400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5-сынып, әдебиет, тоқсандық жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқсан аяғында оқушылардың білімін бағалау үшін тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.«Дүние қайтсең табылады» әңгімесінің негізгі идеясын анықтаңыз.

А. еңбекті сүю

В. елді қорғау

С. байлықты табу

D. туған жерді аялау [1]

2. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.» Берілген үзіндідегі асты сызылған сөз тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыз.

А артта қалмау

В. баяу жүрмеу

С. ешқайда бармау

D. ешкімге жеткізбеу [

3. «Бадана көз, тоғыз тор. Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сөздер қандай көркемдегіш құрал екенін анықтаңыз.

А. кейіптеу

В. метафора

С. теңеу

D. эпитет [1]

4. «... Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады.» Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.

А. «Атымтай Жомарт»

В. «Дүние қайтсең табылады?»

С. «Қыпшақ Сейітқұл»

D. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» [1]

5. «...Ісім нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки сол дүкеннің иесі болдым, - деді.» Үзінді әңгіменің қай бөлігіне жататынын анықтаңыз.

А басталуы

В. дамуы

С. шешімі

D. шиеленісі [1]

6. «О, Ақтан, жас, Ақтан жас» өлеңінде жігіттің даңқын шығарып, оны мақсатына жеткізетін бір жол бар...» Автор пікіріне қолдау білдіре отырып, өз ойыңызды 2-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]

7. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер еткенін тұжырымдап, өз пікіріңізді 2-4 сөйлеммен білдіріңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]

8. Автор өлеңді неліктен Ақтан жасқа арнаған, өз ойыңызды 2-4 сөйлеммен білдіріңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]

9.«Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды..» Сейітқұлдың бұл іс-әрекетіне баға беріп, өз ойыңызды 2-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]

10. «...әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi.» деген Атымтай Жомарттың айтқан ойына 2-4 сөйлеммен өз пікіріңізді білдіріңіз. 

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]

11.«Антон өміріндегі тіленшіліктің зияны мен еңбекпен тапқан байлықтың пайдасы» туралы негізгі ойға қатысты өз көзқарасыңызды тұжырымдап, эссе жазыңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[5]


Балл қою кестесі


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1


1


2


1

3


1

4


1

5


1

6

Өлеңнен дәлелдер келтіреді.

1



Өз ойын 2-4 сөйлеммен білдіреді.

1

7

Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің берген ақылын анықтайды.

1

Өз тұжырымын 2-4 сөйлеммен түйіндейді.

1

8

Өлең идеясын анықтайды.

1

Өз көзқарасын 2-4 сөйлеммен білдіреді.

1

9

Қыпшақ Сейітқұлдың іс-әрекетіне баға береді.

1

Өз көзқарасын 2-4 сөйлеммен білдіреді.

1

10

Атымтай Жомарттың пікірін сараптайды.

1

Өз пікірін 2-4 сөйлеммен білдіреді.

1

11

Шығармадағы басты мәселені анықтайды.

1

Тіленші Антонның еңбек ету арқылы байлыққа кенелуі туралы автор идеясын анықтайды. Идеяға қатысты өз көзқарасын білдіре отырып, эссе жазады.

Мәтіннен дәлел келтіреді.

1

Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысын жазады.

1




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
08.11.2024
267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі