Тақырып бойынша 31 материал табылды

«5-ші сынып дегеніміз не?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренинг-жаттығу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырып: «5-ші сынып дегеніміз не?»

Мақсаттары: 

Балаларды сабақтың мақсаттарымен жұмыс түрімен таныстыру, сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін қабылдау, ішкі ресурсты іске асыру, құрдастарымен бірге пікірталастарға қатысу және сұрақтарға жауап беру.

Міндеттері:

Бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғанда бесінші сынып оқушысының мәртебесі туралы түсінікті дамыту; әрбір баланың өзі басқаларға таныстыруына мүмкіндік беру.

Көрнекіліктер:

дәптерлер, қаламдар, жазуға арналған шағын қағаздар, альбом беттері.  «Школьный путь» суреті бар ватман парағы, жұмсақ ойыншық немесе доп. Портфельдің суреті А3 форматты парақ.

Сабақтың барысы:

Танысу  «Есім және гүл» жаттығуы

Ережелерді қабылдау. Тақырып бойынша жұмыс:

«Сөйлемді жалғастыр» ойыны

Тақтада немесе орташа шеңберде «Оқушының жолы» суреті бекітіледі. Онда 1-ші сыныптан 10-шы сыныпқа дейін мектеп жолын бейнелейтін тау суреттелген.

Қатысушыларға сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады: «Бастауыш мектептен менің есімде қалғаны...», «Бесінші сыныпта менің .... көргім келеді...».

Барлығы шеңбер бойынша, бір-біріне допты немес жұмсақ ойыншықты бере отыра, өз ойларын айтады. Жүргізуші неғұрлым қызықты және оптимистік пікірлерді атап өтеді, оқушылардың мектептік тәжрибесінің жоғары екендігін, сондықтан да олардың одан арғы жолы жеңіл болатындығын айтады. Ол қандай болады?

Жүргізуші 5-ші сыныпқа көшуге байланысты, оқушылардың мектеп өмірінде жаңадан не пайда болғандығы туралы айтуды ұсынады.

Жаттығу: «Кім... нені»

Кім тәттіні жақсы көреді, солар бір адым алға шығады; кімде мысық бар, солар оң қолдарын көтереді; футбол ойнау кімге ұнайды, солар тізерлеп отырады; және т.с.с.

Жаттығу аяқталғаннан соң кім 5-ші сыныптың оқушысы болып енеді соларға қолдарын көтеру ұсынылады. Осы сәтте жүргізуші қатысушылардың ортақ істерінің көптігін атап өтеді.

«Мектеп жолы» жаттығуы

Жүргізуші балалармен олардың өткен жолдары және алда не күтіп тұрғандығы туралы әңгіме өткізеді.

«Мен үшін не маңызды?» жаттығуы

Балаларға өздерінің ата-аналарымен ұзақ уақытқа  каникулға кететіндігін, демалыстарын елсіз аралда өткізетіндіктерін көз алдарына елестетулері қажет. Ата-аналары балаларға тек қана оларға ең маңызды  үш затты жол сандығына салу керектігін айтады.

-  Сендер нені таңдайсыңдар? Осы заттардың аталуын қағаз бетіне жазыңдар (5 минут).

Одан әрі балалар тізімді оқып, неліктен нақ осы заттарды таңдағандарын айтып берулері қажет.

Талқылау

-  Сен таңдағанды таңдаған біреу бар ма?

-  Кімнің жазбалары сені таң қалдырды?

-  Сендердің көпшілігіңде қызықты және маңызды заттар бар ма?

-  Кім туралы жаңа нәрсе білдің?

 Сабақтың талдауы (кері байланыс)

Біздің сабақ қалай өткендігін қарайық. әрқайсысы жазылған төрт бет пішіннен екеуін таңдап алайық: қызықты ма немесе қызықсыз ба; қиын ба әлде оңай ма? Өздеріңнің нұсқаларыңды өздерің салған портфелдеріне жазыңдар.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11