Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

4 сынып Дүниетану Еліміздің әкімшілік аймақтарға бөлінуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқытушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Дүниетану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Еліміздің әкімшілік аймақтарға бөлінуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1 түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс) ажырату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Олар елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырата алады (тип, көлемі, қызметі). Оқушылар картамен жұмыс жасай алады: өзінің облысын, ірі қалалар, өзен-көлдерді, тұрғылықты жерін таба біледі.

Көптеген оқушылар: Оқушыларда климат, климаттық белдеулер туралы алғашқы түсінік алады.

Кейбір оқушылар: Олар өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың оң және кері әсерін талдай алады.

Бағалау критерийлері

  • Өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама береді.Экономика туралы ұғымдарын кеңейтеді.

  • Адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері табиғи жағдайларға (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) тікелей байланысты екенін талдау арқылы түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді ажыратады;

ауылдық округ, аудан, облыс ұғымдарын түсіндіреді;

өз аймақтарындағы адамдардың шаруашылық іс-әрекетін талдайды.

өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама береді.

• әкімшілік аумақ;

ауылдық округ, аудан, облыс;

рельеф, климат;

жануарлар және өсімдіктер әлемі;

табиғи жағдайлар;табиғат ресурстары

агрошаруашылық іс-әрекет.

Мысалы (тілдік мақсатқа байланысты):

Талқылауға арналған сұрақтар:

Әкімшілік аумақ деген не?

Адамдардың шаруашылық іс-әрекетіне табиғи жағдайлар қалай әсер етеді?

Табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстардың айырмашылығы қандай?

Тұрғылықты жерлеріңнің экономикасы туралы не білесіңдер?

Неліктен екенін айта аласың ба?

Неліктен адамның шаруашылық іс-әрекеті табиғи жағдайларға байланысты?

Жазу үшін мысалдар:

«Мен -болашақ кәсіпкермін» тақырыбында эссе жазады.

«Өз аймағының экономикасы» туралы PowerPoint арқылы таныстырылым жасайды.

Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, аймақтың экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама береді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім


Оқушылар Қазақстанның облыстары, еліміздің көрікті жерлері туралы 2-сыныптан «Менің туған өлкем», 3 сыныптан «Сәулет» тарауынан біледі. Олар елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырата алады (тип, көлемі, қызметі). Оқушылар картамен жұмыс жасай алады: өзінің облысын, ірі қалалар, өзен-көлдерді, тұрғылықты жерін таба біледі. Оқушыларда климат, климаттық белдеулер туралы алғашқы түсініктері бар (1 тарау «Жанды табиғат» 3 сынып). Олар өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың оң және кері әсерін талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Жаңа топ құру


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Гүлмен тілек»

(сергіту және топқа біріктіру) Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің түстері бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ - қызғылт

2-топ – жасыл

3-топ – көк









Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Кезектескен интервью» әдісі.

(Әр топқа өткен сабақтардан сұрақтар беріледі. Микрафон қолдану.

Автор орындығы әдісі.

Үй тапсырмасын орындаған кез-келген оқушы. Орындыққа жайғасып, барлық сыныпқа үй тапсырмасын қалай орындағанын түсіндіріп береді.

ҚБ «Бағдаршам» арқылы бағалау. Оқушылар бағдаршамның түстерін белгілеу арқылы кері байланыс береді.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Қазақстан республикасы – тәуелсіз ел, Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Халқының саны 18 млн адамнан асады. Орталығы – Астана қаласы.

Біздің еліміз 17 әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінген. Олар – 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала – Астана мен Алматы. Шымкент қаласы да республикалық мәртебеге ие болды. Әр облыстың өз орталығы бар.



Гүлдер.








Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.














« Сұқ саусақ» стратегиясы

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы (Жұптық, ұжымдық жұмыс)

https://atamuraweb.kz/?page_id=5107 видео тамашалау


«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

Дескрипторы:

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді.

Тапсырманы дұрыс ережеге сай орындайды.


«Ойлан-

жұптас-

бөліс» әдісі



Тақтаға ілінген суреттер.



Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.



Қосымша жұмыс дәптері.











Сергіту сәті


Сергіту сәті. Мен қазақпын.









Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық тапсырма:

1-топ – қызғылт

Қазақстанның ауылшаруашылығы мен өнеркәсібі бар карта сызбасына мұқият қара. Қазақстанның әрбір облысы несімен танымал екенін айтып бер.

2-топ – жасыл

Өзің тұратын облыстың несімен танымал екенін айтып бер.

3-топ – көк

Нұр-Сұлтан қаласы туралы не білесіңдер!

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Білім пирамидасы» кері байланыс постері түсіндіріледі. Стикерлер таратылады. Оқушылар өздері қалаған шың басына жабыстырады.






Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.









Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.


«Білім пирамидасы» кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
3082
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12