Материалдар / 5-сынып қазақ әдебиеті Джек Лондон "Мексика ұлы" 2- сабақ жұмыс парағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

5-сынып қазақ әдебиеті Джек Лондон "Мексика ұлы" 2- сабақ жұмыс парағы

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып қазақ әдебиеті Джек Лондон "Мексика ұлы" 2- сабақ жұмыс парағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
670
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдебиет. Дж. Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесі «РИНГ» бөлімі

Оқушының аты-жөні______________________________________ жұмыс парағы





















БІЛІП АЛ!
   Жазушының «Мексика ұлы» әңгімесі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті он сегіз жасар мексикалық Ривера мен жиырма төрт жасар ақ нәсілді ақша үшін рингке шығатын боксер Дэнни Уорд арасындағы жекпе-жек арқылы көрсеткен. Әңгімеде бойындағы намысшылдық, жігерлілік, сабырлылық, төзімділік, өз ұлтына деген сүйіспеншілік күш-қуат берген Ривера өзінен әлдеқайда айлакер, тәжірибелі Дэнниден басым түседі. Шығарма идеясы әділеттілік әр уақытта әділетсіздікті жеңеді деген ойға саяды.

Дж. Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесі «РИНГ» бөлімін оқиды.Сұрақтарға жауап береді

1. Бірінші раундта қандай оқиға болды?

2. Ривераның есіне қандай оқиғалар түсті?

3. Көрермендер Дэнни мен Ривераны қалай қарсы алды?

СӨЗСАНДЫҚ

секундант – спортшының кеңесшісі

Мексика – Америка құрлығындағы мемлекет

нокаут – ауыр соққыдан спортшының орнынынан тұра алмай қалуы

бокс (ағылшынша box – қорап ) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі

ринг – боксшылардың жекпе-жекке шығуы үшін арқанмен қоршалған ойын алаңы

репортер (тілші) – оқиға орнынан репортаж беретін БАҚ қызметкері

раунд – уақыт аралығы (2-3) минут. Толық жекпе-жек бірнеше раундтан тұрады

гонг – қола қорытпасынан дайындалған ежелгі қытайдың музыкалық аспабы, бокстағы әрекеттің басталу, аяқталуын білдіріп, дыбыс беретін құрал



1-тапсырма. «Ринг» бөлімін мұқият оқы. Жоспар құрып, мазмұнда.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. Бөлімдегі оқиғаларды ретімен орналастыр (қимақағаз)

Ривера рингке елеусіз көтерілді.

Ривера өзінің бұл айқаста қалай да жеңуі керек екенін бір сәт естен шығарған жоқ.

Оның көз алдында бір сәт туған елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза-кекке толы бейнесі ап-айқын елестеп өтті.

Дени Уордты қолпаштап соғылған алақандар дауылы бес минут бойы дүрілдеп тұрды...

Ал Ривераға ешкім назар да салмады.

-Әй, Мексика жігіті, – деді ол езуіне мысқыл күлкі үйірген қалпы, ысылдай сыбырлап, – қазір сенің кеудеңнен жаныңды суырып аламын!

Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды.

Бокс жанкүйерлерінің мұндай нокаут кезінде құлатушыны қолпаштап дуылдасатыны бар ғой. Бұл жолы бәрі тілдерін жұтып қойғандай тым-тырыс.

-Мексикалықтың соққысы неткен күшті еді? – деп сыбырлады жаттықтырушыға Дэнни.

Дэнни мына баладан қорқу керектігін енді түсінгендей.



4-тапсырма. Бірінші бөлімде кездесетін көркемдегіш құралдарды сәйкестендір. 

жеңіл өмір


эпитет

атышулы азулы боксер


жылдай созылып


теңеу

темірқанат боксшы


теңіз шуындай


метафора

ринг королі




5-тапсырма. Көрермендердің екі боксшыны қарсы алуындағы өзгешеліктерінің себебін түсіндір

Боксшы

көрермендердің қарсы алуы

себебі

РИВЕРА

Ривера рингке елеусіз көтерілді. Әр тұстан шашыраңқы сараң ғана соғылған алақандар көрермен қауымның оған деген сенімсіздігін айқын сездіргендей.


ДЭННИ

Дауыл толқытқан теңіз шуындай

ду соғылған шапалақтар үнінен

селт етіп, басын көтерген Ривера

айналасында құрдай жорғалаған

жаттықтырушылар мен секундант-тарын ертіп, орталық алаңмен келе жатқан Дэнни Уордты көрді. Оны қолпаштап соғылған алақандар

дауылы бес минут бойы дүрілдеп

тұрды...




6-тапсырма. Дэнни бірінші бөлімде екі рет сыбырлай сөйлейді. Дэннидің сыбырлай сөйлеген кезіндегі ішкі ойы мен сезімі қандай болды?

сыбырлай сөйлеген кезі

ішкі ойы, сезімі

-Мексикалықтың соққысы неткен күшті еді? – деп сыбырлады жаттықтырушыға Дэнни.


-Әй, Мексика жігіті, – деді ол езуіне мысқыл күлкі үйірген қалпы, ысылдай сыбырлап, – қазір сенің кеудеңнен жаныңды суырып аламын!




7-тапсырма. «Ривера өзінің бұл айқаста қалай да жеңуі керек екенін бір сәт естен шығарған жоқ». Ривераның осы ойы оны жеңіске жетелей ме? Неге?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!