Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
5 сынып қазақ тілі тоқсандық жиынтық бағалау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған.
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 15
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады: біріншісі - оқылым, екіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмалар түрлері |
*Тапсырмалар сипаттамасы |
*Орындау уақыты, мин |
|
1-4 |
5.2.3.1 Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату 5.4.1.1 Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу |
Көп таңдауы бар сұрақтар |
Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 2-3 сөйлеммен жазады. Жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. |
15 |
10 |
5 |
5.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу 5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын (жинақ мәтін) орындайды. Жазба жұмысында жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді, күрделі сөздерді орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. |
25 |
5 |
Барлығы |
|
|
|
40 |
15 |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Тапсырма
Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
А мәтіні
І Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова – қазақстандық дизайнер, суретші, стилист. «Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры.
ІІ. Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім.
ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды? - Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің «Kuralai» сән үйіме биыл жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым.
1. Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған?
A. ақылды B. белсенді C. зерек D. сәнқой
2. Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған?
A. І B. ІІ C. ІІІ
3. Сіз берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңызды жоспарлау дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз.
Ә мәтіні
Хабарландыру
2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы
Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтекауданы, Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты. Басталуы: сағат 14:00-де
Ескерту: Байқауға қатысушылар жол мен баспана қаражатын өздері көтереді. Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия ұсынады. Келемін деушілерге есік ашық!
1. Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды?
A. Аймақтық салт-дәстүрлерді жалғастыру үшін
B. Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін
C. Жанұяның әдет-ғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін
D. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін
2. Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады?
A. Аймақтық қордан
B. Білім басқармасынан
C. Облыс әкімдігінен
D. Отбасы қорынан
3. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлайсыз ба?
Өз пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз.
Балл қою кестесі
Оқылым
Сұрақ |
Жауап |
Балл |
1 |
В |
1 |
2 |
С |
1 |
3 |
Ықтимал жауабы: Өз болашағыңды жоспарлаған дұрыс. Армандап, алдыңа мақсат қоя білсең, жетістікке жетесің./Оқушы жауабы ескеріледі |
3 |
4 |
С |
1 |
5 |
D |
1 |
6 |
Ықтимал жауабы: Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлаймын. Отбасы дәстүрлері ынтымақшыл, мерейлі болуына әсер етеді. / Оқушы жауабы ескеріледі. |
3 |
Барлығы |
|
10 |
Жазылым
Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Жазба жұмысын (мәтін) орындайды.
1«Үш тілді меңгеру» – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі» тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз.
2) Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз.
Балл қою кестесі
Жазылым
Балл саны |
Сипаттамасы |
1 |
Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған. Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады. Көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді, қателерді жібермейді |
1 |
Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған. Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады. Көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын анық, әрі әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді қиындатпайды. |
1 |
Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес. Шығармашылық танытуға талпынады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады. |
1 |
Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы жүйесіз. Шығармашылық танытуда қателеседі. Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалды. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді. |
1 |
Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы сақталмаған. Шығармашылық танытпайды. Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынады, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын. Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
5 |
Барлығы |