400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

5-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен олимпиада тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен олимпиада тапсырмасы 2024-2025
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен олимпиада тапсырмасы

І ТУР, 1 КЕЗЕҢ

5-СЫНЫП

1. Қарасөзді оқып, тапсырмаларды орындаңдар.

ОТЫЗ БІРІНШІ ҚАРАСӨЗ

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе –күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

1. 31-қарасөздің тақырыбы мен негізгі түйіні не?

2. Естіген нәрсені есте сақтау үшін өздерің қандай жаттығуды білесіңдер?

3. Ғибрәтлану, тұшынып ұғу, көңілге бекіту деген сөздер мен сөз

тіркестерінің мағынасын жазыңдар, осы тілдік бірліктерді қатыстырып

сөйлем құрастырыңдар.

4. Ой кеселдері деген не? Неге олар ойға кесел болады?

5 . Синоним сөздермен ауыстырып жазыңдар.

Ынтамен ұғу –

уайымсыз –

салғырттық –

ойыншы-күлкішілдік –

бір қайғыға салыну –

бір нәрсеге құмарлық пайда болу –

6. «Ақыл мен ғылымды не оздырады?» тақырыбына эссе жазыңдар. 50-60 сөз

7. Сөйлемдегі сөздердің құрамына талдау жасаңдар.

Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі