Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4 сынып әдебиеттік оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары 4 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №7

Теңізшілер туралы әңгіме

Күні: 10.12

Мұғалімнің есімі: Абукажанова Ж.Ж.

Сынып

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.2.6.1–кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,салыстырып бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалай алады.

Көптеген оқушылар: Тақырыпқа қатысты өз ойын білдіріп, мәтінді талдай отырып жеткізе алады.

Кейбір оқушылар: Бір досына мінездеме жазып, портретін жасай алады.

Бағалау критерийлері:

Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалай алады.

Құндылықтарды дарыту

Мәтіннің идеясына сүйене отырып, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану, өзінөзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интернетті пайдалану арқылы, оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеу

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Атакәсіп

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басталуы

2 минут









5 минут






Ортасы

2 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ширату жаттығу

Әбділдә Тәжібаев

Европа оң жақта,

Азия сол жақта,

Ортада біз кемеміз.

Аспанда күн жүзіп,

Теңізде біз жүзіп

Шығыстан бірге келеміз.

Неге сабақты Әбділдә Тәжібаевтың теңіз туралы өлеңінен бастадық?

Иә, бүгін сабақта біз теңіз, теңізшілер туралы әңгіме қозғаймыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткенді қайталап алайық. Ортақ тақырып: «Мамандықтар әлемі»

  1. Мамандықты сипатта, тап

  2. Кім болам? (Эссе)

  3. Теңеу

Білу және түсіну

1 Ұжымдық жұмыс.

  1. «Мағынаны тану» айдары

Жюль Верн туралы шағын мәліметтерін оқу












7 минут









7 минут





























8 минут

Жюль Верн (1828-1905) - Фантастикалық роман жанрының негізін қалаушы француз жазушысы. Ол 66 роман жазған.

Қызықты оқиғаларға толы бұл кітапта

« Пилигрим» кемесінде болған оқиғалар баяндалады. Оның құрамындағы бес матрос пенкапитан китпен шайқасып қаза табады. Енді кемені он бес жасар юнга басқарады. Міне таңғажайып тағдырлы бала Дик Сэнд туралы қызықты кітапты тауып оқуыңа болады.

Талдау

2. «Түсініп оқы» айдары

«Аялдамамен оқу» әдісі бойынша оқушылар Жюль Верннің «Дик Сэнд» атты шығармасын кезектесіп тізбектей оқиды.

Аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік

жүргізіледі. «Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына

талдау жасатады.

«Жаңа сөздер сандығы» айдары

Тұрмыс талқысы – тіршіліктегі, тұрмыстағы қиыншылық. Навигация – кемелерді басқару, су жолын таңдау әдісі туралы ғылым.

2 Жұппен жұмыс

«Артығын алып таста» әдісі. Теңіз мамандықтарын тап.

Мұғалім, дәрігері, капитан, эколог, тракторшы, штурман, лоцман, ұшқыш, жүргізуші, кок, юнга, журналист, белгі беруші, матрос, құрылысшы, шопан, старпом, боцман, геолог, теңізші.

«Сәйкесте» әдісі

Теңізші – теңізде, кемеде жұмыс атқаратын адам.

Капитан – кемедегі ең жоғары лауазым. Кеме басқарушы.

Штурман – картада кеменің жүру бағытын есептеп, белгілейді, кеме жүргізуші.

Лоцман – портқа кемені кіргізіп, шығарады, қауіпті жолдан өткізеді, жол сілтеуші.

Матрос – кеме жұмысшысы

Старпом – капитан көмекшісі.

Боцман – кемедегі жұмысшыларды басқарады.

Механик – кемедегі жөндеу жұмысын атқарады.

Кок – аспазшы

Юнга – матростың көмекшісі.

Дескриптор:

  • Оқушылар өзіне дұрыс деген жауапты таба алады

  • Жұмысты тұжырымдай алады

  • Өздерінің көзқарастарын дәлелдей алады.

ҚБ: Бірін бірі бағалау: «Кеме»

Критерийларға сай бояйды

Синтез

3 Топпен жұмыс

1 топ тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап бер.

  • Кейіпкер теңізші болу үшін ненің керектігін түсінді?

  • Оқиғаның қай мемлекетте болғанын анықтаңдар

  • Дик Сэнд теңізші болуға лайық па? Оған баға бер

2 топ тапсырмасы:

Кейіпкердің портретін сипатта.

Шығармада кейіпкердің сыртқы түрінің, кескін- келбетінің суреттелуі портрет деп аталады.

Д ик Сэнд – онша бойшаң болмаса да, шымыр денелі, көкш іл көзінен от шашырап тұрған қоң ыр шашты бала еді... Оның кескінінен жігер көрініп тұр. Бұл – батыл адамға тән кескін, қажымас талапты да аңғартады... Ол шапшаң да икемді, қайратты да тапқыр.

3 топ тапсырмасы:

Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағала

Критерий:

  • Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен таба алады

  • Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін салыстыра алады

  • Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалай алады.

ҚБ: Бірін бірі бағалау: «?!»

  • Критерийға сай емес - ?

  • Барлық критерийға сай - !





























Топ ережесі

Оқулық,

жұмыс дәптер.

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады.


Топтық талқыға салады,

ойланады.




Аяқталуы

6 минут

4 Жеке жұмыс САРАЛАУ

Қолдану

Дәптерменжұмыс:

  1. «Дик Сэнд» мәтінінің негізгі ойы болатын бөлікті белгіле

  • Дик Сэнд кемеде жүріп, теңізшілік өнерін үйренді. Талантты баланы кеме офицерлері ұнатты. Оның теңіз өнерін үйренуіне басшылық етті.

  • Еңбек – өмір заңы екенін кімде – кім бала кезінен аңғарса, кімде – кім нанның маңдай термен табылатынын жастайынан ұқса, соның қолынан ерліе те келеді.

  1. «Кейіпкерге хат» Дик Сэндке хат жазу

Критерий:

  • Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен таба алады

  • Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін салыстыра алады

  • Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалай алады.

ҚБ: Өзін- өзі бағалау: «Кеме» желкенді бояу

  • Бірде бір критерийға сай емес

  • Бір критерийға сай емес

  • Барлық критерийға сай

Арнайы парақтар

жұмыс дәптер.


3 минут

Бағалау

Кері байланыс:







Рефлексия парағы.

«СМС» әдісі.

Қосымша ақпарат

Саралау –

Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау –

Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Рефлексия -

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Тексерілді



























































Shape1

2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2021
790
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12