Материалдар / 5 сынып ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5 сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
383
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізу күні: 30.03

Бала саны: 10

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мен еңбекқор баламын»

Мақсаты:

Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру.

Дамытушылық: еңбек ету дағдыларын дамыту.

Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд тақта, доп.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Шаттық шеңбері.

Педагог балалармен А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы досым-ай.

2. Өткенді пысықтау.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі неше айдан тұрады?

- Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?

II. Әңгімелеу.

- Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?

- Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. Әр бала кішкентай болса да, ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек. Киімдерді реттеп қою, ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т.б. жұмыстар, жағымды іс – әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осының бәрін орындайтын баланы еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адам жас кезінен еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді. Сондықтан да еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал. Олай болса балалар Мәдіхат Төрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» әңгімесін бейне жазба арқылы тамашалайық.

III. Сұрақ – жауап арқылы бейне жазбаны талдау.

- Бейне жазба туралы түсінгендерін сұрау.

- Балалар, Хадишаны қандай қыз деп айтуға болады?

- Бүгін жасалатын жұмысты ертеңге қалдыруға бола ма екен?

IV. Ойын. «Мен еңбекқор баламын».

Ойын шарты: Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты келесі балаға лақтырады. Мысалы: Мен ойыншықтарымды жинаймын.

Мен гүлдерге су құямын.

Мен киімдерімді реттеймін.

Мен есіктің алдын сыпырамын.

Мен ыдыстарды жуамын.

Мен үйді реттеймін.

Мен еден жуамын, т.б.

V. Қорытындылау.

Балалар біз бүгін оқу қызметімізде ата-анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үлкендердің айтқанын тыңдап, әрдайым көмектесіп қолғабыс жасауы керектігін.

Түсінеді: еғбек, еңбексүйгіштік мағынасын.

Игереді: өзіне және өзгелерге көмек көрсету керектігін.

















Picture 6

«Біз еңбекқор баламыз»

Тәрбиешілер : Сыздыкова А.М. Капарова Ш.А

Мақсаты: Балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру.

Еңбек ету дағдыларын дамыту.

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


«Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ «Балапан» тобында - « «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес балалармен арнайы жоба «Еңбек елдің мұраты» «Біз еңбекқор баламыз» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен ата аналарына қандай көмек көрсететіндері туралы, үлкендерге әрдайым қол ұшын созу керек екені туралы, еңбек түбі береке екенін айтып түсіндірілді. Балаларға тәрбиелік білім берілді.

Іс-шараны жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Материал балаларға қол жетімді деңгейде таңдалады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді, әңгімені жалғастырды, қызығушылықпен тыңдады, сұрақтарға ықыласпен жауап берді.

«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат «Ұстаз» сайтында орналастырылған.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!