400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

5 сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнін оқыту үдерісінде қолданылатын тиімді әдіс -тәсілдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнін оқыту үдерісінде қолданылатын тиімді әдіс -тәсілдер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: 5 сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнін оқыту үдерісінде қолданылатын тиімді әдіс -тәсілдер.

Қазақстан тарихы - дүние жүзі тарихының құрамдас бір бөлігі. 5 сынып оқушылары Отанымыздың ежелгі дүние тарихымен танысып,біздің еліміздің аумағында өмір сүрген халықтардың ертедегі тұрмыс- тіршілігі және ұрпақтарына қалдырған мәдени мұрасы мен адамзат дамуының маңызды тарихи кезеңдері туралы білімді меңгереді.

Осы білімді меңгерту үшін көптеген әдіс- тәсілдерді қолдануға болады

Мысалы :оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ,,Сурет қиындыларын құрастыру ‘’әдісін жиі қолданамын. 5 сынып оқушылары бұл тапсырманы қызыға орындап, сабақ тақырыбын анықтайды. ,, Алғашқы адамдардың тұрмыс - тіршілігі ‘’ - тақырыбында сабақтың алғашқы бөлімінде қолданып, суреттерге қарап оқушыға 3-4 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме айтқызып, сөйлеу- ойын жеткізу дағдысын дамытуға бағытталған жұмыс істелінеді.

Shape2

Shape1

Picture 11 Picture 9

Ал осы әдіс- тәсілді,, Тас дәуірінің соңындағы шаруашылықтың дамуы ‘’- тақырыбында негізгі тақырыпты түсіндіру кезінде қолданамын. Оқушы өзі құрастырып - жинаған суретке қарап , шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болғанын, бұрынғы ерте тас дәуіріндегі шаруашылық түрлерінен , бұл кезеңдегі шаруашылықтың түрлерінің жетілгендігін көріп еске сақтайды және түсінеді.

5 сынып оқушыларында Қазақстан тарихы пәнінде тұрақты түрде кескін картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру бағытында тапсырмалар орындалады. Кескін картамен жұмыс мына тақырыптар бойынша орындалады: Қазақстанның тас дәуірінің археологиялық олжалары ,Тас дәуірінің соңындағы шаруашылықтың дамуы,Мезолит пен неолит дәуірінің еңбек құралдары мен қарулары , Ботай мәдениеті тақырыптарында , сол дәуірлерге тән қоныстарды кескін картада белгілейді. Бұл әдіс оқушының жоғарыдағы тақырыптарды оңай әрі тез меңгеруіне толық мүмкіндік береді. Карта арқылы олардың Қазақстанның қай аумағында орналасқанын анықтайды.

Тарих пәні әртүрлі сандық көрсеткіштерге толы , оларды тарих пәнін оқуды енді бастаған 5 сынып оқушыларының есінде сақтату үшін ,, Домино’’ ойынын үнемі жүйелі түрде ойнатамын. Әрбір кесіліп алынған домино тасына , тас дәуірі кезеңдерін жазып, оларды ретімен дұрыс қойдырып үйретемін және оқушы әр кезеңнің ерекшеліктерін ажыратып айта алады.

Picture 13

Бұл әдіс- тәсілді шаруашылықтардың , еңбек құрал- жабдықтарының өзгеруі бейнеленген суреттерді ретімен қою тапсырмасымен де ауыстыруға болады. Осы жоғарыда айтылған әдіс- тәсілдер 5 сынып оқушысымен тарих пәнін өту үдерісінің тиімділігін арттырады және жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша тақырыптарды жүйелі түрде меңгертуге толық мүмкіндік береді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.12.2024
282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі