400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

5 Өрнектерді ықшамдау.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 5 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Өрнектерді ықшамдау

Мақсат:

Қолданым әрекеті

Сөйлем түрінде берілген өрнектердің сан түрінде жазылуын көрсетіп мәнін табады және өрнектерді ықшамдауға әртүрілі үйлесіммен берілген есептерді шығарады.

Талдау әрекеті

Шамалардың арасындағы қатынастарды жазу үшін әріпті белгілеулерді қолдана білудің маңыздылығын анықтайды.

Шығармашылық әрекет

Мәтінді есептердің шартын жазуда әріпті өрнектерді қолданады және жауаптарын түсіндіріп санды және әріпті өрнектер туралы пікір алмасып қорытынды жасайды.

Бағамдау әрекеті

Оқушылар әріптерің әртүрілі мәндерінде әріпті өрнектің мәнін табуды қажет ететін тапсырмалар орындай отырып, әріпті өрнектің мәні оған кіретін сан мәніне байланысты екеніне көз жеткізеді.


Тақырып жоспары:

1) Тақырып бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру.

2) Тақырып бойынша дайындалған денгейлік тапсырмаларды орындау.

3) Тақырып бойынша топтық жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Өрнектерді ықшамдаңдар:

1) 35а + 18 + 15а + 11; 2) 42х + 45 + 8х + 45;

3) 12у + у + 52 + 8у + 3; 4) 204b + 30b + 6b + 5b.

2. Өрнектерді ықшамдап мәнін табыңдар:

1) y = 25 болғанда, 13у + 244 + 24у –67;

2) m = 17 болғанда, 48m– 13m+ 876;

3) x = 23 болғанда, 19x+457 + 39x– 278;

4) a = 39 болғанда, 26a +421 + 74a – 241;

3. Көбейтіндіні айырма түрінде жазыңдар:

1) 9 ∙ (21 – 8) ; 2) 31 ∙ (15 – 8) ; 3) 8 ∙ (19 – 3) ;

4) (40 – 29) ∙ 12; 5) (51 – 15) ∙ 19 ; 6) (62 – 3) ∙ 6.

4. Кестені толтырыңдар:


х

70

300

1000

у

10

3

10

10х + 7у





ІІ деңгей тапсырмалары

1. 1)426 және 6 сандарының бөліндісінің мәнін 987-ге арттыруды;

2) 99 999 санынан 999 және 100 сандарының көбейтіндісінің мәнін азайтуды;

3) 89 999 және 10 001 сандарының қосындысының мәнін 99 есеге арттыруды;

4) 98 765 және 8 сандарының көбейтіндісінің мәнін 1 000 000 санынан азайтуды беретін санды өрнекті жазып, оның мәнін табыңдар.


Шешуі: 1) 426 : 6 + 987 = 71 + 987 = 1058;


2) 99 999 – ( 999 · 100) = 99 999 – 99 900 = 99;


3) (89 999 + 10 001) · 99 = 9 900 000;


4) 1 000 000 - 98 765 · 8 = 1 000 000 – 790 120 = 209 880.


2. 120 : 24 + 29 ∙ 3 - 80 өрнегінің мәні 1) 12-ге; 2) 22-ге тең болатын етіп жақшаларды қойыңдар.

Шешуі: 1) 120 : 24 + 29 ∙ 3 – 80 = 120 : 24 + (29 ∙ 3 – 80 ) = 12,

2) 120 : 24 + 29 ∙ 3 – 80 = (120 : 24 + 29 ) ∙ 3 – 80 = 22.


ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Бір күнде 14 жоғарғы сыныпқа және 8 бастауыш сыныпқа барлығы х бор таратылды. Жоғарғы сыныптардың әрқайсысына күн сайын у бор таратылса, бастауыш сыныптардың әрқайсысына күн сайын неше бор таратылады?

Мұндағы x = 36, y = 2.

Шешуі:(х – 14 · у) : 8 = (36 – 14 · 2) : 8 = 1

Жауабы: 1 бордан таратылады.

2. 1-ден 100 –ге дейінгі сандарды тізбектей жазғанда жазылатын барлық цифрлардың қосындысын өрнектеп жазып мәнін тап.

Жауабы: 20· ( 1+ 2 + 3 + 4 + ... + 9) + 1 = 901

Жұптық жұмыс. Жұп төмендегі есептерді шығарады.

Есептің жауаптарын алуда мүмкіндігінше сан мәнін табады немесе кейбір жағдайда нақты сан мәні берілмесе әріпті қолданып жауабын әріпті өрнек түрінде табады. Топтар санды және әріпті өрнектер туралы пікір алмасып қорытынды жасайды.

1

Арақашықтығы а км болатын екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі велосипедші шықты. Егер біреуінің жылдамдығы 12 км/сағ , ал екіншісінің жылдамдығы 11 км/сағ болса, онда 1 сағ өткеннен кейін екеуінің арақашықтығы қандай болады?

Жауабы: а – 23 км

2.

Егер катер b км/сағ жылдамдықпен қозғалса, онда ол 180 км жолды қанша уақытта жүріп өтеді?

Жауабы: 180/ bсағ

3

Бірінші күні дүкенге 300 кг, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда а кг ұн артық әкелінді. Үшінші күні екінші күнге қарағанда 60 кг ұн кем әкелінді. Дүкенге үш күнде барлығы қанша килограмм ұн әкелінді?Жауабы: 840 + а;


Үй тапсырмасы: 1) Тіктөртбұрыштың ені b см,ал ұзындығы одан 2 есе ұзын болса, ауданын тап. Мұндағы b= 7 см.

Кітаптағы №156 есепті шығарыңдар.



Тексерілді: Ж. Рүстемова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі