Материалдар / 5 сынып БЖБ1 2 тоқсан қазақ тілі

5 сынып БЖБ1 2 тоқсан қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып қазақ тілінен 5 сынып оқушыларына "Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі" бөлімі бойынша БЖБ тапсырмалары
Авторы:
26 Қараша 2024
459
8 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Оқушының аты-жөні:.....................................................Күні:..................

«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

5-сынып 2-тоқсан

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.


Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл- өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жатқан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырақ астында көзге көрінбей жатқан адам саусақтары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім егу ісіне өзінен басқа тірі пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын қолымен сипалап: «Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін.

Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа мындаған түп ағаштардың әрбіреуінің қай жерде, қалай тұрғанын, неше жаста екенін, өткен жылы неше бұтағы кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырактарына дәрі сеуіп жүретін.


1. Бұл кімге/неге айтылған сөз?

«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой».

  1. Жүзімге B) Әкеге C) Өрікке D) Алмаға E) Балаға


2. Мәтінді жазудағы автордың басты ойы

A) Жүзім түрлерін жарнамалау

B) Әкесі туралы естелік

C) Жеміс бағының пайдасы туралы айту

D) Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау

E) Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес


3. Мәтінде не туралы айтылған?

1. Әкенің бақты күту шеберлігі

2. Бау-бақшаны баптау сыры

3. Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі.

A) Біріншісі мен екіншісі дұрыс B) Барлығы дұрыс C) Барлығы бұрыс

D) Біріншici мен үшіншісі дұрыс E) Екіншісі мен үшіншісі дұрыс


4. Автордың бағбанға қатысы қандай?

A) Інісі B) Немересі C) Ағасы D) Баласы E) Шөбересі


  1. тапсырма. Асты сызылған сөздерді синониммен ауыстыр.

1. Оқылым мәтінен омоним болатын сөздерді теріп жаз (1 ұпай)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Асты сызылған сөздерді синониммен ауыстыр. (1 ұпай)

Жомарт біразға дейін тіл қатқан жоқ _____________________________________________

Балалар жиналыс туралы кеңесті. ______________________________________________


3-тапсырма. Берілген сөздерден синонимдік тізбек құрастырыңдар. (6 ұпай)


ажар

тез

өң

шырай

тамақ

айла

тағам

бағалы

ас

көрік

адам

лезде

шапшаң

құнды

рең

тәсіл

кескін

амал

дәм

қымбат

жылдам

кісі

пенде

дидар

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі