5 сынып "Алтын сақа" сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 сынып "Алтын сақа" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында интелектуалды сайыс!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

















«Алтын сақа» интеллектуалды ойын – сайысы







Дайындаған: С.Қолғанат



















Тұщықұдық 2023



«Алтын сақа» интеллектуалды ойын- сайысы

Мақсаты:

Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Ойын - сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші:

-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Сайыстан тыс қалмаңыздар

Мұнда қызық табылар, !

Білім нұры шашылар.

Ақыл тілі дамыған,

Үлгі алайық балалардан!

-Құрмертті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 5 сынып оқушыларының арасында «Алтын сақа» атты интеллектуалды ойын- сайысын өткізгелі отырмыз.

Ендеше «Алтын сақа» сайысында дараланып шығатын дарынды оқушыларымызды шақырайық! Ойнымызды бастамас бұрын, әр топ мүшелерімен танысу үшін, оқушыларға кезек береміз.

Сайыс бағдарламасымен таныстыру:

-Бүгінгі интеллектуалды ойын ІV кезеңнен тұрады:

І кезең «Жалғасын тап». (мақал мәтелдер)

ІІ кезең «Капитандар сайысы»

III кезең «Жауабын тап» (жұмбақтар қоямыз)

IV кезең «Сиқырлы ұяшықтар»

Қорытынды

-Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір.

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Сайыстын әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар

  1. Құтыш Әсел

  2. Нұржігітова Мирамгүл

  3. Сәрсенова Әселім

І кезең «Жалғасын тап».

Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолын

оқушы жалғастырады.

1-топқа

  1. Ананың көңілі балада, ... (баланың көңілі далада)

  2. Дені саудың, ... (жаны сау)

  3. Жақсыдан үйрен, ... (жаманнан жирен)

  4. Әдепті бала арлы бала, ... (әдепсіз бала сорлы бала)

  5. Ел іші- ... (алтын бесік)

  6. Өнерлінің қолы алтын, ... (өлеңшінің сөзі алтын)

2-топқа

  1. Ақыл-тозбайтын тон,... (білім- таусылмайтын кен)

  2. Кісі елінде сұлтан болғанша ... (Өз елінде ұлтан бол)

  3. Отансыз адам ... (Ормансыз бұлбұл)

  4. Білекті бірді жығар, ... (Білімді мыңды жығар)

  5. Білім қымбат, ... (Білу қиын)

  6. Туған жердің күні де ыстық, ... (Түні де ыстық)



ІІ кезең «Капитандар сайысы»



Ойынның шарты әр топтан топ басшылары қатысады. Сіздерге ұяшықтар беріледі, сол ұяшықты таңдай отырып, 1 минуттың ішінде 14 сұраққа жауап беруміз керек.

1 ұяшық

  1. 4*4 16

  2. Зат есімнің сұрақтары? Кім? Не? Кімдер? Нелер?

  3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9

  4. Ілік септігінің жалғауы: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің;

  5. ні ондық бһлшекке айналдыр 0,4

  6. Мағналары бір біріне қарама-қарсы сөздер? Антоним

  7. 27

  8. 1 аптада неше күш бар? 7

  9. Жердің ішкі құрлымы қандай қабаттардан тұрады? Жер қыртысы, мантия, ядро.

  10. Пландағы нысандар неше есе кішірейтілгенін көрсететін бөлшек сан масштаб

  11. 45+35 80

  12. Австралопитек түріне жататын ең алғашқы қандай адамдар?

Епті адамдар

  1. Тарих сөзі қандай мағнаны білдіреді? Көне араб тілінен аударғанда «оқиғалар тізбегі»

  2. Қатаң дауыссыздарды ата: к,қ, т,с,ш,п

2 ұяшық

  1. 5*5 25

  2. Етістіктің сұрақтары? Не істеді? Не қылды? Қайтті?

  3. Қазақ тілінде неше септік бар? 7

  4. Барыс септігінің жалғауы: -ға,-ге, -қа, -ке

  5. ті ондық бөлшекке айналдыр: 0,6

  6. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр баасқа сөздер оминим

  7. 1 айда неше апта бар? 4

  8. 75

  9. Заманауи жаратылыстану қандай ғылымдардың жиынтығынан тұрады физика, химия, география, биология.

  10. Картаға түсіру үшін қағазды үстіне қыстырып қоятын тақташаны қалай атайды? Планшет

  11. 50-21 29

  12. Балтаның алғашқы түрі қандай? Чоппинг

  13. Синантроптардың ми көлемі? 1000

  14. Ұян дауыссыздарды ата: б,в,г,ғ.д,ж,з.





III кезең «Жауабын тап»

Ойын шарты: мен әр топқа үш жұмбақ қоямын. Екі минут беріледі

1-топ

Жаурағанда күлдірер,

Өз еркіне жіберсең.

Дүниені бүлдірер

(От)

Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.

Тоны шешілсе,

Адамзатты жылатар.

(Пияз)

Сақалы жоқ, шашы бар, бет аузы жоқ, басы бар.

Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.

(Сыпыртқы)

2-топ

Ұзын мұрты сарылар,

Қойынында наны бар

(Бидай)

Сөзі дана, үні жоқ, сөйлемейді тілі жоқ,қолына алсаң шешен

Ақылы асқан көсем

(Кітап)

Маған да, саған да

Жақын туыс-бес адам

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұртың

Айтады кәне кім атын

(Ата, ана, апа, аға, іні)

IV кезең «Сиқырлы ұяшықтар»





Қорытынды: Тауды биік демесең,

Талаптансаң шығарсың,

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң, шығарсың дей отырып сайысымыздың жеңімпаз тобын анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға береміз.

Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматтары мен азаматшалары болыңыздар.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2023
460
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі