15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
5 Өрнектерді ықшамдау.docx
Тақырыбы:
Өрнектерді ықшамдау
Мақсат:
|
Қолданым әрекеті |
• Сөйлем түрінде берілген өрнектердің сан түрінде жазылуын көрсетіп мәнін табады және өрнектерді ықшамдауға әртүрілі үйлесіммен берілген есептерді шығарады. |
|
Талдау әрекеті |
• Шамалардың арасындағы қатынастарды жазу үшін әріпті белгілеулерді қолдана білудің маңыздылығын анықтайды. |
|
Шығармашылық әрекет |
•Мәтінді есептердің шартын жазуда әріпті өрнектерді қолданады және жауаптарын түсіндіріп санды және әріпті өрнектер туралы пікір алмасып қорытынды жасайды. |
|
Бағамдау әрекеті |
• Оқушылар әріптерің әртүрілі мәндерінде әріпті өрнектің мәнін табуды қажет ететін тапсырмалар орындай отырып, әріпті өрнектің мәні оған кіретін сан мәніне байланысты екеніне көз жеткізеді. |
Тақырып жоспары:
1) Тақырып бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру.
2) Тақырып бойынша дайындалған денгейлік тапсырмаларды орындау.
3) Тақырып бойынша топтық жұмыс.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Өрнектерді ықшамдаңдар:
1) 35а + 18 + 15а + 11; 2) 42х + 45 + 8х + 45;
3) 12у + у + 52 + 8у + 3; 4) 204b + 30b + 6b + 5b.
2. Өрнектерді ықшамдап мәнін табыңдар:
1) y = 25 болғанда, 13у + 244 + 24у –67;
2) m = 17 болғанда, 48m– 13m+ 876;
3) x = 23 болғанда, 19x+457 + 39x– 278;
4) a = 39 болғанда, 26a +421 + 74a – 241;
3. Көбейтіндіні айырма түрінде жазыңдар:
1) 9 ∙ (21 – 8) ; 2) 31 ∙ (15 – 8) ; 3) 8 ∙ (19 – 3) ;
4) (40 – 29) ∙ 12; 5) (51 – 15) ∙ 19 ; 6) (62 – 3) ∙ 6.
4. Кестені толтырыңдар:
-
-
х
70
300
1000
у
10
3
10
10х + 7у
-
ІІ деңгей тапсырмалары
1. 1)426 және 6 сандарының бөліндісінің мәнін 987-ге арттыруды;
2) 99 999 санынан 999 және 100 сандарының көбейтіндісінің мәнін азайтуды;
3) 89 999 және 10 001 сандарының қосындысының мәнін 99 есеге арттыруды;
4) 98 765 және 8 сандарының көбейтіндісінің мәнін 1 000 000 санынан азайтуды беретін санды өрнекті жазып, оның мәнін табыңдар.
Шешуі: 1) 426 : 6 + 987 = 71 + 987 = 1058;
2) 99 999 – ( 999 · 100) = 99 999 – 99 900 = 99;
3) (89 999 + 10 001) · 99 = 9 900 000;
4) 1 000 000 - 98 765 · 8 = 1 000 000 – 790 120 = 209 880.
2. 120 : 24 + 29 ∙ 3 - 80 өрнегінің мәні 1) 12-ге; 2) 22-ге тең болатын етіп жақшаларды қойыңдар.
Шешуі: 1) 120 : 24 + 29 ∙ 3 – 80 = 120 : 24 + (29 ∙ 3 – 80 ) = 12,
2) 120 : 24 + 29 ∙ 3 – 80 = (120 : 24 + 29 ) ∙ 3 – 80 = 22.
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Бір күнде 14 жоғарғы сыныпқа және 8 бастауыш сыныпқа барлығы х бор таратылды. Жоғарғы сыныптардың әрқайсысына күн сайын у бор таратылса, бастауыш сыныптардың әрқайсысына күн сайын неше бор таратылады?
Мұндағы x = 36, y = 2.
Шешуі:(х – 14 · у) : 8 = (36 – 14 · 2) : 8 = 1
Жауабы: 1 бордан таратылады.
2. 1-ден 100 –ге дейінгі сандарды тізбектей жазғанда жазылатын барлық цифрлардың қосындысын өрнектеп жазып мәнін тап.
Жауабы: 20· ( 1+ 2 + 3 + 4 + ... + 9) + 1 = 901
Жұптық жұмыс. Жұп төмендегі есептерді шығарады.
Есептің жауаптарын алуда мүмкіндігінше сан мәнін табады немесе кейбір жағдайда нақты сан мәні берілмесе әріпті қолданып жауабын әріпті өрнек түрінде табады. Топтар санды және әріпті өрнектер туралы пікір алмасып қорытынды жасайды.
1
Арақашықтығы а км болатын екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі велосипедші шықты. Егер біреуінің жылдамдығы 12 км/сағ , ал екіншісінің жылдамдығы 11 км/сағ болса, онда 1 сағ өткеннен кейін екеуінің арақашықтығы қандай болады?
Жауабы: а – 23 км
2.
Егер катер b км/сағ жылдамдықпен қозғалса, онда ол 180 км жолды қанша уақытта жүріп өтеді?
Жауабы: 180/ bсағ
3
Бірінші күні дүкенге 300 кг, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда а кг ұн артық әкелінді. Үшінші күні екінші күнге қарағанда 60 кг ұн кем әкелінді. Дүкенге үш күнде барлығы қанша килограмм ұн әкелінді?Жауабы: 840 + а;
Үй тапсырмасы: 1) Тіктөртбұрыштың ені b см,ал ұзындығы одан 2 есе ұзын болса, ауданын тап. Мұндағы b= 7 см.
Кітаптағы №156 есепті шығарыңдар.
Тексерілді: Ж. Рүстемова


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген