«Мен туған
ауыл»
(эссе)
Ауыл-қазақтың
мекен-тұрағы,білім алып, қиял қанатымен, биікке самғаған ата
қонысы. Ауыл-алтын ұя, туған жерің, өскен ортаң. Шыр етіп дүниеге
келгенде ана әлдиімен нәр алып, ауылға деген ынтазарың күннен-күнге
молая түспек.
Менің ауылым- Батыс Қазақстан
облысы, Тасқала ауданы, Мерей ауылы. Ауылда екі қабатты мектеп,
спорт алаңы, балабақша, емхана және ескілеу мәдениет үйіміз
бар.
Биыл ауылға Тасқала ауданынан
жаңадан әкім келді. Әкім ағай мәдениет үйін салып беретін болар деп
ойлаймын. Себебі, мәдениет үйі ауылдың ішін бұзып тұр. Ауылдың
ауасы таза. Ауыл адамдары мал ұстайды, малды бақташы бағады. Өзім
кешке қарай мал қарсылауға шығамын. Қой малы кезекпен
бағылады.
Ауылда газ да, ауыз су да
үйлерге кіріп тұр. Ауылымыз қала сияқты дамып келеді. Сондықтан
ауылымды мақтан етемін. Ауылым маған
ұнайды.
Суерова
Аружан
«Табиғат: қыс
мезгілі»
(эссе)
Табиғат ана әр мезгілге тән
ерекше қасиет берген. Соның бірі-қыс мезгілі. Қыста күн қысқарады.
Күн көзінің қызуы азаяды. Өзен мен көл мұзға айналады. Терең інде
жатқан жануарларға аяз жете алмайды. Олардың орны жылы болады.
Қардың суық өткізбейтіндігін және қар астындағы өсімдіктерге де
суықтың зияны тимейтіндігін дүниетану сабағынан
білемін.
Қысты мен ертегі әлеміне
балаймын. Айнала аппақ қар. Ағаш та аппақ, тау да аппақ. Терезеде
неше түрлі сиқырлы оюлар көз тартады.
Таңертең мектепке келе
жатқанда екі бетің қып-қызыл болып, аяз бетіңді шымшиды. Қарлы
боран соққанда, Аяз ата қаһарына мініп, ашуланғандай
болады.
Әсіресе, балалар ойыны қызық.
Бірі шанаға мініп, бірі коньки теуіп, бірі аққала соғып, мәре-сәре
болады. Қыс, сен сондай керемет мезгілсін!
Алда-демалыс.
Тілекқабыл
Диана
Біздің
сынып
(эссе)
Менің
атым Арнұр. Мен үшінші сыныпта оқимын. Біздің мектеп екі қабатты, іші
үлкен,жарық. Менің
сыныбым бірінші қабатта, іші кең,жылы және жарық. Бүгін, сыныптың
ішін Жаңа жылға безендіріп қойып едік, бұрынғысынан да жап-жарық
болып кетті. Сыныпта алты ұл бала және бес қыз бала бар. Бәріміз
бір отбасының балалары сияқтымыз. Үлкенді тыңдап, кішіге ізет
көрсетеміз.
Біздің
сынып жетекшіміз- Рамазанова Рахима Мендихановна. Апайымыз өте
жақсы адам, жүзінен қаталдық байқалады, бірақ сөздері жұмсақ, ойлы.
Ол кісі бізге сабақ бергенде тып-тыныш тыңдап отырамыз. Сабақты өте
жақсы түсіндіреді.
Бүгін
мен де бағымды сынап көрейін деп, Зерделі-Интеллектуалды білім
порталы ұйымдастырған байқауға эссе жазып отырмын. Сыныптастарым
Суерова Аружан, Тлекқабыл Диана есімді қыздар қатысып «ДИПЛОМ» алып
жүр.
Апайымыз:
-Көп оқыған жақсы-көп білесің.
Көп білген кісі қандай асудан да оңай шығады, -деп
айтады.
Сабағымды жақсы
оқимын,
Адамгершілікті
сүйемін.
Жақсы оқушы
болуға,
Күнделікті
тырысамын.
Сыңғыр
Арнұр