Тақырып бойынша 27 материал табылды

5-сынып. Сынып сағаты. «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «ҚАУІПСІЗ АШЫҚ ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып. Сынып сағаты. «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «ҚАУІПСІЗ АШЫҚ ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Материалдың қысқаша нұсқасы












«Буллингтен қорған

Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «ҚАУІПСІЗ АШЫҚ ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ»









Сынып жетекшісі:

Сынып: 5 «А»
















2024-2025 оқу жылы

Тақырыбы:

«Буллингтен қорған

Қауіпсіздік сабағы: № 8 САБАҚ. «ҚАУІПСІЗ АШЫҚ ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Құндылық:

Заң және тәртіп. Әділдік және Жауапкершілік.

Мақсаты:

Құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздерін білу.Тәртіп пен әділеттілік нормалар мен ережелерін сақтау қажеттілігін түсіну. Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу.

Қауіпсіздік сабағы: оқушыларды көшеде қауіпсіз ережелерімен таныстыру.

Сабақтың міндеті: Өз өміріне деген қамқорлықпен қарауды тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздерін біледі.Тәртіп пен әділеттілік нормалар мен ережелерін сақтау қажеттілігін түсінеді. Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болады.

Қауіпсіздік сабағы бойынша: оқушылар көшеде қауіпсіз ережелерімен танысады.

Уақыты

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.

Гимн.

https://www.youtube.com/watch?v=dkOStuELMBY тақырыпқа байланысты бейнематериал қарау.
Талқылау сұрақтары:

"Буллинг деген не?" Бұл сөзді бұрын естідіңіз бе?


Мұғалімді мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап беріп , өз ойларын ортаға салады.

Презентация

Жазба дәптері

Суреттер

Сабақтың ортасы

20 мин

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегенді білдіреді. Буллинг — агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.

Буллингтің негізгі түрлері:

    1. Физикалық – ұрып-соғу, итеру, заттарын сындыру.

    2. Вербалды – жаман сөздер айту, мазақтау.

    3. Әлеуметтік – біреуді топтан оқшаулау, қауесет тарату.

    4. Кибербуллинг – әлеуметтик желілерде мазақтап жазу, қоқан-лоқы жасау.



Буллингтен қорғану тәсілдері :

Өзіңді қорғау:

    • Жағдайды бірден ата-анаға немесе мұғалімге айту.

    • Қорықпай, анық және сенімді түрде жауап беру.

Басқаларды қорғау:

    • Досыңды қолдау, оған көмек көрсету.

    • Буллингті көрген кезде немқұрайлы болмау.

Кибербуллингтен қорғану:

    • Таныс емес адамдардан келген хабарламаларды елемеу.

    • Әлеуметтік желедегі құпиялылық баптауларын дұрыстап орнату.

Талқылау:

  • Оқушыларға сұрақ: «Буллингке ұшыраған адам өзін қалай сезінеді?»

«Қиын жағдайдан шығу» жағдаяттық тапсырма:

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, әр топқа бір сценарий беріледі:

1."Досыңды әлеуметтік желіде мазақтап жатыр, сен не істейсің?"

2.Бір оқушы басқа оқушының сыртынан күліп жүр.

3.Мектеп дәлізінде әлсіз баланың заттарын тартып алады.

Мұқият тыңдайды












Топта жағдаяттық тапсырмаларды талқылайды




































- Әр оқушы өз ойын білдіреді.


-Топтар өз шешімдерін талқылап, сыныпқа ұсынады.

Презентация

Жазба дәптері

Стикерлер


10 мин

Қауіпсіздік сабағы:

Сабақ барысы

1. Кіріспе (2 минут)

2. Негізгі бөлім (6 минут)

Көшедегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

1. Қайда бара жатқаныңызды, кіммен және қашан қайтатыныңызды ата-анаңызға үнемі ескертіп отырыңыз. Бұл өте маңызды, қауіп төнген жағдайда

сізге көмектесе алады!

2. Қараңғыда көшеде жалғыз жүрмеңіз. Бұл жағдай туындаса, тек жарықтандырылған жерлерге барыңыз. Егер сіздің жолыңыз қараңғы және тар аллеялардан өтсе, ата-анаңызға қоңырау шалыңыз және олардан сізбен кездесуін сұраңыз.

3. Телефоннан қатты музыка тыңдау арқылы өзіне назар аудармау, т.б.

4. Пәтер кілттерін мойынға іліп қоюға болмайды және оны шалбардың белдігіне ілуге болмайды.

5. Ешқашан, ешбір жағдайда, қоғамдық орында ұрыспаңыз.

6. Көшеде адамдар сізге келіп, көшені қалай табуға болатынын сұраса, сіз оған қалай жетуге болатынын түсіндіре аласыз, бірақ ешбір жағдайда оларды шығарып салмаңыз.

3. Қорытынды (2 минут)

Сабақты қорытындылау

Балаларға жедел жәрдем нөмірлерін тарату.

4. Ережелерді қайталау:

Осы тақырыпты талқылау ұнады ма?

Бұл туралы ата-анаңызға айтасыз ба?

«Көшеде қауіпсіз ережесі» бойынша кеңестері бар парақшаны тарату.


- Мұқият тыңдайды

        • ұ-----с---ргголольтщғалімді

Презентация

Үлестірмелі материалдар


Жазба дәптерлері

Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp

https://youtu.be/8rz3wsHhc0Y?si=gM_6ok5B2tqAdkJw

Сабақтың соңы

5мин


Рефлексия : Оқушыларға стикерлер таратып, «Мен буллингке қарсы...» деп басталатын сөйлемді аяқтауды тапсыру.

Стикерлерді тақтаға іліп, әрқайсысын бірге оқып шығу.

Тиімді кері байланыс береді

Стикер, жапсырма қағаз




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2024
1016
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11