Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

4 сынып Әдебиеттік оқу Отаным бақыт ордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Отаным-бақыт ордасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп,рөлге бөліп,мәнерлеп,теріп, шапшаң оқу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді.Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылған жұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Оқушыларды түрлі жанрдағы . шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады.

Жетістік критерийлері

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

  • алады.

  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

  • Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді.

  • Автордың ойын мәтін деректерімен дәлелдейді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және постер , топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, слайд, флипчарт.

Бастапқы білім

Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын

анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің

мағынасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Жаңа топ құру


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Гүлмен тілек»

(сергіту және топқа біріктіру) Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің түстері бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ - қызғылт

2-топ – жасыл














Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Кезектескен интервью» әдісі.

(Әр топқа өткен сабақтардан сұрақтар беріледі. Микрафон қолдану.

Автор орындығы әдісі.

Үй тапсырмасын орындаған кез-келген оқушы. Орындыққа жайғасып, барлық сыныпқа үй тапсырмасын қалай орындағанын түсіндіріп береді.

ҚБ «Бағдаршам» арқылы бағалау. Оқушылар бағдаршамның түстерін белгілеу арқылы кері байланыс береді.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

«Отанға тілек» тақырыбында топтастыр құрастыр.

Shape2

(ЖЖ) «Құрастыр» айдары бойынша әр жұп «Кластер» немесе «Жүзімнің шоқтары» әдісі арқылы «Отанға тілек» тақырыбына кластер құрастырады.

Дескрипторы: 1. Отанына арналған тілектерін құрастырып жазады.

ҚБ: Смайлдар арқылы өзара бағалау.

(Т) «Құрастыр» айдары бойынша Бейбітшілік, тыныштық Сызбаға арналған ақ парақтар 17 сөздерін пайдаланып бір-біріне жақсы тілек сөз айтады.

Дескрипторы: 2. Берілген сөздерді пайдаланып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

ҚБ: Смайлдер арқылы өзара бағалау.



Гүлдер.








Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.




















« Сұқ саусақ» стратегиясы

Сабақтың ортасы


Ширату тапсырмасы (Жұптық, ұжымдық жұмыс)
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі


Әдібай Табылды 1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген.


1944–1968 жж. ауыл мектептерінде пионер вожатый, оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі (1944–1950), мектеп директоры (1950–1957), 1969–1980 жылдары «Қазақ совет энциклопедиясының» Бас редакциясында педагогика, тіл-әдебиет редакцияларының меңгерушісі, 1980 жылдан бері ҚазМҰУ-де жалпыпедагогика және этностық педагогика кафедрасында этнопедагогика, педагогика және оқыту-тәрбиелеу әдістемелері бойынша дәріс беріп келеді.


1959 жылы жарық көрген «Бөбекке сөз» кітабынан бастап 2001 жылғы «Қайырлы таң, балалар» атты таңдамалы жинағына дейін балаларға арналған 31 кітап шығарды. Үлкендерге арналған: «Ана – жүрек», «Жырлайды жүрек», «Қой бағу оңай ма?», «Мен кіммін, білесің бе?», «Жыр өмір» кітаптары жарық көрді. «Алыптардың алыбы», «Бәрекелді, Кірпі», «Ғажайып бақ», «Тентек балапан», «Абайлаңдар» сияқты ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында (1969–1988) қойылды. «Ұлттық тәрбие иірімдері» (2001), «Қазақ этнопедагогикасы» (2001), «Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдістемесі», «Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі» атты оқу құралдары шыққан. «Әдеп әліппесі» (1997) атты оқу құралы қазақ мектептерінде жеке пән ретінде, тәрбие құралы ретінде кеңінен пайдаланылады. Ғалымның «Халық тағылымы», «Тағылым», «Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен мәдениеттану мәселелері» (2000), т.б. ғылыми-монографиялық еңбектерін жоғары мектеп оқытушылары оқу-тәрбие ісіне пайдаланып жүр.

(Ж) Ә.Табылдының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.


Аты-жөні


Туған жылы


Шығармалары


Ақпарат


Жаңалық



Видео тамашалау. Отан.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

1-топ: «Қайырлы таң, балалар!» өлеңін мәнерлеп оқиды.

2-топ: Сөздік жұмысын жүргізіп, сұрақтарға жауап береді.

Белсенді оқу тапсырмалары(жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Ойын:«Жауабын тап» доппен ойналады.

Оқушылар тақырып бойынша мұғалім қойған сұраққа мысал келтіреді.

(Т) «Оқы» айдары бойынша оқушылар Ә. Табылдының

«Қайырлы таң, балалар!» атты өлеңін оқып, төмендегі сұрақтар бойынша мазмұнын топта талқылайды:

Кейіпкер нені мақтан етеді және неге қуанады?

Өлеңдегі Аман Отан – панамыз деген сөзді қалай

түсінесің?

Неліктен өлең Қайырлы таң, балалар! деп аталған?

Сен қандай тақырып қойған болар едің?

Сөздікпен жұмыс.

(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» әдісі бойынша арайлап, әрлі

сөздерінің мағынасын ашады.

Арайлап – жарқырап

Әрлі – әдемі, көрікті

(Т) «Есіңе түсір» айдары бойыншаоқушылар тақырып және

идея ұғымдарына анықтама береді. «Қайырлы таң, балалар!» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтап, кестеге түсіреді.

Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы

Идея – жазушының айтқысы келген негізгі ойы

Дескрипторы:

1. 1. «Тақырып», «идея» ұғымдарына анықтама береді.

(Т) «Қолдан» айдары бойынша

а) Оқушыларға «Егер бейбітшілік болса...» деп басталатын

сөйлемнің бастапқы бөлігі жазылған көгершін, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдарының суреттері беріледі. Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды үлгідегі сөйлемге ұқсатып жазады да, тақтаға іледі.

Үлгі: Егер бейбітшілік болса, ата-анамыз да аман-есен болады.

Дескрипторы:Бастапқы ойды өздерінше жалғастырады.

ҚБ:«Бағдаршам» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.

(МК, Т) «Есіңе түсір» айдары бойынша

Оқушылар эпитет туралы білгендерін естеріне түсіріп, өлеңдегі эпитет сөздерді табады.

Отан

Аялаған өз елің,

Отан – биік тауларың

Отан – шексіз кең дала,

Жасыл бағың, бауларың

Көк шалғының, аунағын.

Дескриптор

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
1383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12