5 сынып қазақ тілі қмж

Тақырып бойынша 31 материал табылды

5 сынып қазақ тілі қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім атауы: Адамның сырт келбеті мен мінезі.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бала Абай

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: «Бала Абай» туралы тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу;

Көптеген оқушылар: тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру, дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу.

Кейбір оқушылар: тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын айту, шешу жолдарын ұсыну, дара, күрделі сан есімдердің жасалуын білу, сан есімдер қатысқан мақал-мәтелдер тауып жазу.

Бағалау критеийлері

  • тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;

  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын айтады;

  • дара, күрделі сан есімдердің жасалуын біледі;

  • сан есімдер қатысқан мақал-мәтелдер тауып жазады..

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар

Тыңдалым, айтылым мақсаты бойынша:

сұраққа жауап береді;

көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді;

Әдеби тілдік норма бойынша:

дара, күрделі сан есімдердің жасалуын біледі;

сан есімдер қатысқан мақал-мәтелдер тауып жазады.

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият(3-құндылық)

Пәнаралық байланыс

әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

А. Құнанбайұлы туралы білімдерін тереңдетеді.

Жоспар




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

Жағымды психологиялық ахуал.

«Мен сізді жақсы көремін,себебі....» тренинг

Оқушылар бір –біріне мәтінді жалғастыру арқылы тілектер айтады.

І.ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ.

Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, мына берілген жұмбақтың жауабын табыңдаршы. Осы жұмбақтың келесі суретке қандай байланысы бар.


  • Ия,балалар, бұл Абай ақынымыздың шығарған жұмбағы екен, осы жұмбақтың шешуінің Абай өміріне байланысы бар ма?

Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру




Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Оқушылар суреттер арқылы және жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.


















ҚБ «Жүрек»



5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы


Сабақтың ортасы
















30 минут

Мағынаны тану

ІІ. ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Мәтінді тыңдаңыз.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды.Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек , бөлек бір дос тапты. Онысы – әжесі. Онан қала берсе, шешесі. Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып:
– Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен...– деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда, әжесінің тізесінен ақырын қағып:
–Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... – деп, тағы да әңгімені тілегенін білдіруші еді.

Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы» ,«Құламерген» бәрі де айтылып еді. Әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да айтқыза беретін болды.

Тағы бір күндер Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебектің қайғыларын да айтып беріп еді. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады. Күдері қожа, Шортанбай, Шөже жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін жатқа айтады. Екі анасын көңілдендіріп тағы әңгіме, жырлар айтқызу үшін кейде өзі қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп-Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап оқиды. Шешелеріне ұғымсыз түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Бірде Абайлардікіне екі бөгде қонақ келіп қонды: бірі– қартаң, бірі –жас қонақ. Жасын Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйде үш күндей жатып «Қозы Көрпеш –Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы еді. Ал қасындағы қартаңдау кісіні Абай білмегенімен, шешесі жақсы таниды екен. Қонақтарымен жай сұрасып, амандасып болған соң, Ұлжан Абайға қарап, жымиып:

Ал, балам, әжең мен екеуімізді қажай беруші едің, әңгіме, жырдың дүкені, міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын,–деді.
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі – Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, тығылып, үндемей отыратын өзге үлкендердей емес, Барлас іле сөйлеп кететін ақ жарқын, ашық. Осы үйге ылғи да келіп жүрген ауыл адамы сияқты.

Үй іші тегіс қош алған соң, екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта, Абай:
– Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен?–деп, бағанадан бері өзін сүйсіндірген ақынның атын білмек еді. Әріден келе жатқан деседі-ау, балам, бұның түбін.

Ертеңіне жүруге ыңғайланған екі ақынды Абайдың тілегі бойынша Ұлжан жібермеді.
Асықпай, әлі біраз күн қонақ болып, жатып кетіңдер,– деді.
Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Осы жолы Абай әрі өзі, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Үйрене келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Бала Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйсінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап:
– Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә, не етерсің.
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң, шыңға жетерсің,– деп еді.
Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ байқаған болатын.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. Мұғалім мәтінді тыңдатады, оқушылар «INSERT» картасымен жұмыс жасайды:

V

«мен білемін»

-

«мен үшін түсініксіз»

+

«мен үшін жаңа ақпарат»

?

«мені

таңғалдыр

ды»






Тапсырма. «Жылқы сұлбасы» стратегиясы.

1. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздерді жазыңыз.

2. Жылқының басына мәтіндегі негізгі ойды жазыңыз.

3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіннің жазылу мақсатын жазыңыз.

4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазыңыз.

Саралау. Деңгейі төмен оқушыларға мәтіндегі тірек сөздерді анықтату.

Дескриптор:

  • мәтінді мұқият тыңдайды;

  • ұсынылған ақпаратты ИНСЕРТ әдісімен меңгереді;

  • мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтайды;

  • мәтіннің жазылу мақсатын анықтайды;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

  • қорытынды жазады.

ҚБ

ІІІ.ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН

Тапсырма.


Дескриптор:

  • тыңдалған мәтіннен сан есімдерді анықтайды;

  • құрамына қарай ажыратады;

  • Адамның жас мөлшері туралы сан есімдер қатысқан мақал-мәтелдер жазып, құрамына қарай талдаңдар;

ҚБ

Бекіту.






Видеоны тамашалап, ой тұжырымдайды.









Тыңдалым мәтінімен жұптық жұмыс жүргізеді.























Мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрады.
















Жеке жұмыс.

Оқушылар мәтінді тыңдап отырып, «INSERT» картасымен жұмыс жасайды, кестедегі ақпаратты түртіп жазып отырады.






Оқушылар тақырыпқа байланысты тыңдалған мәтіннің негізгі ойын анықтайды.


























Грамматикалық тақырыпты меңгереді.






Грамматикалық тапсырма орындайды.














Мәтінді негізге ала отырып, бала Абайдың портретін өз сөздеріңмен «Кластер» әдісі

арқылы топтастырып жазыңдар.






























































































Қалыптастырушы бағалау

«Нысана» Схема 1












Қалыптастырушы бағалау

«Нысана» Схема 2













http://ebooks.semgu.kz/ebook/8/content.php?cont=d;444





Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия

«Шығу парағы»

Бұрын білетінмін

Осы сабақта білдім

Білгім келеді




Үй тапсырмасы: 7-тапсырма.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2025
126
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі