп бақылау, әңгімелеу.

Еңбек: Саябақтағы әр түрлі ағаштардың жапырақтарын жинау. Әр ағаштың жапырағын ажыратып үйрету.

Балалармен жеке жұмыс: Тақпақ жаттату.

«Күзгі жапырақтар» туралы оқу (Қ. Шарғытбаев)

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Қимылды ойындар: «Құстар мен мысық», «Аққу – қаздар»

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.


13 серуен картотекасы.

Бақылау: «Қайтқан құстарды бақылау»

Мақсаты: Балалармен қайтқан құстарды бақылау. Олардың атын ататқызып, дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту.

Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.

Балалармен жеке жұмыс: Құстар туралы жұмбақтар жасыру

  1. Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін (Қарлығаш)

  1. Күндіз соқыр не деген?

Түнде қандай көреген (Үкі)

  1. Еркін самғап ұшсын,- деп

Мәпелейміз, баптаймыз

Бейбітшілік құсы, - деп

Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)

  1. Қыстағы ақ мамыққа,

Жалғау жалға, жалықпа

Сонда құс боп шығады

Кәне, қай құс анықта (Қарға)

Қимылды ойындар: «Қайтқан құстар», «Құстар мен мысық»

Мақсаты: Ойын барысын бұзбай ойнауға дағдыландыру. Құс қимылдары арқылы дене бітімдерін дамыту. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.


14 серуен картотекасы.

Бақылау: «Күзгі желдің бағытын бақылау»

Мақсаты: балаларға желдің қай бағытта соғып тұрғанын қандай леп арқылы соғып тұрғаны жөнінде жалпы түсінік беру. Балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін арттыру.

Еңбек: Балаларға желдің бағытымен ұшқан күзгі жапырақтарды жинату.

Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне байланысты көркем сөз жаттату.

Кейде сипап өтер

Кейде ұйпап кетер

Көк майса көрікті

Алқаптағы көк егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

Қимылды ойындар: «Жел көбік», «Кім жылдам?»

Мақсаты: Байқампаздыққа, кеңістікті бағдарлауға үйрету.


15 серуен картотекасы.

Бақылау: «Қайтқан құстарды бақылау»

Мақсаты: Балалармен қайтқан құстарды бақылау. Олардың атын ататқызып, дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту.

Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.

Балалармен жеке жұмыс: Құстар туралы жұмбақтар жасыру

1.Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін (Қарлығаш)

  1. Күндіз соқыр не деген?

Түнде қандай көреген (Үкі)

  1. Еркін самғап ұшсын,- деп

Мәпелейміз, баптаймыз

Бейбітшілік құсы, - деп

Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)

  1. Қыстағы ақ мамыққа,

Жалғау жалға, жалықпа

Сонда құс боп шығады

Кәне, қай құс анықта (Қарға)

Қимылды ойындар: «Қайтқан құстар», «Құстар мен мысық»

Мақсаты: Ойын барысын бұзбай ойнауға дағдыландыру. Құс қимылдары арқылы дене бітімдерін дамыту. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.












16 серуен картотекасы.

Бақылау: «Өзге топ балаларының іс – әрекеті»

Мақсаты: Балалардың назарын өзге топ балаларының іс – әрекетіне аудартып, балалардың қалай ойнайтындарын, өздерін қалай ұстайтындарын бақылау арқылы балаларды қырағылыққа, үлгі алуға баулу.

Еңбек: Ауладағы ағаштардың сынығын, жапырақтарды жинау.

Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру:

Ағайынды бес құрдас

Бірдей болып еш тұрмас (Саусақ)

Есігі – біреу

Бөлмесі бесеу (Қолғап)

Адамның сәні

Онсыз жоқ мәні (Киім)

Таңертең тұрдым

Екі жолды қудым (Шалбар)

Қимылды ойындар: «Жай жүгіріп өт», «Аюлар мен аралар»

Мақсаты: Ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрету. Балаларды икемділікке баулу. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.


17 серуен картотекасы.

Бақылау: «Қоңыр күзді бақылау, салыстыру»

Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау, алғашқы күзбен салыстыру, ерекшеліктерін сұрау, қоңыр күзде күннің суық болатынын, жапырақтар түсіп бітік тек қоңыр түсті болатынын айту. Ағаштар жапырақтарынан ажырап, жапырақтардың да күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.

Еңбек: Құмсалғыштағы құмды күрекшелермен көтеру.

Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне байланысты көркем сөз жаттату.

«Күз»

Қара бұлт қабағын түйеді

Бүталар боз қырау киеді,

Осы ма, осы ма, күз деген

Бақшаға баратын бізбенен

Қимылды ойындар: «Үрпек төбет», «Жасырынбақ»

Мақсаты: Шапшаңдыққа баулу.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.


18 серуен картотекасы.

Бақылау: «Өзге топ балаларының іс – әрекеті»

Мақсаты: Балалардың назарын өзге топ балаларының іс – әрекетіне аудартып, балалардың қалай ойнайтындарын, өздерін қалай ұстайтындарын бақылау арқылы балаларды қырағылыққа, үлгі алуға баулу.

Еңбек: Ауладағы ағаштардың сынығын, жапырақтарды жинау.

Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру:

Ағайынды бес құрдас

Бірдей болып еш тұрмас (Саусақ)

Есігі – біреу

Бөлмесі бесеу (Қолғап)

Адамның сәні

Онсыз жоқ мәні (Киім)

Таңертең тұрдым

Екі жолды қудым (Шалбар)

Қимылды ойындар: «Жай жүгіріп өт», «Аюлар мен аралар»

Мақсаты: Ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрету. Балаларды икемділікке баулу. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.


19 серуен картотекасы.

Бақылау: «Қайтқан құстарды бақылау»

Мақсаты: Балалармен қайтқан құстарды бақылау. Олардың атын ататқызып, дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту.

Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.

Балалармен жеке жұмыс: Құстар туралы жұмбақтар жасыру

  1. Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін (Қарлығаш)

  1. Күндіз соқыр не деген?

Түнде қандай көреген (Үкі)

  1. Еркін самғап ұшсын,- деп

Мәпелейміз, баптаймыз

Бейбітшілік құсы, - деп

Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)

  1. Қыстағы ақ мамыққа,

Жалғау жалға, жалықпа

Сонда құс боп шығады

Кәне, қай құс анықта (Қарға)

Қимылды ойындар: «Қайтқан құстар», «Құстар мен мысық»

Мақсаты: Ойын барысын бұзбай ойнауға дағдыландыру. Құс қимылдары арқылы дене бітімдерін дамыту. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.

20 серуен картотекасы.

Бақылау: «Өзге топ балаларының іс – әрекеті»

Мақсаты: Балалардың назарын өзге топ балаларының іс – әрекетіне аудартып, балалардың қалай ойнайтындарын, өздерін қалай ұстайтындарын бақылау арқылы балаларды қырағылыққа, үлгі алуға баулу.

Еңбек: Ауладағы ағаштардың сынығын, жапырақтарды жинау.

Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру:

Ағайынды бес құрдас

Бірдей болып еш тұрмас (Саусақ)

Есігі – біреу

Бөлмесі бесеу (Қолғап)

Адамның сәні

Онсыз жоқ мәні (Киім)

Таңертең тұрдым

Екі жолды қудым (Шалбар)

Қимылды ойындар: «Жай жүгіріп өт», «Аюлар мен аралар»

Мақсаты: Ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрету. Балаларды икемділікке баулу. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері.





21 серуен картотекасы.

Бақылау: «Қоңыр күзді бақылау, салыстыру»

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!