
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
4 санын қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 4 санын
қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
1. Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы
ұғым қалыптастыру,
2. 4 санын қосу кестесін және санның құрамының сәйкес жағдайын
білуді бекіту.
3. Ұқыптылыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Сызбалар. Сандар, үлестірме .
Сабақтың әдісі:Топпен жүмыс,диалог,акт
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Шаттық шеңберін құру
Арайлап таң атты
Шуағын күн шашты
Қуан шаттан балақай
Тағы бір таң атты
Оқушылар бір біріне сәттілік тілейді
ІІ. Үй Тапсырмасын тексеру.
«Кім жылдам табады?» «Көршісін тап»?
3+3= 2+1 4-4 6-4 5,6,2,4,8,9,7
2+2 8-4 9-4 7-3 9-6
ІІІ. Жаңа сабақ: 1 (сурет бойынша жұмыс)
-Нешеу болды?.....Себетте 3 алма бар еді,Сәуле тағы 1 алма әкеліп
салды,Себетте неше алма болды?
3 - тен кейін 4 тұрады. өрнек құрастыру. 3+1
Ойын: «Балықтарды аквариумдарға оналастыр»
2+4 10-2 3+3 8-4 7+3 1+9 5+5 3+5
IY. Жаңа сабақты пысықтау.
4 * 5
4 * 6
3 * 4
7 * 4
VI. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашамыз,
4 санын көркем жазу
а) Тақтада жұмыс
4 + 4 = 8
8 — 4 = 4
4 + 5 = 9
9 – 4=5
4+ 6 =10
10 – 4 = 6
Y. Сергіту сәті
« Мен айтамын сен жауап бер» ойынын ұйымдастыру
YI. Қорытындылау.
Математикалық диктант
Сабақтың тақырыбы: 4 санын
қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 1. 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен
таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу
дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой - өрісін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білім беру.
Көрнекілігі: суреттер, сандар қатары, 4 цифры, сөзжұмбақ,
интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Тамаша болсын бүгінгі күн!
1 - Слайд: Күн жарқырап кетеді. (Қол шапалақтау)
- Көңіл - күйіміз қандай болып кетті? (Көңілді)
- Тамаша! Осы жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық.
Оқушыларды топқа бөлу.
I топ «Алға».
Ұраны: Алға қарай самғайық,
Асулардан асайық.
II топ «Самға»
Ұраны: Қыран құстай ұшайық,
Биік шыңға самғайық.
III топ «Қалма»
Ұраны: Достарыңнан қалма,
Тек биікке самға.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
№4. Салыстыр, 110 - бет.
2+4 >6 - 1
3+5=10 - 2
4 - 1< 2+3
5+19 - 3
8 - 0=1+7
III. Өткен сабақты пысықтау.
Кеспе қағазбен жұмыс
3+3=6
5+3=8
7+3 = 10
7 - 4=3
4 +3=7
6+3=9
8 - 5 = 3
9 - 5=3
IV. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын ашу.
Сөзжұмбақ шешу.
1. 5 пен 4 - тің қосындысы
2. 2 мен 2 - нің қосындысы
3. Қосу мен азайту өзара қандай амалдар?
4. 9 бен 3 - тің айырмасы
Ой шақыру.
- Ерекше торкөзде қандай сөз шықты? (төрт)
- 4 қандай сан? (жұп)
- 4 санының көршілері (3, 5)
- Бөлменің неше бұрышы бар? (4)
- Кітаптың неше бұрышы бар? (4)
- Дүниенің неше тұсы бар? (4)
- Бір жылда неше мезгіл бар? (4)
Оқулықпен жұмыс
№1 Суретпен жұмыс
4+4=8 ---------- 5+4=9 --------- 6+4=10
8 - 4=4 --------- 9 - 4=5 -------- 10 - 4=6
Кел ойнайық!
А) Балықтарды аквариумға орналастыр.
10 - 2=8
8 - 4=4
7+3=10
10 - 4=6
3+5=8
1+9=10
2+4=6
6+2=8
5+5=10
3+3=6
Ә) Кім жылдам?
5+4 - 1+2 - 6=4
5+4 - 1+2 - 7+1=4
10 - 4+3 - 2+1 - 5=4
№2
4+4=8
8 - 4=4
5+4=9
9 - 4=5
6+4=10
10 - 4=6
Сергіту сәті:
№5 Есепті шығар.
Өрік – 3т
? т (а)
Шие – 4т
Шешуі: 3+4=7
Жауабы: Барлығы 7 түп (а)
Шығармашылық тапсырма.
Батпырауық қай баланыкі? (Жоғарғы баланыкі)
V. Сабақты бекіту:
Логикалық есептер:
I топ: Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 3 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (4)
II топ: Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (7)
III топ: Пісіп тұрған төрт алмұрт
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратхан
Қанша калды алмұрттан? (2)
VI. Сабақты қорытындылау.
- Санға 4 санын қосқанда қосындының мәні арта ма? Кемиді ме?
Ой шақыру:
Мақал: Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
Алтау ала болса, ауыздағы кетер.
VII. Үйге тапсырма беру.
№4, 112 - бет
Топтың ұпайларын есептеу, оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Санға 4-ті қосу және азайту тәсілдерін ұғындыру; Дамытушылық: Ой - өрісін есептей білу, өз бетімен жұмыстану қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, қоршаған ортаны қорғауға, сыйластыққа тәрбиелеу. Түрі: Жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап Пәнаралық байланыс: Дүниетану Көрнекілігі: слайд, сызба
І. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, достар! Бүгінгі күн, міне, Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын !!!
Балалар, мен сіздерге сәттілік тілеймін және сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мына жапырақтармен бағалайтын боламын. Қызыл жапырақ - «5», жасыл жапырақ -«4», сары жапырақ - «3» болады. Сары жапырақ алмауға тырысайық .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - Үйге қандай тапсырма берілді? (61-бет, №6) (2 оқушы оқиды) 19см = 1дм 9см 2дм 4см = 24см 87см = 8дм 7см 6дм 1см = 61см 1м = 100см 2м = 20дм
Үй тапсырмасын оқыған оқушыларға қосымша сұрақтар 2онд. 4бірл. = ?бірл. 4онд. 3бірл. = ?бірл. 41= ?онд. ?бірл. 52 = ?онд. ?бірл.
ІІІ. Өткенді пысықтау - Сонымен өткен сабағымызда санға 3-ті қосу және азайту тәсілдерін үйрендік. 3 санының құрамын қайталап еске түсірдік. Екі таңбалы сандарды ондықтар мен бірліктерге жіктедік, солайма?! - Иә. 3 - тен кейін неше тұрады? (4)
-Ал осы 4 санына байланысты қандай ұғымдарды білеміз? (4 төрт мезгіл, төрт түлік мал, төрт бағыт, төрт бұрыш, жануарлардың, көліктердің, орындықтың төрт аяғы болады)
-
Өте жақсы
ІV. Жаңа сабақ
-
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі) - Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? - Бір жылда неше ай бар? (12ай) - Ал енді бір жылда неше мезгіл бар? (4мезгіл) - Өте жақсы, ендеше біздің бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы 4 санын қосу және азайту деп аталады.
-
Кітабымыздың 62-бетін ашып, дәптерімізге бүгінгі күннің жадын және тақырыпты жазамыз. Қазанның 26-сы
4 санын қосу және азайту
4 4 4 4 4 4 (көркем жазу) 4 санын әдемі,көркем жазамыз. «Күз» мезгілінің тапсырмалары: (1 а,ә,б) - Күз мезгілінің айларын ата (қыркүйек, қазан, қараша) Иа, енді осы күз мезгілінен аман - есен шығу үшін мына тапсырмаларды орындайық.
-
Санға 4-ті қосу кестесін есіңе түсір. Сол жақ бағандағы мысалдарды шығар. Ауызша 4+4=8 5+4=9 6+4=10
-
Ал енді 7-ге 4-ті қалай қосамыз тыңдайық.
7 + 4 = (7 + 3) + 1 = 11
11 - 4 = (11 - 1) - 3 = 7
-
Түсіндіңдер ме? Олай болса осы жаттығудың «Б» бөлімін өзіміз шығарып көрейік. (тақтаға 2 оқушы шығарады, 2қатарға бөлемін) 8 + 4 = (8 + 2) + 2 = 12 12 - 4 = (12 - 2) - 2 = 8 9 + 4 = (9 + 1) + 3 = 13 13 - 4 = (13 - 3) - 1 = 9
-
Міне, осы тапсырмаларды орындау арқылы біз қай мезгілге жеттік деп ойлайсыңдар? (Қыс) Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
-
«Қыстың» тапсырмалары: (сергіту сәті, №2,3)
-
Қыс мезгілі қандай болады? Иә, суықта тоңып қалмас үшін сергіп, бойымызды жылытып алайық.
-
Сергіту сәті
Доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап алу. 4 + 2 =? 5онд. - 3 онд. =? 1дм = ?см 1тәул = ?сағ 1сағ = ?мин.
-
Өте жақсы, балалар, қыстың суықтығы сияқты біздің ендігі орындайтын тапсырмаларымызда күрделі болмақ. Ендеше 2жаттығуды қарайық. 2. Теңдіктер құр. (Өз бетімен жұмыс) 2минут уақыт беріледі 4 + 7 = 11 7 + 4 = 11 11 - 4 = 7 11 - 7 = 4 -- бұл жерде қандай ережені пайдаландық. (1оқушы оқиды қалғандары тексереді) «Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді».
№3 (тақтаға екі оқушы шығады, екі қатар бөліп жазады)
(8 + 2) + 2 = 12 (12 - 2) - 2 = 8
(9 + 1) + 3 = 13 (13 - 3) 1 = 9
-Мінекей, балалар, қыстың тапсырмаларын орындап аман - есен қай мезгілге жеттік? (Көктем) Көктем айларын ата (наурыз,сәуір,мамыр)
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? -Иә, енді көктемнен жазға аман - есен жету үшін мына тапсырмаларды орындайық
- «Көктемнің» тапсырмалары: (№4,5)
№4. Автобуста 26 жолаушы бар еді. Бірінші аялдамада 6 жолаушы түсті, екінші аялдамада 4 жолаушы мінді. Автобуста енді неше жолаушы болды? (мәтінді талдап не белгілі, не белгісіз екенін анықтап аламыз).
-Балалар, біздер Маңғышлақтан қалаға қандай автобуспен барамыз? (105) Автобуста өзімізді қалай ұстауымыз керек? Автобустағы мәдениеттілік туралы айта кету (үлкенге орын беру,көліктің артынан айналып өту)
Бар еді - 26ж.
Түсті - 6ж.
Мінді - 4ж.
Болды - ?ж
(26 - 6) + 4 = 24 (ж)
Жауабы: автобуста енді 24 жолаушы болды.
№5. (ауызша)
Ілулі тұр еді - 50к Киіп кетті - 10к Ілді - 8к Болды - ?к (50 - 10) + 8 = 48 (к) Жауабы: киімілгіште енді 48 кеудеше болды.
Логикалық тапсырма: суретте барлығы неше үшбұрыш бар? (18) Математикалық жұмбақ
Көлден ұшты 7қаз, Ағаштағы төрт алмұрт, Қайтып қонды 3 қаз. Піскен екен тимей құрт. Қонбады оның нешеуі, Самат алып екеуін Қане кім тез шешеді? Қалдырған екен нешеуін? 7 - 3 = 4 (қаз қонбады) 4 - 2 = 2 (алма қалдырған)
VІ. Қорытынды
-
Бүгінгі сабағымызда не үйрендік? Не білдік? Сабақ сіздерге ұнады ма?
VІІ. Бағалау. Жақсы қатысып отырған оқушыларды мақтау, мадақтау
VІІІ. Үйге тапсырма
-
Мінекей балалар, көктемнің де тапсырмаларын орындап қай мезгілге жеттік? (Жаз) жаз айларын атайық.(маусым, шілде, тамыз)Ал, осы жаз мезгілі сіздерге ұнайма? Неліктен? Бұл кезде біз нестейміз?
-
Үш ай демалысқа шыққанымыз сияқты жақсылап демалып, ертеңгі сабаққа 63-беттегі №6 жаттығуды орындап келеміз.
Сабақ аяқталды.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Санға 4-ті қосу және саннан 4-ті азайту жайында түсінік беру, жаттықтыру.
Дамытушылығы: ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын арттыру.
Ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Математика сабағына қызығушылықтарын арттыру,тапқырлыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, ауызша есептей білуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: 4 - ті қосу, слайд, оқулық, ойын түрлері.
Сабақтың барысы.
І. Үйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту.
ІІ. Психологиялық ахуал
Біз бақытты баламыз,
Биікке қанат қағамыз.
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз.
Мақсатымыз білім алу
Міндеттіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
5 - ке қолды жеткізу
ІІІ. Өткенді қайталау.
а) Ойын: «Кім шапшаң?»
5+ □ = 9
□ + 3 = 8
□- 4 = 2
8 - □ = 5
- Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?
- Белгісіз азайғышты қалай табамыз?
- Белгісіз азайтқышты қалай табамыз?
ә)«Үйшіктегі» сандардың құрамын табу
ІҮ. Жаңа сабақ.
а) Ой қозғау.
- Жылдың қай мезгілі
- Бүгінгі ауа райы қандай?
- Осы бүгін аптаның нешінші күні? Және қай күн?
- Балалар, біз бүгін сабақта аққала құрастырамыз.
- Суреттегі аққаланы құрастырамыз ба?
Ү. Мағынаны тану:
1- тапсырма.
І. Аққаланың кеудесін құрастырамыз.
№1 «Доминодағы» суретке қарап теңдіктер құрастырамыз.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сергіп бір алайық.
а) Дәптермен жұмыс.
ІІ. Аққаланың кеудесін құрастырамыз.
а) Көркем жазу.
2 - тапсырма. №2 .
Сан сәулесінен 4 санын белгілеп алып, оңға қарай 4 рет аттасақ, 8 шығады, яғни 4 4-ке артады. 4 + 4
Сан сәулесінен 8-ді белгілеп , солға қарай 4 өлшем аттасақ, 4 шығады, яғни 8 4-ке кемиді. 8 - 4
ІІІ. Аққаланың қолдарын құрастырамыз.
3 - тапсырма.
Ойын: «Кел,ойнайық!»
ІҮ. Аққаланың аузын құрастырамыз.
а)Миға шабуыл.
4- тапсырма. №4
Қызыл және көк кесінділердің ұзындықтарының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.
1.Кесіндіні өлшеу.
2.Қызыл және көк кесіндінің қосындысынның ұзындығын табу.
3.Ол кесіндіні жасыл кесіндімен салыстыру.
Қызыл кесінді -4 см, жасыл кесінді- 6 см, көк кесінді- 3 см.
4см+3см=7см 4см+3см > 6 см
5- тапсырма.
Ү. Аққаланың мұрнын қоямыз.
№5. Есепті шығар.
Шарты: Оқушылар 3 түп өрік ағашын және 4 түп шие ағашын отырғызды.
Сұрағы: Оқушылар барлығы неше түп ағаш отырғызды?
-Есеп не туралы?
-Не белгілі, не белгісіз және нені табу керек?
-Есепті шығару үшін қандай амал пайдаланамыз?
Шешуі: 3+4=7 (т.а.)
Жауабы: барлығы 7 түп ағаш
ҮІ. Аққаланы әшекейлейміз.
- Ойын: «Кім жылдам?»
Ү. Сабақты қорытындылау.
Санды 4-ке арттыру үшін неше сан аттай отырып санау керек?
-Қосылғыштарының бірі 4 болатын қосындылар айтып мәнін айт.
Тура және кері үш сан аттай отырып сана.
ҮІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту. Қайталау.
Табыс
критерийлер:
* 1. 4 санын қосу және азайту тәсілін меңгеріп, есептеулерде
қолдана білу.
* 2. Теңдеулерді дұрыс шеше білу.
* 3. Сабаққа белсенді қатысу.
Математикалық диктант.
* 8 бен 2 сандарының
қосындысы
* 13 пен 3 сандарының айырмасы
* 4 ті 5ке арттыр
* 6 ны 3 ке кеміт
* Мен 1 сан ойладым оны 4ке қостым қосындының мәні 6ға тең
мен қандай санды ойладым
* 9 бен 1 сандарының қосындысына 4 ті қос
Математикалық диктант.
* 8+2=10
* 13 – 3=10
* 4 +5= 9
* 6 – 3 =3
* 2 + 4 = 6
* 9 + 1 + 4 =14
1 қате – 4 бәрі дұрыс – 5
2 қате – 3
Толығырақ:
http://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/4-sanyin-kosu-jane-azaytu-60348/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz
сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

