Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

5-сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орта мерзімді жоспар.

Қазақ тілі 5-сынып

(Барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат)


1.Оқытудың негізгі мақсаттары

2.Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

3.Оқу нәтижелері

4.Сыныптағы өзара әрекеттестік (барлығының қатысуы)

5.Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау

6.Негізгі дереккөздер


Әдеби тіл

1

Қазақ тілі оқулығының негізгі сатыдағы ерекшеліктерімен таныса отырып, ана тілінің адамзат өміріндегі орнының маңыздылығын түсіну.

Топтық жұмыс, «Ойлан, жұптас, талқыла», 10 минуттық эссе.

1.Қазақ тілі оқулығының негізгі сатыдағы ерекшеліктерін атап көрсетеді.

2.Ана тілінің маңыздылығын мысалдарымен дәлелдеп, ойларын тұжырымдайды.

3.Жаттығулар орындау арқылы ауызша және жазбаша тілдің айырмашылықтарын ажыратады.

Оқушылар топқа бөлінеді. Оқулықта берілген мәтінді алдымен жеке оқып, содан соң жұптасып талдап, кейін топта талқылайды. Жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтарға жауап береді. «Ана тілі – жүрек үні» тақырыбында эссе жазады.

Бармақ арқылы бағалау.

5-сынып оқулығы Г.Қосымова,

Ж.Дәулетбекова


2

Әдеби тілдің сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл екендігін ұғына отырып, әдемі сөйлей білуге, сөздерді орнымен қолдана білуге үйрену.

Жұптық жұмыс.

Жоғары дәрежелі және төменгі дәрежелі сұрақтарға жауап беру.

Постер қорғау.

1.Оқушының әдеби тіл туралы түсінігі қалыптасады.

2.Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағдылары қалыптасады.

3.Оқушының оқуда проблемаларды шешу қабілеттері артады.

Оқушылар жұптасып мәтінді оқиды және мазмұнын талдайды. Тақырып бойынша топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

Тақырыпқа байланысты постер жасап, оны қорғайды.

Екі жұлдыз, бір тілек.

5-сынып оқулығы, түсіндірме сөздік

Флипчарт, маркерлер

3

Ауызша және жазбаша тілдің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу, дұрыс пайдалана білуге үйрену.

Кластер.

«Пирамида құру» әдісі

Жоғары дәрежелі және төменгі дәрежелі сұрақтар.

1.Ауызша және жазбаша тілдің аражігін ажырата алады.

2. Оқушылар ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білуге төселеді.сауатты жазуға үйренеді.


Оқушылар жазбаша түрде ауызша және жазбаша мәтінге қатысты сөздерді, ұғымдарды топтастырады. Топтарға бөлініп, жаңа материалды жеке, жұптасып, содан соң топта талқылап, постерге түсіреді, кейін аудиторияға ұсынады. Жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтарға жауап береді.



4

Теориялық материалды жүйелі, тиянақты түрде қайталап, сауатты жазуға үйрену.

Жұптық жұмыс.

Сауатты жазуға үйренеді.

Оқушылар жұптасып отырып, жазба жұмысын жазады.

Оқу үшін бағалау.

Диктанттар жинағы 5-9 сыныптар


Мәтін туралы түсінік

1

Мәтін туралы толық мағлұмат ала отырып, жазбаша және ауызша мәтіндер құра білуге үйрену.

Ассоциация, «Әдеби үйірме», «Жадыны дамытамыз» әдістері

1.Мәтін туралы түсініктері кеңейеді.

2. Сөздер мен сөз тіркестерін, абзацтарды пайдалана отырып, мәтін құра алады, тақырыбын қоя алады.

3. Көлемді шығармалардан мәтінді тауып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.

Мәтінге қатысты зат есімдер айтады. Топтарға бөлініп, 1-топ мәтіннің мазмұнын айтады, 2-топ мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді пайдалана отырып мәтін құрайды, 3-топ жуан-жіңішке сұрақтар дайындайды. Тақтада жазылған сөздерді оқып, 2 минут ішінде жаттап, дәптерлеріне жазады.

BLUB ағашы арқылы өздерін бағалайды.

Оқулық, бағалау парағы.

2

Қазақ тіліндегі тіл бірліктерін қолдана отырып, жазбаша мәтіндер құруға үйрену.

Жұптық жұмыс. Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар. Венн диаграммасы

1.Мәтіннің түрлерін ажыратады.

2. Белгілі бір тақырыпта мәтіндер құра алады.

3. Мәтіндер бойынша шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Топтағы оқушылар жұптасып, жазбаша мәтіннің анықтамасын жазады, топқа ұсынып, топта қай анықтама «өте жақсыға» бағаланады, соны аудиторияға ұсынады. Материал бойынша сұрақтар дайындап келесі топтарға қояды. Тақтада ауызша тіл мен жазбаша тілдің ерекшеліктері мен айырмашлылықтарын жазады.

Бағдаршам түстері арқылы бағалайды

Оқулық, орфографиялық, орфоэпиялық, түсіндірмелі сөздіктер.

3

Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін бөліктерді ажырата білуге үйрену.

Топтық жұмыс. «Сиқырлы қоржын», жуан-жіңішке сұрақтар

1.Мәтіндегі абзацтарды ажыратып, мысалдар келтіру арқылы дәлелдейді.

2.Мәтіндегі ой бөліктеріне қатысты шығармашылық тапсырмалар орындайды.


Үй тапсырмасы «Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы сұралады. Оқушылар берілген мәтінге постер жасақтап, оны қорғайды. Жуан, жіңішке сұрақтарға жауап береді.

Екі жұлдыз бір тілек

Оқулық, флипчарт, маркерлер, сөздіктер.

4

Әдеби тіл және мәтін бойынша меңгерген түсініктерін жаттығулар орындау барысында қолдана білуге үйрену.

Топтық жұмыс. «Константинополь», «Автобус аялдамасы», Тест

1.Мәтін құрауда әдеби тіл нормаларын қолдана алады.

2. Мәтіндегі сөздерге фонетикалық талдау жасайды.

3. Сөздік қоры молаяды, әңгіме құрауға үйренеді.

Тақтадағы сөздерді пайдаланып, кез келген тақырыпта мәтін құрайды. Берілген тақырыпқа «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы мәтін құрастырады. Тест тапсырмасын орындайды

Суммативті бағалау



Лексика

1

Сөз бен оның мағыналары туралы түсінік қалыптастыру және жаттығулар жұмысы барысында қолдана білуге үйрену.

Топтық, жеке жұмыс. «ДЖИГСО» , «Бес жолды өлең» әдістері.

1.Лексиканың қандай ғылым екенін біледі.

2. Әр сөзді мағынасына қарай сөйлемдер мен мәтіндер құруда қолданады.

3. Тіліміздегі мағынасы бар сөздер мен мағынасы жоқ сөздерді ажыратады.

Жаңа материалды жеке оқып, сұрақтарға жауап береді. Берілген жазбаша тапсырмаларды «ДЖИГСО» әдісі арқылы орындайды. Сөз немесе мағына сөздеріне бес жолды өлең құрайды.

Бағдаршам

түстері арқылы өздерін бағалайды.

Оқулық, сөздіктер

2

Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген сөздер мен олардың мағыналарын түсінуге және шығармашылық тапсырмалар орындау барысында пайдалана білуге үйрену.

Жұптық және жеке жұмыс. «Галереяға саяхат» әдісі, жуан, жіңішке сұрақтарға жауап беру.

1.Тіліміздегі қолданыстағы бар сөздер мен қолданыстан шығып қалған сөздерді және сөздердің қосалқы мағыналарын ажырата алады.

2. Кез келген сөзге анықтама беруді үйренеді.

3. Өлең жолдарындағы бұрын кездеспеген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

«Сөз» және «мағына» сөздеріне анықтама жазады, жұптасып, топтасып талқылайды. Тақтада берілген сөздерді пайдалана отырып эссе жазады, топта оқиды және әр оқушы өзінің жұмысын қабырғаға іледі, қалған оқушылар оқып, формативті түрде бағалайды.

Марапат сөздер мен шартты белгілер немесе смайликтер арқылы бағалау.

Оқулық, сөздіктер мен дидактикалық материалдар


3

Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасының алуан түрлілігін біле отырып, сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажырата білуге үйрену.

Жеке, жұптық, топтық жұмыс. Блум таксономиясы, визуалды әдіс

1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажыратады.

2. Жаттығулар орындау барысында мысалдарымен дәлелдейді.

3. Күнделікті сөйлеу тілінде қолданады.

Жеке сұрақтар дайындап, жұбымен алмасады. Блум өлшемдеріне сәйкес тапсырмаларды орындайды. Ұлттық, этнографиялық кітаптардан тілімізде қолданыста бар сөздерді теріп жазады.

Смайликтер арқылы бағалау.

Оқулық, «Қазақтың ұлттық дастарханы» кітап, сөздіктер.

4

Сөз және оның мағыналарын шығармашылық талдау жұмыстарында қолдануға үйрену.

Топтық және жұптық жұмыс.

Демонстрациялау. Семантикалық карта

1.Сөйлеу тілі мен кітаби тілдегі сөздер мен олардың мағыналарының ерекшелігін атап көрсетеді.

2. Сөйлеу тілінің теориясын меңгереді.

Оқулықтағы 47, 48, 49 жаттығуларды жұптасып орындайды. 50-жаттығудағы мақал-мәтелдерді постер бетіне түсіру. Семантикалық карта толтыру.

Скрепкалар арқылы бағалау

Оқулық, флипчарт, маркер, скрепкалар.

5

Қосарлы мағынасы бар сөздер мен жеке мағынасы бар сөздерді ажыратуға үйрену.

Жеке жұмыс

1.Сөздердің мағыналары мен жазылу емлесін меңгереді.

Аталған сөздерді екі бағанға қосалқы мағыналы сөздерді бір болек, дербес мағыналы сөздерді бір бөлек жазады.

Суммативті бағалау

Диктанттар жинагы. 5-9 кл.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12