Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4 сынып.Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары 2 тур

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып.Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары 2 тур
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 сыныптардың аудандық қазақ тілі олимпиадасы ІІ-тур

1. Мәтін түрлерін ата:

а)Әңгімелеу,сипаттау,пайымдау;

ә)Әңгімелеу,мәтін,пайымдау;

б)Әңгімелеу,негізгі ой,пайымдау;


2.Сөз тіркесі деген не: а) мәндес сөздердің дұрыс байланысуы ә) соңғы сөз алдыңғы сөзге бағына байланысқан сөздер б) алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан сөздер


3.Бірыңғай үш буынды сөз қатарын көрсет:

а)гүл,құс,ағаш;

ә)қарсақ,тиін,түлкі

б)оқушы,бүлдірген;


4. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемнің түрін көрсет: а) Бақ ішінде ағаштар гүлдеді.                б) Жаңбыр жауып тұр.   ә) Сабақтан кейін базарға бардық. в) Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.


5.Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсет: а) септік жалғау б) жұрнақ ә) жіктік жалғау в) тәуелдік жалғау


6. Тақырып дегеніміз:
А) бір бөлімнің аты;
Ә) мағынасы бірдей екі не одан көп сөз;
Б) мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні;
В) бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем;


7.Туынды сын есім қатарын белгіле: а) көк, ақылды, жасыл ә) тәртіпті, аппақ, қызғылт б) өнерлі, таулы, сапалы


8. Тасымалдауға болмайтын сөздер қатарын көрсет:
А) дала, орман, тауық;                Ә) сүт, қия, сөз;
Б) оқулық, өлең, буын;            В) жазушы, жазғы, тұтқа:


9. Сөйлемдерден дұрыс құралған сөйлемді тап.

а) Балалар ұйып тыңдады әңгімені әсерлі.

ә) Балалар,әсерлі әңгімені ұйып тыңдады.

б) Балалар әсерлі әңгімені ұйып тыңдады.

в) Әңгімені балалар әсерлі тыңдады ұйып.


10. Тәуелдеулі зат есімді тап:
а) мұғалім б) өзендер ә) көлге в) көлігім




11. Сөйлемдегі толықтауышты көрсет: Құстар тоғайға қонды. 
А) Құстар 
В) қонды 
С) тоғайға 

12."Қуанышы қойнына сыймады" сөзі қай жақта тәуелденіп тұр: а) І жақ ә) ІІ жақ б) ІІІ жақ

13. Қысқарған сөздерге қосымшалар қалай жалғанады? 
а)үтір арқылы 
в)бөлек жазылады 
с)бірге жазылады 
д)сызықша арқылы 

14.Берілген сөздердегі у қандай дыбыс: Уәде, ауыл, уыс, бояу, жетеу, ашыту, құру, қуаң, қулық, жету, улы, астау.

Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________

15. Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөздер қатарын тап: 
а) ғалыммын 
в) тарағың 
с) дәрігерсің 
д) ұшқышпын 

16.Бір түбірдегі бірнеше туынды сөз жасалатын сөздер қалай аталады? 
а) түбір сөз 
в) негізгі түбір сөз 
с) түбірлес сөз 
д) туынды сөз

17. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз 
А) өнерлі 
В) өнерпаз 
С) Саматқа 
Д) гүлдер 
18.Сөздерді сөз құрамына талдап, тиісті сызықпен сыз: Қызғаншақ, ақылсыз, көлшік, жылқышылардан, балақайдың, басқарушы, түйіншек, әсемпаз, әскери, ұйымшылдық, қалашыққа, ойыншық.



19.Ілік септігіндегі сөзді белгіле:
а) Айгүл,итке
  б) күнге,күннен
ә) гүлдің,гүлде  в) гүлдің,айдың


20.Жатыс септігінде тұрған сөзді тап:
а) балапанды  б) қоңырауда
ә) сауда  в) гүлден








































Жауаптары:

1. А

2. Ә

3. Б

4. Б

5. Б

6. Б

7. Б

8. Ә

9. Б

10. В

11. С

12. Б

13. Д

14. Уәде, ауыл, уыс, бояу, жетеу, ашыту, құру, қуаң, қулық, жету, улы, астау.

Дауысты : Уәде, уыс, ашыту,құру,қуаң,қулық,жету,улы

Дауыссыз :бояу,жетеу.

15. С

16. С

17. В

18. Сөздерді сөз құрамына талдап, тиісті сызықпен сыз: Қызғаншақ, ақылсыз, көлшік, жылқышылардан, балақайдың, басқарушы, түйіншек, әсемпаз, әскери, ұйымшылдық, қалашыққа, ойыншық.

19. В

20. Б







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.01.2019
12529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12